П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
браһим (ғ.с.) 
Ибраһим пайғамбардың есімі Құранда жиырма бес 
сүреде 69 рет қайталанады.
139
Сол дәуірдің сиқыршылары жуық арада дүниеге 
келетін ұл баланың бірі Кәлданилер халқының сенімін 
өзгертіп, Нәмрут ибн Кенан ибн Куштың (немесе Нәмрут 
ибн Фалиһ ибн Абир) патшалығын құлататынын ескер-
ткендіктен, Нәмрут патша уақыт оздырмай дүниеге 
келген ұл балалардың бірін қалдырмай өлтіруге жарлық 
шығарады. Бұл хабарды естіген Ибраһимнің әкесі Әзәр 
жарын Куфа мен Басра арасындағы Ур қаласына апа-
134
«Ағраф», 7/80-81; «Шұғара», 26/160-166; «Нәміл», 27/54-55
135
«Худ», 11/69-70; «Хижр», 15/57-58
136
«Худ», 11/77, 81
137
«Қамар», 54/37
138
«Ағраф», 7/83-84; «Худ», 11/81-83; «Қамар», 54/37-39
139
Абдулбақи, әл-Мужамул Муфаһрас, «Ибраһим» бабы.


57
Пайғамбарларға иман
рып, бір үңгірге жасырады. Хазірет Ибраһим осы 
үңгірде өмірге келіп, өлімнен аман қалады.
140
Ибраһим (ғ.с.) Хақ тағаланың ақиқатын насихаттай 
бастағанда, халықтан мүлдем сенбегендер де табыл-
ды.
141
Бірде Ибраһим (ғ.с.) пұттардың іске алғысыз, түкке 
жарамсыздығын дәлелдеу үшін жоспар құрады. Халық 
мерекені атап өту мақсатында қала сыртына шыққан 
кезде пұт атаулының бәрін қиратып, балтаны іштерін-
дегі ең үлкен бір пұттың мойнына іліп қояды.
142
Той-
думаннан кері оралған халық күтпеген жерден мына 
көрініске аң-таң қалады. Ибраһим (ғ.с.): «бәлкім мұны 
әне бір мойнына балта асынған үлкен пұт жасаған бо-
лар. Егер сөйлей алса, өзінен сұрап көріңдер», – дей-
ді. Мүшріктер: «Олардың сөйлей алмайтынын сен де 
білесің ғой» дегенде, Ибраһим (ғ.с.): «Олай болса, тіл 
қатуға да шамасы келмейтін әрі пайдасы жоқ пұттарға 
неге табынасыңдар!? Ойланбайсыңдар ма?»,
143
– дейді. 
Санасына сәуле түспеген мүшріктер Ибраһимнің 
(ғ.с.) бұл әрекетіне ашуланып, оны жазалау үшін жұрт 
көзінше тірідей отқа тастамақ болады. Ағаш-қурайды 
таудай үйіп, Ибраһимнің қол-аяғын байлап лаулап 
жанған отқа лақтырды. Осы сәтте Ибраһимге (ғ.с.) 
Жәбірейіл періште көмекке келеді. Сонда Ибраһим 
(ғ.с.): «Маған Аллаһтың құдіреті жетеді, періштенің 
жәрдеміне мұқтаж емеспін» деп қайыспай жауап беру 
140
Ибнул Әсир Али ибн Мұхаммад, әл-Камил фит-Тарих, 
Бейрут. 1995. 1/94-95
141
«Әнғам», 6/80-81; «Әнбия», 21/51-73; «Шұғара», 26/70-89; 
«Әнкабут», 29/16-27
142
Сәғлаби, Қысас, 66-б.
143
«Әнбия», 21/57-67


58
Пайғамбарларға иман
арқылы дүние сынағындағы жеңісін паш еткендей бо-
лады. Сол кезде Хақ тағала: 
«Ей, от! Ибраһимге салқын әрі жайлы бол!»,
144 
 
деп бұйырады. Яғни, Жаратушы Құдіреттің пәрменімен 
жалындаған от күйдіріп азаптайтын және өртеп жоқ 
қылатын сипатынан айырылып, Ибраһим пайғамбардың 
тұрған жері салқын әрі жанға жайлы гүлзарға айнала-
ды.
Хақ тағалаға ғана арқа сүйеген Ибраһим (ғ.с.) 
осылайша оттан дін-аман шығады. Мойынсұнбаған 
қауымынан күдер үзіп, жары Сара, інісі Лұт және иман 
еткен бір топ адаммен бірге ол жерден көшіп кетеді. 
Ибраһим (ғ.с.) әуелі Харранда, Йорданияда, Мысырда, 
соңында Палестинаға барып тұрақтайды. 
И


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет