Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Педагогика»


Оқушының өмірлік өзін өзі анықтауы. Тұлғаны әлеуметтік белсенділігі



бет59/74
Дата24.05.2023
өлшемі215,38 Kb.
#96685
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»

Оқушының өмірлік өзін өзі анықтауы. Тұлғаны әлеуметтік белсенділігі.
«Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді. Әлеумет адамды қалыптастыратын орта; адамның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты ортасы; кеңістік – заттық, мәдени, рухани - өз белсенділігін жүзеге асырады. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Әлеуметтік тәрбие – әлеуметтендірудің негізі.Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, яғни адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеуметтік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарастыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан; әлеуметтік институттар және оның субьектісі ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі қарастырылады:

  1. Әлеуметтік тәрбиенің мағынасы – баланы жасанды ортаға емес, шынайы өмірге, ең алдымен, бірінші орында оның әлеуметтік күш-қуатын және жан дүниелік әлеуетін қоғамдық өмірге дайындау. Мемлекет (қоғам) тұрғысынан әлеуметтік тәрбие азамат қалыптастыруға бағытталады.

  2. Әр кезеңдерде философиялық және педагогикалық ағымдар, жеке педагогтар мен философтар әлеуметтік тәрбие идеясын алға мақсат етіп қойған. Ол еңбектер әлеуметтік педагогика теориясының негізіне алынып, тек ХIХ ғасырдың соңында ғана қоғам оны қабылдады. ХХ ғасырдың басында ол идеялар Ресейде әлеуметтік тәрбие түрінде дами бастады.

  3. Әлеуметтік тәрбиенің мәні мен мазмұнын түсінудің екі жолын қарастыруға болады.

Осындай бағытта әлеуметтік тәрбие - әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыруды, қоғамдық тәрбиені өмірлік қажеттілік деп таныды (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский және т.б.). Әлеуметтік тәрбиенің негізгі міндеті - әлеуметтік белсенділікті дамыту, әлеуметтік әрекетті түсіну, ынтымақтастық рухын сезіну, қоғамдық мүддені жеке басынан, өзімшілдіктен жоғары қою.
Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды. А.В.Мудрик факторлпрды 4 бөліп қарастырады:
- мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты;
- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;
- мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;
- микрофакторлар - отбасы, үй-іші, құрбы-құрдастар, топтар, тәрбиелеу мекемелері; түрлі қоғамдық, мемлекеттік, діни және жеке мекемелер, микросоциум.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет