Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы



бет27/31
Дата15.06.2022
өлшемі158,6 Kb.
#36865
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Демокрит ( б.э.д. 460-370 жж.) –философ, материалист, атомистік теорияның негізін салушы.
Демокриттің пікірі...
Жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді; Ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне мән берді, Материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселесін шешуде ерекше орында.
Сократ (б.з.д. 470 - б.з.д.399), — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.
Сократ философия тарихында үлкен бұрылыс жасаған адам.
Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Өйткені ол " дүние-адам ақырғы есепте жақсылыққа талпынады, ендеше жақсылықтың тегі не екенін білу нағыз білім болмақ " деп есептеді.
Платон (б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі.
Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Қоғамның теңдік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белгіленіп қойылған іспен айналысуы қажет.
Аристотель (б.з.д 384-322 ж.) – гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының негізін салушы белгілі философ, ғалым. Ликейдегі (білім беру мекемесі – лицей осыдан пайда болған) мектептің негізін қалаушы. А.Македонскийдің тәрбиешісі, Платонның шәкірті.
Тәрбиенің мақсаты – табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту;
Оқуды «өзіне емес, отанға тиісті», қоғам үшін пайдалы адам дайындаумен байланысты қоғамның өмір сүру формасы ретінде қарастырған;
Әрбір тәрбиеші өз қызметін әлеуметтендіруге, яғни қоғамға пайдалы адам тәрбиелеуге бағыттайды деген идеяны ұстанған;

  1. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.

Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет