Пәннің атауы: «Жоғары мектепте математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі»



бет31/31
Дата24.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#86220
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қорытынды бағалау критерийлері



95-100

Қойылған сұрақтарға толық, жан-жақты жауап беріледі, студент ұғымдарды жете меңгеріп, еркін жұмыс жасай алады. Білімі ғылым мен пәнаралық қатынастар, қолданбалы есептер жүйесінде көрсетіледі. Жауап ғылыми терминдермен тұжырымдалған, матемактикалық тілмен жазылған, дәлелденген, студенттің авторлық ұстанымын көрсетіледі.
Есептер шешілуінде шығармашылық белсенділігі көрінеді

90-94

Қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, ұғымдар туралы дұрыс білім жиынтығы көрсетілді, тақырыптың негізгі ұғымдарынң қасиеттері дәлелді. Студент жауап беру барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше түзетуі мүмкін.Қосымша сұрақтарға жауап бере алады. Еceпті жаңа таныс емес жағдайларда шығара алады.



85-89

Қойылған сұраққа толық жауап беріледі, тақырыпта қарастырылған ұғымның негізгі қасиеттері дәлелді түрде ашылады.
Жауапта студенттің оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктері бар. Есептер шешілуіндеалгоритмдік әдісі бар мысалдар қарастырылады.



80-84

Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдері математикалық тілде жазылған. Ауызша жауапқа қиналады. Оқытушының көмегімен студент түзеткен кемшіліктер немесе елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін. Еceпті оқытушының басқаруымен ғана шығара алады.



75-79

Қойылған сұраққа толық жауап берілді, маңызды және маңызды емес белгілерді, математикалық тұжырымдардың дәлелді байланыстары көрсетілген. "жетекші сұрақтар" көмегімен студент түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген. Еceпті таныс жағдайлар үшін ғана шығара алады.



70-74

Сұраққа жауап жеткіліксіз берілген, теормалар дәлелдеусіз келтірілген. Студент өз бетінше түзеуге қиын болатын негізгі ұғымдарды анықтауда 2-3 қате жіберілген. .Еceпті оқытушының басқаруымен ғана шығара алады.



65-69

Толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы ойдың логикалық бірізділігі сақталмаған. Тұжырымдарды ашуда және терминдерді қолдануда қателіктер жіберілген. Студент ауызша жауап бере, ойын тұжырымдай алмайды. Мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді. Сөйлеу тілі түзетуді талап етеді.

60-64

Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөйлеуі сауатсыз. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді.

55-59

Қойылған сұрақтарға толық жауап берілмеді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Терминдердің, ұғымдардың анықтамаларында, олардың қасиеттерінің сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Математикалық сауатсыздық, сөйлем құрастыру төмен. Қосымша сұрақтарға жауап бергенде студент білім арасындағы байланысты тек оқытушы берген соң ғана түсіне бастайды. Еceпті оқытушының басқаруымен ғана шығара алады.



50-54

Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және математикалық тұжырымдардың дәлелдемелері жоқ. Сөз сауатсыз. Сұрақ тақырыбы бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Оқытушының қосымша және нақтылайтын сұрақтары студенттің қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптарын түзетуге әкелмейді. Еceпті оқытушының басқаруымен ғана шығара алады.



0-49

Пәннің негізгі сұрақтары бойынша жауаптар алынбаған, есептер жеке шешілмеген.Еceпті шығару тәсілін оқытушының басқаруымен білгенмен оны орындау барысында қателіктер жібереді.




Балл жүйесінде қойылған қорытынды баға (ҚБ)

Баллдың сандық баламасы (С)

Баллдың әріптік баламасы (Ә)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау (Д)

95-100

4,0

А

Өте жақсы

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

65-69

2,0

С

Қанағаттанарлық

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

25-49

0,5



Қанағаттанарлықсыз

0-24

0

F


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет