Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет14/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

-Ғыш, -гіш, - қыш, - кіш
Жалғанған сөзінен зат есім тудыратын –ғыш, - гіш, - қыш, -кіш жұрнағы (сыпыр – ғыш, сүз – гіш, тұт – қыш, тес – кіш) мен сын есімнің –ғыш, -қыш жұрнағы да (ал – ғыш, көр – гіш, жаз – ғыш) өзара омонимдес аффикстер болып саналады.
У – қимыл есім, етістіктен сын есім тудырушы жұрнақ.
Қазіргі қазақ тіл білімінде у тұлғасының екі түрлі грамматикалық қызметі атап көрсетіледі.Оның біріншісі аталған аффикстік етістік негізінде қосылып, қимыл есімдерін жасау қызметі болса, екіншісі сын есімнің сөзжасам жүйесінде етістіктің сын есім тудыратын жұрнақ ретінде танылады.Біздіңше, - у тұлғасында мұндай екі түрлі грамматикалық қызмет жоқ, онда тек қана бір қызмет бар, ол – қимыл есімін жасағыштық қызмет. – У тұлғасы ешқашан етістіктен сын есім тудыратын қосымша болған емес. – У тұлғасы етістік негізінде қосылып, қимыл атауларын жасайды.Оның бойында етістіктерге тән барлық қасиеттер (салт, сабақтылық, болымсыздық мән беретін –ма,-ма,\ қосымшасының түрлену, есім сөздерді меңгеру және т.б. ұшырайды.Аталған тұлғадағы қимыл есімдері есімдерше септеледі, көптеледі, тәуелденеді. – У тұлғалы қимыл есімнің бұл соңғы қасиеті оның субстантивтеніп, зат есімдер тобына ауысуына мүмкіндік береді.Қазіргі қазақ тілінде – у тұлғасының субстантивтенуі арқылы қалыптасқан зат есімдерді мысалға көптеп келтіруге болады.Айталық: жағала+у, қаста-у, төле-у, тіре+у, еге+у жеб+у және т.б.Субстантивтенген –у тұлғалы қимыл есім тұлғаларының бір бөлігі анықтауыштың функцияға жиі әрі тұрақты қолданыстық нәтижесінде сын есімдер тобына ауысқан.Мысалы: жүде+у, қыз+у, тіле+у, көлбе+у, ояу т.б.Бұлардың әбден сын есім болып қалыптасқандығы соншалық, олар өздерінің бастапқы етістік мәндерінен толық ажырап біткен, адъективацияланған –у тұлғалы қимыл есімдерінің ішінде етістікке тән меңгеру қабілетін сақтаған сөздер кемде – кем.Семантикалық жағынан –у тұлғалы адъективтенген қимыл есімдері, негізінен модальдық мағынаны (сөйлеушінің белгілі бір заттың белгісі, қасиеті туралы көзқарасын) білдіреді.Сонымен, түйіп айтқанда, - у тұлғалы қимыл есімдері субстантивтену арқылы сын есім мәніне ие болады.
- Ыл, - іл, -л
Есімдер мен етістіктерге ортақ омонимдес бұл өнімді жұрнақтар мағыналары басқа – басқа алуан түрлі жаңа сөздер жасайды.Мысалы,, шикіл, қатал сын есімге тән формалар болса, тарыл, тіріл дегендер сын есімдерден жасалған туынды етістіктер.Сол сияқты, етістікке тән –ыл, -іл, -л формаларының өзі де іштей бірдей емес.Мысалы: жөтел, оңал, суал, жоғал деген туынды етістіктер мен тартыл, сарқыл, ашыл, бүгіл сияқты ырықсыз етіс формаларын зат есім, сын есімдермен жарқыл, жалтал, батыл, қатал деген сөздермен салыстырып, қарасақ, -ыл, -іл, -л жұрнағы белгілі бір сөз табына ғана емес, бірнеше грамматикалық категорияға ортақ, омоним форма екендігі айқын көрінеді.Ал, -ыл, - іл, - л жүрнағы еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздерге қосылғанда туынды зат есім жасайды.Мысалы, қаңқыл, сыңқыл, суыл, тарсыл, дүріл, гүріл, діріл т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет