Оқушыларды қабілетіне қарай ҥш топқа алдын ала бӛліп, ҥйге мынадай тапсырмалар беріледі:
1-топ. Жаз кәрінісі бойынша "Жайдарлы жаз" тақырыбына шығарма жазу.
2-топ. а) "Жайдарлы " тақырыбына сурет салу. ӛ) "Ӛлең сӛздің
патшасы, сӛз сарасы" атты ӛлеңдегі сын есімдерге қарсы мағыналас сӛз ойлау.
3-топ. "Болмасаң да ҧқсап баң" деп Абай ата айт-қандай, "Жаз" тақырыбында ӛлең шумақтарын қҧрастыру.
Қорытынды:
Сабақты бекіту кезінде, сабақ барысында Абай ӛлеңдерінен ҥйренген сын есім сӛздер жинақталып, оқушылар осы сӛздерге сӛйлем ойлайды. Сын есімді пысықтау мақсатында ойлы тапсырмалар беріліп, оқушылар жауа-бы сараланды. Қорытынды кезінде Абайдың артында қалдырған мҧрасы, ғасырдан-ғасырға жалғасып, ҥмы-тылмайтын - оқушылар ҥшін ҧлағатты тағылым-тәрбие екенін айтып кету.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Сабақтың қандай тҥрлері болады?
Олардың әр тҥрін сипаттап тҥсіндіріңдер. 3.Біріккен сабақ дегеніміз не?
Әр сабақтың тҥріне жоспар жасаңдар.
Сабаққа қандай дидактикалық талаптар қойылады?
Осы талаптарды басшылықңа алып, грамматикадан белгілі тақырып бойынша бір сабаққа талдау жасаңдар.
Ӛздерің қатысқан сабақтарда оқушыларға ӛз бе-тімен орындайтын қандай жҧмыс тҥрлерін ҧсынар едің-дер?
2-тақырып. Бастауыш сыныптағы диктант, оның тҥрлері
Диктантты есту факторына негізделген жаттығу жҧмыстарының бірі деп атау керек. Бастауыш сыныптардадиктанттың есту, тҥсіндірмелі, терме, еркін, бақылау, ӛздік және шығармашылық тәрізді тҥрлері қолданылады. Ал жаздырылатын материалдың сипатына қарай 1-сыныпта әріп диктанты, буын диктанты, сӛз дик-танты дейтін тҥрлер де пайдаланылады. Бҧл балалардың әріп жазуды қалай ҥйреніп келе жатқанын белгілі буындардың қҧрамында неше әріп, қай әріптер бар еке-нін, буын жасап тҧрған не әріп екенін, қалай тҥсінетіндігін байқау ҥшін, кемшіліктерін қолма-қол тҥзетіп, дҧрыс бағыт беру ҥшін жҥргізіледі. Сонымен, Бҧл диктанттардың оқушылар білімін байқау, бақылау, ҥйрету мәні бар.
Достарыңызбен бөлісу: |