Патша революцияны қарумен тоқтату мүмкін еместігін көріп, қарсыластарына бірқатар реформалар ұсынды



бет2/3
Дата10.03.2022
өлшемі27,04 Kb.
#27492
1   2   3
1927ж Ақпан төңкерілісі:1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурызРесей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөзбаспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды. Отарлық езгіден азат болдық деп қуанған қазақ халқының көңілін Әлихан Бөкейханов: «Бостандық күні туды», – деп білдірді. Жер-жерде жұрт үлкен серпіліспен өздерінің басқару органдарын құра бастады. Ахмет Байтұрсыновтың жазғанындай, қазақ халқы Ақпан революциясын қаншалықты түсінушілікпен шаттана қарсы алса, содан жеті-сегіз айдан кейін болған Қазан төңкерісіне соншалықты түсінбеушілікпен  қарады. Езілген халық үшін патшаның тақтан құлауы өте-мөте қуанышты жаңалық едіАл Уақытша үкімет болса әлеуметтік мәселелер тәрізді ұлттық мәселені шешуге асықпады. Үкімет ұлттардың өзін-өзі билеуі, тәуелсіз болуы сияқты жергілікті халықтың көкейіндегі мәселені “жалпы мемлекетті қолдау”, ”Ресейдің біртұтастығы мен бөлінбестігі”-деген ұрандарымен ғана шектеді. Буржуазиялық үкімет пен буржуазия формальды түрдегі буржуазиялық демократияны жақтады. Орта Азия, Қазақстан сияқты шет аймақтарда шектелген демократияны ендіріп, “Ресейдің бөлінбестігін” қамтамасыз ету мақсатындағы шеңберден аспауға тырысты. Осыған орай, Уақытша үкімет Қазақстан мен Орта Азия халықтарына тұрғындарының 98 проценті мұсылмандар болып табылатын Түркістан аймағындағы 10 млн. халықтың бостандық, теңдік, халықтар бауырластығы негізінде Ресей революциясы берген ұлттық-мәдени өзін-өзі билеуге барлық құқықтары бар, - деп сөз жүзінде айтқанымен оны іске асыруға құлық танытпады. Уақытша үкіметтің шектелген “демократиясы” жеке адамдардың заң алдындағы теңдігі мен бостандығын формальды түрде жария етті. Жекелеген сот инстанцияларында істі жергілікті тілде жүргізуге, балаларды ана тілінде оқытуға, тағы осы сияқты мәселелерге рұқсат берілді. Буржуазиялық үкімет- ”мәдени автономия” идеясын құлшына қолдады, себебі мұның өзі жергілікті халықтың мектеп салуға, ағарту ұғымдарына бірігуді, өз ана тілінде сөйлеуді буржуазия өз мүддесіне сәйкес деңгейлер мен түрлерде шектеуге болатындығын түсінді. Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 жылғы ұлт–азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиеленісуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал–губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от–жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12–сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16–сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жартысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патша әкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет