Пәні: Технология Тақырыбы: Киіз үй Тобы



бет4/7
Дата15.04.2023
өлшемі58,63 Kb.
#82891
1   2   3   4   5   6   7
2.3 Киіз үйдің киіздері

Керегені жабатын киізді туырлық деп, уық бөлігін жабатын киізді үзік деп, шаңырақты жабатын киізді түндік деп атайды. Киіз есік жайлы жоғарыда айтылған болатын.


Енді бауларға келсек. Туырлық бау, үзік бау, түндік бау, желбау деп аталады. Қазақтар киіздердің бір-бірімен айқасатын, қаптасатын жерлеріне де атау берген. Туырлық пен үзіктің өзара айқасатын жерін жабық деп атаған. «Жабықтан сығалау» деген тіркес осыдан шыққан.
Киіз үйді қанат санына байланысты кеңейтуге болатынын айттық. Біз алты қанатты, он қанатты және он екі қанатты үйлерді көріп өстік. Жалпы, хандар мен сұлтандар он сегіз, жиырма төрт, тіпті, отыз қанатқа дейінгі үйлер тіккен дейді. Кино түсіру барысында жапсарлай тіккен қос үйді көргенім бар. Яғни, кіре берісі алты қанат, басты ордасы сегіз қанатты салтанатты Ақ орда жайлы айтып отырмын.
Түрлі жағдайларға бейімдеп, уақытша паналауға немесе шаруашылық жұмыс ретінде тігілген үйлер болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады.
Киіз үй бір қарағанда дөңгелек, бір бөлмелі үй секілді көрінуі мүмкін. Бірақ, оның ішінің өзіндік тәртібі бар.
Киіз үйдің кіргендегі оң жағы (киіз үйде отырғанда сол жақ) – үй иесінің орны. Үй иесінің төсек-орны да осы жерде.
Босаға жақта ыдыс-аяқ, азық-түлік, ас-ауқаттар тұрады.
Киіз үйдің кіргенде сол жағы (үйдің ішінде отырғанда оң жағы) – бала-шағаның орыны.
Төр- бұл сыйлы қонаққа лайықталған құрметті орын. Қонақ жоқ кезде үйдің үлкенінің орны. Төрге көрпе-жастық, жүк жиналады.
Киіз үйді құру да (тігу), жығу да көп уақытты алмайды. Егер, сіз осы өмір салтына етіңіз үйреніп алған адам болсаңыз, бала-шағаңыздың көмегімен бас-аяғы бір сағатқа жетер-жетпес уақытта құрып аласыз. Қазақтар жиналған киіз үйді түйемен, атпен тасыған. Ертедегі жорық замандарында алып арбаларға құрылған жылжымалы ордалар да болған екен.
Дос-жаранымыздың, туған-туысымыздың тойларына барғанда айтатын «Керегелерің кең болсын», «Шаңырақтарың биік болсын», «шаңырағың шаттыққа толсын деп айтатын тілектеріміз сол заман мәдениетінен бері сіңіп қалса керек. Сөз басында қазақ халқы үшін шаңырақ қастерлі ұғым деген болатынбыз. Жаугершілік замандарда «Шаңырағаны ортасына түсіру» деген сынды ұғымдардың болғаны да жасырын емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет