Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша



бет9/20
Дата31.12.2021
өлшемі330,45 Kb.
#23194
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша

біліктілік санатын беру тәртібі
117. Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу сәтінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен «педагог-сарапшы» біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі.

118. «Педагог-модератор» біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 60 - 65 балл;

француз тілі: дельф (DELF) - C1;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.

119. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 6,5 балл; тойфл (TOEFL) – 66 - 78 балл;

француз тілі: дельф (DELF) - C1;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C1.

120. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуі рәсімінен өтпей беріледі:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7 балл; тойфл (TOEFL) - 79-95 балл;

француз тілі: дельф (DELF) - C2;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.

121. «Педагог-шебер» біліктілік санаты клил (CLIL) әдістемесі (болған жағдайда) және шет тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар шетел (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініші негізінде Біліктілік тестілеуінен өтпей беріледі:

ағылшын тілі: айелтс (IELTS) - 7,5 балл; тойфл (TOEFL) – 96 - 110 балл;

француз тілі: дельф (DELF) - C2;

неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) - C2.

122. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді.

123. Комиссия шешімі аттестаттау органының бұйрығымен ресімделеді.

124. Біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың негізінде білім беру ұйымы осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік беру (растау) туралы куәлік береді.

125. Біліктілік санатын беру туралы куәліктерді беруді білім беру ұйымдары Комиссиялардың шешімдері мен тиісті бұйрықтардың негізінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді тіркеу және беру журналында тіркеледі.
4-тарау. Білім беру ұйымдарының басшылары мен басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізу тәртібі
126. Білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткер болып отырған біліктілік санатын көрсете отырып, тиісті деңгейдегі комиссияға өтініш береді.

127. Білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар), әдіскерлер (әдістемелік кабинеттер (орталықтар)) басшыларының орынбасарларын аттестаттау осы Қағидалардың 15 -тармағында белгіленген кезеңдерді қамтиды.

128. «Басшы», «басшының орынбасары», «әдіскер» біліктілік санаттары лауазымға тағайындалған кезде автоматты түрде беріледі.

129. Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысатын білім беру ұйымдары (әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшыларының орынбасарлары, әдіскерлер атқарып отырған лауазымында болған үш жыл өткеннен кейін «үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.

130. Аттестаттау рәсіміне алғаш қатысушы білім беру ұйымының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары атқаратын лауазымында болған үш жыл өткеннен кейін «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санаттарын беруге өтініш береді.

131. Кезекті аттестаттау кезінде (әдістемелік кабинет (орталық) басшыларының орынбасарлары және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) басшылары кезекті деңгейдегі біліктілік санатын беру туралы не лауазымда болған әрбір келесі үш жыл өткеннен кейін қолданыстағы біліктілік санатын растауға өтініш береді.

132. Білім беру ұйымының басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау лауазымға тағайындалған сәттен бастап үш жыл өткен соң алты айдан кешіктірілмей жүргізіледі.

133. Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшыларын, басшыларының орынбасарларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін аттестаттаудан өткізуге дайындықты білім беру ұйымдарындағы жауапты орындаушылар, аттестаттаушы органның Персоналды басқару қызметі ұйымдастырады және мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификатты (білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін), жұмыс тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі кестені, осы Қағидаларға 23 және 24-қосымшаларда белгіленген өлшемшарттарды орындау бойынша растайтын құжаттарды қамтитын қажетті құжаттарды дайындау.

Көрсетілген құжаттар басшы орынбасарының, басшының қолымен және білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық) мөрімен расталады.

2) аттестаттауды өткізу кестелерін бекіту.

134. Тиісті деңгейдегі аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі жыл сайын 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) аттестатталатын басшылары мен басшылар орынбасарларының, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерінің алдағы қаржы жылына арналған тізімін айқындайды, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.

135. Аттестаттаушы органның басшысы органның персоналды басқару қызметінің ұсынуы бойынша жыл сайын бұйрық шығарады, онда аттестаттауды өткізу кестесі мен тиісті деңгейдегі Комиссияның құрамы бекітіледі.

136. Аттестаттаушы органның персоналды басқару қызметі аттестатталушыларды аттестаттауды өткізу мерзімдері туралы жыл сайын жазбаша хабардар етеді.

137. Білім беру ұйымдары мен әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары осы Қағидалардың 2-тарауының 1-параграфына сәйкес Біліктілік тестілеуінен өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет