Қозғыш тіндер Қандай да болсын қозғыш тіндердің негізгі қасиеті – тітіркенгіштік немесе сыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті болып табылады


Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар



бет3/11
Дата29.12.2023
өлшемі112,65 Kb.
#144890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4.Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстарГальванийдің 1 ші тәжірибесі: Италия ғалымы Л.Гальвани тәжірибе жүзінде кез келген жануарлар ұлпасында электр тогы пайда болатынын дәлелдеді. Тәжірибені жасау үшін терісі сыдырылған бақа омыртқасының белден төмен бөлімі мен сирақтарын пайдаланады . Мырыш пластинкасымен жабыстырылған мыс сым ілгішпен омыртқаның екі жағында орналасқан жүйке будаларын іліп алып, бақаның сирағын мырыш пластинкасының шетіне тигізеді. Бақаның аяғы пластинкаға тиген сайын жиырыла бастайды.
Л.Гальвани өзінің алғашқы тәжірибесінде бақа сирақтарының жиырылуы жүйке мен ет ұлпалардың электр потенциалдарының айырмашылығына байланысты деген тұжырымға келген.
Гальванийдің 2ші тәжірибесі: Бақадан жүйке-бұлшықет препаратын дайындап, балтыр етінің сіңірге жақын жерін аздап кеседі . Шонданай жүйкені шыны ілгішпен көтеріп физиологиялық ерітіндіге малып алады да, екінші шыны таяқшаның жәрдемімен жүйкелі бұлшықеттің зақымдалған және зақымдалмаған жерлеріне тиетіндей етіп препарат үстіне тастайды. Жүйке еттің зақымдалған және зақымдалмаған жеріне тиген кезде, бұлшықет биотоктың әсерінен жиырылады.
5. Мембраналық потенциалМембраналық потенциал дегеніміз – салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайдағы мембрананың ішкі және сыртқы беттері арасындағы потенциалдар айырмашылығы.
МП екі түрлі себептер нәтижесінде байқалады:
Бірінші, мембрананың екі жақ бетіндегі иондар таралуының бірдей болмауы. Жасуша ішінде, сыртымен салыстырғанда, К+ иондары көп болады. Ал Na+ мен CI- иондары жасуша сыртында, ішіне қарағанда, көп болады. Иондардың мұндай таралуын иондық теңсіздік деп атайды;
Екінші, иондар үшін мембрананың таңдамалы өткізгіштігі. Тыныштық жағдайда әртүрлі иондар үшін мембрананың өткізгіштігі бірдей болмайды. Жасуша мембранасы К+ иондарын жақсы өткізеді, Na+ иондарын аздап өткізеді, ал органикалық заттарды тіпті өткізбейді.
Осы екі себептің есебінде иондар қозғалысына жағдай жасалады. Бұл қозғалыс иондар концентрациясының айырмашылығы нәтижесінде, ешқандай энергия жұмсамай, селқос тасымал – диффузия арқылы жүреді. К+ иондары жасушадан шығып, мембрананың сыртқы бетіндегі оң зарядтарды көбейтеді, ал CI- иондары жасушалар ішіне қарай селқос тасымал арқылы кіреді, осының салдарынан мембрана сыртындағы оң зарядтар одан сайын көбейеді. Мембрана бетіндегі оң зарядтардың көбеюіне, оның сыртында жинақталған Na+ иондары да үлесін қосады. Ал органикалық қосындылар жасуша ішінде болады.
Сонымен мембраналық-иондық теория бойынша МП пайда болуы протоплазма мен жасушааралық сүйықтықтағы иондық өлшемдестікке байланысты.Осы себепті мембрананың екі беті әртүрлі: сыртқы беті «оң», ішкі беті «теріс» зарядты болады.. Иондар қозғалысы мембрана бетіндегі потенциал айырмашылығы теңдескенше жалғаса береді, яғни электрохимиялық тепе-теңдік болғанша.
Жасушада басқа да механизм бар, ол натрий – калий тартқышы.Натрий – калий тартқышы – иондарды белсенді тасымалдау механизмі болып есептеледі. Белсенді тасымал АҮФ ыдырауынан бөлінген энергиясымен қамтамасыз етіледі. Жасуша мембранасында арнаулы тасушы жүйесі бар: Na+/ K+ — АҮФаза, Ca2+- АҮФаза және т.б. Мембранаға ішкі жағынан Na+иондары, АҮФ, ал сыртынан K+ иондары келеді. Жасушаға өтетін екі К+ иондарына үш Na+ иондары шығарылады. Сөйтіп, жасушаның іші теріс, ал сырты оң зарядты болып, мембрананың екі жағында потенциал айырмашылығы туады. Натрий – калий тартқышы жұмысының нәтижесінде қамтамасыз етіледі:
жасуша ішіндегі К+ иондарының жоғары концентрациясы, яғни тыныштық потенциалдың тұрақты шамасы;
жасуша ішіндегі Na+ иондарының төмен концентрациясы, яғни қалыпты жасуша көлемі мен осмостық жағдайы сақталып, әрекет потенциалының дамуына келтіреді;
Na+ иондарының концентрациялық градиентінің тұрақтылығы, аминқышқылдары мен қанттардың тасымалын қолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет