Басқару жұмысында жеке тұлғаның өзін- өзі ұйымдастыра білуі және түрлі ұйымдардың белгілі бір мақсаттарын шешу - ерекше зерттеу объектісі болып есептелінеді. Әлеуметтік-экономикалық жағдайсыз қоғамның дамуы мүмкін емес, сол күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеу елімізде түрлі басқару міндеттерін шешуді қажет етеді. Қазіргі басқару туралы көптеген зерттеулер, соңғы кездері жарық көрген, әсіресе, шетелдік еңбектер қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді іс жүзінде басқару мүмкіндігі күрделі мәселелерді талдауға жағдай туғызды.
Басқарудың мазмұны
Мазмұнына қарай басқару әрекеті сан қырлы және адамның көп күш қуатын, уақытын алатындықтан басқару- адамның іс-әрекетінің түрі болып есептелінеді.
Ұйымда және өндіріс орындарында кадр таңдаумен орналастыру немесе кадрлық менеджмент үдерісі – практикалық психология міндеттерінің бірі. Оның шешімі басқарушылық жұмыс орындауға қабілетті немесе оған үміткер адамдарды ұзақ уақыт бойы құзіретті зерттеуді талап етеді. Өндіріс орындарында кадр таңдау мен орналастыру, эмоциялық бағалау мен импульсті пікірден бас сауғалауда да басшылықтың қалыптасқан стереортипі мен қондырмасынан еркін психологтың диагностикалық-психологиялық сараптамасының қорытынды нәтижесіне негізделген, психологиялық тұрғыдан тексеруге сәйкес іске асырылуы қажет.
Басқару психологиясы психологияның түрлі зерттеу әдістеріне, оның ең негізгілері: бақылау және экспериментке сүйенеді. Бақылау әдісі мәні және мазмұнына қарай шындықты бейнелейтін күрделі, объективті процесс
Тәжірибеде бақылау жүргізу процесінде қамтылатын мәнді элементтердің тізімі қалыптасқан, олар:
а) бақыланатын - ситуацияға қатысатын адамдар санын, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымын, ондағы қарым-қатныастың сипатын, ситуацияға қатысатын адамдардың рөлдерін анықтау;
ә) бақыланатын ситуацияның орны және оны қоршаған заттардың іс-әрекетке әсері;
б) топтың іс-әрекетінің мақсаты - белгілі бір формальды және формалды емес, шынайы мақсаттардың болуы, ситуацияға қатысушылардың мақсаттары бірдей ме, әлде қарама-қарсы ма? бақыланатын жағдай кездейсоқ па, әлде заңды ма?
в) әлеуметтік мінез-құлық: бақыланатын топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталатыны, ынталануы (стимулы), топтағы психологиялық жағдай, сол жағдайға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланатын топта кездесетін ауытқулар;
г) бақыланатын жағдайдың уақыты - тез немесе ұзақ өтуі, созылуы-ұзақтығы және бақыланатын ситуацияның қайталануы, оның ерекшелігі немесе әдеттегі түрі.
Бақылаушының орнына, бақылауды ұйымдастыруға және басқа да факторларға байланысты бақылаудың бірнеше түрлері болады. Олар:
1.Формальдану дәрежесіне қарай құрылымданған және құрылымданбаған бақылау.
2. Бақылаушының зерттелетін жағдайға қатысуына қарай бақылаушы кіріскен және кіріспеген бақылау.
3. Жүргізілетін орнына, ұйымдастыру жағдайына қарай далалық және зертханалық бақылау.
4. Жүргізілу жиілігіне қарай жүйелі және жүйесіз бақылау болып бөлінеді.