Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені «Педагогика»



бет33/41
Дата04.10.2022
өлшемі149,84 Kb.
#41345
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41
Негізгі ұғымдар: мемлекеттік және қоғамдық басқару, әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттар, нормативтіік құжаттар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Білім беру жүйесін мемлекеттік және қоғамдық басқарудың негізгі белгілерін көрсетіңіз.

  2. Педагогикалық жүйенің қызмет етуінің әлеуметтік-педагогикалық және уақыттық шарттары қандай?

  3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама жасаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. «Білім» туралы мемлекеттік бағдарламасы. Алматы, 2000

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары. Алматы, 1998

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орта білім беру стандарттары. Алматы, 1998

  4. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы, 2000

  5. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы. Алматы, 1997

  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995

  7. Садыков Т.С. Теоретико-методологические основы модернизации системы образования в Республике Казахстан. Алматы, 1998

  8. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 1996



15-тақырып: Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институтардың өзара әрекеттестігі

  1. Жалпы педагогикалық процесті ұйымдастырушы орталықтар.

  2. Педагогикалық ұжым - әлеуметтік ұйым ретінде.

  3. Отбасы – ерекше педагогикалық жүйе.

  4. Педагогтың оқушы ата-аналарымен жұмыс істеу формалары.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру оның сапасын жоғарлату жалғыз мектептің ісі емес, бұған мектеп, отбасы және жұртшылыұ бірігіп жұмыс атқаруы тиіс.Ал бұл жұмысты жүзеге асыру үшін оның өзіндік ерекшеліктері: әдістері немесе түрлеріне көңіл аудару қажет және ол ерекшеліктер бірқатар факторларға байланысты:

  • педагогикалық процестің объективті заңдылықтарын білу;

  • қазіргі кездегі мектептің әлеуметтік қызметіне қанық болу;

  • қазіргі отбасының ерекшеліктері иен даму тенденцияларын түсіну;

  • жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты, мұғалім ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысқа дайын болу;

Бұл факторларды ескере келетін болсақ, бұл жұмысты басқарушы әлеуметтік институит – мектеп болып табылады.
Мектептің, отбасының және жұртшылықтың тәрбиелік қызметінің біртұтастығы мектептің мақсатты түрде жүргізілген жұмыстарының нәтижесі. Бұл нәтиже қазіргі заманғы білім беру мекемесіне қойылатын басты талаптың бірі.Мектеп отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейтеді және дамытады, сәйкес осы бағытта педагогикалық ағарту жұмыстарын жүргізеді және бұған қоғамдық ұйымдардың қатысуын ұйымдастырады. Осы жүйенің жұмысы нәтижелі болуы үшін мектеп мына талаптарға жауап беруі керек:

  1. бүкіл педагогикалық ұжым әрекетінің мақсаттылығы, яғни нақты педагогикалық проблемаларды шешу үшін арнайы жиналыс өткізу, ағарту дәрістері және жеке отбасыларына ықпал жасау;

  2. педагогтың бұл жұмыстар бойынша кәсіптік біліктіліктерін арттыру;

  3. педагогтың ата-анамен жүргізетін жұмысына бірыңғай талап қою.(талапты орындаушылық кліспеушіліктерге әкеледі);

  4. ықпалды қоғамдық ата-аналар ұйымын қалыптастыру;

Тәрбие ықпалдарының бірлігі – мәселелерін Н.К.Крупская, А.С.Макаренко қарастырған. Бұлар кеңестік идеологиясында болғанымен, бұл мәселенің негізгі ғылыми принципін жете түсіндірген “Бірыңғай ықпал болмаған жерде – тәрбие жоқ ”. Осы принципті жүзеге асырушы ретінде педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін В.А.Сухомлинский көрсеткен және тәжірибе алмасу керектігін айтқан.
Кез келген ұжым сияқты педагогикалық ұжымның да өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер:

  • кәсіптік қызметіне байланысты, ал кәсіптік қызмет тиімділігі:

    1. оның мүшелерінің мәдениет деңгейімен;

    2. тұлғалардың қатынас сипатымен;

    3. ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінумен;

    4. ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен;

Оқушылар ұжымы бола отырып, педагогикалық ұжым оның басқарушысы болады. Сондықтан, педагогикалық ұжым немесе оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет