Пәннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Жүйелік талдау элементтерін қарастыру



бет51/159
Дата06.01.2022
өлшемі255,57 Kb.
#11341
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159
4.2. Жүйелік талдау элементтерін қарастыру

-жүйе ұғымы;

-жүйелік талдаудың мәні;

-жүйе құрылымы; құрылымды көрсету үшін графтарды пайдалану;

-оқушылардың жүйелі ойлауын дамыту.

Екінші толықтырылған қосымша деңгей – модельдеу сызығының мазмұнын құрайтын – жүйе құрылым, граф, ағаш желілер ұғымдарымен байланысты. Аталған ұғымдар, «жүйелер теориясы» (орысш. – систематология) деп аталатын ғылыми аймағына жатады. Бұл ұғымдарды жекелеп оқыту базалық курстың білім стандартында ескерілмеген, соның салдарынан бірде-бір оқулықта жеке баяндалған материал жоқ.

Ғылыми пәндерде болсын, күнделікті өмірде болсын «жүйе» ұғымы жиі қолданылады. Оған мысалдар жеткілікті. Мысалы, күн жүйесі, педагогикалық жүйе, химиялық элементтер жүйесі, өсімдіктер және жануарлар жүйесі, білім жүйесі, файлдық жүйе, операциялық жүйе және көптеген т.б. Көптеген жағдайларда жүйе ұғымы интуитивті түсінікті сияқты. Әйтсе де, информатика үшін ол іргелі ұғымдардың бірі болғандықтан, түсіндіруді талап етеді.

Көптеген өзара іліктескен бөліктерден құралған және біртұтас кез келген объектіні жүйе деуге болады.

Информатикада «жүйе» ұғымы айтарлықтай жиі қолданылады.

- Деректер жүйесі – компьютерде өңдеуге арналған, өзара іліктескен деректер жиынтығы.

- Бағдарламалық жүйелер – қызметі анықталған өзара іліктескен бағдарламалар (ОЖ, бағдарламалау жүйелері, қолданбалы бағдарламалар пакеті және т.б.) жиынтығы.

- Ақпараттық жүйелер – компьютерлік технологиялардың ең маңызды қосымшаларының бірі.

Ақпараттық модельдеудің негізгі әдістемелік принципі – жүйелеу, сондықтан кез келген модельдеу объектісі жүйе ретінде қарастырылады. Модельдеу үшін, элементтердің қасиеттері мен байланыстарының барлық жиынтығынан тек маңыздылары ғана ерекшеленеді. Міне жүйелік талдаудың мәні осында. Зерттеуші жүргізетін жүйелік талдаудың мақсаты – келешекте ақпараттық модельде көрсету үшін, зерттелетін объект туралы өзінің түсініктерін реттеу.

Құрылым – жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар жиынтығы.

Жүйелердің құрылымын ұсынудың ең ыңғайлы және көрнекі тәсілі – графтар. Граф қырлармен немесе доғалармен байланыстырылған төбелерден тұрады. Ақпараттық жүйенің құрамы және құрылымы туралы граф түрінде көрсеткенде жүйенің компоненттері төбелері, ал олардың арасындағы байланыс сызықтармен (доғалармен немесе қырлармен) бейнелінеді. Графтар адамдардың көптеген практикалық және ғылыми қызмет аймақтарында қолданылады.

Графтардың маңызды түрі – ағаш. Ағаш – жүйенің иерархиялық құрылымын графикалық түрде ұсыну.

Ағаш – объектілер арасындағы қабаттылық, бағыныштылық, мұрагерлік сияқты байланыстарды бейнелеуге арналған граф.

Әдетте, оқушыларға граф түрінде ұсынылған схемеларды түсіну қиынға соқпайды. Мысалы, дискідегі иерархиялық файлдық құрылымның графикалық бейнесі немесе шежіренің – ағаш түріндегі схемалары оларға таныс.

Формализациялау және модельдеу мазмұндық сызығы, оқушылардың жүйелі ойлауын дамытуға бағытталған, маңызды педагогикалық міндетті орындайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет