П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет25/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
ұса (ғ.с.) 
Мұса (ғ.с.) Мысырда дүниеге келген. Сол дәуірде 
өмір сүрген Перғауын
164
(өз аты Уәлид ибн Мусғаб
165

бірде түс көреді. Түсінде Исрайлұлдарынан тараған ер 
бала мұның патшалығын құлатқан екен. Үрейленген 
Перғауын сол жылы туған ер балалардың барлығын 
өлтіруге жарлық шығарады. Мұса (ғ.с.) дүниеге кел-
генде анасы оны аман алып қалудың жолын жанұшыра 
іздейді. Аллаһтың аян білдіруімен сәбиді сандықшаға 
салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Сандықша судың 
ағысымен Перғауынның сарайына барып тоқтайды. 
Аллаһ тағаланың қалауы әрі құдіретімен Перғауынның 
163
Бәйдауи, Әнуарит-тәнзил, Мысыр, 1995, ІІ/84
164
Мысыр патшаларына берілген ортақ атау. Көне мысырлықтар 
күнге «ұлы тәңір» есебінде табынған. Кейіннен оны Перғауын 
деп атаған. Көне мысырлықтардың сенімі бойынша, әрбір 
патшаның билігі ұлы тәңірімен байланысты. Билікке келген 
патша тәңірінің жер бетіндегі өкілі деп білінген. Тек патша 
ғана емес, оның отбасы да «біз күн ұрпағынан тарағанбыз» 
дей бастады. Өздерін «ұлы тәңірі» деп мойындату үшін 
Перғауын деген атақ алды. Суюти, әл-Итқан, ІІ/1088; 
Мухаммад Хамидуллаһ, Ислам пейгамбери (ауд:Салих Туғ) 
Стамбул, 1991, І/546; әл-Мәудуди, Әбу-Ала, Тәфһимул-
Қуран, Стамбул. 1987. ІІ/76
165
Суюти, әл-Итқан, ІІ/1088


64
Пайғамбарларға иман
жұбайы Әсия балаға мейірімін төгіп, өз қарамағына 
алады. Мұса (ғ.с.) сарайда өсіп-жетіледі.
166
Мұса есейіп, Мәдиян қаласына қоныс аударады. 
Онда Шұғайыппен (ғ.с.) кездеседі. Шұғайып (ғ.с.) оған 
қамқор болады. 
Аллаһ тағаладан: 
«Екеуің барып: Біз Раббыңның саған жіберген ел-
шісіміз; ал енді Исрайл ұрпақтарын бізбен бірге жібер. 
Енді оларды қинама...», деп айтыңдар
167
– деген аят 
түсіп, Мұса мен інісі Харун (ғ.с.) Перғауынды Аллаһтың 
ақиқатына шақырады. Биліктің буына мастанған 
Перғауын екеуінің көзін жоймақ болып, әскерімен 
Мұса мен оған иман келтіргендердің соңына тіктеп 
түседі. Аллаһ тағала сүйікті құлдарын залымдардың 
тәлкегіне қалдырмайды. Мұсаға (ғ.с.) «таяғыңмен теңіз 
бетін ұр!» деп бұйырады. Мұса (ғ.с.) аса таяғын сілтеп 
қалуы мұң екен, теңіз қақ жарылып, екі жағынан ақжал 
толқын асқар таудай боп, жол береді. Мұса (ғ.с.) мен 
қасындағылар арғы жағалауға аман-есен жетеді. Арты-
нан қуып келе жатқан өркөкірек Перғауын мен оның 
қалың әскерлері жағалауға жете алмай су астында 
қалады.
168
166
«Қасас», 28/4, 7-9
167
«Таһа», 20/47
168
«Шұғара», 26/60-66; «Мумин», 40/26


65
Пайғамбарларға иман
Х


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет