П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет10/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   497
ФОНЕТИКА. ЕКПІН. ИНТОНАЦИЯ.
МОРФОНОЛОГИЯ
ФОНЕТИКА
1. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ
1.1. К ІР ІС П Е
Қазақ тілінің фонетикасына арналған зерттеу 
жұмыстарының басы баршылық. Олар мақала, 
монография және мектеп пен жоғары оқу орнына 
арналған оқулықтар түрінде көпке таныс. Олардың 
бірі фонетиканың жеке бір мәселелеріне арналған 
болса, енді бірі қазақ тілінің дыбыс жүйесін түгел 
қамтыған бас-аяғы бұгін еңбектер. Әрине, үлкенді- 
кішілі осы еңбектердің әрқайсысының өз алдына 
қ о й ғ а н м ін д ет-м ақсаттар ы болды . Ғ ы лы м и 
б ағы ттағы еңбектер теор и ял ы қ м әселелерді 
ш еш уге арналса, оқу-әдістем е саласы н д ағы
еңбектер сауат аш уға міндеттенді. Қол жеткен 
нәтиж елер өз дәуірінің тео р и я -п р ак ти к ал ы қ
деңгейіне лайы қ болып ш ығып жатты.
Енді кү р д ел і ғы л ы м и талдау м ен таза 
әдістемелік мүддеден аулақ қазақ тілінің құрылым 
ф онетикасы дайындалып отыр. Ол үшін қолда 
б а р
ф о н е т и к а л ы қ
м ә л ім е т т е р
к е ң ін е н
пайдаланылды..
і
Бұл еңбек осыған дейінгі фонетика саласында 
қол ж еткен нәтиж е-табы сты ң қоры ты нды сы
іспеттес болғанды қтан, бар жетістіктің қалып 
қоймауын, сондай-ақәр түрлі себептермен (теория 
деңгейі, зерттеу әдістерінің жұтаңдығы, қоғам и- 
ә л е у м е т т ік т .б .) к е т к е н к е м ш іл ік т е р д ің
қайталанбауын қадағалап отыруға тура келді.*
Басты мақсат қазақ тілінің төл дыбыс құрамын 
анықтап, оның ішкі құрылыс жүйесін сипаттап 
шығу, дыбыс өзгерістерін талдап, әуен түрлерін 
түгендеу болды. -Сонымен қатар ф онетикалы қ 
ж ә н е ф о н о л о г и я л ы қ т а л д а у -с и п а т т а м а л а р
жіктеліп, әрқайсысы өз алдына дербес сала ретінде 
берілді ((ж асы раты ны ж о қ, д әстү р л і ф о н е - 
тикамызда оның бэрі араласып кеткен еді).
Сойтіп, қазақ тілінің дыбыс құрамы мен 
жүйесі әр тұрғы дан талданы п ш ықты. Атап 
айтқанда:
- дыбыстың жасалымы (артикуляциясы), яғни 
дыбыс жасалу тұрғысынан талданып-сипатгалды;
- дыбыстың айтылымы (акустикасы), я ғн и
дыбыс айтылу тұрғысынан талданып-сипатталды;
- дыбысты ң естілімі (перцепциясы ), яғн и
дыбыс есгілу тұрғысынан талданып-сипатталды.
Сонда, әрбір ды бы с төмендегідей тізбек 
б о й ы н ш а т а л д а н ы п ш ы қ т ы : д ы б ы с ау ы з 
қуысында жасалады, сонан соң ауа кеңістігіне 
шығады, сөйтіп құлаққа келіп жетеді. Оның ретін 
төмендегідей жолмен корсетуге болады.
Д ы б ы сты ң ж асал ы м , ай ты лы м , естілім
сәттерінің әрқай сы сы н ы ң озіне тән ұғымдары 
мен атаулары бар. Оларды бір-бірімен аралас- 
тырмай, ж еке-ж еке талдап ш ығу қазақ фонети- 
касында алғаш рет ұсынылып отыр.
Бұл - ф онетикалы қ талдаудың жолы.
Ф онологиялы қ талдау үндесім (сингармо- 
низм) заңы на лай ы қ жүргізілді. Себебі қазақ 
фонологиясы дегеніміз үндесім ф онологиясы 
болып табылады. Қазақ фонологиясының ақиқат 
табиғаты н тек үндесім фонологиясы тұрғы сы - 
нан талдағанда ғана дұрыс танимыз. Сондықтан 
да қазақ тілі дыбыстары үндесім заңы тұрғысы 
нан өз алдына дербес талданды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет