Орындаған: Қабылдаған: проект тақырыбы: «Интернет психологиясы»



бет1/8
Дата06.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#55411
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Интернет психологиясы



Орындаған:

Қабылдаған:
ПРОЕКТ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Интернет психологиясы»
«Жаратылыстану ғылымдары және пелогогикасы» жоғарғы мектебі
Патрисия Уоллейстің «Интернет психологиясы» киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Әдетте, адам өзіндік менің сырт көзге жақсы әсер қалыптастыру арқылы көрсетеді. Бірақ бұл оның шынайы бейнесі ме? Онлайнда ашық-жарқын адам оффлайнда да сол қалпын сақтай ма? Осындай қызықты мәселелерді белгілі әлеуметтік психологтардың дәстүрлі зерттеулерімен салыстыра таразылайды. Онлайнда өзгенің басындағы жағдайды, жан-дүниесіндегі арпалыстарды, жалғыздықты, көпшіл-бауырмал болуды түсіну мәселесіне де автор терең көз жүгіртеді. Онлайн-орта қалыптастыратын топтарға конформдылық, топ пікірін қабылдауға бейімділік те адам жаратылысының бір қыры екені жан-жақты мысалдармен дәлелденген.
1
ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ
Twitter-дің тренд тақырыптарын қарап отырып, #менұйқыданайырылдымөйткені деп аталатын жазбаға тап болдым. Осындай «бос жерді толтыр» делінетін интернет-мемдер адамнан-адамға көшіп, бүкіл әлемдегі Twitter қолданушыларын қызықты және тартымды сөздер қосуға итермелейді. Жауаптың бірі мынадай болды: «Әлі күнге «Касабланканы» көрмеген адамдар бар екен». Басқа бір адам: «Телефонды қалай лақтырып тастауға болатынын білмеймін»,– депті. Осы жауап көпшілігіміздің ойымызбен астасады. Смартфон Twitter қолданушысын ғаламторға тәулігіне 24 сағат бойы байлап қояды, ол ешқашан ұйықтамайды.
Интернет тез қанат жайды, онлайн-орта да өте жылдам қарқынмен өзгеріп келеді. Сіз жаңалықтарды, негізінен, онлайн оқитын болсаңыз, ара-арасында астына жазылған пікірлерді оқып жүрсеңіз, жалпы интернет психикалық ауытқуы бар, тосын идеялар мен күмәнді уәжі көп адамдарға толы деп ойлауыңыз мүмкін. Ал ақыл-есі дұрыс адамдар бұл кеңістікте өте мұқият әрекет ететіндей көрінеді. Дегенмен адамдардың іс-әрекетін қарастырған онжылдық зерттеуде көз жеткізгеніміздей, қоршаған ортадағы аз ғана өзгерістер осы «қалыпты» адамдардың өзін басқаша ұстауына әкелуі мүмкін. Кейде тіпті нәтиже еріксіз таңғалдырады. Өзімізді мейірімді, салқынқанды, табанды немесе жомарт деп санасақ та, мінез-құлқымызға түрлі жағдайлардың қалай әсер ететінін бағалай бермейміз.
Адамның өмір сүретін ортасы дамып, киберкеңістік салыстырмалы түрде әлі де жаңа саналып тұрған кезде, біз оның өзімізге қалай әсер ететінін болып жатқан жайттарды психологиялық тұрғыда мұқият зерттей отырып біле аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет