Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет9/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
1. ваготониктер және симпатикотониктер деп бөлді.
Мал конституциясын қарастырғанда, практиктер олардың табиғат және шаруашылық 
жағдайларына төзімділігі мен бейімділігін, сондай-ақ оларға тән өнімділік сипатын атап 
көрсетеді. 
Соңғы жылдары А. А. Журавель мал конституциясын екі негізі типке бөлуді ұсынады: 
тыныс алу және асқорыту. 
Тыныс алу типіне өте сүтті сиырлар, ит пен жылқының кейбір тұқымдары, ал ас 
қорыту типіне – шошқа, етті ірі қара т. б. жатады. Ас қорыту типіндегі малдар зат алмасу 
ауруына бейім келеді. Малдың азығы мен күтіміне қолайлы жағдай жасау, олардың 
жемшөбіне тиісті микоэлементтер енгізу арқылы аурудың алдын алуға болады (В. В. 
Ковальский). 
Конституцияны ішкі секреция бездерінің қызметімен байланыстырмақ болғанымен 
оны ешкім қолдай қоймады. 
Жоғары нерв қызметі туралы ілім конституцияны бір жақты түсінуге тосқауыл 
қойды. Әрбір тип жоғары нерв қызметінің белгілі бір қасиетімен сипатталады (күштілігі, 
ұстамдылығы, қозу мен тежелудің ширақтығы). 
Осы қасиеттер бойынша И.П.Павлов нерв жүйесінің шартты рефлекторлық 
қызметінің 4 типін белгіледі: 
1.Әлсіз тип – тітіркендіруші және тежеу процестерінің әлсіздігімен сипатталады –
меланхолик; 
2.Күшті, ұстамды – ширақ тип – сангвинник – қозу және тежелу процестері біркелкі
дамыған; 
3.Күшті, ұстамды, сылбыр тип – флегматик; 
4.Күшті, ұстамсыз (шыдамсыз) тип, ондайларда қозу процесі болады – холерик. 
Конституциялық типті И.П.Павлов бойынша жіктеу қазіргі кезде бізде ғана емес, шет 
елдерде де танылып отыр. 
Көптеген фактілерге жүгінсек, Павловтың конституциялық типін медицинада да, мал 
дәрігерлігі практикасында да қолдануға болады. Мәселен, нерв жүйесі күшті, ұстамды 
типті малға эксперименттік неврозды қоздыру өте қиын. Нерв жүйесі әлсіз типтегі 
малдардың сіреспе уына резистенттілігі төмен. Қоянды дифтерия уымен иммундаған 
кезде күшті типтегі жәндік антитоксинді едәуір қарқынды бөледі де, ал әлсіз типте 
антитоксин титрі өте әлсіз екендігі аңғарылды. 
Академик Р.Е.Кавецкий әлсіз типтегі малдарға қарағанда, күшті типтегі малдар 
ашыққан кезде қандағы белок құрамын қалпына келтіруі едәуір тез жүретіндігін 
анықтады. Қабыну процесінің барысы, алмасу процестерінің бұзылуы конституциясына 
қарай мал организмінде түрліше өтеді. 
Малдың нақты түріне, тұқымына немесе типті жеке ерекшелігіне тән 
конституциялық қасиет тұқым қуалайды, әрі ол едәуір тұрақты болады. 
Мал конституциясында анатомо – физиологиялық қасиетінің орнығуы, әрі тұқым 
қуалайтын малдың алуан түрі мен тұқымдарының кейбір ауру қоздырғыштарына 
төзімділігінен аңғаруға болады. Жылқыға өте қатерлі маңқамен, инфекциялық 
энцефаломиэлитпен ірі қара ауырмайды. Ірі қараның европалық тұқымдары, 
субтропикалық аудандардағы насекомдардар тарататын гемоспориодиоз ауруынан зардап 
шегетін болса, зебу және зебу тектес малдар бұл ауруға төзімді келеді. Басқа тұқымды 


43 
жылқыларға қарағанда, жылқының нониус тұқымы вирусты энцефаломиэлитке едәуір 
төзімді болады. Ал ит пен егеуқұйрыққа сібір жарасы, тауыққа – сіреспе жұқпайды. 
Ақ бациллді іш өтумен балапан ауыратын болса, суда жүзетін құстар мұнымен 
ауырмайды. Ақ бациллді іш өтуді кейбір тауық тұқымдары әр түрлі қабылдайды 
(родайланд пен ақ плимутрок тұқымдарына қарағанда, ақ леггорн – төзімдірек). 
Сонымен, патологиялық процестің дамуында организмнің конституциялық 
ерекшелігінің зор маңызы бар. Мұның өзі мал дәрігерлік практикада малды емдегенде 
және сақтық шараларын ойластырғанда ескерілуі тиіс. 
Малдың азықтандыру, күту, бағу және пайдалану жағдайларын қолайлы ете отырып, 
олардың ауруға конституциялық тұрғыдан бейімділігін едәуір бәсеңдетуге болады. 
Мал шаруашылығында малды төлдегіштігіне жәнеөнімділігіне қарай сұрыптау 
бұрыннан жүргізіліп келеді. Малдың конституциялық беріктігі мен төзімділігін, нақты 
климат жағдайы мен сартқы ортаның қолайсыз әсеріне бейімделгіштігін, патогенді 
тітіркендіргіштерге төзімділігін пайдалану арқылы дені сау мал табынын құру мақсатында 
арнайы селекциялық жұмыстар жүргізудің де ерекше маңызы бар. Осы бағытта қазір көп 
жұмыстар атқарылуда. Демек, тұқым қуалағыштық пен конституция туралы ілімді 
басшылыққа ала отырып, мал шаруашылығы қызметкерлері малдың дені сау, жоғары 
өнімді табындарын құра алады. 
Малдың бір түрі кейбір инфекциялық ауруларға тез шалдығуы, ал кейбіреуі мүлде 
ауырмауы, немесе оларда аурудың клиникалық белгілері шамалы білінуі мүмкін. 
Мәселен, сібір жарасының қоздырғышы көптеген малға жұғады, бірақ ит оған көп 
шалдыға қоймайды, ал құс әдеттегі жағдайда бұл ауруға мүлде дерлік шалдықпайды. 
Алайда, егер тауық пне көгершін организмінің қорғаныш қасиетін әлсіретсе, онда олар 
сібір жарасымен ауырады. 
Ірі қара обасымен көбінесе осы түлік шалдығады, ал қой мен ешкі онша көп 
ауырмайды, ал итке, жылқыға және басқа малдарға бұл инфекция жұқпайды. Тек малдың 
бір түріне ғана тән аурулар болады. 
Кейбір аурулардың өршуі малдың тұқымына да байланысты. Буденный және терск 
тұқымының жылқылары өкпе ауруларына, алжир қойы – топалаңға, кавказ қойы (тау 
мериносы) пироплазмоз ауруына төзімді. Кейбір мал тұқымдары,, керісінше кейбір 
ауруларды тез қабылдайды. Мысалы, ірі қараның остфриз тұқымы туберкулезге, ауыр жүк 
тартатын жылқылар – гемоглобинурияға жиі шалдығады. 
Ауру патогенезінде малдың жасы мен жынысының да мәні бар. Мәселен, жас 
малдар асқазан –ішек жолдары ауруына, өкпе қабынуға, рахитке, сондай – ақ кейбір 
инфекциялық ауруларға жиі ұшырайды. Оның есесіне, олар жасырақ кезінде басқа 
инфекциялар мен уларға онша шалдыға қоймайды. Кәрі малдарда ауру баяу өршіп, 
сауығуы ұзаққа созылады. 
Кейбір малдарда аурудың пайда болуы мен дамуы олардың өнімділігі мен 
пайдаланылуына байланысты. Мәселен, сүтті сиырларда желінсау, жыныс органдары, әр 
түрлі зат алмасудың бұзылуы, ал жылқыда – аяқ, шоқтық т. б. аурулар пайда болады.
Сонымен, патогенезді зерттеу патологиялық процесс динамикасын және сауығу 
механизмін айқындауға мүмкіндік береді. Сол себепті ауруға диагноз қояды, 
сақтандыруды және емдеуді дұрыс жүргізудің бұл маңызды мәселелерді шешуде айрықша 
мәні бар. 
4. ОРГАНИЗМ РЕАКТИВТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПАТОЛОГИЯДАҒЫ МӘНІ
Организмнің реактивтілігі және резистенттілігі туралы түсінік. Р е а к т и в т і л і к
– 
латынша reactio
– 
әсер деген сөзден шыққан. Реактивтілік – организмнің тіршілік 


44 
әрекетінің сыртқы орта әсеріне жауап қайтару қасиеті; ол да бүкіл тіршілік атаулының зат 
алмасу, өсу, көбею т. б. маңызды қасиеттері секілді. 
Организмнің р е з и с т е н т т і л і г і – оның патогендік факторлар әсеріне төзімділігі, 
яғни қарсы тұру қабілеті. Екі термин де тірі организмнің негізгі қасиеттерін айқындайды, 
әрі бірімен-бірі байланысты. Организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі аурудың пайда 
болуында, дамуында, патологиялық процестердің өту барысында мәні бар. Сондықтан, 
ауру патогенезін түсіну үшін организмнің осы қасиеттерін зерттеу қажет. 
Реактивтілік және резистенттілік туралы түсінік көне медицина дәуірінде қалыптаса 
бастады. Бұл жөніндегі мәліметтерді көне қытай және көне үнді медициналарынан табуға 
болады. Алайда ол көне грек медицинасында неғұрлым нақты формада қалыптасты. Сол 
кездің өзінде-ақ дәрігерлер әр түрлі адамдардың ауру тудыратын әрекетті түрліше 
сезінетіндігін білді. Мұны Гиппо-крат организм сөлінің біркелкі араласпауынан – 
дискразиядан деп түсіндірді. 
Реактивтілік туралы ілімнің жаңа бағыты XVII ғасырдың аяғында басталды. Гиссон 
(1672) тұңғыш рет бүкіл жанды организмді тітіркендіргіштік (irritabilitas) қасиетімен 
сипаттады. Бұлайша деуі, сірә, тітіркендіргішті қабылдағыштығы және оған сыртқы 
белгісі арқылы жауап қайтаруынан деп түсінгендіктен болар. Браун (1780) қағидасы 
бойынша тіршілік үшін екі жағдай қажет: организм және тиісті орта. 
Қорғаныш сипатындағы реактивтілік туралы ілімде И. И. Мечниковтың (1892, 1903) 
қабыну және иммунитет саласындағы салыстырмалы – патологиялық зерттеулері үлкен 
роль атқарды. 
Оны иммунологиялық реактивтілік туралы ілімнің негізін қалаушы деп атауға болады. 
Кейіннен аллергия туралы ілімді де негізінен иммунологтар жасады, соның нәтижесінде 
реактивтілікті негізінен алғанда қорғаныш сипатындағы процеспен байланыстырды. 
Мұны А. А. Богомолец те (1945) атап көрсетіп, реактивтілікті конституциямен 
байланыстырды және конституция туралы ілімнің жаңа бағытын құрды (П. Ф. 
Здродовский, 1950 т. б.). 
Н. 
Н. 
Сиротинин 
(1934-1939) 
кейбір 
жағдайда 
организм 
реактивтілігі 
резистенттілікпен сәйкес келмейтіндігіне көңіл аударды. Бұған айқын мысал ретінде 
қысқы ұйқыны алуға болады. Мұндай жағдайда әр түрлі әсерге, мәселен, инфекцияларға 
резистенттілік арта түседі де, жалпы реактивтілігі, сондай-ақ иммунологиялық және 
аллергиялық реактивтілігі де кеми түседі. 
Реактивтілік кез келген тірі организмге тән қасиет. Малдарда байқалатын 
реактивтіліктің түрліше өзгеруі негізінен алғанда қорғаныш (бейімделу) сипатында 
болады. Ол ортаның зиянды әсеріне қарсы әрекет етуге бағытталады. Эволюция 
барысында тіршілік иесінің қалыптасуы күрделенумен қоса, реактивтілігінің формасы мен 
механизмі де күрделене түсті. Жануар неғұрлым қарапайым қалыптасса, оның нерв жүйесі 
де соғұрлым онша дамымаған, соған сәйкес оның реактивтілік формасы да қарапайым. 
Жануардың қалыптасуы неғұрлым жоғары болса, ол сыртқы ортаның алуан түрлі 
әерлеріне соғұрлым белсенді, жан-жақты сезіне алады. Сонымен, «реактивтілік» термині 
жалпылама 
алғанда 
организмнің 
сыртқы 
ортаның 
зиянды 
әсеріне 
төзімділік 
(резистенттілік) механизмін сипаттайды. 
Реактивтілік мынадай үш формада білінуі мүмкін: көтеріңкі реактивтілік күйі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет