Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі



бет5/20
Дата31.12.2021
өлшемі330,45 Kb.
#23194
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі
58. Біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) және біліктілік бағалауынан кейін одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:

педагогтер үшін – осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін – осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес.

59. Педагогтерді аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне;

немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

немесе egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі- портал) арқылы өтініш ұсынады.

Өтiнiш № 338 бұйрықпен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес санаттың өту мерзiмдерi мен кезектiлiгiн сақтай отырып берiледi.

60. «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері көрсетеді.

61. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – стандарт) келтірілген.

62. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

63. Көрсетілетін қызметті алушы стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Министрліктің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Білім басқармаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.

64. Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация арқылы толық ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайын құжаттардың берілген күнін көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі немесе портал арқылы жолданады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне дайын құжаттарды беру күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы хабарлама келіп түседі.

65. Қалыптастырылған өтініштер (құжаттар топтамасымен бірге) Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы Министрлікке, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне жіберіледі.

66. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметтер көрсету мерзіміне кірмейді.

67. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері арқылы құжаттарды қабылдау кезінде ұсынылған құжаттардың толықтығы және көрсетілген қызметті алушының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тексеріледі, қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту беріледі.

68. Кеңсе арқылы жүгінген жағдайда 63-тармақта көрсетілген іс-әрекеттер құжаттар келіп түскен күні және Министрлікте, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларында, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінде тіркелген күні жүзеге асырылады.

69. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері тарапынан Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізеді.

70. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжат, не оның өкілін көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

71. Министрлік, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

72. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - шағымды қарайтын орган) жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалады.

Көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскенде, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарға толық жауап беретін шешім немесе басқа әкімшілік шара қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет