Оқушыларды байланыстыр ып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Сондықтан да байланыстырып сөйлеудің маңызы өте зор десекте болады.
Байланыстырып сөйлеу тілі – өз алдына жалпы сөйлеу тілінің күрделі түрі болып табылады. Байланыстырып сөйлеу – тек қана сөйлемдердің тізбегі емес, ол сөйлемдердің бір – бірімен тиянақты, белгілі бір ретпен, кезектілікпен, мазмұны жинақы құрастырылған сөйлемдердің жүйесі. Бірақ, өз ана тілін білген адам, тек сөйлеп қана қоймайды, ол өз ойын байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізе біледі.Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру үшін, ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасауға, заттық және әр түрлі ойын әрекеттерінде, ойлау әрекетінің көрнекі-заттық түріне, естуіне, көруіне, иіс сезуіне, қоршаған ортаны бағдарлауына үлкен назар аудару қажет. Осымен бірге ересек адамның сөйлеу тілі баланың фонематикалық есту қабілетінің, белсенді сөз қорының, сөздің мағынасын түсінуінің дамуына өз үлесін қосады.Сөздік қор мен грамматикалық қатардың дамуы қайталау арқылы меңгеріледі. Баланың грамматикалық қатардағы тілді меңгеру процесі күрделі және көпқырлы екенін сипаттай келе А.И. Гвоздев ең алдымен баланың нақты және оңай категорияны тез меңгеретіндігін жазды.Басты назарды баланың сөйлеу тілінің негізгі түрі – қарым-қатынас түріне аудару керек. Себебі, ол баланың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуының бірден-бір тәсілі. Балалар заттың атын атап айта білуімен қатар, оны сипаттай білулері қажет. Т.А.Фотекованың айтуынша, байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасуында, сөйлеу тілі мен ақыл ойдың дамуын анық көрсететін тығыз байланыс болады. Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі, ойлау әрекетінің ерекшелігіне, темпераментіне, жан-жақтылығы мен басқа да психикалық даму жақтарына байланысты ерекшеленеді. Сөйлеу әрекетін әр түрлі танымдық әркеттерімен, әсіресе ойлауымен байланысты қарастыру жөн. Сондықтан да сөйлеу тілі ойлаудың негізгі құралы болып табылады.Белгілі бір хабарды, мәліметті ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізу үшін, семантикалық ережелерді ескеру қажеттілігі туындайды. Олар сөздердің байланысын оның мағынасымен анықтайды. Нәтижесінде сөздер алынып, хабарлама немесе мәлімет қысқа да, нұсқа айтылады.Сөйлеу тілінің күрделі жағына ауызша байланыстырып сөйлеуді жатқызамыз. Оған мағыналық, құрылымдық сөйлеу тіл бөлімдері тән. Басқаша айтқанда, ауызша байланыстырып сөйлеу – бір немесе бірнеше сөйлемнен тұратын бірғана тақырыпқа бағытталған және нақты күрделі құрылымды иеленетін біртұтас сөйлем жүйесі. Байланыстырып сөйлеу сөйлем сияқты жоғарғы деңгейде комуникация қызметін атқарады. Ауызша байланыстырып сөйлеу екі жақты үрдіс ретінде жүзеге асады: сөйлеу дағдылары (экспресивтті сөйлеу тілі) және өзгелердің сөйлеу тілін түсіну дағдылары (импрессивті сөйлеу тілі). Экспресивті сөйлеу формалары екі түрге бөлінеді: монологты және диалогты сөйлеу тілі.Ойды байланыстырып сөйлеу арқылы жеткізе білудің бір түрі, үнсіз іштен сөйлеу болып табылады. Ол да байланыстырып сөйлеу тілінің бір түріне жатады. Бұл механизм психологияда – іштен сөйлеу деп аталады. Осы әрекетті жүзеге асырып барып, дұрыстылығына көз жеткізгеннен кейін ғана, өз ойын ауызша байланыстырып сөйлеу тілі арқылы жеткізуге болады.Л.С.Выготский диалогтың, сөйлеудің, әңгімелесудің жаңа түрткісінің әрбір сәті ауызекі сөйлеуді құрады деп жазды. Әңгімелесуді ұйымдастыру кезінде баланың сөйлемдерді толық айтуына, сондай-ақ сөйлеу байланысын оқуға даярлаудың жолының бірі диалогқа талаптану керек. Ауызша сөйлеу тілінің байланыстылығы лексикалық, грамматикалық, интонациялық әдістерді дұрыс қолдану арқылы жүзеге асады. Оларға есімдік, есімдікпен үстеу тіркесі, шылау, көмекші сөздер, етістіктің шырайлары, кірме сөздер, толық емес сөйлемдер, лексикалық бірлікті жеке-жеке қайталау, фразалы синонимдер, әртүрлі интонациялар жатады. Грамматикалық сабақтарда байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың негізгі ағымына мәтіннің грамматикалық, синтаксистік және орфографиялық талдаулары жатады. Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері балабақшаларда тіл дамыту сабақтарында диалогты ұйымдастырудан басталады.Ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің мынадай түрлері қолданылады: сұрақтарға толық, кең көлемді жауап беру, оқылған ертегі, мәтінді қысқаша шолып айту, суреттерге қарап өз тәжірибе негізіне сүйене отырып сөйлем құрастыру, бақылаудағы объектіні суреттеу.