Педагогикалық практиканың бағдарламасы



бет2/6
Дата11.04.2023
өлшемі1,36 Mb.
#81576
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

«___» ________ 2007 ж




Түсіндірме

Соңғы курста өткізілетін педагогикалық практика, мұғалімді кәсіби – педагогикалық дайындаудың соңғы кезеңі болып табылады. Практика болашақтағы кәсіби мамандыққа байланысты өткізіледі.


Практиканың мақсаты: студентті пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің жұмысын меңгеруге дағдыландыру, оқушылармен оқу – тәрбие жұмыстарын өткізу.
Практиканың міндеттері:

  • пән мұғалімінің орнында болып, педагогикалық үдерісті сезіну;

  • Жаңа қалыптасып келе жатқан баланы жетілдіру үшін, оқушы мен оқытушының арасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру;

  • Пән мұғалімі және сынып жетекшісінің орнында болып, оқытушы, тәрбиелеуші, жетілдіруші жұмыстарын меңгеру;

  • Қазіргі заман талабына сай оқу – тәрбие жұмыстарының технологиясын меңгеру;

  • педагогика мен психологиядан алған білімдерін жетілдіріп, таңдалған проблеманы шешу үшін пайдалану;

Педагогикалық практиканың маңызы зор, өйткені, студент – практикант тәрбиеші мен ұстаз орнында болып, кездескен қиыншылықтардан шығу жолдарын тауып, нағыз ұстаздың жұмысымен танысады.




Практиканың өту орны мен мерзімі.
Педагогикалық практика 7 семестрде өтіп, 6 аптаға созылады.ъ


Практиканың мазмұны


  1. Үйрену:

  • Пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің оқу - әдістемелік құжаттарымен танысу (мемлекеттік стандарт, сабақ жоспарымен, сыныптан тыс іс – шаралармен, тәрбие сағаттарының жоспарымен және т.б.)

  • Бекітілген сыныптың тәрбиелік дәрежесінмен танысу;

  • Оқушылардың отбасындағы психология – педагогикалық әрекеттерін, жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерімен танысу;

  • Оқу – тәрбиелік әркеттеріндегі психологиялық аспектілерін бақылау (сабақтың психологиялық құрылымын, педагогикалық әдеп, бір – бірімен қарым – қатынасы, сабақтағы микроклимат);

  • Пән бойынша сабақ пен сабақтан тыс жұмыстар

  • Мектептің әдістемелік ұйымдастырылуы;

  • Оқушылардың пән бойынша білім дәрежелері;

  • Мектептің жаңа технологияларды енгізу жұмыстары;

  • Сыныптағы тәрбиелік жұмыстар (даму дәрежесін бақылау, бір – біріне қарым – қатынасы, баланың әлеуметтік белсенділігі, жоғары сынып оқушыларының мінездері және т.б.)

  • Мұғалімдердің ғылыми – зерттеу жұмыстары;






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет