П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет18/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
дырыс (ғ.с.) 
Ыдырыс пайғамбар жайлы көп мәлімет жоқ. Құран 
Кәрімде Ыдырыстың (ғ.с.) есімі тек екі жерде ғана кез-
деседі: 
«Кітаптағы Ыдырысты ескер. Өйткені, ол 
шыншыл пайғамбар еді. Оны жоғары дәрежеге 
көтердік»
104

102
«Ағраф», 7/24-25
103
Алда 
пайғамбарлар 
тарихына 
кеңкөлемді 
еңбек 
дайындайтындықтан, бұл жерде шолу ретінде пайғамбарлар 
жайлы қысқаша ғана мәлімет бергенді жөн көрдік.
104
«Мәриям», 19/56-57


50
Пайғамбарларға иман
«Исмайыл, Ыдырыс, Зүлкифлді де ескер. Олардың 
барлығы да сабырлы еді. Сондай-ақ, оларды мей-
ірімімізге бөледік. Өйткені, олар игілерден еді».
105
 
Сабырлық – пайғамбарлардың ерекше қасиеттерінің 
бірі. Пайғамбарлардан өзге адамдар да сабырлық таны-
туы мүмкін. Бірақ пайғамбарлардың сабырлығы мүлде 
басқа. Сабырлық бейне олардың табиғаты сияқты. 
Пайғамбарлық – аса ауыр міндет. Міндетін іске асыру 
үшін барлық ауыртпалықтарға төзімділік таныта білу 
қажет. Задында адам баласы сабыр ете алмаса, ешқандай 
түпкі мақсатына жете алмайды. Ендеше, сабырлық 
пайғамбарларға ауадай қажет. Өзге пайғамбарлар секіл-
ді Ыдырыс пайғамбар да (а.с.) сабырлықтың шыңына 
жеткен. Алайда Құранда Исмайыл пайғамбардың 
қандай сынаққа түсіп, сабырлық танытқандығын 
айтқанмен Ыдырыс пайғамбардың сабырлығы хақында 
сөз қозғалмаған. Бірақ аталмыш аятта оның Исмайыл 
пайғамбармен бірге айтылғандығы сабырлы екендігіне 
дәлел ретінде жетіп жатыр. 
Хақ тағала оған отыз беттік (сухуф) парақтар 
түсірген. Ол да осындағы ақиқаттарды оқу арқылы елін 
тура жолға шақырды. Ыдырыс пайғамбар да қауымын 
тура жолға салу үшін аянбай еңбек еткен. Бірақ оның 
елінен иман еткендердің саны өте аз шыққан. Оның 
қауымымен күресі хақында Құран мен хадистерде 
мәлімет жоқтың қасы. Сонымен қатар, Ыдырыс (ғ.с.) 
алғаш рет жазу-сызумен айналысып, есеп-қисаппен 
105
«Әнбия», 21/85-86


51
Пайғамбарларға иман
шұғылданған және киім тіккен пайғамбар ретінде білі-
неді.
106
Н


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет