«Педагогика ғылымдары» сериясы


Шығармашылық үрдістердің кезеңдері



Pdf көрінісі
бет47/48
Дата03.03.2017
өлшемі3,34 Mb.
#7430
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Шығармашылық үрдістердің кезеңдері
 
Шығармашылық белгісіздік
 
Шешімнің жаңалық көруі
 
Шығармашылық акт
 
Шешімнің дұрыстығын 
дәлелдеу 
 

Oқушылapдың  нaзapын  шығapмaшылық  apнaғa  бұpу  үшiн,  үнемi  шығapмaшылық 
тaпcыpмa  –  мiн-деттеp,  жaттығу,  oйын  түpлеpiн  ұcынғaн  жөн.  Шығapмaшылық  жaттығу, 
oйын тaпcыpмaлapдың мaз-мұнын бaлaлapдың жac  еpекшелiгiне, қызығушылығынa үйлеcуi 
кеpек.  Мұғaлiмнiң ең үлкен мiндетi бaлa белгiлi бip көpкемдiк шешiм тaуып, өз туындыcын 
ұтымды  aяқтaп  шыққaнғa  дейiн  oны  нaзa-pынaн  тыc  қaлдыpмaй,  шығapмaшылық  бaғыт  – 
бaғдap беpiп oтыpу.  
 
1.  Әмipoвa  Ә.C. Бacтaуыш cынып  oқушылapының шығapмaшылық ic-әpекетiн  қaлыптacтыpу.  –  Aлмaты, 
2009. – 52 б. 
2. Жұмaнбaевa Қ. «Бaлaның лoгикaлық oйлaуын дaмытудың жoлдapы» Бacтaуыш мектеп №7 2001. 
3. Кәкiмoвa Ш.Л., Қaшығынoвa Ә.Қ. «Oқушы шығapмaшылығын дaмыту» Бacтaуыш мектеп №1,2 2000. 
4.  Ғaлымoв  Е.  Бейнелеу  өнеpi  caбaғындa  oқушы  шығapмaшылығының  көpкемдiк  бipлiгiн  тaбуды  үйpету 
әдicтеpi. / Әдicкеp мұғaлiм, №3, 2003, 19-б. 
5. Еcмaғaнбетoвa Ш. «Oқушылapды   тaнымдық ic-әpекетiн қaлыптacтыpу» - Aлмaты. Ғылым 2002. 
 
Аннотация 
Творчество – является ядром всех видов деятельности человека. Все достижения человека, происходящие в 
течении его жизни,  начиная с появления его речи являюся результатом творческой деятельности. Все что мы 
имеем на сегодняшний день в мире, есть плоды творческой деятельности личности и общества в целом. Каждое 
новое поколение делает свой вклад в совершенствование общества и мира, не останавливаясь лишь на исследо-
вании и использовании достигнутых результатов предыдущего поколения.  
В современных условиях внедрения социально-экономических новшеств, творческие способности личности  
являются ключевыми, а их отсутствие вовсе является большой проблемой над которой стоит задуматься. Для 
решения жизненных и профессионалтьных проблем личности требуется творческий склад ума, и  решить эти 
проблемы  способна  лишь  творческая  личность.  Творческие  способности  независимо  в  каком  виде  и  степени 
они существуют у человека, способны сформировать его мировозрение, помочь понять смысл жизни, и просто 
дают возможность ощутить себя счастливым человеком.  
Ключевые слова: Творчество, воспитание, поколение, воспитывать, наука, опыт, система, поколение, гра-
мотность. проблемы, мировоззрение. 
 
Abstract 
Creativity - is the core of all human activities. All the achievements of human occurring during its lifetime, from the 
appearance of his speech is the result of creative activity. All that we have today in the world, of the creative activity of 
the individual and society. Each new generation makes its contribution to the improvement of society, not onlу hultin  
by the study and use of the achieved results of the previous generation. 
In  modern  conditions  of  implementation  of  social  and  economic  innovations,  creativity  of  the  personality  is  the 
crusial  aspect,  even  it’s  absence  does  a  big  issue  over  which  it  is  worth  considering.  To  solve  the  problems  of  life,  
personality requires a creative mind, and only creative person is able to solve these problems. Creativity, no matter in 
what form and degree they exist in humans, are able to form his worldview, help to understand the meaning of life, and 
just allow him to feel happy. 
Key  words:  Creativity,  education,  generation,  up-brining,  science,  experience,  system,  generation,  literacy,
 
problems,
 
world view. 
 
 
 
УДК 371.307 қазақ т-де аннотация жоқ, кайдан? 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Л.Қ Рысбекова – аға оқытушы 
 
12  қараша  2014  жыл,  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстанның  «Нұрлы  жол»  атты 
жаңа  экономикалық  саясатын  жария  етті.  Елордада  өткен  «Нұр  Отан»  партиясы  саяси 
кеңесінің  кеңейтіл-ген  отырысында  Елбасымыз:  «...«Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  тым 
тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік 
Ел»  деп  өсиет  қалдырған.  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің  тамыры 
сияқты  көне  тарихтан  бастау  алатынын  көрсетеді.  Жалпыұлттық  идеяны  өміршең  ететін  – 
Елдің  бірлігі.  Ауызбіршілік  қашқан,  алауыздық  тасқан  жерде  ешқашан  да  жалпыұлттық 

идеялар  жүзеге  асқан  емес.  Қазақстанның  шыққан  шыңы  мен  бағындырған  биіктерінің  ең 
басты себебі – бірлік, берекесі»,- деп тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі 
табыстарға жеткенімізді зор парасат-пайымдылығымен халыққа жеткізді[1]. 
Қазір «гүлденіп» келе жатқан нашақорлық, дәрілік, бейберекетсіздік пен арсыздықтар т.б 
келеңсіз-діктерді  немен  түсіндіруге  болады?  Оны,  менің,  мектептегі  тәрбие  мәселесіне 
түбегелі,  жүйелі  түрде  шешілмей  отырғандығынан,  ең  бастысы  тәрбиенің  халықтық 
сипатынан айрылғанынан деп түсінуіміз керек. Осы тұрғыдан кінәні жастардан, не қоғамнан 
іздеуге болмайды. Кінәні дұрыс жолға қоймай келе жатқан педагогикадан, оқытуды, тәрбиені 
дұрыс ұйымдыстыра алмай отырған ұстаздардан көру керек. 
Өзінің «Педагогика» еңбегінде, оның «Ішкі сезім яки көңіл көріністері» бөлімінде Мағжан 
бала  психологияның  қалыптастыруда  ата-ана  тәрбиесінің  үлгілі  болуын  қатты  аңғартады. 
«Ата-ана  қатал  болса,  бала  да  қатал  болады,  ата-ана  жұмсақ  болса,  бала  да  жұмсақ».  « 
Баланың маңындағы адамдар да дұрыс мінезді болу керек» - деп тұжырымдады [2].  
Осы  тұрғыдан  келгенде  мектеп  -  өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  жүйесіндегі  шешуші  буын. 
Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жалпы білім бететін орта мектептер 
арқылы  өмірге  жолдама  алады.  Мектеп  еш  уақытта  отбасынан,  қоғамнан  бөлініп, 
автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, 
еңбек  ұжымдарымен  тығыз  байланысты.  Міне,  мектептің  үлкен  тәрбиелік  қызметі  осында. 
Мектеп  тәрбиеге  байланысты  қоғамдық  күштерді  ұйымдастыру  және  біріктіру  рөлін 
атқарады,  Ол  ішкі  тәрбие  процесін  атқарып  қана  қоймайды,  мөлтек  аудандарда, 
кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қам-тамасыз етеді. 
Осы  тұрғыдан  мектеп  —  балалармен  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырып,  жеке  адамның 
дамуында  және  қалыптасуында  әр  түрлі  факторлардың  ықпалын  үйлестіріп,  біріктіретін 
негізгі  орталық.  Мектепте  іс-әрекеттің  ең  бастысы  -  тәрбие  түрлерінің  (дүниетіным,  еңбек, 
мінез-құлық, 
әстетикалық 
дене 
тәрбиесі) 
мақсаттары 
мен 
міндеттері 
жүзеге 
асырылады. Мектеп  басшылығымен  жүргізілетін  тәрбие  жұмыстарының  формалары  көптеп 
саналады.  Олар:  ата-аналармен  жұмыс:  сынып  жетекшілерінің  және  мұғалімдердің 
отбасымен  жұмысы;  сыныптан  және  мектептен  тыс  тәрбие  жұмыстары.  Осы  жұмыстарға 
мектеп  басшылық  жасайды,  көмектеседі,  тиісті  адамдармен,  ұйым-дармен  бірігіп  іске 
асыруды  қамтамасыз  етеді.  Тәрбие  жүйесінде,  әсіресе,  жеке  адамның  жоғары  моральдық 
қасиеттерін  қалыптастыруда,  адамгершілік  сезімін,  эстетикалық  талғамын  дамытуда 
қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.  
Сонмен  қоса,  жалпы  отбасы  тәрбиесінде  халқымызда  белгілі  дәстүрлердің,  жағымды 
өнегелердің,  мұралардың  сақтаушысы.  Онда  бала  алғаш  рет  өмір  жолымен  танысады, 
моральдық  нормаларын  игереді.  Сондықтан  отбасылық  өмір  -  жеке  адамның  азамат  болып 
өсуінің  негізі.  Отбасы  ғасырлар  бойы  адам  баласы  тәрбиесінің  құралы  болып  келеді. 
Сондықтан  ол  адам  үшін  ең  жақын  әлеуметтік  орта. Отбасы  -  оқыту  мен  тәрбие 
жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты 
болуды  өте  жақсы  түсінеді.  Бала  тәрбиесінің  отбасында,  мектепте  нәтижелі  болуы 
ынтымаңтастыққа  негізделеді. Отбасы  тәрбиесі  -  бұл  қоғамдық  тәрбиенің  бір  бөлігі, 
мемлекет  алдындағы  ата-аналардың  борышы.  Үкімет  отбасына  үнемі  қамқорлық  жасауда. 
Қамқор-лықтың  түрлері:  балалар  мекемелері  жөнінде  халықтың  қажеттілігін  толық 
қанағаттандыру,  бала-лардың  еңбек,  спорттық  сауықтыру,  жас  өлкетанушылар 
станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын 
кеңейту;  ананы,  балалық  шақты  қорғауға  ерекше  көңіл  бөлу,  отбасы  мүшелерінің  демалуы 
үшін  санаториялардың,  демалыс  үйлерінің  жүйесін  кеңей-ту; Отбасындағы  басты 
мәселелердің  бірі  -  баланың  тіршілік  әрекетін  ұйымдастыру:  баланың  төртібі,  міндеттері, 
қойылатын талаптар,  оның  үй  еңбегіне  қатысуы,  оқу-әрекеті,  бос  уақытын,  ұйымдастыру. 
Бала  өмірін  және  іс-әрекетін  ұйымдастыруда  негізгі  жағдайлардың  бірі  -  ұтымды  ырғақ 
жасау.  Күн  тәртібі  -  өмір  тәртібі,  еңбек  пен демалыстың  парасаттылықпен,  кезектесіп  өтуі, 
талаптардыр  орындау,  жақсы  әдеттерді  қалыптастыру.  Балалардың  күн  тәртібі  жұмыс 
қабілетін  толық  сақтау  үшін  еңбек  пен  демалыстың  кезектесіп  өтуінің  қажет  екендігін 

көрінетін  И.П.Павловтың  іліміне  негізделеді[3]. Күн  төртібін  баланы  жинақылыққа, 
тілалғыштыққа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін 
жақсартады.  Дұрыс  ұйымдастырылған  күн  ырғағы  оқушыларды  белгілі  дағдыға  үйретеді, 
дағды  әдетке  айналады.  Әдет  келешекке  бала  қажетін  қанағаттандырады.   Күн  тәртібін 
жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекші-
лерінің  кеңесін,  отбасы  мен  мектеп  ырғағының  бірлігін  еске  алуы  тиіс.  Отбасында  күн 
тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, 
ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.  
М.Жұмабаев 
бала 
тәрбиесінде 
ұлттық 
психологияны 
қалыптыстыру, 
халық 
педагогикасының негі-зінде оқу – тәрбие жұмысын жүргізу қажеттілігін басты назарда ұстау 
керек  екендігін  айтады.  «Әр  тәрбиешінің    қолданатын  жолы  –  ұлт  тәрбиесі»,  -  деп  үлкен 
тұжырым жасады [4]. 
Ата-аналардың  педагогикалық  мәдениетін  көтерудің  жоғары  түрі  -  халық  университеті. 
Универ-ситет  арқылы  ата-ана  психологиялық-педагогикалық  білім  алып,  тәрбие  мен  оқыту 
теориясы және тәжірибе саласында білім жинақтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру 
үшін 
конференциялар, 
семинарлар, 
тәжірибелік 
сабақтар, 
кеңестер, 
саяхаттар 
пайдаланылады. Бүгінгі  таңда  нарықтық  экономикаға  өтумен  байланысты  бұл  салада 
ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп 
тауып,  педагогикалық  білімнің  маңызын  көтеру  қажет  болса,  мемлекет  оны  шешудің 
экономикалық кілтін табуы тиіс. Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі 
ата-аналарға  әрбір  сынып  арқылы  жүйеленіп  берілуі  тиіс.  «Адамның  адамшылығы  ақыл, 
ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы ұстаздан болады. Адам баласын бауырым деу жүректің 
ісі» деп ұлы ақын Абай өзінің еңбектерінде кеңінен тәріптеп өткен. Баланың жақсысы – әке 
мен  шешенің  ары,  ата-ананың  абыройы,  жаманы  –  қайғысы,  «азап-соры»  деген  жастарды 
тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керектігін кейбір 
ата-аналар түсіне бермейді. Оның үстіне бүгінгі кезде нарықтық экономиканың құрсауынан 
құтыла  алмай  кейбір  ата-аналар  отбасын  асыраудың  қыйыншылықтарына  келіп  тірелуде. 
Дегенмен  бала  тәрбиесіне  ешқандай  сылтаудың  қажеттігі  жоқ  екендігін  әрбір  ата-ана 
тереңінен  түсіне  білуі  керек. Қоғамның  болашағы  мен  беделіне  айқын  жол  ашар  ертеңгі 
өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді мең-зейтіні осында. Ең алдымен ата-
ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз. Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына 
бөлеп,  қуанышына,  бақытына  балайды,  бала  үшін  күш-жігерін  жұмсайды.  Әке  мен  ана 
баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбекетің үлгілі табысын 
көрсете  отырып  адалдыққа,  шыншылдыққа  тәрбиелейді.  Еңбекқор,  ілтипатты  ата-ананы, 
ұстазды бала жанындай жақсы көреді, сыйлайды. Олардың бойындағы адамгершілік қасиетті 
жоғары  баға-лайды. Сөз  жоқ,  бала  үшін  адамгершілік  талғамдар  мен  әдет-дағдылар,  яғни 
жеке  бастың  қалыпта-суының  барлық  әлеуметтік-психологиялық  негіздері  отбасында 
қалыптасады.  Демек,  отбасылық  тәрбиелеу  шарттарын,  мүмкіндіктерін  зерттемей  тәрбие 
үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе 
айтарымыз,  мектеп  пен  жанұя  арасында  тығыз  қарым-қатынасты  орнатып,  тәрбиеші  ұстаз 
бен тәрбиеші ата-ана арасындағы ынтымақтастықты қолға алып жұмыс жасау бүгінгі күннің 
ең елеулі мәселесінің бірі.   
Бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының 
барлық  әлеуметтік-психологиялық  негіздері  отбасында  қалыптасады.  Демек,  отбасылық 
тәрбиелеу  шартта-рын,  мүмкіндіктерін  зерттемей  тәрбие  үрдісінде  оң  нәтижелерге  жету 
мүмкін емес. Жоғарыда айтыл-ған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен жанұя 
арасында  тығыз  қарым-қатынасты  орна-тып,  тәрбиеші  ұстаз  бен  тәрбиеші  ата-ана 
арасындағы  ынтымақтастықты  қолға  алып  жұмыс  жасап,  оқушылардың  шығармашылық 
қабілетін арттыру бүгінгі күннің ең елеулі мәселесінің бірі.   
 
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына 
арналған Жолдауы. Егемен Қазақстан газеті. 12 қараша 2014 жыл. Астана. Елорда. 
2. М. Жұмабаев «Педагогика» Алматы «Ана тілі» 1992 ж. 

3. И.П. Павлов
 
«Педагогика» Книга для учащихся – М.-Л., 1949. с. 241. 
4. М. Жұмабаев Шығармалары  Алматы «Жазушы» 1989ж 
 
 
Аннотация 
В  данной  статье  описываются  пути  повышения  творческих  способностей  учеников.  Невозможно  достичь 
положительных  результатов  в  воспитательном  процессе  не  исследовав  условия  и  возможности  воспитания  в 
семье. Данные мнения показывают необходимость установить тесные отношения между школой и родителями. 
Установить сотрудничество между воспитателем учителем и воспитателем родителем, а также повысить твор-
ческие способности учеников  являются основной проблемой сегодняшнего дня.  
Ключевые слова: ученик, творчество, родители, школа, отношения, воспитатель, общество, семья, условия, 
проблема.  
Abstract 
This article describes the ways to enhance the creative abilities of pupils. It is impossible to achieve positive results 
in the educational process without investigating the conditions and possibilities of education in the family. These views 
show the necessity of establishing close relationships between the school and parents. To establish cooperation between 
the teacher educator and parent educator, and also to enhance the creativity of students are the main issue today. 
Keywords: pupil, creativity, parents, school, relationships, educator, society, family, conditions, problem. 
  
УДК 373.1 14.5.05 
 
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР НЕГІЗІНДЕ 
ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ 
 
К.М.Метербаева – п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Андатпа 
Бұл  мақалада  мектеп  оқушыларын  отансүйшіштікке  тәрбиелеу  қарастырылады.  Оқушыларды  отансүйгіш-
тікке  тәрбиелеу  туралы  теориялық  мазмұны  негізделеді.  Зерттеуші  ғалымдарымыздың  ғылыми  еңбектерін 
басшылыққа ала отырып, әскери дайындық сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағытта-
ры анықталады. Анықталған бағыттар мектептің оқу –тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы жүзеге асыру 
қарастырылады.  Сондай-ақ,  мектеп  оқушыларын  отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  негізгі  мақсатын  анықтайтын, 
жеке  тұлғаның,  әлеуметтік  топтың  отаншылдық  іс-әрекеттерін  саналы  түрде  меңгеріп  алудағы  талпынысын 
айқындайтын саяси-моральдық, кәсіптік, психологиялық, дене шынықтыру сияқты сапаларды қалыптастыруға 
байланысты  ұйымдастырылатын: Тезистер  бойынша  пікір ұйымдастыру.  Аяқталмаған әңгіме. Шығарма  жазу. 
Мерзімді  басылымдардың  материалдарын  оқушыларды  отаншылдыққа  тәрбиелеуде  пайдалану.  Күнделікті 
өмірде  болып  жатқан  оқушыларды  отаншылдыққа  тәрбиелеуде  маңызы  бар  оқиғалар  мен  мектеп  ішіндегі  әр 
түрлі жағдайлар, жеке оқушылардың өнегелі іс-әрекеттерінен мысалдарды талдап, талқылауға арналған тәрбие-
лік іс-шаралар ұйымдастыру. Қазақтың өнер туындыларымен таныстыру арқылы оқушыларды отаншылдыққа 
тәрбиелеу.  Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  қанатты  сөздері  төңірегінде  пікір-сайыстар  ұйымдастыру.  Отан-
шылдық тақырыпта жазылған әдеби шығармаларды,  драмалар мен киноларды талқылау және т.б.  іс-шаралар   
қарастырылады. 
Тірек  сөздер:  отаншыл,  отаншылдық,  отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  рухани-адамгершілік  тәрбие,  саяси-
моральдық тәрбие. 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  болашағы  – 
қоғамның идея-лық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық 
міндетіміз  –  қазақстандық  отансүйгіштікке  тәрбиелеу,  әрбір  азамат  өзін-өзі  айқын  билеуін 
қалыптастырады»  деп  нақты  көрсетті  [1].  Бүгінгі  күні  жеке  тұлғаны  қазақстандық 
патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу барысында Қазақстанның білім және ғылым 
қызметкерлерінің  ІІ  съезінде  де  «Қазақстан  азаматтарының  отаншылдық  сезімін  тәрбиелеу 
білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғары  оқу  орындарына  дейінгі  орталықтарда, 
барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады 
Жастарға  отаншылдық  тәрбие  берудің  бағдарлы  идеяларын  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
“Қазақстан  -  2030”  Қазақстан  халқына  Жолдауының  “Қазақстан  мұраты”  деп  аталатын 
бөлімінен:  “…біздің  бала-ларымыз  бен  немерелеріміз  …  бабаларының  игі  дәстүрін  сақтай 
отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар 
бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары 
болады”- деп үміт артып отырғанын аңғара-мыз[2]. 

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің міндеттері: … 
аза-маттық  пен  елжандылыққа,  өз  Отаны  -  Қазақстан  Республикасына  сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеу” десе, ал орта 
білімді  дамыту  тұжырымдамасында  “тәрбиелік  жұмыстарды  қазақстандық  патриотизм, 
азаматтық, ізгілікті интер-национализм негізінде құру”- керек екендігі көрсетілген[3]. 
Оқушыларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса 
жауапты да қадірменді парызы» – деп анық айтқан болатын. Соған орай, әр халықтың ұлттық-тарихи 
дәстүрі, оның адамзаттық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалы білімі осы оқу-тәрбие үрдісіне 
тікелей байланысты. 
Ұлттық  бірегейлікті  сақтаудың  басты  жолдарының  бірі  болып  жеткіншектерді 
отансүйгіштікке  тәрбиелеуде  халықтың мәдени мұрасын пайдалану болып табылады. 
Қазақ халқы – елін, жерін, оның табиғи байлығын, өнері мен тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпын  сақтап,  қорғап,  рухани-адамгершілік  тағылымдарын  ұрпағына  мұра  етіп  қалдырған.  Ата-
бабаларымыз ұлан байтақ елін, байлыққа толы жерін ғасырлар бойы қорғап, халқының бостандығы 
мен тәуелсіздігі үшін ел қамын ойлаған батырларын, халқының сөзін сөйлеп, ел қамын жеген білім-
паз шешендері мен билерін мақтан еткен. Шежіреге толы Отанымызды қорғау, шешен де өткір тілі-
мізді, дәстүрімізді сақтау, оны білу – азаматтық парыз. 
Бүгінгі  оқушы  –  ертеңгі  азамат.  Атына  заты  сай  болуы  үшін,  ең  бірінші  білімді  болуы 
шарт.  Қазіргі  заман  болашақта  білімді,  саналы,  жан-жақты  қалыптасқан  тәрбиелі  азамат 
өсіруді  талап  етеді.  Сондай  азаматқа  ең  қажеттісі  Отанына,  еліне,  жеріне,  ана  тіліне, 
атамекеніне  деген  сүйіспеншілік-терін  қалыптастыратын  отаншылдық  тәрбиенің,  халықтық 
салт-дәстүр арқылы берілуі. 
Салт-дәстүр  дегеніміз  –  халықтардың  кәсібіне,  сенім-нанымына,  тіршілігіне  байланысты  қалып-
тасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. 
Халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тәлім-тәрбиесі,  ұлт  қаһармандарының  өмірі  мен  ерлік 
істерінің  тарихы,  даналық  сөздері  –  отаншылдыққа  тәрбиелеуде  үлкен  орын  алады.  Батыр  бабала-
рымыз  қазақ  елінің  басын  қосып,  ұлттық  жауынгерлік-ерлік  мектебінің  негізін  салған.  Сондықтан 
бабалардың ерлігі – адамгершілікке, отаншылдыққа толы, асқақ рухы күні бүгінге дейін ел аузында, 
оны  халық  тәрбие  ісінде  үлгі  етеді.  Бұның  барлығы  мектеп  қабырғасындағы  бастапқы  әскери 
дайындық  сабақтарында  берілетін  білімдерге  көп  байланысты.  Себебі,  оқушыларға    отанына  деген 
сүйіспеншілік,  құрмет,  мен  қазақ  елінің  ұланымын  деген  мақтаныш  сезімдері  осы  мектеп  қабырға-
сынан қалыптасып, жоғары сыныптарда толықтырылады. 
Көрнекті кеңес педагогы В.А.Сухомлинский: “Отан туралы білім бере отырып, өз тәрбиеленуші-
лерінің  бойында  тек  оның  жетістігіне  мақтаныш  сезімін  ғана  емес,  ондағы  кемшіліктерге  жүрек 
сыздатарлық күйініш сезімі мен қамқорлық туғыза білетін мұғалім ғана нағыз тәрбиеші”, - дейді [4].  
Ұлы  педагогтың  бұл  пікірімен  біз  толық  қосыламыз,  өйткені  Отаным,  туған  елім,  ана  тілім  деп 
жалындап тұрған мұғалім ғана, өз оқушыларын ұлттық-салт дәстүр негізінде отаншылдыққа тәрбие-
лей алады.  
В.Г.Белинский  тәрбиешілер  мен  балалар  жазушыларына  үн  тастай  отырып,  оларды  балаларға 
“жалпы адамзаттық, әлемдік құбылыстарды мүмкіндігінше көбірек беруге, тек оларды өзіндік және 
ұлттық құбылыстар арқылы таныстырып отыруға” шақырады. 
Балалар кітаптарында халық өмірі, оның арман тілегі мен үміті, ұмтылысы, қайғы-қуанышы неғұр-
лым  кең,  терең  және  әсем  бейнеленген  сайын,  олар  өз  тәрбиелік  рөлін  соғұрлым  жақсы  атқарады. 
В.Г.Белинский  балаларды  баурап  алатын  поэтикалық  образдарын,  көптеген  жан  жылуы  мен  пат-
риоттық сезімдерге бай, балалар қиялы мен сезіміне жақын, соншалықты түсінікті мысалдарды, ерте-
гілерді, поэмалардан үзінділерді, өлеңдерді оқып беруді ұсынды. Сөйтіп, сабақ барысында оқушылар-
дың  сезіміне  неғұрлым  күштірек  әсер  етуге  тырысу  керектігін,  оларды  әсемдікті  сезіне  білуге  ерте 
жастан баулу қажеттігін атап өтеді. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, біз бастапқы әскери 
дайындық сабақтарында оқушыларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеудің бағыттарын белгіледік. Олар: 

 
мемлекеттік рәміздерді насихаттау ; 

 
рухани құндылықтарды оқыту; 

 
қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие

 
 рухани-адамгершілік тәрбие беру; 

 
халықтық педагогика; 

Мектептегі  өскелең  ұрпақтар  –  болашақ  Қазақстан  азаматы.  Олар  ескінің  көзіндей,  жаңаның 
өзіндей  болып  ХХІ  ғасыр  есігінен  еркін  еніп  жүре  алатын  дүниежүзілік  мәдениетті  танитын,  өзін 
сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт.  
Оқушыларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мақсатында  жастар  саясатын  ұйымдастырып, 
жоспар  бойынша  жүзеге  асыру,  әр  түрлі  деңгейлер  мен  мазмұндағы  тәрбиелік  іс-шаралар, 
мемлекеттік мере-келерді атап өту, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру мен жүргізу. 
Олардың  ішінде  жыл  сайын  өткізіліп  отыратын  ҚР  мемлекеттік  рәміздерінің  күнін  тойлау 
ерекше орын алады. 
Біз  осыған  орай  мектептегі  оқу-тәрбие  процесінде  көп  қолданыла  бермейтін,  бірақ  оқушыларды 
отаншылдыққа тәрбиелеудің бағыттарын ұстана отырып жүзеге асыратын, іс жүзінде қолданылатын  
іс-шараны ұсынамыз.   
1. Тезистер бойынша пікір ұйымдастыру. Оқушыларға ұлттық салт-дәстүр, отаншылдық, туған ел, 
ана  тілі  туралы  белгілі  адамдардың  қысқаша  пікірлері  жазбаша  түрде  таратылып  беріледі.  Пән 
мұғалімі осыған орай қарсы, не қуаттайтын өз ойын ортаға салады. Мысалы:  
“Батыр соғыста,  
Қорқақ - жанжалда”. 
“Ерлік елдің қасиеті, 
Жүректілік - жігіттің қасиеті”. 
“Жерге тер төгіп, 
Халыққа қан төгіп қызмет ет”.                  Б.Момышұлы 
“Ел іші өнер кеніші” 
“Өз елің - алтын бесігің” 
“Отан оттан да ыстық” 
“Туған жерге туың тік” 
“Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол” 
“Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер” 
Осыларға  қатысты  оқушылардың  айтқан  пікірлеріне  қарап  олардың  отаншылдық 
санасының  даму  деңгейін  анықтауға  болады.  Оқушылардың  берген  жауаптарын  сыныпта 
мұғалім талдап, кімнің пікірі дұрыс, кімдікі бұрыс, не себепті, оны қалай түсіну керек екенін 
оқушыларға жеткізеді. Сөйтіп, осы жолмен, бір жағынан, оқушының ой-пікір деңгейін танып 
білуге болады, екіншіден, олардың кейбір қате түсініктерін реттеп, санасына ықпал ету деп 
қарауға болады. 
2.  Аяқталмаған  әңгіме.  Оқушыларға  отаншылдық  маңыздағы  әңгіменің  бас  жағы 
жазылған парақ-тар таратылады, әңгіме қысқа болу керек және оқиғаның маңызды тұсында 
үзіледі.  Оқушылар  мұны  ары  қарай  жалғастырып  жазуы  тиіс.  Әңгіменің  аяқталу  сипатына 
қарай  отырып,  мыналарды  ұғынуға  болады:  оқушы  нені  қалайды;  әңгіме  кейіпкері  қалай 
бағаланады;  әңгіме  кейіпкерінің  іс-әрекеті  қалай  жалғастырылады,  оқушының  ой-өрісі, 
шығармашылығының  даму  бағытын  көруге  болады.    Бұл  әдісті  белгілі  бір  батырдың 
еңбегімен таныстырып, әңгімелерін өту кезінде қолдануға болады.  
3.  Шығарма  жазу.  Оқушыларға  ұсынылған  отаншылдық  маңыздағы  тақырып  өздерінің 
күнделікті өмір тәжірибесін пайдаланатындай болу керек. Олар тақырыпты ашу барысында 
әр  түрлі  құбылыс-тарға  болған  көзқарасын  білдіреді.  Мұндай  тақырыптар  сұрақ  түрінде 
болады.  Мысалы:  “Ерлік  деге-німіз  не?”,  “Туған  жеріңізді  сүйесіз  бе?”,  “Атамекен  дегенді 
қалай  түсінесіз?”,  “Өзіңізді  Отаныңның  шын  патриотымын  деп  ойлайсыз  ба?”,  “Нағыз 
патриот  деп  кімдерді  айта  аласыз?”,  “Ата-баба  дәстүрі  неге  қажет?”.  Шығарма  құпия 
(анонимді)  түрде,  яғни  шығарманы  кім  жазғаны  көрсетілмейді.  Бұл  жерде  мұғалім  үшін, 
алдымен,  жекелеген  оқушының  пікірі  емес,  жалпы  сынып  ұжымының  не  ойлай-тындығы 
маңызды. Өйткені, өз ой- пікірлерін ашу арқылы оқушылар, көзқарастарын білдіреді. Осын-
дай қысқаша шығармалардың нәтижесін пайдалана отырып, бұдан былайғы жерде өткізетін 
тәрбиелік жұмыстардың бағыттарын анықтайды. 
4. Мерзімді басылымдардың материалдарын оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде пайдалану. 
Мерзімді  басылымдарда  жарияланған  кей  мақалалар  оқушылардың  ой-пікіріне  ықпал  ететіндей 
көкейтесті  мәселелерді  қозғаса,  соны  сынып  ұжымында  оқу  және  талқылау,  мәселенің  анық-қаны-

ғына жетуге көмектеседі. Оқиғаның өмірлік мәнін, себеп-салдарын түсіну, оқушылардың патриоттық 
сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Жарияланған оқиғаға байланысты оқушылардың өз пікір-
лерін білдіру аса маңызды. Газет және журналдардың материалдарын бір оқушы оқиды, қалғандары 
тыңдайды.  Мұнда,  көпшілік  оқушылардың  ұзақ  уақыт  зейін  қойып  тыңдап  отыруы  мүмкін  емес. 
Олардың  санасын  жинақтап,  үнемі  оқылып  жатқан  мақала  төңірегінде  ұстап  тұру  үшін,  ішінара 
түсіндірмелеу, айтып беру, сұрақ-жауап тәсілдерін қолданған дұрыс. Бұл тәсіл оқушылардың зейінін 
мақаланың  аса  маңызды  тұстарына  аударады.  Кей  жағдайларда  талданып  жатқан  мақалалардан 
сілтемелер келтіру орынды. Мақала оқылып біткен соң оқушыларға осыған орай өз пікірлерін айтуға 
мүмкіндік  берумен  бірге  ұстаз  өзі  қорытындылай  келіп  оқушылардың  ой  жүргізуіне  бағыт  беруіне 
болады. 
5. Күнделікті өмірде болып жатқан оқушыларды отаншылдыққа тәрбиелеуде маңызы бар оқиғалар 
мен  мектеп  ішіндегі  әр  түрлі  жағдайлар,  жеке  оқушылардың  өнегелі  іс-әрекеттерінен  мысалдарды 
талдап,  талқылауға  арналған  тәрбиелік  іс-шаралар  ұйымдастыру.  Мұндай  іс-шаралардың  маңызды 
тұсы,  оларды  талдау  арқылы  оқушының  бір-біріне  деген  қарым-қатынасына  ықпал  ету,  себебі,  бұл 
оқиғалар оқушы өзі көріп жүрген дос-жолдастары не таныстарына тиесілі. Мұғалімнің міндеті - осы 
оқиғадан  оқушылардың  белгілі  бір  қорытынды  шығаруына  көмектесу.  Мұғалім  оқиғаны  әңгімелеу 
барысында оның аса маңызды тұстарын мысалдармен белгілеп өтеді. Бұл оқушылардың осы оқиғаны 
дұрыс  бағалауына  ондағы  жеке  тұлғаға,  халыққа,  Отанға  пайдалы  тұстарын  ұғынуға  мүмкіндік 
береді. 
6.  Қазақтың  өнер  туындыларымен  таныстыру  арқылы  оқушыларды  отаншылдыққа 
тәрбиелеу.  Мұнда  көркемсурет,  фотосурет,  бейнетаспалар  мен  үнтаспалар,  мүсіндер, 
ескерткіштер,  әдеби  шығармалар,  ауыз  әдебиеті  туындылары,  кино  және  театр 
қойылымдары,  музыка  туындылары,  т.б.  пайдаланудың  мүмкіндігі  мол.  Мысалы:  “Менің 
Қазақстаным”  атты  тәрбие  сағатын  ұйымдастыруда  оқушыларға  Қазақстанның  көркем 
жерлерінен  түсірілген  фотосуреттер,  суретшілер  шығармаларын  пайдаланып,  оларды 
еліміздің  қай  жерінен  түсірілгенін,  оны  кімдердің  салғанын,  түсіргенін  әңгімелеу;  немесе 
Қ.Жұмаділовтың “Дарабоз”,  І.Есенберлиннің “Көшпенділер”, т.б. шығармалары төңірегінде 
оқырман  конференцияларын  ұйымдастыру  немесе  Құрманғазының  “Қайран  шешем”, 
“Көңілашар”, Тәттімбеттің “Саржайлау”, т.б. күйін тыңдап, талдау оқушының отаншылдық 
сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. 
7.  Қазақтың  мақал-мәтелдері  мен  қанатты  сөздері  төңірегінде  пікір-сайыстар 
ұйымдастыру. Мұнда өмір даналығы қысқа да, нұсқа айтылады. Кей оқушылар даналық және 
қанатты  сөздерді  қойын  дәптеріне  жазып  жүреді.  Кейбір  қанатты  сөздердің  мән-мағынасы 
өте  терең  болғандықтан  ол  түсін-діруді  қажет  етеді,  ал  кей  қанатты  сөздер  оқушылар 
санасында  теріс  пікір  қалыптастыруы  мүмкін.  Сол  себепті  арнайы  тәрбиелік  сағаттарда 
олардың мән-мағынасын дұрыс түсінуге жағдай жасалады. Қазақтың “Батыр соғыста, қорқақ 
- жанжалда”, “Ерлік елдің қасиеті, Жүректілік - жігіттің қасиеті”, “Жерге тер төгіп, Халыққа 
қан төгіп қызмет ет”-деген Б.Момышұлының қанатты сөздері мен “Ел іші өнер кеніші”, “Өз 
елің  -  алтын  бесігің”,  “Отан  оттан  да  ыстық”,  “Туған  жерге  туың  тік”,  “Кісі  елінде  сұлтан 
болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол”,  “Жекен  жерінде  көгерер,  ер  елінде  көгерер”  т.б  халықтың 
салт-дәстүріне,  туған  жеріне,  ана  тіліне,  тарихына,  батырлық,  ерлік  мазмұндағы  мақал-
мәтелдердің алатын орны ерекше. 
Осындай  тәрбиелік  мазмұндағы  іс-шараларда  жекелеген  белгілі  адамдардың  сөздерінен 
үзінділер  келтіруге  болады.  Мысалы,  Әйтеке  бидің  “Бай  болсаң  -  халқыңа  пайдаң  тисін, 
батыр  болсаң  –  дұш-панға  найзаң  тисін.  Бай  болып  пайдаң  тимесе,  батыр  болып  найзаң 
тимесе - жұрттан ала бөтен үйің күйсін” деген даналық ойын алуға болады. 
8.  Мектеп оқушыларының шығармашылығы  негізінде отаншылдыққа тәрбиелеу. Мұндай 
тәрбие-лік іс-шаралардың мақсаты оқушылардың бойындағы қабілеттері мен мүмкіндіктерін 
пайдалануға,  басқаларға  көрсетуге  жол  аша  отырып,  отаншылдық  сана-сезімнің  оянуына 
қозғау  салу.  Сонымен  бірге  халықтың  салт-дәстүріне  сүйіспеншілік,  отаншылдық 
көзқарастарының қалыптасуына шарт түзу, мұнда белгілі бір тақырып төңірегінде оқушылар 
сурет салады, өлең шығарады, шығармалар жазады. Осыған орай конкурстар мен жарыстар 
ұйымдастыруға болады. Мәселен, өлең оқу, ән айту, шығармалардан үзінділерді жатқа оқу, 
күйлер орындау, т.б. 

“Ер  жігіт  -  ел  қорғаны”  тақырыбына  байланысты  сурет  конкурсы,  өлең  шығарма  жазу 
конкурс-тарын ұйымдастыруға болады. 
9.  Отаншылдық  тақырыпта  жазылған  әдеби  шығармаларды,  драмалар  мен  киноларды 
талқылау. Мұнда әдеби шығармаларды талқылаудан бұрын оқушыларға белгілі  бір кітапты 
оқып шығу тапсыр-масы беріледі, немесе олармен театр қойылымына бару шарт. Одан соң 
сол кітап бойынша алдын-ала талқылау сұрақтары түзіледі. Белгіленген іс-шара барысында 
оқушылар  осы  сұрақтар  төңірегінде  өз  пікірлерін  айтады.  Сабақтың    соңында  анкеталық 
сұрақтар немесе тест өткізу арқылы оқушылардың көзқарасын анықтауға болады. Осындай 
талқылауларды  белгілі  бір  кинофильм  төңірегінде  де  ұйым-дастыруға  болады.  Мұнда 
мұғалім,  алдымен,  кино  көру  барысында  оқиғаларға,  кейіпкерлердің  іс-әрекетіне  назар 
аудару керек екендігін ескерту қажет. Әйтпегенде оқушылар киноны көргенімен оның басты 
идеясын, түпкі мағынасын дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Мұндай талқылауларды белгілі бір 
драмалық  қойылымдардан  кейін  өткізудің  де  тәрбиелік  маңызы  зор.  Бұл  жерде  мәселенің 
мына-дай әдістемелік тұстарын ескертеміз: 
1.
 
Таңдап алған шығарма, кинофильм  не болмаса қойылым отансүйгіштік тақырыбында 
болуы; 
2.
 
Талқылауды еркін әңгіме түрінде өткізген дұрыс; 
3.
 
Оқушыларды жалықтырып алмау үшін уақытты тиімді пайдалану
Мектеп  оқушыларын  ұлттық  дәстүр  арқылы  отаншылдыққа  тәрбиелеу  іс-шараларын 
өткізуде,  сабақ  барысында  қолдануда,  олардың  психолгиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес  әдіс-
тәсілдер мен формаларын таңдап алу қажет.  
Сонымен  қатар  мектеп  оқушыларын  салт  дәстүр  негізінде  отаншылдыққа  тәрбиелеу  ісін  сабақ 
процесінде  жүзеге  асыруда  мынадай  сабақ  түрлері  қолданылады:  Аралас  сабақ,  түсіндіріп  оқыту 
сабағы,  жаңа  материалды  енгізу  сабағы,  бақылау  сабағы,  семинар  сабағы,  білімді,  дағдыны  шебер-
лікті  жетілдіру  сабағы.  Бұл  сабақ  түрлері  күнделікті  сабақ  мазмұнына  байланысты  мұғалімнің  өз 
қалауынша таңдалынып алынады.  
Қорытып  айтқанда,  жоғарыда  аталған  ұлттық  дәстүр  негізнде  оқушыларды 
отансүйгіштікке  тәр-биелеудің  бағыттары  мен  жолдарын  оқу-тәрбие  үрдісінде  орынды 
пайдалана  білсе,  онда  оқушылар-дың  бойында  отаншылдық  сана-сезім  қалыптасатыны 
сөзсіз.   
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет