Пәннің ОҚУ-Әдістемелік қҰралы


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет22/31
Дата08.06.2023
өлшемі420,19 Kb.
#99676
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Жұмыстың орындалу тәртібі
Жұмысты орындау үшін сыйымдылығы 100 мл аузы тығынмен тығындалған төрт құрғақ колбалар алады. Колбаларды нөмірлеп, оларға бюреткадан төмендегі ерітінділерді келесі қатынаста құяды:
1-кесте.

Ерітінді

Ерітінді көлемі, мл

№ 1 Колба

№ 2 Колба

№ 3 Колба

№ 4 Колба

0.03 М FeCl3, мл (a)

50

-

55

-

0.03 М KI, мл (b)

-

50

-

45

Сосын колбаларды сулы термостатқа 25°С температураға (немесе оқытушы ұсынған басқа) 30 минут орналастырады. Реакцияны тоқтату үшін титрлеу кезінде 0°С дейін суытылған дистилденген су дайындайды. Термостаттап болған соң ерітінділерді №№ 1 және 2 колбалардағыны бір-біріне қосады, ал 10 минут өткен соң №№ 3 және 4 колбаларды қосады. Араластырылған ерітінділері бар колбаларды тығынмен мықтап жауып, қайтадан термостатқа орналастырады.


Титрлеу үшін алғашқы үлгі әрбір колбадан 30 минуттан соң алынады. Сыйымдылығы 100 мл түбі тегіс колбаға 50 мл мұздай дистилденген су құяды. Реакция жүріп жатқан колбаны термостаттан алмай, одан пипеткамен 15 мл ерітінді алады да, мұздай суы бар колбаға құяды. Реакция нәтижесінде пайда болған йодты кешіктірмей 0.015 М натрий тиосульфаты ерітіндісімен титрлейді. Тиосульфат ерітіндісімен титрлеген кезде ерітінді ақшыл сары түске айналады, сонан соң оған 3-5 тамшы крахмал ерітіндісін тамызып, көк түс жойылғанша титрлеуді жалғастырады (үлгіні мұздай суға құйғанда реакция тоқтамайды, тек қана бәсеңдейді, сондықтан титрлеуді аяқтағаннан кейін бірқатар уақыт өткен соң көк түс қайта пайда болуы мүмкін).
Әрбір колбадан үлгі алып титрлеу әрбір 30 минут сайын жалғасады. Ол осы колбадан алынған соңғы екі үлгіге бірдей көлемде тиосульфат ерітіндісі жұмсалғанша жүргізіледі. Йод концентрациясының жоғарылауының тоқтатылуы реакцияның тепе-теңдікке келгендігін көрсетеді. Реагенттердің тепе-теңдік концентрациясын есептеу үшін тепе-теңдікке келген кезде титрлеуге жұмсалған тиосульфат ерітіндісінің көлемі алынады , (яғни соңғы үлгіні титрлеуге кеткен көлем).

Тепе-теңдік концентрациясын есептеу төмендегідей жүргізіледі:



  1. Йод концентрациясы :





    (1)

  2. Fe2+ ионының концентрациясы йод концентрациясын екі еселегенге тең:




  1. Fe3+ ионының концентрациясы FeCl3 бастапқы концентрациясынан Fe2+ ионының тепе-теңдікке келген концентрациясын алып тастағанға тең:





    (2)

  2. FeCl3 концентрациясы бастапқы ерітіндінің концентрациясынан және калий иодидімен араластырған кездегі сұйылту дәрежесіне байланысты есептеледі:



(3)

мұндағы а және b – реакция жүргізу үшін алынған FeCl3 және KI ерітінділерінің көлемдері, сәйкесінше.



  1. Йодид-ионның тепе-теңдік концентрациясы, C°ki бастапқы ерітіндісі концентрациясымен және йодтың тепе-теңдік концентрацияларымен есептеледі:



    (4)



    (5)

  2. Әрбір ерітінділер үшін тепе-теңдік константаларын есептеу келесі формуламен жүргізіледі:



(6)

Осы температурадағы орташа тепе-теңдік константасы дайындалған әрбір ерітінді үшін алынған КС мәндерінің жартылай қосындысы ретінде есептелінеді.


40°С (немесе оқытушы нұсқаған басқа) температураларда да тәжірибе осылай жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет