Патологиялық физиология ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол



Pdf көрінісі
бет1/66
Дата21.11.2022
өлшемі1,74 Mb.
#51417
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66



Алғы сөз 
Патологиялық физиология - ауру ағзаның тіршілігі туралы ғылым. Ол 
торшалардың, 
мүшелердің, 
жүйелердің 
және 
тұтастай 
ағзаның 
қызметіндегі 
физиологиялық ауытқудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Бұл ғылым дәрігерлік 
ойлауды қалыптастырады, бақылайтын фактілер мен құбылыстарды дұрыс түсінуге ықпал 
етеді. Осы тұрғыдан алғанда патологиялық физиология теориялық ғылым болып 
саналады, әрі мал дәрігерлік ғылымының философиялық қағидаларын қарастырады. 
Мал шаруашылығынан алынатын өнімдерді арттыру үшін бұл саланы түбегейлі 
мамандандыруға тура келеді, ал мұның өзі малды күтіп-бағу, азықтандыру және 
пайдалану жағдайына тікелей байланысты. Мал денсаулығына микроклиматтың табиғи 
және жасанды факторлары, өндіріс технологиясының ерекшіліктері т. б. әрқашанда 
қолайлы әсер ете бермейді. Соның салдарынан ағзада әр алуан ауытқулар пайда болып, 
мұның өзі малдың өнімділігін, өсіп-өну функциясын кемітуі, уландыруы, өндірілетін 
өнімнің сапасы мен биологиялық құндылығын өзгертуі мүмкін. Сондықтанда осы 
тітіркендіргіштердің мал ағзасына қолайсыз әсер етуінің алдын алу, сақтандыру – мал 
дәрігерлік ғылым мен тәжірибенің басты міндеттерінің бірі. 
Жоғары өнімді мал ағзасында метаболикалық процестердің бұзылуы нәтижесінде 
шаруашылыққа қыруар зиян келетіні белгілі.Осыған орай мал дәрігерлігі ғылымы, әсіресе 
патологиялық физиология, зат алмасу күйін бақылаудың әдістемелік негізін жетілдіруге 
ерекше көңіл бөледі. Осы тұрғыдан алғанда биологиялық жағынан құнарлы сапалы азық 
базасын жасаудың, өнеркәсіптік кешендерде күтіп-бағылатын өнімді малдарды табиғи 
жағдайға жуықтатудың, сондай-ақ диспансерлеу шараларын жүргізудің зор маңызы бар. 
Мал 
ағзасындағы 
зат 
алмасуды, 
резистенттілік 
пен 
реактивтілікті, 
ағзадағы 
физиологиялық және патофизиологиялық күйді зерттеудің ең жетілдірілген тәсілдерін 
қолдану малдағы зат алмасу деңгейін ұдайы бақылауды, мұндай ауытқушылықтың алдын 
алуды және ауру малды емдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнда да патологиялық 
физиология ғылым ретінде зор роль атқарады. 
Патологиялық физиологияның мақсаты – студенттерге патологиялық процестерді 
модельдеу тәсілдерін үйрету, аурудың пайда болу, даму, өту және жазылу барысын білу, 
ауру малдың мүшелері мен жүйелеріндегі негізгі және жалпы заңдылықтарды анықтау. 
Оқу жоспары құрылымында патологиялық физиология ауыл шаруашылық 
малдарының физиологиясымен, биохимиялық, морфологиялық және клиникалық 
пәндермен тығыз байланысты. 
Жануарлардың патологиялық физиологиясы туралы оқулықта мынадай негізгі 
мәселелер қамтылады. Кіріспеде патологиялық физиология пәнінің мақсаты мен 
міндеттері қарастырылады. Онда эксперименттік медицина мен мал дәрігерлік ғылымның 
негізгі даму тарихы, патологиялық физиологияның дербес ғылым ретінде дамуына 
отандық және шет ел ғалымдарының қосқан үлесі баяндалады. 
Бірінші бөлімде жалпы патологиялық физиологияның кейбір маңызды мәселелері: 
ауру, оның этиологиясы мен патогенезі туралы ілім қарастырылады. 
Екінші бөлім нағыз патологиялық процестерге – қан айналысының бұзылуына, 
қабынуға, жылу реттеуге, қатерлі ісікке, зат алмасудың бұзылуына т. б. арналған. 
Үшінші бөлімде ағзаның әр түрлі мүшелері мен жүйелеріндегі патологиялық 
физиология мәселелері баяндалады. 
Осы пәнге арналған көптеген мәселелер қысқаша тұжырымдалды. Алайда бұл 
оқулық өз міндетін орындаса, болашақ басылымда ол неғұрлым кеңірек түсіндірілуі, 
толықтырылуы мүмкін. 
Оқулыққа тиісті ескертпелерін, ұсыныс пікірлерін айтқан оқырман қауымға 
авторлар алдын ала ризашылығын білдіреді.



Кіріспе 
«
Патофизиология» гректің pathos – зардап шегу, ауру және logos – ілім деген 
сөздерінен шыққан. Басқаша айтқанда, патофизиология – бұл ауру мал, яғни ауру ағза 
физиологиясы туралы ғылым.
Сонымен, патологиялық физиология – ауру ағзадағы функционалдық өзгерістерді және 
патологиялық процестердің пайда болуының туындауының, барысы мен өтуінің жалпы 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Демек, патофизиологияның басты міндеті – 
патологиялық процестің дамуының жалпы заңдылықтарын айқындау, аурудың пайда 
болуын және патогенезін зерттеу. 
Патофизиология шартты түрде үш бөлімнен тұрады: жалпы патология, типтік 
патологиялық процестер, дербес патология. 
Б і р і н ш і б ө л і м і н е – жалпы патологияға – ауру туралы жалпы ілім (жалпы 
назология, грекше nosos – ауру), этиология (ауру себептері туралы ілім), патогенез 
(аурудың даму механизмі). 
Е к і н ш і б ө л і м і н е – типтік патологиялық үрдістер (қабыну, қызба, 
реактивтілік, ісік өскіні т. б.) жатады. Осы екі бөлімнен студенттер патологиялық 
физиологияның қысқаша даму тарихымен, аурудың пайда болу себептерімен және 
жағдайларымен танысады. Патофизиологияның осы бөлімінде патологиялық үрдістердің 
шығуы, пайда болуы мен дамуының заңдылықтары, әр түрлі аурулар кезінде, мәселен,
ісік өскіні болғанда, қабынғанда, қызбаға ұшырағанда, зат алмасуы бұзылғанда және 
басқа да ауруларда ағзаның жалпы типтік реакциясы қарастырылады. 
Ү ш і н ш і б ө л і м і н д е – мүшелер мен жүйелердің патологиялық 
физиологиясында – қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту, бауыр қызметі, несеп бөліну, 
ішкі секреция бездері мен жүйке жүйелерінің қызметіне қатысты әр түрлі аурулар кезінде 
жекелеген мүшелер мен ағза жүйесі қызметінің бұзылуының және қалпына келуінің 
жалпы заңдылықтары туралы мәліметтер беріледі. 
Патологиялық физиология тұтастай алғанда патологиялық үрдістердің себептері 
мен жағдайларының пайда болуы және дамуы арасындағы байланысты айқындайды, 
мұнда оның мәнін дұрыс, әрі толық түсінуге,сөйтіп ауруды ғылыми тұрғыда ұғынуға 
талпыныс болады. Мал дәрігерінің күнделікті қызметінде патологиялық физиологияның 
зор маңызы болатыны да, міне, осыған байланысты. 
Патофизиология дәрігерлік ойлауды қалыптастырады, ауруды ғылыми тұрғыда 
жете түсінуге негіз қалайды, диалектикалық материализм философиясы негізінде 
байқалған фактілер мен құбылыстарды дұрыс ұғынуға ықпал етеді. Осы тұрғыдан 
қарағанда патофизиология теориялық ғылым болып саналады, әрі мал дәрігерлік 
ғылымның философиялық қағидаларын қарастырады. 
Әсіресе республиканың азық-түлік бағдарламасын орындау кезінде патологиялық 
физиологияның зор маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендетудің қазіргі тәсілінде, яғни 
интенсивтендіру және мамандандыру жағдайында бейімделу мәселелерін, аурудың пайда 
болу және даму заңдылықтарын жете білуі тиіс. 
Патофизиология – барлық клиникалық пәндердің теориялық негізі болып саналады. 
Патофизиология аурудың патогенезі мен барысының мәнін түсіндіруге, сондай-ақ 
жануарларды аурудан сақтандыруға және емдеуге теориялық негіз қалайды. Ал 
жануарларды аурудан сақтандыру, емдеу шаралары фармакология мен фармакогнозия 
жетістіктері арқылы жүзеге асырылады. Дені сау, жоғары өнімді мал табынын құру үшін 
жоспарлы, ерекше сақтық шараларының теориялық және ұйымдық негіздері жасалады. 
Патофизиологиялық 
үрдістің 
пайда 
болуының 
және 
дамуының 
жалпы 
заңдылықтарын білгеннен кейін, оның дербес мәселерелерін, яғни жануарлардың
жекелеген ауруларын айқындау, одан дұрыс сақтандыру және емдеу шараларын жүргізу 
оңайға түседі. Мал шаруашылығы үшін патологиялық физиологиялық маңыздылығы да 



осында, өйткені ғылыми мал дәрігерлігі негіздерін білмей тұрып, дені сау, жоғары өнімді 
мал өсіру мүмкін емес. Демек, патологиялық физиология мал дәрігерлігі білімі жүйесінде 
айрықша қажетті пәндерінің бірі.
Патологиялық физиология, негізінен алғанда, эксперименттік ғылым, ол 
жануарларға тәжірибе қою арқылы патология мәселерлерін зерттейді. 
Патофизиология мынадай эксперименттік тәсілдерді пайдаланады: вивисекция, 
мүшелерді оқшалау, ағзадан оқшауланған торшаны себу тәсілі, фистулдық және 
полифистулдық тәсілдер,ажырату және біріктіру тәсілдері, тітіркендіру, ангио – немесе 
органостомия , функционалдық сынау, қанды, несепті және басқа да торшаларды
химиялық, физико-химиялық, бактериологиялық және иммундық зерттеу тәсілдері, 
радиоактивтік изотоптар (таңбалы атомдар), салыстырмалы патология (Мечников негізін 
қалаған) және ауру жануарларды клиникалық бақылау. 
Сонымен, патофизиология өз міндетін шешу кезінде физиологиялық, биохимиялық 
және биофизикалық зерттеу тәсілдерін пайданалады. 
Патофизиологияда қолданылатын жоғарыда аталған негізгі тәсілдердің толып 
жатқан амалдары мен әдістері бар, солардың көмегімен мал ағзасында өтетін үрдістер 
зерттеліп, оларға ықпал ету формалары айқындалады да, түптеп келгенде, аурумен күрес 
шараларын ойдағыдай жүргізіп, оларды толық жоюға мүмкіндік туады. 
Сау ағзаның тіршілік әрекетіндегі негізгі заңдылықтарды білмей тұрып ауру 
жануарда өтетін процестердің мәнін түсіну мүмкін емес. Сондықтанда патологиялық 
физиология қалыпты физиологияның тәсілдері мен деректерін кеңінен қолданады. 
Патофизиологияның биохимиялық тәсілдерінен көбірек қолданылатыны – амин 
қышқылдарын, хлоридтерді, көмірсуларды, майлы қышқылдары, липидтерді және басқа 
да алуан түрлі биохимиялық тәсілдерді анықтау. 
Патологиялық физиологияда биофизикалық тәсілдерден көбірек қолданылатыны – 
радиоактивтік изотоптар, ми мен жүректің электрлік мүмкіндік (потенциалы), ұлпаларды 
өте әлсіз сәулелендіру, ұлпа кедергісі, радиотелеметрия тәсілдері. 
Ағзаның сыртқы ортадан әсер ететін ультрадыбыс тербелісі, космос сәулесі
микротолқын, жоғары жиілік, ультракүлгін сәулелер және басқа да факторлар кеңінен 
қолданылады. 
Патофизиологияда морфологиялық тәсілдер өте кең тараған, мұның өзі 
патологиялық анатомияда қолданылады. 
Ақырында, патофизиологияда 
ауру 
жануарларға 
клиникалық байқау 
да 
қолданылады. 
Демек, патофизиологияның тек клиникамен ғана емес, қалыпты физиологиямен де 
тығыз байланысты екендігін аңғарамыз. 
Алайда патологиялық физиологияның қалыпты физиологиядан, патанатомиядан 
және биохимиядан елеулі айырмашылығы бар. 
Мәселен, патологиялық физиологияның қалыпты физиологиядан айырмашылығы 
сол, физиология – сау жануардың, ал патофизиология – ауру жануардың мүшелері мен 
торшаларының функциялық күйін зерттейді. Егер патанатомия патологиялық үрдістердің 
морфологиялық көрнісін зерттесе және де оның негізі объектісі жануарлар өлексесі болса, 
патофизиология тірі ағзадағы морфологиялық өзгерістер динамикасын зерттейді. 
Патофизиология 
биология 
деректерін 
пайданалып, 
биологияны 
эксперименттік 
мәліметтермен байытады. 
Патологиялық процестердің білінуі мен дамуының қалыпты кездегіден едәуір 
өзгешілігі бар: ол басқаша заңдылықта, басқаша клиникалық, биохимиялық және 
морфологиялық көріністе өтіп, ағзада тың, сапалық өзгеріске ұшырайды. 
Қазіргі 
патофизиологияның 
маңызды 
тарауының 
бірі 
– 
молекулалық 
патофизиология. Бұл ғылым жақында ғана, осыдан 30 жыл шамасы бұрын пайда болып, 
дербес ғылымға айналды. Молекулалық патофизиология негізінен алғанда мал мен 
адамның молекулалық ауруын зерттейді, ал мұның өзі қазір 5 мыңнан асып отыр. Бұл 



ғылым клеткалар мен субклеткалар құрылымы деңгейінде өтетін аурудың даму механизмі 
туралы түсінік береді. Молекулалық патофизиология жануардың әр түрлі аурулары 
кезіндегі клеткалық органелладағы өзгерістерді зертеп, молекулалық ауруларды тиімді 
емдеудің негізін қалайды. 
Патологиялық физиологияның клиникалық пәндермен толып жатқан байланысы 
бар. Клиникалық деректердің негізінде, әрі тиісті талдап қорытындылау арқылы 
патологиялық процестің бірқатар даму заңдылықтары айқындалады. Эксперименттік 
зерттеу негізінде алынған клиникалық материалдардың көмегімен жинақталған деректерді 
тексеруге де болады. Сонымен қоса, әр түрлі аурулар кезінде клиникалық пәндер 
патофизиологиялық зерттеу нәтижелерін де пайдаланады. 
Сонымен, патологиялық физиология басқа пәндермен тығыз байланыста әр алуан 
ауру өзгерістерін (кеселдерін) зерттейді. 
Мал дәрігерлігі – көне мамандық. Мал дәрігерлік қызметтің басталуы, демек, 
патология мәселелерін зерттеу алғашқы қауымдық құрылыста жануарларды қолда өсіру 
кезеңімен байланысты болды. 
Патологиялық физиология тарихы аурудың мәнін түсінудегі көзқарастың даму 
тарихына және де аурудың пайда болуы мен өтуіндегі жалпы заңдылыққа тікелей 
байланысты. Патологиялық физиологиядағы қазіргі ғылыми көзқарастың қалыптасуы 
материалистік және идеалистік философияға негізделген идеяның ымырасыз күресінде 
пайда болды. 
Патологиялық физиологияның дербес ғылым ретінде дамуы ХIХ ғасырдың екінші 
жартысында басталды, бұл кезде биология, химия және физиология ғылымдарында едәуір 
жетістікке қол жетіп, мұның өзі патологиялық процестер мен аурулардың пайда болуын 
жүйелі түрде зерттеуге мүмкіндік берді. Өткен ғасырда патофизиологияның негізін 
қалаған әйгілі патологтар – Россияда – В.В. Пашутин (1845-1901), Германияда – Вирхов 
пен Конгейм, Францияда – Клод Бернар (1813-1878) болды. 
Әйгілі француз физиологы Клод Бернар аурудың даму механизмін білу үшін 
эксперименттік зерттеу тәсілдерін енгізді. Ол эксперименттік патология жөнінде лекция 
жазып, ауруды эксперименттік жолмен суреттеудің және ауру кезінде жекелеген 
функциялардың бұзылу механизмін талдаудың алуан түрлі амалдарын баяндады. 
Патофизиология тарихында И.И. Мечниковтың (1845-1916) орны ерекше. Оның 
ағзаның қабынуы, иммунитеті, семуі және өздігінен улануы жөніндегі жұмыстары 
айрықша бағалы. И. И. Мечников патологиялық процестерді зерттеудің салыстырмалы-
патологиялық бағытын жасады. Қабынудың фагоцитарлық теориясы, иммунитет туралы 
ілімі қазіргі кезде де жан-жақты дамытылуда. И.И. Мечниковтың әр түрлі инфекциялық 
аурулардың патогенезі туралы жұмыстары, қазіргі кезде осы бағытта жүргізіліп отырған 
көптеген зерттеулерге негіз қалады. 
Россияда ХVIII- ХIХ ғасырларда жалпы патология курсы физиология курсының 
бір тарауына ғана жатқызылып, оған жалпы физиология мен жалпы патология енгізілді. 
Алайда, оқу жоспарында қарастырылмаса да, Москва университетінің медицина 
факультеті құрылған күннен бастап-ақ, яғни 1764-1765 жылдары жалпы патология курсы 
оқытылады. 
Ол кезде жалпы патология курсын С. Т. Забелин (1735-1802), М. Я. Мудров (1776-
1831), И. Е. Дядьковский (1784-1841), К. В. Лебедев (1802-1884) секілді көрнекті 
клиницистер оқыды. Жалпы патологияны қалыпты физиологиямен бірге әйгілі ғалым А. 
М. Филомафитский (1807-1849) оқыды. 
Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында жалпы патология курсы дербес болды 
(устав бойынша 1863 ж), бірақ оны патологоанатомдар немесе клиницистер оқытты. 
Мәселен, Москвада, 1863 жылдан бастап, жалпы патология курсын көрнекті 
патологоанатом А.И. Полунин (1820-1888), Киевте – Н.А. Хржонщевский (1806-1906) 
оқыды. Қазанда жалпы патология кафедрасында 1867-1872 жылдары М.Ф.Субботин 
шұғылданды. 



Россияда патологиялық физиологияның (эксперименттік патологияның) дамуы 
орыс физиологы И.М. Сеченовтың (1829-1905), белгілі терапевт С.П. Боткиннің (1832-
1889), әсіресе олардың шәкірті В.В.Пашутиннің (1845-1901) есімдерімен байланысты. 
Россияда тұңғыш рет дербес патологиялық физиология кафедрасын 1874 жылы Қазанда 
Виктор Васильевич Пашутин ұйымдастырды, кейіннен 1879 жылы Петербургтағы әскери-
медициналық академияда құрылды. Бұлар дүние жүзіндегі алғашқы патологиялық 
физиология кафедралары болды. 
Виктор Васильевич Пашутиннің үлесіне өте үлкен міндет – жаңа пәнді оқытуды 
ұйымдастыру міндеті түсті. Ол мұндай кафедраның қажеттілігі мен маңыздылығын 
сендіре дәлелдеді, соның нәтижесінде эксперименттік патология кафедралары басқа 
университеттерде де құрылды. В.В. Пашутин алғаш рет витаминдерді зерттеп, 
патологиялық физиология жөнінде құрал жазды, отандық ірі патофизиология мектебін 
құрып, одан Альбицкий, Карташевский, Репрев, Лукьянов, Ушинский, Авроров секілді ірі 
ғалымдар шықты. 
Революцияға дейінгі Россияда патологиялық физиологияның негізін салған екінші 
бір ғалым, А. И. Полунинің шәкірті Александр Богданович Фохт Москва университетінде 
жалпы патология кафедрасын ұйымдастырып, патологиялық физиология курсын оқыта 
бастады. Оның қан айналысының патологиясы жөніндегі жұмысы, жүрек патологиясы 
туралы (1923), ісіну және шемен (водянка) туралы (1919) монографияларында 
тұжырымдалды. Тальянцев, Сахаров, Линдеман, Андреев, Павленко секілді ғалымдар 
оның шәкірттері болды. 
Г. П. Сахаров (1873-1953) реактивтілік патологиясы және эндокринология жөнінде 
қыруар жұмыстар атқарды. Ол тұңғыш рет теңіз шошқасының қансарысулық
анафилаксия құбылысын сипаттап жазды. (1905). 
Патологиялық физиологияны дамытуға Владимир Валерьянович Подвысоцкий 
(1857-1913) көп еңбек сіңірді. Ол алғашында Киевтегі, ал 1900 жылдан Одессадағы 
патологиялық физиология кафедрасын меңгерді. В. В. Подвысоцкий И. И. Мечниковтің 
шәкірті болды. Ол ұлпа регенерациясы, эксперименттік онкология және иммунитет 
мәселелері проблемаларын ойластырды. Подвысоцкийдің шәкірттері Л. А. Тарасевич 
(1868-1927), Д. К. Заболотный (1866-1929), И. Г. Савченко (1862-1932), А. А. Богомолец 
(1881-1946) болды. 
Патологиялық физиологияны дамытуға И. П. Павлов (1849-1936) зор үлес қосты. 
Павлов бүкіл ғұмырын нервизм идеясын дамытуға арнап, оны ағза қызметіне жан-жақты 
әсер ететін жүйке жүйесінің физиологиялық бағыты ретінде түсіндірді. И. П. Павлов ілімі 
аурудың даму механизмі жөніндегі қазіргі ұғымға негіз қалады. 
Патологиялық физиология ғылыми пән ретінде әсіресе соңғы жылдары жан-жақты 
дамыды. Әуел бастан-ақ, медициналық және мал дәрігерлік білім берудің реформасы 
кезінде патологиялық физиологияға кеңес дәрігерлерінің дүниетанымын қалыптастыруда 
ерекше роль атқаратын пән ретінде айрықша көңіл бөлінді. 
1924 жылы А. А. Богомолец пен С. С. Халатовтың бастамасы бойынша кең 
ауқымда бұрынғы жалпы патология кафедрасын «Патологиялық физиология кафедрасы» 
деп атауға шешім қабылданды. Патологиялық физиология кафедралары мен ғылым-
зерттеу лабораторияларына көрнекті ғалым-экспериментшілер басшылық етті. Бұл 
кафедралардың жұмысы бірегей эксперименттік бағытта болды. С. С. Халатов (1886-1951) 
липидті және холестеринді алмасу патологиясы саласында, семіру мәселесі бойынша 
жұмыс істеді. Патофизиологтардың аса ірі, іргелі мектептері құрылды: Н. Н. Аничков 
(Ленинград), А. А. Богомолец (Саратов, Москва, Киев), В. В. Воронин (Одесса, Тбилиси), 
Н. Н. Сиротинин (Қазан, Киев), И. Р. Петров (Ленинград) т. б. 
Н. Н. Аничков (1885-1969) 1919 жылдан 1938 жылға дейін Әскери- медициналық 
академияда патологиялық физиология кафедрасын басқарды. 1946 жылы КСРО Медицина 
ғалымдары академиясының тұңғыш президенті болып сайланды. Н. Н. Аничков ғылыми 
қызметкерлердің 
үлкен 
тобымен 
бірге 
жүрек-қан 
жүйесі 
аурулары, 



ретикулоэндотелиалдық жүйелердің физиологиясы мен патологиясы, аутоинфекция 
патогенезі т. б. мәселерлерді жете зерттеді. 
Атеросклероздың инфильтрациялық шығу тегі теориясы Н. Н. Аничков есімімен 
тығыз байланысты. Бұл мектептен И. Р. Петров, П. Н. Веселкин, П. П. Гончаров секілді 
әйгілі патофизиологтар шықты. 
Орыстың көрнекті ғалымы В. В. Воронин (1870-1960) Одесса мен Тбилисиде үлкен 
ізгілікті мектебін құрды. Оның еңбектері патофизиологияға, микробиологияға мен 
эпидемиологияға, зоологияға, морфологияға және физика мен математиканың кейбір 
проблемаларына арналды. В. В. Ворониннің және оның шәкірттерінің негізгі ғылыми 
мүддесі қабынудың, қан айналысының, шеткі нерв жүйелерінің жалпы патологиясы 
төңірегіне шоғырланды. 
Патофизиологияның дамуына Украина Ғылым академиясының тұңғыш президенті, 
академик Александр Александрович Богомолец (1881-1946) зор ықпал етті. Богомолец 
Саратовта, Москвада, Киевте жұмыс істеді, әрі кеңестік патофизиологтардың ең ірі 
мектебінің негізін қалаушы болып саналады. Оған Сиротинин, Кавецкий, Адо, Перельман, 
Колпинов, Комиссаренко секілді көрнекті ғалым академиктер, Н. А. Федров, П. Д. 
Горизонтов, Нейман, карлик, Коган секілді профессорлар жатады. 
Богомолец 
мектебінде 
сау 
және 
ауру 
организмнің 
қалжырауының 
профилактикасы, организмнің қалыпты және патологиялық реактивтілігінің проблемасы, 
оның онто- және филогенездегі өзгерістері секілді патофизиологияның өзекті 
проблемалары жан-жақты зерттелді. Богомолец және оның мектебі нервтік және 
эндокриндік 
регуляцияның, 
бүйрек 
үсті 
безінің 
қыртысына 
және 
гипофиз 
эволюцияларына көңіл бөлді. 
Мечников идеясын дамыта отырып, Богомолец мынаны анықтады: организм 
тіршілігінде және оның патологиясында тек ретикулоэндотелиалдық жүйе ғана емес, 
бүкіл дәнекер тканьде (ұлпа) зор роль атқарып, алмасу процестеріне, қорғаныш 
реакциаларына қатысу арқылы, организмнің реактивтілігін айқындайды. 
Богомолец былай деп есептеді: дәнекер ткань трофикалық (қоректендіру) функция 
атқарады, оның клеткалық элементтерінің зор ферментациялық энергиясы болады, ал 
дәнекер тканьдердің аралық заттары организмдегі зат алмасуды реттейді. Богомолец 
регенерацияға белсенді қатысатын дәнекер тканьдердің пластикалық функциясын 
айқындады. Ақырында, ол дәнекер тканьдердің аутокатализ арқылы ішкі секроторлық 
функцияға ықпалына зор көңіл бөлді, соның нәтижесінде организмде, әсіресе талақта 
(селезенка) қуаттандырушы заттар пайда болады. Богомолец «Өмірді ұзарту» (1940) 
кітабында организмнің қартаю процесі туралы өз пікірін тұжырымдады. Оның пікірінше, 
қартаю – дәнекер тканьдердің трофикалық функциясының кемуінен болады. Богомолец 
антиретикулярлық цитотоксикалық сывыротка (АЦС) жасады, оның шамалы дозасы 
дәнекер тканьдердің функциясын қуаттандырады. 
А. А. Богомолецтің басышылығымен патологиялық физиология жөнінде алғашқы 
көп томдық құрал жасалды (1940-1946). Қазіргі кезде патология мен физиологиядағы 
реактивтілік проблемаларын зерттеуді неғұрлым белсенді жалғастырушылардың бірі – Н. 
Н. Сиротинин және оның мектебі. Сиротинин және оның мектебі реактивтіліктің, 
аллергияның, иммунитеттің және инфекциялық процестің салыстырмалы патологиясы 
туралы мәселелерді жасауда зор еңбек сіңірді. Н. Н. Сиротинин 1929 жылдан бастап 
оттегінен ашығу және гипоксияға бейімделу мәселелерімен шұғылданды. Н. Н. 
Сиротининнің жалпы редакциясымен соңғы уақытта патологиялық физиология жөнінде 4 
томдық құрал жасалды (1966). 
И. Р. Петров бүкіл творчестволық өмірін Әскери- медицина академиясының 
патофизиология кафедрасындағы жұмысқа арнады. Ол өзінің көптеген шәкірттерімен 
бірге оттегінен ашығу жарақаттан талықсудың патогенезі, қансырау, қан құю, гипотермия 
және реанимация, қан айналысының патологиялық регуляциясы т.б. проблемаларды 
қарқынды, әрі ойдағыдай шешті. 



Патологиядағы нерв жүйесінің маңызы туралы түсінікті дамутуда А. Д. 
Сперанскийдің (1888-1961) зерттеулері зор роль атқарды. Мәселен, оның нервтік трофика, 
эпилепсия (қояншық), патология зардаптары т. б. жұмыстары кеңінен белгілі болды. 
Сперанскийдің шәкірті А. М. Черных сауығу және эксперименттік терапия 
проблемаларын жемісті дамытты.
Келтірілген мысалдардан жоғарыда аталған патофизиологтар-медиктер мектебінің 
ғылыми дәстүрін ойдағыдай дамытқан КСРО патологиялық физиологиясының көптеген 
медициналық лабораториясының жұмыстары тек осымен ғана шектілмейді. 
Мал дәрігерлігі ежелден, тіпті малды қолға үйрете бастаған алғашқы қауымдық 
құрылыстан бастап дамыды. 
Вавилон патшасы Хаммурабидің заңдар жинағында мал дәрігерлігі мамандығы 
туралы 224 статья болды. Маманға малды емдегені үшін белгілі мөлшерде ақы төледі, ал 
мал өлген жағдайда айып салынды. 
Көне Египетте мал дәрігерлігі үлкен құрметке бөленді. Египеттің мал дәрігерлері 
қышыма, ішқұрт аурулары, малды пішу, жедел көмек көрсету жөнінде мағлұматы болды. 
Көне Римде мал дәрігерлігі жан-жақты дамыды. Рим ғалымдары Катон 
Древныйдың (біздің жыл санауымызға дейінгі III ғасырда), Варонның (біздің жыл 
санауымызға дейінгі II-I ғасырда) және Колумеллдің (біздің жыл санауымызға дейінгі I 
ғасырда) шығармалары зоотехния мен мал шаруашылығына арналды. 
Орта ғасырда мал дәрігерлігі өзінің жұмыс әрекетін тоқтатты. Тек 1598 жылы 
итальяндық сенатор Руини жылқы анатомиясы мен патологиясы жөнінде еңбек жазды. 
Мал дәрігерлік патофизиологияның негізін қалаушылар И. И. Равич (1822-1875) 
пен Е. С. Лондон (1868-1939) болды. 
И. И. Равич Петербургтың медико-хирургиялық академиясының мал дәрігерлігі 
бөлімшесінде жалпы патология курсын оқыды. Ол «Жалпы зоопатология» оқулығын 
жазды. 
Е. С. Лондон қазіргі патофизиологияның жаңа, әрі соны бағытын қалыптастырды. 
Ол алғаш рет полифистулдық тәсілді қолданды, ол өзі ашқан ангиостомия тәсілін 
пайдаланып, ашығу, эксперименттік диабет, тиреотоксикоз және гепатит кезінде 
жекеленген органдардағы зат алмасуды зерттеді. Лондон ас қорыту саласында өте көп 
жұмыс атқарды. Оның «Ас қорыту физиологиясы мен патологиясы» (1913) атты 
монографиясы әлемге әйгілі болды. Ол әлемдік радиобиологияның тұңғыш білгір 
мамандарының бірі. 
М. И. Шохор (1887-1941) көрнекті мал дәрігері патофизиологы болды. Ол мал 
дәрігерлігі жоғары оқу орындары үшін патологиялық физиология жөніндегі оқулықтың 
авторы. Ленинград мал дәрігерлігі институтында жұмыс істеген Е. С. Лондон мен М. И. 
Шохор кеңестік мал дәрігерлік патофизиологтарды басқарды. 
Қазан мал дәрігерлігі институтында патологиялық физиология кафедрасын М. П. 
Тушнов басқарды. Ол табиғи клетка уы туралы теорияны ұсынды. Тушнов әр түрлі 
органдар мен тканьдердің белок гидролизінің өнімі – лизаттарды емдік дәрі-дәрмек 
ретінде ұсынды.
Кейінгі жылдары мал дәрігерлік институттар мен факультеттерде Далматов, 
Коропов, Журавель, Крылова, Савойский, Полтырев, Малинин, Махонько, Файтельберг-
Бланк, Карасев, Севастьянов, Хаитов, Косых, Григорян, Иванов, Лютинский т.б.көрнекті 
патофизиологтары жұмыс жасады. 
Мал дәрігерлік жоғары оқу орындары мен факультеттеріндегі патологиялық 
физиология кафедраларында реактивтілік, этиология және патогенез, органдар мен 
жүйелердің патофизиологиясы, малдардың, жабайы аңдар мен кәсіптік жануарлардың 
нервтік және эндокриндік регуляциясының патофизиологиясы проблемалары зерттеледі. 
Осы зерттеулердің нәтижесінде жануарлар мен терісі бағалы аңдардың 
иммунологиялық және аллергиялық реактивтілігінің кейбір механизмдері айқындалады. 
Жануарлардың зат алмасу патологиясын айқындау жөнінде тиянақты зерттеулер 



жүргізілді, әсірісе сауын сиырлардың углеводты – липидті және белокті алмасуы 
проблемасы мұқият зерттелді. 
Көптеген зерттеулер малдың шошыну (стресса) жағдайындағы этиологиясына 
(себебі), патогенезі мен профилактикасына арналды. Мал шаруашылығы кешендерінде 
(комплекстерінде) жұмысты ұйымдастырғанда мұны білудің айрықша маңызы бар. 
Патологиялық физиологияны дамытуға Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік 
институтының кафедра қызметкерлері де біршама үлес қосты. 
Бұл институтта патологиялық физиология кафедрасы 1931 жылы құрылды. 
Кафедраның ұйымдастырушылары және алғашқы қызметкерлері профессор С. А. 
Аманжолов пен Н. А. Раевский болды.
1939 жылы кафедра меңгерушісі қызметіне осы институттың түлегі, мал дәрігерлігі 
ғылымының кандитадаты, доцент, кейіннен мал дәрігерлігі ғылымының докторы
профессор Петр Александрович Карасев (1908-1964) тағайындалды. 
Профессор П. А. Карасев ширек ғасыр кафедра меңгерушісі болып істеді. Ол 
қыруар зерттеулер жүргізді және академик А. А. Богомолецтің антиреткулярлық 
цитотоксикалық сывороткасы (қан сарысу) ілімін мал дәрігерлігі практикасына енгізді. 
Сонымен қоса, акдемик В. П. Филатов медотикасы бойынша әзірленген биостимуляторлар 
жан-жақты зерттелді. Кафедра өндіріспен тікелей байланысты және де ол әзірленген 
препарат (АЦС) мал шаруашылықтарында көп сұранысқа ие болды. Сондай-ақ малдың 
әртүрлі патологиясы кезінде микроэлементтердің ролін айқындау мақсатында тиянақты 
зерттеулер жүргізілді. Ғылыми зерттеулердің осы бағыты бойынша Е. Ф. Дымко мен С. И. 
Севастьянов (1916-1982) докторлық диссертация қорғады. 
1964 жылдан бастап кафедраны С. И. Севастьянов меңгерді. 1969 жылы институт 
ғылыми советінің шешімі бойынша, патологиялық физиология кафедрасы фармакология 
кафедрасымен бірікті. 1978-1983 жылдары кафедраға биология ғылымының докторы А. В. 
Прокудин (1930-1987) басшылық етті. 
1984 жылдан кафедра меңгерушілігіне Қазақстан Республикасы жоғары 
мектептерінің еңбек сіңірген қызметкері, биология ғылымының докторы, профессор 
Зайнолла Қамалиұлы Қожабеков сайланды. Әр жылдарда патофизиология кафедрасында 
М. М. Шахматов, Ю. М. Назаров, А. И. Исмағұлов, Г. Х. Хафизова, Г. А. Ишмухамедов, 
В. К. Исакова, Ә. М. Өтенов, А. К. Богуспаев т. б. аспирантурада оқыды. 
Университеттің 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарында 
тегі 
әр 
түрлі 
биогендік 
стимуляторлардың (АЦС және ткань кесіндісі) ықпалымен малдың ерекше емес 
резистенттілігін арттыру проблемасына айрықша көңіл бөліп келеді. Биогенді 
стимуляторларды қолдану мал организмінің жалпы резистенттілігін арттырады, төл 
шығынын 2-3 есе азайтады, бордақылаған кезде салмақ қосуын 8-12 % көбейтеді. 
Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында кейбір микорэлементтердің дені сау 
және пневмонияға шалдыққан қойлардың қанындағы биохимиялық көрсеткіштерге 
ықпалын зерттеу Е. Ф. Дымконың докторлық диссертациясында қамтылды. 
З. К. Қожабеков қойдың жасы мен тұқымына қарай ас қорыту, зат және энергия 
алмасу физиологиясы бойынша 40 жылдай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 
Академик З. К. Қожабековтың 100-ден астам ғылыми еңбегі баспасөзде жарияланды. Ол 
мал физиологиясы жөніндегі оқулық авторларының бірі (Москва, ВО «Агропромиздат»), 
1991. З. К. Қожабековтың ғылыми басшылығымен 5 кандидаттық диссертация қорғалды.
Биология ғылымдарының докторы, профессор А.М.Утянов (1942-2018жж.) 50 
жылға жуық шығармашылық өмірін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде жүргізілген 
ғылымға арнады. Өзінің шәкірттерімен АЦС, ГЦС-ті мал шаруашылығында қолдану 
жұмыстарын кеңінен зерттеді. А.М.Утяновтың 200-ге жуық ғылыми-әдістемелік 
жұмыстары жарық көрді. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымының дамуына 
қосқан үлесі», 2012 жылы «Айрықша еңбегі» үшін төс белгілерімен марапатталды.
А.М.Утяновтың ғылыми жетекшілігімен ветеринария ғылымдарының 2 
докторлық, 1 PhD, 8 ғылым кандидаттық, 4 магистрлік диссертациялары қорғалды.



1986 жылдан бері Қазақ ұлттық аграрлық университетінде еңбек етіп келе жатқан 
ветеринария ғылымының кандидаты, доцент А.Оспанкулов патологиялық физиологияның 
пән ретінде дамуына зор үлесін қосып жүр. А.Оспакуловтың 2 оқулығы, 64 ғылыми 
мақалалары жарық көрген.
Қазіргі кезде клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасында АЦС, ГЦС-ті 
мал шаруашылығында қолдану, жануардың әр түрлі патологиясы жағдайында зат пен 
энергия алмасуын, кейбір дәрі-дәрмектердің жануарларға әсерін зерттеу жұмыстары 
жалғастырылуда. 
Сонымен қазіргі кезде республика патофизиологтарының алдында айрықша 
маңызды міндет – молекулалық деңгейде жануардың әр түрлі ауруларының патогенезін 
зерттеу міндеті тұр.


10 
1 тарау 
Жалпы нозология 
1. АУРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ІЛІМ 
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде ауруды мүлде бөлек, организмнен тыс 
дүние ретінде қарастырды. Алғашқы адамдар ауруды нендей бір құпия күш билейді деп 
есептеді (алғашқы анимизм, anima – жан деген сөз). Бұл бағыт медицинада онтология 
(грекше ontos сөзі – тірі организм) деп аталады. 
Көне қытай және көне грек мәдениеті кезеңінде (осыдан бес мың жылдай бұрын) 
адам мен жануар денесі топырақтан, судан, ауадан және оттан тұрады және де осы төрт 
бөлік құрамының ара қатынасы бұзылуынан әр түрлі аурулар пайда болады деп сендірді. 
Көне грек мәдениеті дәуірінде медицина негізін қалаған Гиппократ (біздің жыл 
санауымызға дейінгі V ғасырда) организм төрт текті сұйықтан: қаннан, кілегейден, сары 
және қара өттен тұрады деп есептеді. Осы төрт сұйықтың дұрыс араласуы денсаулықты 
қамтамасыз етеді деп тұжырымдады және оны crasis (кразис) деп атады. Осы 
сұйықтардың дұрыс араласпауы немесе ластануынан болатын сыртқы әсерден ауру пайда 
болады деп есептеді (дискразия). Сөйтіп, Гиппократ патологияның гуморалдық бағытын 
негіздеді (humor – сұйық).
Аурудың гуморалдық теориясымен қоса басқа солидарлық теориясы да пайда 
болды (solidus – қатты), бұл – Демокрит (біздің жыл санауымызға дейінгі V ғасырда) 
ілімінің негізінде шықты. Демокриттің көзқарасы бойынша, барлық заттар, соның ішінде 
жануар мен адам денесі атомдардан тұрады да, солардың аралығы дене тығыздағын 
құрайды. Осы бағыт бойынша, атомдардың дұрыс орналаспауының, сөйтіп дене 
тығыздығын өзгертуінен ауру пайда болады. 
Ауру жөніндегі мұндай көзқарастар, әрине, тым жаңағыдай, дегенмен онда ауруды 
матералистік тұрғыдан түсіндіру элементтері бар, сондықтан оны бірнеше ғасыр бойы (15 
ғасыр) мойындап келді. 
Осындай іліммен қоса виталистік түсінік те болды, онда денсаулықтың және 
аурудың бастапқы негізгі «жан» тіршілік рухы деп есептелді. Ауру туралы идеалистік 
түсінікті дамытуда Платон мен Аристотель философиясының да мәні болды. Грек дәрігері 
Галеннің (біздің жыл санауымызға дейін ІІ ғасырда) ілімі идеалистік болды, ол да, 
Гиппократ секілді, аурудың негізгі себебі жан әсерінен өзгеретін сөлдің, негізінен алғанда 
қанның бұзылуынан деп есептеді.
Алайда бұл кезеңде (орта ғасырда) Шығыс медицинасының көрнекті өкілі, әйгілі 
тәжік ғалымы Абу-Әли-Ибн-Сина (980-1037) – (Авицинна) әр түрлі ауру туралы діни 
көзқарасқа қарама-қарсы материалистік түсінікті енгізуге әрекет етіп, өз байқаулары мен 
тәжірбиелеріне сүйене отырып, организмге сыртқы орта фактілері әсер ететіндігі жайлы 
қағиданы ұсынды. 
Қазіргі ғылымның дамуы феодализмнің ыдырап, капитализмнің пайда бола 
бастаған дәуіріне (Қайта өрлеу дәуірі, XV-XVI ғасырлар) жатады. Алайда ауру туралы 
түсінік әлі де дәл емес болатын. Әйгілі Парацельс (1493-1511) адам мен жануарлар денесі 
тұздан, күкірттен, сыныптан тұрады, денсаулық осы заттардың дұрыс ара қатынаста 
болуына байланысты деп үйретті. Ол тіршілік рухы (архей) туралы қағиданы ұсынып, осы 
рух қарында болады да, организмді зиянды агенттер әсерінен қорғайды деп топшылады. 
XVI және XVII ғасырларда көрнекті ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 
биология мен медицина бірқатар ғылыми және эксперименттік материалдарға ие болды. 
Жұртқа мәлім, Везалийдің (1514-1564) зерттеулері анатомия негізін қалады, ал Гервейдің 
қан айналысы жөніндегі жұмыстары физиологияны ғылыми тұрғыда дамытуға түрткі 
болды. Аталған зерттеулер, сондай-ақ Декарттың (1596-1650) рефлекторлық доғаны, ал 


11 
Мальпигидің (1628-1694) капиллярлық жүйені сипаттап жазуы патологияны дамытуға 
және ауру мәнін түсіндіруге едәуір ықпал етті. 
XVII ғасырда медицинада екі бағыт қалыптасты: иатрофизикалық және 
иатрохимиялық ( jatros – дәрігер). Иатрофизиктер ауруды физика көмегімен, статика және 
гидравлика заңдарымен түсіндірді (Борелли, 1608-1679). Олар ауру мәнін түсіндірудің 
механистикалық өкілдері болды, машиналар мен мүшелер арасындағы ұқсастықты 
елестетті. Мәселен, жүректі насоспен ал өкпені көрікпен т. б. салыстырды. Мұнда 
аурудың 
пайда 
болуын 
мүшелер 
қозғалысының 
шектелуінен 
деп 
түсіндірді. 
Иатрохимиктер аурудың пайда болуы ағзадағы сөлдің, бірінші кезекте ас қорыту сөлі мен 
қанның өзгеруі әсерінен деп есептеді (Гельмонт, 1578-1644). Иатрохимиктер де аурудың 
пайда болуын ерекше тіршілік күшінің (архея) өзгеруінен деп түсіндірмек болды. 
XVIII 
ғасырдан бастап өнеркәсіптің дамуына, 
химия мен физикадағы 
ілгерілеушілікке, жаратылысты танудағы, соның ішінде морфология мен физиологиядағы 
жетістерге байланысты идеалистік көзқарастың материалистік көзқараспен күресі 
барынша шиеленісе түсті. 
Патологиядағы жаңа көзқарас әуелі ауру барысына клиникалық бақылау жүргізу, 
сондай-ақ 
өлексеге 
(мәйітке) 
патолого-анатомиялық 
зерттеу 
жүргізіп, 
дене 
құрылысындағы өрескел ауытқуды анықтау арқылы дами түсті. 
Мүшелердегі өзгерістерді зерттеу және оны аурумен байланыстыру әрекеті 
біршама ілгері басқандық болды. Мәселен, 1761 жылы итальян хирургы, әрі анатомы 
Морганьидің (1682-1771) «Анатомдар анықтаған локализация және ауру себептері 
туралы» еңбегі шығып, онда қыруар материалдар негізінде әртүрлі аурулар кезінде 
мүшелердегі өзгерістер сипаттап жазылды, яғни аурудың алуан түрде байқалуы әр түрлі 
мүшелердің морфологиялық өзгерістерімен байланыстырылды. XVIII ғасырдың аяғында 
француз ғалымы Биша (1771-1802) «Тіршілік және өлім туралы физиологиялық 
зерттеулер» деп аталатын қызғылықты еңбегінде мүшелер қызметін олардың 
құрылымымен салыстырды. Бұл жұмыс медицинадағы органолокалистік бағытты бастап 
берді.
Алайда морфологияны клиникамен байланыстырмақ болған өз уағындағы бұл 
прогрессивті әрекетке виталистік көзқарас тосқауыл болды. Патологияның көрнекті өкілі 
Рокатинский (1804-1878) ауру кезінде мүшелерде болатын патологоанатомиялық 
өзгерістерді толық сипаттап жазды. Бірақ, оның пікірінше, аурудың себебі сөлдің дұрыс 
араласпауынан (дискразиядан) пайда болады. 
Сонымен, XVIII ғасырдың аяғында ауру мәні туралы сақталған ескі көзқараспен 
қоса, қыруар нақты материалдар жинақталып, онда жаратылыстанудың жалпы дамуымен 
қатар, физиология мен патология проблемаларын материалистік тұрғыда шешуге әрекет 
жасалды. 
XVIII ғасырдың екінші жартысында және XIX ғасырдың бірінші жартысында 
табиғаттың диалектикалық-материалистік даму көзқарасына, сондай-ақ медицина мен мал 
дәрігерлігінің дамуына үш ұлы жаңалық ықпал етті: 
1). жануар мен адам организмдері құрылысының клеткалық теориясы; 
2). энергияның сақталу және өзгеру заңы анықталды; 
3). органикалық әлемнің эволюциялық даму теориясы. 
Бұдан біраз кейінірек К. Маркс пен Ф. Энгельс танымның ғылыми теориясын – 
диалектикалық материализмді жасады. Демек, жаратылыстануда тірі ағзада өтетін 
процестерге материалистік тұрғыда түсінік беруге алғы шарт жасалды. Алайда 
медицинада бұрынғыша схоластика үстемдік етіп, аурудың материалдық емес себептері 
(миазмалар) ашық мойындалды, ал патологиялық құбылыстарды түсіндіру көп жағдайда 
ойша жору және телеологиялық сипатта болды. 
Медицинада органолокалистік – анатомдық бағыттың одан әрі дамуына неміс 
ғалымы Рудольф Вирховтың (1821-1902) жұмыстары ықпал етті. Ол целлюлярлық 
(клеткалық) патология (1858) деп аталатын жаңа теорияны жасау кезінде ағзаның 


12 
торшалық құрылысы туралы (латынша cellula – дәл мағынасында бөлме, мұнда торша) 
ілімінің сол кездегі жетістіктерін пайдаланды. Оның түсінгінше, негізгі және бірден-бір 
өмірді сақтаушы тек торша. Ол - ауруды торшаның тіршілік әрекетінің бұзылуы ретінде 
қарастырды. Мұндайда кез келген ауру тиісті торшаларды зақымдауы мүмкін. Ауру мәні, 
- деп жазды ол, - торша элементтеріндегі морфологиялық өзгерістер. 
Вирховтың целлюлярлық патология теориясы медицинаны дамытуға қолайлы роль 
атқарды. Ауру туралы бытыраңқы, әрі болжамды түсініктің орнына, ауруды торшалар мен 
мүшелер құрылысындағы белгілі бір өзгеріс ретінде қарастыруға талпыныс туды, онда 
клетканың азғындауы туралы ілім дамытылды, жаңа өскіндердің, ісіктердің т. б. 
аурулардың көптеген түрлері сипатталды. Демек, ағзаның торшалық құрылысы негізінде, 
Вирхов ауру кезінде материалдық өзгерістердің пайда болатындығын мойындады. 
Сондықтан Вирховтың целлюлярлық теориясы аурудың мәнін материалистік тұрғыдан 
түсіндіруге талпынған алғашқы ғылыми теория болды. 
Алайда тұтастай ағза Вирховтың ой-өрісінен шығып кетті. Адам организмін ол 
торша жиынтығы, торша үстемдігі ретінде қарастырды. Ол ағзаның тұтастық принципін 
елемеді. Барлық ауруды ол жергілікті процесс ретінде қарастырды. Ол ауру торша туралы, 
ауру ұлпа туралы жазды. Аурудың мәніде осы деп ұқты. 
Торша жөніндегі жаңалықты мойындай отырып, сол кездегі жаратылыстанудағы 
жетістіктерді тұжырымдағанымен, Вирхов XIX ғасырда биологиядағы ғаламат 
жетістіктерді мойындамады, әрі Ч. Дарвиннің эволюциялық тоериясына теріс көзқараста 
болды. Вирховтың түсінігінше, торша тек торшадан туындайды. Тірі заттың торшаға 
дейінгі даму сатысын мойындамады. Вирхов өз зерттеулерінде метафизикалық тәсілді 
қолданды.
Вирховтың ауру жөніндегі көзқарасы, оның целлюлярлық патология теориясы 
Батыс Европада кең қолдау тапты. Алайда Вирховтың теориясына шет елде де, Россияда 
да қарсы шығушылар болды. Сол кездегі жаратылыстанудың жалпы күйіне сипаттама 
бере отырып, Ф. Энгельс былай деп атап көрсетті: метафизикалық тәсілдің бұғауында 
қалған ғалымдар нағыз ғылыми қорытындылауға қабілетсіз. Ф. Энгельс нақты мысал 
ретінде Вирховтың целлюлярлық патология теориясын келтіреді. Онда ол тіршілік 
құбылысын механистикалық түсінік тұрғысында келтіріп, бұл теориясында ішкі мақсатты 
– тіршілік жасаушыны телеологиялық (дін туралы ілім) тұрғыда мойындайды. 
Вирховтың көптеген теориялық жақтарын Сеченов, Пашутин, Руднев, Аристов 
сынай отырып, ағза мен сыртқы ортаның тұтастығы және бірлігі идеясын дамыта түсті. 
Вирховтың философиялық түсінігінің жалғандығын кейіннен көптеген ғалымдар да 
әшкереледі. 
Медицинаның әуелгі даму барысында-ақ ауру мәнін түсінудің екі жолы – 
материалистік және идеалистік жолдары белгіленді. 
Ауру туралы ілімде осындай дағдарыстың байқалуы сол кездегі капиталистік 
елдердің медицинасында бірнеше бағыттың пайда болуынан еді. Бұлар біріңғай 
философиялық бағытқа – субъективтік идеализмге бірікті. Осы бағыттардың ішінен сын 
тұрғысынан талдауға жататындары – Риккердің «қатынас патологиясы», Бергманның 
«функционалдық патологиясы», Фрейдизм және психоталдау негізінде пайда болған 
психосоматикалық бағыт. 
Риккер бойынша ауру – сау ағзада болатын заттар санының артуы. Денсаулық пен 
ауру арасындағы сапалық айырмашылықты айыра білмегендіктен, Риккер физиология мен 
патологияны бір пәнге оп-оңай жатқыза салуды ұсынды. 
Неміс ғалымы Бергманның функционалдық патология теориясы, XIX ғасырдың 
аяқ шенінде отандық медицинада өріс ала бастаған патологиядағы функционалдық 
бағыттан мүлде өзгеше еді. Шынындағы, И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, С. П. 
Боткиннің нервизіміне мүлде қайшы келіп, Бергман тұтастай ағза қызметін реттеуде 
орталық жүйке жүйесіне шешуші маңыз бермей, патологиялық процестердің пайда 
болуында жүйке жүйесі функциясының бұзылуы мәнін дұрыс бағаламайды. Мұнда 


13 
гуморалдық факторға, нерв факторы секілді мән береді. Бергман аурудың пайда 
болуындағы психикалық фактор роліне көп көңіл бөлгенімен, шын мәнінде патологиядағы 
психикалық фактордың ролін түсіндірген кезде детерменизмге қарсы шықты. 
Медицинадағы психосоматикалық бағыт ең жаңа теория ретінде ұсынылады. 
Психосоматика капиталистік елдерде, әсіресе АҚШ-та кең тараған. Психосоматикалық 
медицина аурудың мәнін танып білудің негізгі тәсілі ретінде Фрейдтің (Зигмунд Фрейд 
(1856-1939) – австрия дәрігері, психиаторы – психоталдау негізін қалаушы) 
психоталдаудағы субъективті тәсілін ұсынады. Ол индивидтің (жеке ағзаның) 
психосексуалдық даму теориясын өрістетіп, мінез-құлықтың және ондағы патологияның 
қалыптасуына ерте балалық шақтағы күйзеліске басты роль берді. 
Фрейдизмнің философиялық негізі – субъективті идеализм. Идеалистік түсінік берудің 
негізіне, атап айтқанда психикалық ауруға құрылым және функция туралы, жаратылыс 
және ми туралы, физиология мен психика туралы дуалистік ұғым жатыр (Дуализм – 
қосарлы, философиялық ілім, ло теңбе-тең екі негізді – рух пен материяны, идеалды және 
материалды мойындаудан туады). 
XX ғасырдың басында Россияда патологиялық физиология (жалпы және 
эксперименттік патология) В. В. Пашутин, А. Б. Фохт мектептері еңбегінің, сондай-ақ В. 
В. Подвыцоский, И. И. Мечников т. б. зерттеулерінің нәтижесінде едәуір қалыптасты. Осы 
уақытта бұл ғалымның үш бағыты, атап айтқанда, функционалдық, морфологиялық және 
бактериологиялық бағыттары айқындалды. 
Сонымен, ауру өте күрделі процесс, сондықтан оған қысқаша анықтама беру өте 
қиын. Ауру – бұл әр алуан бейімделу реакциясы мен патологиялық процестердің 
жиынтығы емес, сапалық жаңа күй, ол торшалардағы, тіндердегі, мүшелер мен 
жүйелердегі әр түрлі сапалық өзгерістер. Ауру – ағзаның қоршаған ортамен ара 
салмағының бұзылуы нәтижесінде байқалады. 
Әрбір ауру – таралуына, мүшелер мен тіндердің зақымдалуына қарамастан 
тұтастай ағзаның зардап шегуі. Мүшелердің оқшауланған ауруы немесе жекелей ауруы 
дегендер болмайды.
Ауру мәнін ғылыми тұрғыда түсіндіру және оның ұғымын анықтау үшін аурудың 
сапалық ерекшеліктері туралы, оның қалыпты (дені сау) күйінен өзгешілігі мен ұқсастығы 
туралы дұрыс түсінік болуы тиіс. 
Ауру және денсаулық тіршілік процесінің екі негізгі формасы болып саналады. 
Денсаулық және ауру күйі әрбір адам мен жануардың тіршілігінде талай рет 
ауысып келуі мүмкін. 
Денсаулық дегенде түсінетініміз «торшалардың үйлесімді құрылымы және 
олардың байланысы, сондай-ақ олардың тұтастай ағза пайдасы үшін қызмет етуі» (Репров, 
1908). 
Денсаулық – бұл ағзаның қалыпты күйі, онда құрлым мен функция бір-біріне 
сәйкес келеді, ал реттеуші жүйенің ішкі ортаны тұрақты ұстап тұратын қабілеті болады 
(гомеостаз). 
Әдебиет материалдарын талдау арқылы О. С. Глозман денсаулыққа мынадай 
анықтама берді: «Денсаулық – бұл берік өмірлік процесс, ол филогенез процесінде ағза 
мен ортаның өзара әрекеттесу нәтижесі, немесе, қысқаша айтқанда, тіршілігі 
филогенетикалық қамтамасыз ету». 
Денсаулық пен ауру арасында ұқсастық да, өзгешілік те бар. 
Жануарлар ауруына анықтама бергенде басты көрсеткіштің бірі ретінде, олардың 
өнімділігінің бұзылуы қарастырылады. «Ауру – бұл ауру тудыратын агентке жауап 
ретінде ағзаның күрделі, көбінесе бейімделу реакциясы, ал мұның өзі ағза мен қоршаған 
ортаның өзара қатынасының бұзылуы арқылы пайда болып, нәтижесінде малдың 
өнімділігі мен эконимикалық құндылығының кемуі » (А.А. Журавель). 
Т. П. Протасеня ауруға неғұрлым қысқа, әрі айқын анықтама берді: «Ауру – 
жануардың сыртқы ортаға тұрақсыз, сапалық жаңа күйі ». 


14 
И. П. Павлов ауруды біртұтас екі жақты процесс ретінде түсіндірді: бір жағы – 
компенсаторлық (орнын толтыру) механизмдерді, орнын алмастыру функциясы мен 
қалпына келтіру процестерін қамтитын қорғаныш-физиологиялық процесс, және екінші 
жағы - «таза патологиялық», бұған жануар организмін бұзатын немесе функцияны 
бұрмалайтын деструктивті (бүліндіруші) процестер жатады. 
Павловтың пікірінше, аурудың пайда болуынан сыртқы ортадағы белгілі бір 
патогенді факторлар – микробтар, физикалық агенттер және басқалары ғана емес 
(шартсыз тітіргендіргіштер де), сондай-ақ шартты рефлекторлық жолмен ауру тудыра 
алатын индиффирентті тітіргендіргіштер де ықпал етуі мүмкін. 
Мал ауруының ерекшелігі – бұл өнімділігінің кемуі, жұмыс қабілетінің жойылуы, 
осыдан барып шаруашылық қызметіне және мемлекет экономикасына зиян келтіруі. 
Ауруды бүкіл ағзаның тіршілік әрекетінің бұзылуы ретінде қарастырған жөн. Ауру – 
латынша morbus, грекше nosos – төтенше тітіркендіргіштердің әсерінен ағзаның қалыпты 
қызметінің бұзылуы, соның салдарынан физиологиялық жүйенің функционалдық немесе 
органикалық зақымдануы, сонымен бір мезетте қорғаныш — бейімделу механизмдерінің 
күшін жұмылдыруы. Ауырған мал эконимикалық құндылығын кемітеді. 
Ауруға келтірілген осы анықтамалардың негізінде онымен күресудің мәні мен 
мазмұны айқындалады. Бұған жататындар: жан-жақты мал дәрігерлік-сақтық және емдік 
шаралар – сыртқы ортаны сауықтыру, жануарды тиімді азықтандыру мен күтіп-бағу, төлді 
дұрыстап өсіру, жануарлардың қорғаныш-физиологиялық функциясын жұмылдыру, 
жоғары бөлімдегі жүйке жүйелерінің жетекшілік ролін ескере отырып, ағзаның зиянды 
тітіркендіргіштерге төзімділігін арттыру. 
Ауру кезінде функционалдық және морфологиялық-патологиялық өзгерістер 
байқалады. 
« Ауру » ұғымына патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық 
күй жатады. 
П а т о л о г и я л ы қ р е а к ц и я дегеніміз ағзаның кез келген тітіргендіргішке 
лезде, әдеттен тыс жауап қайтаруы. Патологиялық реакция аурудың күрделі 
жиынтығында дербес жағдай болғанымен, бірақ ол ауру емес. Алайда, оның болуы сол 
ағзаның патологиялық өзгерістің бар екендігін көрсетеді. 
П а т о л о г и я л ы қ п р о ц е с с – құбылыстың күрделі комплексіне еніп, 
ауруды сипаттайтын функция мен құрылымдағы зардапты өзгерістер. Мысалы, 
артериялық қысымның жоғарлауы гипертониялық ауруға тән патологиялық процестің 
бірі. Алайда осы ауруда функция мүшелері мен ағза жүйесінде басқа да бұзылулар болуы 
мүмкін; туберкулездің бастапқы сатысында ірі қараның өкпесіндегі лимфа түйіндерінде 
қабынудың некротикалық өзгерістерді пайда болып, өрши түседі, яғни нағыз 
патологиялық процесс болады, бірақ ол жылу алмасуын және жалпы күйін бұзбайды; 
тауықтың үсік шалған айдары мен қалған айдарындағы қабыну өзгерістері нағыз 
патологиялық процестер болғанымен, мұның өзі ағза функциясының жалпылама 
бұзылуына, патологиялық күйіне әсер етпейді. 
П а т о л о г и я л ы қ к ү й – дегеніміз патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу 
дамиды, онша байқалмайды, әрі пайда болған өзгерістердің динамикасы өте әлсіз 
болуымен сипатталады. 
Мысалы, патологиялық процестің патологиялық күйге ауысуы өкпе туберкулезінің 
үдемелі қарқынды формасы фиброзды түрге айналғанда байқалады, немесе, эндокардит – 
жүректің ішкі қабығының қабынуы патологиялық күйге – жүрек клапандары ақауына 
айналуы мүмкін. Оның үстіне, «патологиялық процесс», «патологиялық күй» терминдері 
біршама шартты түрде ғана, сондықтан олардың арасына айқын шек қою мүмкін емес.
Кейде ауруды патологиялық күйден ажырата қою оңайға түспейді, өйткені 
патологиялық процестің немесе патологиялық күйдің болуы, оның қосымша әсердің 
ықпалынан ауруға ұшыратуы мүмкін бола тұрса да, тұтастай ағзаның ауру екендігін 
жорамалдай алмайды. 


15 
Патологиялық процестің тұтастай ағзаны ауруға шалдықтыруы, ауру ағзаның 
дамуы бұзылуынан болатын таза сандық, сондай-ақ сапалық жаңа түр болып саналады. 
Мәселен, бір фурункуланың (шиқанның) пайда болуы – бұл патологиялық процесс, ал 
фурункулез – дене температурасының көтерілуімен, ішек-қарын жолдары функциясының, 
жүйке жүйелерінің т. б. бұзылуымен сипатталатын жалпылай зілді сырқат. Сол себепті 
ауру – патологиялық процеске қарағанда анағұрлым ауқымды ұғым, ондайда тұтастай 
дертке шалдығу және белгілі бір көрініс байқалады. 
Барлық ауру этиологиялық факторларға байланысты инфекциялық, инвазиялық 
және инфекциялық емес болып бөлінеді. 
Әрбір ауруға белгілі бір даму циклі, біліну күші және өту ұзақтығы тән. Аурудың 
ұзақтығы ағзаның қасиетіне, жүйкелік – рефлекторлық аппараттың күйіне, оның реттелу 
жағдайына, ауру тудыратын агенттің сипатына және оның организмге ықпал ету 
ұзақтығына байланысты. Ұзақтығына және біліну күшіне қарай ауру 4 түрде өтеді: өте 
жіті – 4 күнге дейін; жіті – 5 – 14 күн; жітілеу - 15 – 40 күн; созылмалы – айлап, жылдап. 
Патологиялық процесс белгілі бір жүйемен, сатылы заңдылықпен (кезеңмен) өтеді. 
Ауру кезеңдерін білу онымен қолайлы күрес шараларын жүргізуді қолдануға, тиімді 
емдеуге мүмкіндік береді. 
Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге, немесе сатыға бөлінеді: 
1. жасырын, немесе латентті сатысы; 
2. продромальды (аурудың бастапқы кезеңі); 
3. аурудың айқын біліну кезеңі (аурудың толық даму сатысы); 
4. сауығу кезеңі (аурудың ақыры – аяқталу кезеңі). 
Алайда, осы сатылардың дамуында біріңғай біріктілік бола береді деп ойлауға 
болмайды. Мәселен, қорғаныш механизмінің әсері сауығу кезеңінде ғана емес, кез келген 
жағдайда болуы мүмкін. 
Ж а с ы р ы н к е з е ң і – инфекциялық ауру жағдайында инкубациялық деп 
аталады. Бұл - ауру себептерінің ағзаға әсер етуінен бастап, оның алғашқы клиникалық 
белгісі басталғанға дейінгі уақыт. Бұл кезеңде ағза зиянды әсерлерге белсенді қарсылық 
көрсетеді, ауру себептерін жоюға бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді. Әр түрлі 
ауруда жасырын (латентті) кезең түрліше болып, бірнеше минуттан немесе сағаттан 
(улану), жылқы тұмауы (инфлюэнца т. б.) бірнеше күнге (шошқаның сібір жарасы т. б. 
және айға (сәуле ауруы, құтыру т. б.) дейін созылады. 
А у р у д ы ң е к і н ш і к е з е ң і – бұл продромальды (prodrom – алғы шарт) – 
аурудың алғашқы белгісі білінгеннен толық айқындалғанға дейінгі уақыт. Осы кезең 
ішінде аурудың бірқатар жалпы белгілері байқалады: малдың дене температурасы 
көтеріледі, жүрек және тыныс алу жүйелерінің жұмысы жиілейді, жүйке жүйесі өзгереді, 
тәбеті төмендеп, өнімділігі кемиді, жануарлардың сыртқы ортаны бағдарлауы бұзылады т. 
б. 
Латенттік кезең секілді продромальды кезеңнің ұзақтығы ағзаның реактивтілігіне, 
оның ауру тудыратын тітіркендіргіштерге төзімділігіне, жануарларды азықтандыру мен 
күтіп-бағу жағдайына байланысты. Сонымен қоса қоздырғыштың вируленттілігі мен жұғу 
жағдайының да мәні бар. 
Кейбір инфекциялық ауруларды тек серологиялық және аллергиялық жолмен ғана 
анықтауға болады. Продромальдық кезеңде қорғаныш-физиологиялық бейімделуі де 
белсенді өтіп, тітіркендіргіштің патогенді әсерін жояды да, жазыла бастайды. 
Продромальды кезең бірнеше сағаттан (қысқа уақыттық; жіті улану, механикалық 
әсерлерден жарақаттану, күшті сәуле әсері т. б.) бірнеше күнге (ұзақ гипертониялық ауру, 
қатерлі ісік, созылмалы инфекция) дейін созылады. 
А р у д ы ң а й қ ы н б і л і н у к е з е ң і продромальдық кезеңнен кейін басталады. 
Бұл сатыда белгілі бір ауруға тән қосымша белгілері байқалады. Әр түрлі жүйенің 
функциясы бұзылуынан аурудың клиникалық белгісі айқын көрінеді. 


16 
Бұл клиникалық кезеңнің ұзақтығы патогенді тітіргендіргіштің ерекшелігіне және 
ағзаның күйіне, оның реактивтілігіне, қорғаныш-компенсаторлық механизмдердің 
қызметіне байланысты. Көптеген инфекциялық ауруларда (аусыл, оба, шошқа тілемесі т. 
б.) бұл кезең бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін, ал кейбіреуінде (туберкулез, бруцеллез 
т. б.) – айлып және жылдап созылады. 
Әрі қарай ауру толық дамығанда сауығып кетуі де, қолайсыз жағдайда өлуі де 
мүмкін. 
А у р у д ы ң а қ ы р ы не жазылумен (толық, толық емес) не өлумен аяқталады. 
Толық жазылу кезеңі ағзаның әлсіреуімен, содан кейін бұзылу (деструктивтік) 
өзгерістерімен тоқталады. Сонымен қоса қалпына келу процесі күшейіп, физиологиялық 
функциясы қалпына келеді. Аурудың жалпы және арнайы белгілері жойылады. Алайда 
толық жазылуды бастапқы күйіне келу деп түсінбеу қажет. Ауру әсерінен ағзаның 
реактивтілігі өзгереді. Бір жағдайда ол қайталап ауырмайтындай қабілетке ие болады 
(шешек, сақау т. б.), немесе, ауру сезгіштігі арта түседі (өкпенің крупозды қабынуы). 
Толық жазылмаған жағдайда ауру кезінде пайда болған морфологиялық және 
функционалдық бұзылу толық жойылмайды да, тек басқа мүшелердің күшті жұмыс істеуі 
арқылы қалпына келеді. Мұндайда ағзаның төзімділігі кеміп, ауруға тез шалдығатындығы 
байқалады. 
Толық жазылмаудың мысалы ретінде, қабыну өзгерістерінің нәтижесінде жүрек 
қақпақтарында тыртықтың пайда болуын; қабыну әсерінен бүйректерде дәнекер 
ұлпалардың ұлғаюын, соның әсерінен несеп бөлу функциясының бұзылуын; шошқа 
тілмемен ауырып жазылғаннан кейін эндокрадитке шалдығуын; артриттен немесе ондағы 
туберкулез процесінен кейін буынның жөнді қозғалмауын аңғаруға болады. Яғни, толық 
жазылмаған жағдайда ауру патологиялық күйге ауысады. 
Клиникалық жазылудан кейін ауру жаңадан пайда болуы мүмкін, мұны рецидив 
(аурудың қайталуы) деп атайды. Инфекциялық патологияда рецидивтер жануарлардың 
лептоспирозы, қайталама эндокрадит, тілме т. б. кезде болады. 
Кейбір нфекциялық ауруларда жазылумен бір мезетте жұқтырған инфекциясына 
сезімталдығы қалпына келеді, немесе оған деген иммунитеті өте әлсіз болады. Мұндай 
жағдайда, егер ағзаға ауру қоздырғышы түсетін болса, онда инфекция қайталап жұғуы 
(реинфекция) мүмкін. Көп жағдайда ауру қабынып, асқына түсуі мүмкін. Мал дәрігерінің 
міндеті мұндай құбылысты болдырмау, бұл үшін ол аурудың даму заңдылығын, яғни 
оның кезеңдері мен барысын жақсы білуі тиіс. Кейде, ремиссия – аурудың бәсеңдеуі 
немесе жойылуы басталады. 
Егер ағза өзгерген тіршілік жағдайына бейімделе алмаса, онда оның бейімделу 
мүмкіндігі таусылып, әрі тіршілік ете алмайды, соның нәтижесінде өлім басталады. Өлім – 
ағза тіршілігінің тоқтауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет