Патша революцияны қарумен тоқтату мүмкін еместігін көріп, қарсыластарына бірқатар реформалар ұсынды



бет3/3
Дата10.03.2022
өлшемі27,04 Kb.
#27492
1   2   3
Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы1918 жылы наурыз айының соңында Халел Жанша Досмұхамедұлымен бірге Мәскеуде РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен, ұлт мәселесі жөніндегі Халық Комиссары И.В.Сталинмен Қазақ автономиялы республикасын құру туралы келіссөз жүргізеді. Өкінішке орай, бұл келіссөз нәтижесіз аяқталады. Бұдан кейін Халел Досмұхамедов Түркістан және Қазақ Кеңес автономиялы республикаларында әр түрлі қоғамдық-саяси қызметтер атқарды. Санкт-Петербургтегі әскери медициналық академияның студенті Жалпы қазақ съезінің қаулысы: «Жалпы қазақ съезі 21-шілдеде Орынборда ашылып, 26-шілдеде жабылды. Съезге Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарының һәм Бөкейліктің өкілдері қатысты. Съезд төрағасы – Халел Досмұхамедов, төраға серіктері – А.Байтұрсынов, хатшылар: Ә.Көтібаров, М.Дулатов, А.Сейітов». Бұл съезде 14 мәселе қаралған, әрқайсысына байланысты бірнеше пункттен тұратын қаулылар қабылданды. Әйел мәселесі тұңғыш рет осы съезде көтерілді. Осыдан кейін, араға бес ай салып, желтоқсанда ұлттық мемлекет құруға байланысты ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы, милиция, ұлт Кеңесі, ұлт қазынасы, халық соты туралы негізгі мәселелерді күн тәртібіне қойған жалпы қазақ съезі шақырылды. Міне, осы съезде қазақ-қырғыз автономиясын Алаш деп атау

жөнінде қаулы қабылданған еді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет