Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет20/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемшіліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімітоптағы, балабақшадағы бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, топтан тыс шараларға қатысу, мекеменің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі басшы мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.
Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалыптастыру; тәрбиешілердің адамгершілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; педагогикалық мәдениеттің деңгейін көтеру; мекемеде кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.
Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында басшылар қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді.
Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, педагогикалық ұжым, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.

  1. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі талаптар.

  2. Мектепішілік бақылаудың құрылымы, түрлері, әдістері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет