Пациенттерге жедел медициналық көмек


Тактика. Шұғыл түрде гинекология бөлімшесіне жатқызу



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата20.06.2023
өлшемі269 Kb.
#102453
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
лекцияларЖМЖС (копия)

Тактика. Шұғыл түрде гинекология бөлімшесіне жатқызу.
 
Гинекологиядағы жедел іш синдромы 
Гинекологиялық науқастардың «жедел іш синдромы» дамуына көбіне іш 
қуысына қан кету себепкер болады (жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің 
апоплексиясы, яғни жарылуы, кистоманың аяқшасының айналып кетуі, 
кистоманың жарылуы, жатыр өсінділердің іріңдігінің жарылуы). Жоғарыда 
көрсетілген паталогиялардың барлығы жамбастық перитонит – жедел 
пельвиоперитониттің дамуына себепші болады.
Жатырдан тыс жүктілік 
Бұл уақытта эмбрион жатырдан тыс аймақта дами бастайды. 
Клиникасы:
көбіне физикалық жүктемеден кейін іштің төменгі аймағында ауру сезімінің 
біліне бастауы, 
шектелген ауру сезімі тік ішекке, бел аймағына, оң бұғана жаққа беріле 
бастайды (Френикум- симптом), 
ауру сезімімен қатар лоқсу, құсық басталады, бас айналу, кейде естен тану 
дамуы мүмкін, 
нәжіс шығуға арналған императивтік бұйрық, 
іш қуысына құйылған қаннан нерв талшықтарының тітіркенуінің әсерінен ауру 
сезімі дамуы болады. 
Басқа клиникалық симптомдар науқастың қансырау көлеміне және анемизация 
дәрежесіне байланысты. 
Жедел анемия: 
1) тахикардия, 
2) АҚҚ төмендеуі, 
3) терінің бозғылттығы. 
Диагноз қоюға анамнез, етек кірінің тоқтап қалуы көмегін 
тигізеді. 
Егер әйел жыныстық қатынас болмағанын ескерткен күнде де 
жүктілік диагнозын жоққа шығаруға болмайды, себебі анамнез жалған болуы 
мүмкін. 
Диагностика:
– Щеткин-Блюмберг синдромы (+), – іш кебіңкі, 
– терісі бозғылт, 
– АҚҚ төмендеген. 


Гинеколог науқасты қарағанға дейін жатырдан тыс жүктілік диагнозы «жатырдан 
тыс жүктілік болуы мүмкін» деген тұжырымға келу керек. 
Біріншілік көмек:
іштің төменгі бөлігіне суық басу, 
қансырауды тоқтататын препараттар (этамзилат натрий, аминокапрон 
қышқылы және т.б.), 
реополиглюкин 400,0 мл/л венаға, тамшылатып енгізу. 
Емі - операция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет