Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32

Айхай
Аналары айрылған, баласынан,
Айрылған балалары анасынан.
Жетiм, жесiр, жетiмек ашыққан соң,
Сабанның дән iздейдi арасынан.
қ-сы
Айхай, ауыр күн-ай!
Жазатын күн бар ма екен бауырымды-ай.
Айхай! Қазағым-ай, арылар күн бар ма екен азабыңнан?!.
Күнiң қайда кешегi ән iздеген,
Сайрандап, сауық құрып, сән iздеген.
Қара түнге тап болдың күндiз-түнi,
Iнiнен сұр тышқанның дән iздеген.
қ-сы
Қара түнек қаптады аспанымды, 
Қайтейiн аш мұңынан басқа мұңды,
Мұңаймаңдар, бауырлар, мұңаймаңдар,
Көтеретiн күн туар бастарыңды.
қ-сы
Айхай, ауыр күн-ай!
Күн туар жазатұғын бауырыңды-ай.
Айхай! Қазағым-ай, күн туар арылатын азабыңнан.
1937  жылы  күзде  бiр-бiрiн  сатпауға  уәделеспек  болған  бiр  топ 
зиялылар Қапездiң үйiнде бас қосады. Әңгiменi қалай бастаудың жөнiн 
таппай отырған жұртқа Қапез «Дүние-ау» әнiн айтып бередi. Сөйтiп, 
ән  арқылы  серттескен  дейдi  сарытап  тарих.  Бiрақ,  1937  жылы  бәрi 
ұсталып, алды ату жазасына, арты итжеккенге айдалып кетедi. 

80
Дүние-ау
Жапалақ жалп етедi жар басында,
Немене жоқтың күнi бар қасында.
Дос болып қас қылғаннан сақта Құдай,
Қасқыр да қас қылмайды, дүние-ау, жолдасына.
қ-сы
Ақтоғай, Кеңсу, Арал, Орта Меркi,
Айдында аққу жүзсе елдiң көркi.
Адамдар бүгiн тату, ертең араз.
Берген соң бұзылмасын, дүние-ау, ердiң сертi.
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына, 
Болмаса бiр арамдық өз басына.
Жер бетiн топан қаптап кетсiн мейлi,
Түбiнде өзен ағар, дүние-ау, арнасында.
Бұл – Қапездiң 1937 жылы айдалып бара жатқанда шығарған әнi. 
Қапезбен бiрге 300-ге жуық адам Кегеннен Қырғызсайға, одан Алматыға 
айдалған. Ел-жұрт Қырғызсайға дейiн жаяу ерiп барады, сонда Қапез 
жол  бойы  осы  әндi  айып  барған  дейдi  көзкөргендер.  «Қапездiң  әнi» 
«халық  жауы»  болып  айдалғандармен  бiрге  Барнауылға,  Иркутскiге, 
Ухтаға, тiптi Мурманскiге дейiн жеткен. 
қапездiң әнi
Алаш қонған ақ боз үй бос қалды ма?
Жетiм-жесiр қасында дос қалды ма?
Өкiнбейiн десем де өзегiм өрт,
Өтiп кеттi-ау дүние қас-қағымда.
қ-сы
Ай, әзәзiлге сендiң бе?
Айтқанына көндiң бе?
«Халқым» деген Қапездi,
«Жау» деп ұстап бердiң бе?
Итжеккенге айдаған, 
Әзизовтiң әлегi.
Бұлбұл құстай сайраған
Бұл Қапездiң әнi едi.
Илигай-оу....

81
Бұл  –  Қапездiң  өзiн,  елi  мен  жерiн  таныстырған  әнi.  Әнге  арқау 
болған жер – Жетiсудың қайталанбас ұлы ақыны Iлияс Жансүгiровтiң 
жырларындағы әйгiлi үш Меркi – Қапездiң туаған өлкесi. Бұл ән қазiр 
ел iшiнде кеңiнен айтылып жүр. 
Меркi
Бiздiң ауыл шұрайлы, Тоғызбұлақ, 
Семiрген тұра алмайды, өгiз құлап.
Кейбiр жаман тамшыға, жете алмайды, 
Дәметiп жаратқаннан, теңiз сұрап.
қ-сы
Ахоу, Орта Меркi, Шет Меркi,
Меркi, Меркi, Қарқара,
Кегенменен жердiң көркi.
Бiлiм алдым Ыстамбұл, қаласынан,
Алаштың тәлiм бердiм, баласына.
Өлгеннен соң құр жылар, тiрiсiнде,
Кiм жетер азаматтың, бағасына.
Он жасымда қайтейiн, бала болдым,
Он бесте жолымды iздеп, дала қондым.
Отызымда ағайын, ашыққан соң,
Бiр өзiм алпыс үйге пана болдым.
P.S.  Бүгiнгi  күнi  дәстүрлi  әншiлердiң  iшiнде  Қапездiң  қазынасын 
халыққа жеткiзушi өнер иелерi некен-саяқ. Қапез мұраларын мықтап 
қолға  алған  талантты  әншілер  Рамазан  Стамғазиев  пен  Ғалымжан 
Досанұлы. Ғалымжан екi жастың бiрiне келмей бақилық болды. Бiрақ 
Қапездiң әндерiн алғаш кәсiби деңгейде орындап, жаздыртып кеткен 
сол  Ғалымжан.  Қазiргi  кезде  ғажайып  әншілер  Рамазан  Стамғазиев, 
Тілеулес Құрманғалиев, Ардақ Балажановалар баба мұраларын кәсіби 
сахналарда орындап жүр. Тәуба!

82
БiртуАр
Дінмұхамед Қонаев хақында
Ұлтарағыңнан сыз өтiп, ұстараңнан жүз кетiп тұрған сұрқай шақта 
Жаратқанға жалбарынып бiр ұл сұрадың, қазақ!
Алаш  арыстары  атқа  қонған  ХХ  ғасырдың  басында  бармағы 
шайнауда  жүрген  қаймана  қазақтың  бесiгiне  қаһары  бөлек  Құдай 
құлдыраңдатып  бiр  ұл  берген.  Сосын  құлағының  түбiне  ақ  қанатты 
перiштелер  «Дiнмұхамед!  Дiнмұхамед!  Дiнмұхамед!»  деп  үш  мәрте 
айқай салыпты. Сол ұл шыңылтыр жалғанның шырғасына iлiнбей 40 
жыл қазақ қоғамының босағасын күзеттi. Қыштан құйған Кремльден 
ақырып болмаса да, аһ ұрып жүрiп теңдiгiңдi сұрады.
Бағын тағына байламаған патшалардың асылы – Қонаев!
Қазақтың Ары мен Ұятына баланған – Қонаев!
Тәумендi тағдыр кешiп жүрiп, Тәуелсiздiгiңдi аңсады.
Тәспi тартқан тәуелсiз шалдар қазiр сөздерiн осылай сабақтап жүр. 
Тұлпар-ғасыр  тақымнан  «бұлт»  еткен  шақта  өз  үйiн  18  000  теңгеге 
жекешелендiргенiн де сол шалдар айтты...
Шын таудың алыстаған сайын шыңға айналатыны рас болып шықты. 
Қонаев туралы тұғырлы сөз ендi басталатынға ұқсайды.
Ұшар басына көз жетпес Қонаев шыңына – 95 жыл.
...Бүгiн  бозала  таңда  бiздiң  шаңыраққа  қошқардай  бiр  ұл  бердiң, 
Жасаған!
Кебiсiн өкшелей киген кәрi шешем сүлдерiн сүйретiп перзентханаға 
қарай жүгiрдi. Жол бойы «Дiнмұхамед! Дiнмұхамед! Дiнмұхамед!» деп 
азан шақырып келедi.
«қонаев Брежневке де өтiнiш жазған»
Анатолий Иванұлы горЬяИНоВ. Дiнмұхамед қонаевтың жеке 
оққағары.  кгБ  қызметкерi.  Димаш  Ахметұлының  қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз еткен арнайы бөлiмшенiң бастығы болған:
– Мен 1966 жылдан бастап КГБ-ның тергеу бөлiмiнде жұмыс iстедiм. 
1972  жылы  комитеттiң  кадр  жөнiндегi  басшылары  менi  9-бөлiмге 
ауыстыратынын, Қазақстанның бiрiншi хатшысы, саяси бюро мүшесi 
Қонаевтың  қауiпсiздiгiн  осы  бөлiмше  қамтамасыз  ететiнiн  айтты. 
Басшылыққа  сенiмдi  ақтайтынымды  айттым.  1972  жылы  28  сәуiрде 
сағат  16.00-де  Қонаевтың  қабылдауына  келдiм.  Ол  кезде  үкiмет  үйi 
ескi алаңда болатын. Қонаевтың кеңсесi – төртiншi қабатта. Қабылдау 
бөлмесiнде Зинаида Хасанқызы, қарсы кеңседе көмекшiсi – Дүйсетай 
Бекежанов отырды. Қонаевтың кеңсесiне үш адам кiрдiк – бастығым, 
Дүйсетай және мен. Кiрген бетте әскери түрде келгенiмдi баяндадым. 
Орнынан  тұрып  келiп  қарсы  алды.  Бетпе-бет  отырып  сөйлестiк. 

83
Бiрiншi сауалы «iшiмдiкке қалайсың?» болды. «Кiм iшпейдi, iшемiн» 
дедiм.  «Қанша  iшесiң!»  «Көңiл-күйге  қарай».  «100  грамм,  200,  300, 
...жарты литр iшесiң бе?». Алғашқы әңгiме солай көңiлдi басталған. 
Бiр кезде «жұмыс iстеймiз бе?» дедi. «Iстеймiз, Димаш Ахметұлы!» 
дедiм. Сол 1972 жылдың 28 сәуiрiнен бастап өмiрiнiң соңына дейiн 
Қонаевтың  қасында  болдым.  Димекең  зейнеткерлiкке  шыққанда 
мен  де  өз  өтiнiшiмдi  жазып,  жұмыстан  кеттiм.  Қонаев  кеткен  күнi 
менiң  көмекшiлерiм  Амангелдi  Шабдарбаев,  Паберес,  Абдуллин, 
жүргiзушiлер құрамы, аспазшы, Қонаевтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз 
еткен қызметкерлер түгел жұмыстан кеттi. Бұлардың бәрi де КГБ-ның 
мектебiнен өткен офицерлер. Мен 1988 жылға дейiн сол кiсiнiң үйiнде 
тұрдым. Ақырғы кезге дейiн сырлас, сыйлас болдық.
Мен ол кiсiге жан-тәнiммен берiлiп қызмет еттiм. Қарамағымдағы 
жiгiттер  де  аянған  жоқ.  Күндiз-түнi  амандығын,  саулығын  тiледiк. 
Қонаев  өз  басындағы  жеке  көңiл-күйдi  қызмет  бабына  араластырған 
емес.  Әрбiр  азаматпен  жеке-жеке  сөйлесетiн.  Өзiн  мойындата  бiлдi. 
Бюрократ  болған  жоқ.  Қаншалықты  ұлық  болса,  соншалықты  кiшiк 
болды.  Қарамағындағыларды  телефонмен  өзiне  шақыртып  алуды 
мәнсап  санамайтын.  Тiптi  бөлiмдерге  дейiн  кейде  өзi  баратын.  Орта 
Азия  республикаларының  бәрi  Қонаевты  лидер  санады.  Жиi  ақыл-
кеңес сұрап тұрды.
Әрине, ауыр кезеңдер болды. Мәселен, Хрущевпен жұмыс iстескен 
кез. Абырой болғанда, Хрущевтiң билiгi ұзаққа бармады. Брежневпен 
және саяси бюро мүшелерiнiң бәрiмен жақсы болды.
Қонаев  егiстiк  кезiнде  Қазақстанды  мiндеттi  түрде  екi  рет  аралап 
шығатын. Мұның сыртында зауыт-фабрикалар тағы бар. Нанның оңай 
келмейтiнiн жанымен түсiнген адам.
Мен өзiм басқарған салаға қатысты сан алуан әңгiме айтуға болады. 
Бәлкiм, құпия да ұстау керек шығар...
1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасы  кезiнде  мен  жанында  болдым. 
1986 жылы 5 желтоқсанда бiз Мәскеуге бардық. Зуһра Шәрiпқызына 
операция жасалды. Ол сол жолы Горбачевқа жұмыстан кету жөнiнде 
өтiнiш  алып  барғанын  мен  алдын  ала  сездiм.  Маған  бұл  жөнiнде 
оққағар Алмас Абдуллин, көмекшi Бекежанов та айтқан жоқ. Бiр кезде 
Қонаев маған: «Менiмен бiрге Кремльге барасың ба?», – деп сұрады. 
Мен: «Ондай мәселемен бара алмаймын», – дедiм. Ойымның астарын 
Қонаев бiрден түсiндi. Сосын Қонаев: «Онда бiз Зуһра Шәрiпқызына 
кiрiп  шыққан  соң  Кремльге  барамыз»,  –  дедi.  Бекежанов  елшiлiкке 
кеттi. Мен Мәскеудегi өкiлдiкте қалдым. Бiр кезде Алматыдан телефон 
шалынды.  «Дүйсеке,  қалай?  Қожайын  қағазды  алып  кiрдi  ме?»,  – 
дедi бейтаныс дауыс. «Дүйсетай жоқ» дедiм. Тұтқа қойылды. Демек, 
Димекең  өтiнiштi  анық  алып  барған.  Бұл  жөнiнде  Дүйсетай  да  жақ 
ашқан жоқ. Бiз 14 желтоқсан күнi Зуһра Шәрiпқызын Мәскеуден алып 

84
келдiк. 15-i үйде болдық, 16-сы 15 минуттық пленум, 17-18-i көтерiлiс. 
Сол  көтерiлiстi  де  Горбачев  Қонаевқа  жапты.  ЦК-ның  кадрлар 
жөнiндегi  хатшысы  Разумовский  келгенге  дейiн  кiм  бiрiншi  хатшы 
болатыны  белгiлi-тұғын,  ол  өзiмен  бiрге  Колбиндi  алып  келдi.  Одан 
кейiнгi  жағдай  бәрiмiзге  мәлiм.  Шетiмiзден  қудаландық,  партиядан 
шығарылдық.
Димаш  Ахметұлы  1974  жылы  мамырда  инфаркт  алған.  Сол  кезде 
Қонаев  Брежневке  де  жұмыстан  кету  жөнiнде  өтiнiш  жазған.  Бiрақ 
Брежнев қабылдамады.
«Жүрегiмнiң жартысы Алакөлде қалды»
–  Александр  Владимирұлы  гойкоЛоВ,  Дiнмұхамед  қонаев- 
тың  аспазы  және  жүргiзушiсi  болған.  қазiргi  күнi  отставкадағы 
офицер.  Өмiрiнiң  соңына  дейiн  қонаевтың  қасында  көмекшiсi, 
аспазы,  жүргiзушiсi  болған.  Алып  адамның  ақтық  демi  үзiлген 
Алакөл сапарында дәл осы саша есiмдi самдағай орыс жiгiтi болған. 
Александр  гойколов:  Саяси  бюро  мүшелерiнiң  қауiпсiздiгiн 
қамтамасыз  ететiн  әр  азаматқа  жүктелген  мiндеттер  болатын.  Мен 
негiзiнен  тамақтану  мәселесiмен  айналыстым.  Ол  кезде  саяси 
бюро  мүшелерiнiң  қорғаныс,  транспорт,  тамақтану  мәселелерiнiң 
бәрi  қауiпсiздiк  комитетiне  қарайтын.  Мен  комитеттiң  нұсқауымен 
жоғарыдағы  қызметке  1979  жылы  келдiм.  Содан  бастап  демi  үзiлген 
сәтiне  дейiн  16  жыл  Қонаевтың  жанында  болдым.  Ал  мұндай 
жауапкершiлiкке  ие  болу  үшiн  қаншама  сүзгiден,  сынақтан  өту 
керектiгiн iшiңiз сезiп отырған шығар. Мен шаруа отбасында дүниеге 
келгем.  Қонаевпен  етене  жақын  жұмыс  iстеймiн  деген  ой  өңiм  түгiл 
түсiме  де  кiрмеген.  Ол  кiсi  екеумiз  бiрде  әкелi-балалы  адамдардай, 
бiрде өмiрлiк дос секiлдi тағдыр кештiк. «Халыққа жақын жүргеннiң 
қадiрi  қашпайды»  дегендi  жиi  қайталайтын.  Өзi  де  өмiрi  халықтан 
алшақтаған  емес.  Қиналған  кездерiмде  сол  кiсiнiң  ақыл-кеңестерiне 
жүгiнем. 
Желтоқсан  оқиғасы  Қонаев  үшiн  қиын  кезең  болды.  Желтоқсан 
оқиғасынан кейiнгi жылдар, тiптi ауыр тидi. Желтоқсан оқиғасы кезiнде 
мен  ол  кiсiнiң  жанында  болдым.  16  желтоқсан  күнгi  кеште  Михаил 
Горбачевтiң  Димаш  Ахметұлына  телефон  шалғаны  да  жадымда.  Ол 
кiсi өз үйiндегi демалатын шағын бөлмеде жеке дәрiгерi Ахат Әмiнұлы- 
ның  нұсқауы  бойынша  денешынықтыру  шаруаларымен  айналысып 
жатқан. Өз кезегiнде телефон тұтқасында Горбачев алаңдағы жағдайға 
байланысты  Қонаевты  айыптағанға  ұқсайды.  Шын  мәнiнде  Қонаев 
ондай арандатушылыққа баратын адам емес. Ол өз ұлтын шексiз сүйдi. 
Кез келген жағдайда жол таба бiлдi. Барлық жағдайға жiтi сараптама 

85
жасай  алатын.  Сондай  көрегендiгi  Қонаевты  сантүрлi  тығырықтан 
алып шықты.
Қонаевтың жады сұмдық күштi болатын. Жекелеген кәсiп иелерiнiң 
аты-жөндерiн, атқарған жұмыстарын ешқашан ұмытпайтын. 
Кез келген адамның деңгейiне түсiп әңгiмелесе алатын. Жазушымен 
де,  жұмысшымен  де,  саясаткермен  де,  тарихшымен  де,  бақташымен 
де тең дәрежеде сөйлесетiн. Қазақтың тарихын, салт-дәстүрiн жақсы 
бiлетiн. Соншалықты данышпан бола тұра Қонаевтың асқақтап сөйлеген 
сәтiн көргем жоқ. Димаш Ахметұлы юморды өте жақсы қабылдайтын. 
Димаш Ахметұлы: «Мен капитализмде дүниеге келдiм, коммунизм- 
де  өмiр  сүрдiм,  қайтадан  капиталистiк  қоғамда  дүниеден  өтетiн  шы- 
ғармын» дегендi жиi айтатын. Солай болды да.
Зейнеткерлiкке  шыққаннан  кейiн  де  Қонаев  елдегi  әлеуметтiк 
жағдайды өз тарапынан жiтi сараптап отырды. Негiзiнен нақтылы дерек-
дәйекке  жүгiнетiн.  Өзi  басқарған  тұстағы  Қазақстан  жайлы  нақтылы 
көрсеткiштермен  бiрнеше  деректi  кiтап  жазды.  Ел  iшiн  жиi  аралап, 
ақсақалдармен, ел азаматтарымен жиi кездесiп жүрдi. Жұмыстан қолы 
қалт еткенде жары екеуi Алатаудың етегiне барып аз-кем серуендейтiн.
Қонаевтың  жары  –  Зуһра  Шәрiпқызы  жайлы  әңгiме  мүлде  бөлек. 
Екеуi бiрiн-бiрi толықтырып тұрған әлем едi. Зуһра Шәрiпқызы үлкен 
мәдениеттiң, ақыл-ойдың иесi, Қонаевтың тiрегi болды. Әрине, ол кiсi 
Қонаевтың ел басқару iсiне, жекелеген кадрлық ауыс-түйiске араласқан 
жан емес. 
Ал Қонаевтың тамақтану мәселесiне келетiн болсақ, негiзiнен дәмдi 
басылған  палауды  жақсы  көретiн.  Шығыстық  ерекшелiктердi  қатаң 
сақтай отырып кейде палауды өзi пiсiретiн. Манты тағамын өте жақсы 
көретiн. Кейде Димаш Ахметұлына Зуһра Шәрiпқызы татардың құлама 
секiлдi ұлттық тағамдарын да жасап беретiн. Бұл – кәдiмгi қазақтың 
бесбармағы  секiлдi  тағам.  Ал  Димекеңнiң  қазақтың  кәдiмгi  асылған 
етiне деген сүйiспеншiлiгi бөлек болатын.
Мен Қонаевпен сан сапарға шыққам. Бiрақ ең соңғы Алакөл сапары 
менiң  жүрегiмнiң  жартысын  жұлып  кеттi.  Бұл  сапардың  алдында 
ғана Димаш Ахметұлын Шымкент қаласында болған үлкен iс-шараға 
шақыртқан,  соған  қатысып  қайтқанбыз.  Сол  аралықта  Мұхаметжан 
Тынышпаевтың  айтулы  тойы  болатын  болды.  1993  жылы  19  тамыз 
күнi  бiз  Қонаевтың  жеке  дәрiгерi  Ахат  Әмiнұлы,  Димекең  үшеумiз 
жолға  жиналдық.  Жол  бойы  Қонаев  Үшаралға  тоқтап,  қымызханада 
үлкен  ақсақалдармен  жүздесiп,  әңгiмелестi.  Сосын  Тiк-тiк  өзенiнiң 
бойындағы  резиденцияда  бiр  күн  қондық.  Сол  жерге  Қызылащы 
кеңшарының  төрағасы  жолдасымен  келiп,  елдiң  дәм-тұзы  ретiнде 
былқыған жылқы етiн әкелiп, ауыз тигiздi. Төрағамен ұзақ әңгiмелестi. 
Қызылащы  кеңшарының  құрылуы,  басқарған  басшылары,  олардың 

86
қол  жеткiзген  табысы  жайлы  Димаш  Ахметұлы  нақты  деректермен 
сөз тарқатты. «Черкасская оборона» ауылында болып, Тынышпаевтың 
тойына  қатысты.  Мектептiң  лентасын  қиды.  Кеңшар  басшысы 
Қонаевтың  кемел  жадына  айрықша  таңдай  қақты.  Көп  ұзамай  бiз 
Алакөлдiң  Жоңғар  Алатауы  жағында  орналасқан  демалыс  үйiне 
тоқтадық. Үшаралдан Алакөлге келе жатқанда көлiк iшiнде Димекең 
басын  Қызылащы  кеңшары  төрағасының  иығына  қойып  ұйықтап 
кеттi.  Алакөлде  3-5  күнге  демалуды  Димаш  Ахметұлы  алдын  ала 
жоспарлап жүрген. Демалыс үйiнде керемет бильярд үстелi болатын. 
Димаш  Ахметұлы  бильярдты  өте  жақсы  ойнайтын,  аз-кем  бильярд 
ойнадық.  Катермен  көлге  шығып  серуендедiк.  Көңiл-күйi  жақсы 
болатын.  22  тамыз  күнi  Димаш  Ахметұлы  кенеттен  «жиналыңдар, 
Алматыға қайтамыз» дедi. Кешқұрым болып қалған. Жолға шығардың 
алдында  тамақтанып  жатқанбыз.  Димаш  Ахметұлы  асқа  тәбетiнiң 
жоқтығын, сәл демалатынын айтты. Аз уақыттан соң, Ахат Әмiнұлы 
Димаш Ахметұлының жағдайын бiлуге кiрген. Iле-шала қайта шығып, 
Димекеңнiң  жағдайы  болмай  тұрғанын  айтты.  Жүгiрiп  жеттiм.  Ахат 
Әмiнұлы  медициналық  шаралардың  бәрiн  жасап  жатыр.  Димаш 
Ахметұлы сөйлеуден де қалып кетiптi. Мен кеуде тұсын басып, қолдан 
тыныстандыруға  әрекеттендiм.  Аузынан  үрледiм.  Жүрек  талмасы 
ұстаған екен. Тағдырдың басқа салғанына нендей айла-амал қыласың? 
Қолымыздан ештеңе келмедi...
«тынышпаевқа бармау – көргенсiздiк»
Фарида  Насреддинқызы  НЫҒМАтуЛЛИНА,  1935  жылғы, 
қарағанды  облысының  тумасы.  Фарида  апай  табаны  күректей 
23  жыл  Дiнмұхамед  Ахметұлының  жеке  шаштаразы  болып 
қызмет iстеген. қазiргi күнi Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң бiрiншi 
қабатындағы шаштаразда қызмет етедi.
Фарида  Нығматуллина:  Мен  үкiмет  үйiне  жұмысқа  1970  жылы 
келдiм. Ол кезде үкiмет үйi ескi алаңда болатын. Бүгiнгi Алматы қаласы 
әкiмшiлiгi  орналасқан  бұрынғы  резиденция  жаңа  салынып  жатқан. 
Үкiмет  үйiнiң  шаштаразында  ерлердiң  шашын  қиятын  екi  маман 
жұмыс  жасайтын.  Менiң  Қонаевтың  жеке  шаш  қиюшысы  қызметiн 
атқаруым  күтпеген  жерден  болды.  Бiрде  Қонаевтың  жеке  оққағары 
келдi, қазақ жiгiтi едi. «Қабылдау бөлмесiне барамыз» дедi. Кiмге, не 
үшiн баратынымызды айтпады. Сәлден соң жоғарғы қабатқа көтерiлiп, 
Дiнмұхамед  Ахметұлының  қабылдау  бөлмесiне  келдiк.  Сонда  барып 
жағдайға  қанықтым.  Қонаевтың  өз  кеңсесiне  кiргенде  қатты  толқып 
кеттiм.
«О,  қарындас  келiп  қалыпты  ғой!»  дедi.  Қазақша.  Мен,  тiптi,  сол 
кезде амандасқан-амандаспағаным да есiмде жоқ. Оққағары орындық, 

87
айна орналасқан шаш қию бөлмесiн көрсеттi. Қобалжығаннан ба, реңiм 
қызарып  кетiптi.  Артынша  бөлмеге  Димаш  аға  кiрдi.  Шаш  қиятын 
орындыққа отырды. Қолым дiрiлдеп тұр. Менiң қобалжып тұрғанымды 
сезсе  керек,  «қысылма,  қатардағы  азаматтардың  шашын  қалай  қиып 
жүрсең, дәл солай қия бер» дедi. Бiрден шаруама кiрiсiп кеттiм. Атымды, 
туған  жерiмдi,  әке-шешемдi,  бала-шағамды,  бәрiн  тәптiштеп  сұрады. 
Шашын да қиып жатырмын, сауалына да сәтiмен жауап бердiм. Содан 
бастап мен Қонаевтай ұлы адамның тұрақты шаштаразы болдым. 
Жанарбек  Әшімжан:  Жалпы  Дiнмұхамед  Ахметұлының  шаш 
қоюда өзiндiк ерекшелiгi, сәндiк үлгiсi болды ма?
Фарида Нығматуллина: Жоқ, ол кiсi соншалықты ол мәселеге көңiл 
бөлген емес. Негiзiнен төбе тұсын қалдырып, жан-жағын жұқартатын. 
«Өзiңе  қалай  қолайлы,  солай  ала  ғой»  дейдi.  Шаш  қиғызуға  келген 
сайын мiндеттi түрде бала-шағамның, әке-шешемнiң, ағайын-туыстың 
амандығын  сұрайтын.  Зейнеткерлiкке  шыққанға  дейiн  шашын  екi 
аптада бiр рет тұрақты түрде алғызып тұрды.
Шетелге  жолсапарға  шығарда  немесе  демалысқа  барарда  шаш 
қидыртатын.  Сосын  сол  жолсапардан  келген  соң,  «сiздiң  жұмыс 
жоспарыңыз  орындалу  үшiн  мен  ешкiмге  шашымды  қидыртпадым, 
әйтпесе  саяси  бюроның  мүшесi  ретiнде  Кремльдiң  кез-келген  шаш- 
таразын шақыртуға құқым бар» деп қалжыңдап қоятын.
Жанарбек Әшімжан: 1986 жылы қызметтен кеткен соң да ол кiсiнiң 
шашын сiз қиып тұрдыңыз ба?
Фарида  Нығматуллина:  Иә.  Бүгiнгi  Алматы  қаласы  әкiмшiлiгi 
орналасқан бұрынғы резиденцияға 80-жылдары көштiк. Сол ғимарат- 
тың бiрiншi қабатында арнайы үкiметтiк шаштараз болды. 1986 жылдан 
соң ол кiсi сол шаштаразға келiп шаш қидыртып жүрдi. Бiр де бiр рет 
ескерту жасаған емес. 
Жанарбек  Әшімжан:  Қонаевтың  ең  соңғы  рет  келiп  шашын 
қидырған сәтi жадыңызда ма?
Фарида  Нығматуллина:  Ондай  қасиеттi  адамның  әрбiр  сәтi  кез-
келген  жұмыр  басты  пенденiң  жадында  мәңгi  қалады.  Бұл  –  1993 
жылдың 19 тамызы болтын. Алакөлге демалуға жиналып жатқан кезi 
екен. Сол күнi шаштаразға өзi телефон шалды. Сосын: «Фарида, бүгiн 
менiң шашымды үйге келiп қиып берсеңiз, менiң шақыртқаным үшiн 
сiзге ешкiм ұрыспай ма?», – дедi. Мен: «Неге ұрсады? Қандай жағдай 
болса  да  мен  сiз  үшiн  қызмет  етуге  дайынмын»,  –  дедiм.  Александр 
Гойколов  дейтiн  жеке  аспазы  және  жүргiзушiсi  болатын.  «Онда  сiздi 
Саша барып алып кетедi» дедi. Мен барлық аспаптарымды алып үкiмет 
үйiнiң  алдына  шығып  тұрдым.  Сәлден  соң  Саша  келдi.  Жолда  Саша 
Димекеңнiң  Мұхаметжан  Тынышпаевтың  мерейтойына  жиналып 
жатқанын айтты. Үйiне келген соң емен-жарқын қарсы алды. Сосын 
шашын  алып  жатқан  сәтте  мен:  «Димаш  Ахметұлы,  сiзге  жол  жүру 

88
ауыр  болмай  ма?»  –  дедiм.  Ол  кiсi:  «Әрине,  ауыр  болады,  бiрақ  мен 
шыдаймын.  Бiз  бәрiмiз  жас  күнiмiзде  Тынышпаевты  үлгi  тұттық. 
Инженер болуды армандадық. Тынышпаев – қазақтан шыққан тұңғыш 
инженер, темiржолшы. Петерборда оқыған. Ондай ұлы азаматтардың 
тойына  бармау  парықсыздық,  көргенсiздiк  болады»,  –  дедi.  Ептеп 
қобалжулы  секiлдi  көрiндi.  Шашын  алып  болған  соң,  қалтама  ақша 
салды. Қысылып қалдым. Қарсылық бiлдiрiп ақшаны қайырып беруге 
ұмтылып едiм, «Фарида менiң қолымды қайтарма, менiң зейнетақым 
сенiң айлығыңнан жоғары, бала-шағаңның қажетiне жарата ғой» дедi. 
Ол  кiсiнiң  зейнетақысы  –  700,  менiң  айлығым  –  160  сом  болатын. 
Қонаевты соңғы рет көргенiм сол. Арада үш күн өткен соң қайталанбас 
ұлы басшының бақилық болғанын естiдiм... Алакөлде...
«Бiрде қонаев көк базарға барды...»
сергей Михаилұлы корНееВ. 1951 жылы Алматы қаласында 
туған.  1976  және  1982  жылдары  Дiнмұхамед  қонаевтың  негiзгi 
қызметтiк  «ЗиЛ»  автокөлiгiнiң  жүргiзушiсi  болған.  қазiргi  күнi 
отставкадағы офицер.
сергей корнеев: 1976 жылы қауiпсiздiк комитетi басшыларының 
тарапынан  Қонаевтың  жеке  жүргiзушiсi  мiндетiн  қалтқысыз  атқару 
жөнiнде  ұсыныс  түстi.  Мен  оған  дейiн  сол  комитетте  қызмет  еткем. 
Сөйтiп,  мен  Қазақстанның  бiрiншi  хатшысы,  қазақ  халқының  қайта- 
ланбас ұлы перзентi Дiнмұхамед Қонаевтың жеке жүргiзушiсi болдым. 
«ЗиЛ»  –  Қазақстандағы  жалғыз  көлiк,  бұрын  мұндай  мәшиненi 
айдап  көрмегем.  Қауiпсiздiк,  көлiктi  игеру,  iрi  адамдармен  қалай 
сөйлесу мәселелерi бойынша Мәскеуде арнайы тәжiрибеден өттiм. Ал 
Димекеңмен  жүзбе-жүз  танысуым  өте  қызық  болды.  Жүргiзушiлiкке 
үмiткерлердiң саны төртеу болатын. Бiздi басшылар Зуһра Шәрiпқызы 
мен Димаш Ахметұлы серуендеп жүрген жерге алып келiп таныстырды. 
Неге  екенiн  төртеудiң  iшiнен  Қонаев  менi  таңдап  алды.  «Сенiң  атың 
кiм?»,  –  дедi.  «Сергей»,  –  дедiм.  Маған  алғашқы  айтқан  сөзi  «О, 
Сереке!» болды. Содан бастап менi өмiрiнiң ақырына дейiн «Сереке» 
деп атап кеттi. Осы ат өзiме де бiртүрлi жағымды. Алғаш рөлге отырған 
күнi-ақ менiң бүкiл өмiрбаянымды бiлiп болды. 
Мен алғашқы күнi ұлы адамды, бiр елдiң басшысын тасып жүрге- 
нiмдi  сездiм.  Бiрiншi  күнi  келiп  рөлге  отырғанда  көзiм  бақырайып, 
иығым қушиып қаттым да қалдым. Жонарқамды қара тер басып кететiн. 
Димаш Ахметұлы қысылып отырғанымды сезетiн болу керек, баурап 
әңгiмеге тартады.
Жалпы, маңайындағы әрбiр азаматтың отбасылық, өмiрлiк, кәсiптiк 
жағдайын тереңдеп бiлу ол кiсiнiң дағдысы болатын. Көп азаматтарды 

89
жүзбе-жүз ғана емес, аты-жөнiне дейiн жадына сақтайтын. Үлкен-кiшi 
демей бәрiне бiрдей иiлiп тұратын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет