Пән атауы: Ғылыми зерттеулер негіздері Орындаған: Нұрахметова Ильнура



бет8/10
Дата16.02.2023
өлшемі44,1 Kb.
#68318
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Аспантаным
Қазақ халқының философиялық мұрасы атты кітапта Әл-Фараби заманында астрономиялық идеялар кеңінен таралған болатын және астральдық идея ғылымының көптеген салаларын қамтығандығы ерекше баян етіледі. Әл-Фараби өзінің Жұлдыздар үкімінде не – дұрыс, не – бұрыс атты атақты еңбегінде аспан шырақтары туралы ғылымды қарастырады, ол бұл еңбегінде жердегі барлық істерді аспан денелерінің қандай да бір орналасқан орнынан шығаруға тырысатын астрологияны сынаған. Ғалым астрономиялық құбылыстарды математикалық әдістер арқылы зерттеуді ұсына отырып, ғылыми түсіндіру әдісін өтініп сұрайды [20. 28]. Әл-Фарабидің Птоломейдің Альмагесіне түсіндірме атты еңбегі сол кездегі астрономияның тақырыптық алаңы туралы неғұрлым толығырақ мәліметтерден тұрады. Ол еңбекте астрономиялық кестелерді құрастырудың принципиальды теориялық негіздері берілген. Түсіндірмелерде аспан шырақтарының координаттарын анықтаудың жаңа геометриялық-тригонометриялық әдістері қолданылды, планеталарды, әсіресе, Марстың кері қайтқандағы қозғалысының сипаты анықталды. Әл-Фарабидің зерттеулерінің осы жағына келетін болсақ, «оның осы теориялардың және Марстың қозғалысы туралы сипаттамасындағы бақылауларының соншалықты кенеттен айырылып кетуі дерегін атап кетпеу мүмкін емес», өйткені Марстың бойлығындағы және радиус-векторларындағы осы ең ақырғы ауытқулар Кеплердің атақты зерттеулерінің арқасында /әл-Фарабиден кейін 700 жыл өткен соң/ планеталардың шынайы эллипстік қозғалыс теориясы шыққан қайнар көздердің бірі болды. Әл-Фарабидің ашқан бұл жаңалығы Әлем туралы білімнің шарттылығы мен салыстырмалылығы туралы постулатына толық сәйкес келеді және оның табиғатты экспериментальды-математикалық зерттеу туралы әдіснамалық нұсқауының жемістілігін көрсетеді» Осы тарауда ойшыл тағы да математикалық тағылымдарын музыкамен ұштастырады /төменде музыка іліміне арналған тарау бар- А.Қ./. «Әл-Фараби бойынша, астрономия арифметика мен геометрия сияқты дәл (қажетті) заңдылықтарды зерттеумен шұғылдануы керек (аспан денелерінің орналасуы, олардың өлшемі, осы денелерге дейінгі артықшылық туралы білімдер). Көптеген жағдайларда болатын құбылыстар, мысалы, Күннің Жер бетіндегі заттарға жылулық әсері де астрономия пәнінің мәселелері категориясына жатады» «Математикалық астрономия, аспан денелері мен Жерді үш бағытта қарастырады, - дейді ойшыл. Біріншіден, олардың формалары мен орнын бір-бірімен салыстырып зерттейді: олардың әлемдегі тәртібі, мөлшері, бір-бірінен қашықтығы, Жердің өз орнынан да, өз орнында да қозғалмайтындығы туралы. Екіншіден, аспан денелерінің қозғалыстарын зерттейді. Олардың санын, сонымен қатар ол қозғалыстардың дөңгелек бойымен болатынын, аспан шырақтары мен планеталар үшін ортақ емес қозғалыстар жайын, әрбір шырақтың өзіне ғана тән қозғалыстарды және ол қозғалыстардың түрлері мен бағыттарын, қандай шыраққа қандай бағыт сәйкес келетіндігін зерттейді. Математикалық астрономия әрбір шырақтың әрбір шоқжұлдыздағы орнын кез келген қозғалысқа қатысты анықтайды. Осы сияқты барлық аспан денелеріне және олардың әрқайсысына қатысты барлық нәрселерді қарастырады... Мысалы, Күн тұтылуы және Жердің әлемдегі орнына байланысты басқа құбылыстар /Ай тұтылуы т.б./, олардың саны, қалай және қашан болатындығы, қанша мезгілге созылатындығы; мәселен, аспан шырақтарының шығуы және батуы т.б. Үшіншіден, математикалық астрономия Жердің мекенделген және мекенделмегендігі тұрғысынан зерттейді, бөлігінің шамасы анықталады, үлкен бөліктер климаттардың /территория/ саны көрсетіледі, сол климаттарға сәйкес мекенді пункттер тізімі келтіріледі, олардың орны мен реті сипатталады..., күн мен түннің ұзақтығы және олардың өзгеруі т.б. Осының барлығы астрономия ғылымына жатады» (91.63-64). Таяу және Орта Шығыс елдерінде астрономияның дамуы Птоломейдің «Алмагесімен» тығыз байланыста десек қателеспейміз. Птоломей еңбектерінің тұңғыш рет орыс тіліне аударылуы Фарабидің Птоломей Алмагесіне түсінігін жариялау арқасында болды. Бұл туынды ІХ ғасырда грек тілінен араб тіліне аударылады. Кейінірек бұл жұмысты әл-Баттани (850-929), әл-Фараби, Абу-Вафа (940-998), әл-Бируни, Насир ад-Дин ат-Туси (1202-1247) сияқты кемеңгерлердің талдауынан өтіп, түсіндірме жасалған. Птоломейдің «Алмагесі» астрономия ғылымына арналған 13 кітаптан тұрады. Алғашқы екі кітап аспан денелерінің тәуліктік қозғалысын, әсіресе күннің, айдың, басқа да планеталардың негізгі қозғалыстарына, үшінші кітап жыл ұзақтығы мен Күн теориясына, төртінші кітап ай ұзақтығы мен Ай қозғалысы теориясына, бесінші кітап Күн мен Айдың ара-қашықтығына, алтыншы кітап Ай мен Күннің тұтылуыны, жетінші және сегізінші кітап 1028 жұлдыздар айтылатын жұлдыздар каталогіне, ал соңғы бес кітап Меркурий, Венера, Марс, Сатурн, Юпитер планеталарына арналған. Әл-Фараби бірінші болып Гиппарх пен Птоломейдің методологиясын кең түрде дамытқан адам. Птоломейдің «Алмагесімен» /Шарх әл-Мажисти/ танысу әлем ғалымдарына көп септігін тигізді және бұл кітаптың жалғыз қолжазбасы Британ музейінде сақталған. Бұл еңбектің кіріспесінде ойшыл былай деген: «Біз енді астрономиялық ғылым туралы айтқан Птоломейдің барлық ойларын толық жеткізе аламыз. Жеткізе отырып, оның айтқандарын құп аламыз, керек жерлерін толықтырамыз». Ойшыл шамасы келгенше шығарманы түсінікті етіп жеткізуге тырысқан. Птоломей бұл еңбекті астрономиялық құбылыстарды байқай отырып жазған, математикалық заңдылықтарға сүйенген, белгілі геометриялық алғы шарттылықтарды пайдаланған, өзінің алдындағы арифметикалық әдістерге ғана қарап жызылған еңбектерге геометриялық модельдер енгізу арқылы кеңейткен. Әл-Фараби болса бұл бағытты одан әрі кеңейте түседі, оның еңбектерінің Птоломей жазғандарынан ерекшелігі планеталар қозғалысына байланысты айырмашылықтар, «аспан шырақтарында астрономиялық сияқты математикалық та ортақ нәрселер кездеседі» деген. Птоломейдің құрастырған кестелерінің құрылу әдісін түсіндірген. Егер Птоломей Жердің ешқандай айналысқа түспейтіндігін дәлелдесе, Әбу Наср Физикасында Жер өз орнында ешқандай қозғалысқа ұшырамайды деп ой айтқан. Әл-Бируни де бұл жерде Канон Масудасында Жердің өз кіндігін айналмайтыны туралы пікірлерін ұсынған. Бұдан шығатын қорытынды үш ойшыл да Птоломейдің геоорталық жүйесіне иек артқан. Олардың ойынша Жер қозғалмайтын әлем орталығы, тек басқа аспан шырақтары ғана оны айналып жүреді деген тұжырымға тоқталған. Бірақ Фараби аспан денелеріне байланысты ойларына күмәндана қарапты, өзінің әлемдік үйлесімдікті түсінуі музыканы түсінгені сияқты кемел еместігін айтыпты. Бұл шығармада сонымен бірге көкжиек доғасы, полюстер биіктігі, күн мен түннің теңесуі, күннің ұзаруы мен қысқаруы мәселелері кеңінен талқыланған. Ойшыл жағрафиялық климатқа байланысты елдердің орналасу тәртібіне де мән береді. Мысалы өзіне дейінгі ойшылдар айтып кеткен экватор маңайында тіршілік жоқ деген пікірлерін сынға ала отырып, Африкадағы тіршіліктің барлығын дәлелдеген, бұған әл-Бируни де қосылған. Жыл мезгілдеріне байланысты айтқандары да қызықты. Бұл Күннің орташа қозғалысы туралы ойлары. Күнге байланысты Птоломейдің дәлелдеулері ғана емес Гиппархтың, Халид әл-Мервурридің де айтқандары бізге мәлім. Ең ақиқаты әл-Фарабидің келтірген мысалдары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет