Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет15/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

ма, - ме, - ба, - бе, -па, - пе
-ма, - ме, - ба, - бе, -па, - пе омоним қосымшалары зат есімдерде де, сын есімдерде де (қырма сақал, терме бау, елірме күлкі т.б.), етістіктің болымсыз түрінде де, (кеспе, көрме, терме т.б.) кездеседі.Бірақ, солай бола тұрса да, бұл форма беретін мағынасы жағынан да, фонетикалық дербестігі (екпін қабылдау я қабылдамау) жағынан да сараланып, жіктеліп отырады.Мысалы, бұл жұрнақ арқылы етістіктерден жасалған туынды зат есімдер мынадай мағыналарды білдіреді:
1. Сабақты етістіктерден құрал – саймандардың, бұйым – жабдықтардың, мекен – орындардың, түрлі ас – тағамдардың, кінәрат – аурулардың аттарын білдіретін есімдер тудырады.Мысалы: ілме, шаппа, суырма, бума, жаппа, бөлме, көмбе, түйме, мінбе, қамба, кездеме, саптама, кеспе, салма, қатырма, жарма, сүзбе,баспа т.б.
2. Әр қилы салт, сабақты етістіктерден сырт қарағанда конкретті болып көрінгенімен, ішкі мазмұны әрқашан абстракт ұғымдардың атауларын тудырады.Мысалы: тапсырма, ескертпе, кіріспе, сілтеме, шығарма, түсіндірме, ескертпе, жолдама, баяндама, көшірме т.б.
-Шақ, - шек
-Шақ, - шек – омонимдес жұрнақ. Өйткені – шақ, -шек қосымшасы зат есімдерге жалғанып, кішірейту формаларын (келіншек, түйіншек, інішек, жарықшақ т.б.) тудырса, кейбір салт және сабақты етістіктерден зат есім (емшек, бөлшек т.б.) жасайды, сондай –ақ кейбір өздік етіс формаларынан сын есім (еріншек, сұраншақ, мақтаншақ, ашуланшақ т.б.) жасайды.
- қақ, - кек, - ғақ, - гек
- қақ, - кек, - ғақ, - гек жұрнақтары әрі зат есім, әрі сын есім тудыратын омонимдем қосымшалар болғанымен, бұлардың зат есімнен гөрі есім тудыру қабілеті басым.Өйткені бұл жұрнақтар қосылған формалардың көпшілігі сын есім есебінде жұмасалады, оның бер жағында, етістіктерден бұл қосымшалар арқылы туатын сын есімдер, өзінің негізгі (түбірінің) лексикалық мағыналарына орай адамның кейбір мінез – құлқының, табиғаттың кейбір көріністерінің бейне – сипаттарын білдіреді.Мыслы: асқақ, тоңғақ, жабысқақ, тайғақ, майысқақ, қатқақ, құрысқақ т.б.
Сөздердің осылайша бір категориядан екінші категорияға көшу құбылыстарының ішінен қазақ тілінде көбірек ұшырайтандары – субстантивтену (заттану я зат есімге айналу), адъективтену (сын есімге айналу), прономиналдану (есімдікке айналу), адвербиалдану (үстеуге айналу), және вербалдану (етістікке айналу) деп аталатын процесстер.
Жұрнақтардың беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерінде де қаншалықты ерекшеліктері мен өзгешеліктер бола тұрса да, олар бей – берекет бытыранды қосымшалар емес, бір үлкен жүйеге сарқылатын (құйылатын) және сол жүйеден ұя – ұя болып тарайтын жүйелі категория екенін көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет