181
Сібір бөлімшесінің ғалымдары орыс әдебиетіндегі сюжеттер мен мотивтердің сөздігін
құрастырумен жұмыс істеп жатыр [672].
Соңғы он жылдықтарда мотивтер белсенді түрде индивидуалды шығармашылық
тәжірибемен байланыстырылып, жек жазушылар мен туындылардың құндылығы ретінде
қарастырыла бастады.
Осы жайында, оның ішінде, М.Ю. Лермонтовтың поэзиясын
зерттеу тәжірибесі куә болады[673].
Әбеби туынды бойында тасаланған мотивтерге назар аудару оны толық та, терең
ұғынуға мүмкіндік береді. Осылайша, автор концепциясының әлдебір "асулы" сәтінің бой
көрсетуі И.А. Буниннің белгілі әңгімесінде аяулы қыздың өмірінің аяқ астынан үзілуі
суықпен қатынастағы "жеңіл тыныс" (атауға айналған сөз тіркесі) болып табылады. Осы
терең тамырлана байланысқан мотивтер буниндік сөз жауһарының бірден-бір маңызды
композициялық "жалғаушыына", әрі сонымен бір мезетте, жазушының болмыс және
ондағы адамының орны туралы философиялық таным-түсінігіне. Суық Оля
Мещерскаяның тек қыста ғана емес, жазда да қыр соңынан қалмайды; ол ерте көктемдегі
моланы бейнелеп, көмкеруші сюжеттік эпизодтарда үстемдік құрады. Аталған мотивтер
әңгіменің соңғы фразасында бір арнаға тоғысады: "Теперь это
легкое дыхание снова
рассеялось в мире, в этом облачном небе, в этом
холодном весеннем ветре".
Толстовойлық роман-эпопея "Соғыс және бейбітшіліктің" мотивтерінің бірі – кейбірде
тағдырға ризашылық және бас ию, көңілдің босауы және көз жасымен, ең бастысы –
қаһармандар өмірін кей сәттеріндегі арайланушы әлдебір жоғарғы рухты
танытушылықпен жарыса жүретін жан-дүние жұмсақтығы. Қарт кінәз Волконский
клінінің өлімі туралы білгенін; Мытищидағы жаралы кінәз Андрей эпизодтарын еске
түсірейік. Пьер Наташамен әңгімелескеннен кейін, кінәз Андрей алдында кінәлі санап,
әлдебір жан-дүниесінің тебіренісін сезінеді. Және де бұл арада оның, Пьердің
"расцветшей к
новой жизни, размягченной и ободренной душе" сөз етіледі. Безухов
тұтқыннан кейін Наташи Андрей Болконскийдің соңғы күндері турасында:"Так он
успокоился? Смягчился?" деп сұрайды.
М.А. Булгаковтың "Шебер мен Маргаритасындағы" ең орталық мотив – толық айдан
тараған тыншымсыз, ала құынды, азап шектіруші. Осы жарық әр түрлі деңгейде
романнның бірқатар персонаждарын "іліп түседі". Ол ең алдымен азап шегуші ар туралы
түсінікпен – Понтий Пилаттың өз "мансабынан" қорыққан кейпі мен тағдырымен
байланысты.
Лирикалықй поэзия үшін сөздік мотивтер тән. А.А. Блок: "Кез келген өлең – бірнеше
сөздің сүңгісіне ілінген жайма. Осы сөздер жұлдыздай жарқырайды. Олар үшін өлең өмір
сүреді" деп жазды[674]. Осылдайша, блоктық өлең "Әлемдер ұшадыда" (1912) тірек (кілт)
сөздер: мақсатсыз және мәжүни ұшу болып табылады; оған мазасыз және ызыңдаған
қоңырау шылдыры ілеседі;
шаршаған, тұмыққа батқан жан; және де (осының бәріне
контрасты) қол жетпес, жымыңдай алдаушы бақыт.
Блоктық "Кармен" циклінің мотивтік функцисын "опасыздық" сөзі атқарады. Бұл сөз
поэтикалық және сонымен бір мезетте жан дүниенің трагедиялық стихиясын айшықтайды.
Опасыздық әлемі бұл арада "сығандық өліп-өшкен құштарлықпен" және туған елден
кетумен байланыстырылып, түсіндіріп берілуі мүмкін емес қайғылы сезімен, ақынның
"қара және жабайы тағдырымен", сонымен қатар, шексіз еркіндік тылсымымен,
"орбитсыз" еркін ұшумен жалғастырылады: "Бұл – жасырын опасыздықтың әуені?/ Бұл –
Кармен жүрегіндегі тұтқындық?"
Байқайтынымыз, "мотив" термині біз иек сүйейтін емес, мүлдем басқа мәнінде
қолданылады. Осылайша, мотивтер деп кейбірде қаламгер шығармашылығындағы
(мысалы, адамның имани түлеуі; адамдар тірлігіндегі алогизм) тақырып пен
проблемаларды атайды. Заманалық әдебиеттануда мотив туралы "тысқары
еструктуралық" бастау көз жайындағы, мәтіннің емес, оның туындыгерінің достояниесі
182
жөніндегі, туындыны тәпсірлеушінің ештеңемен шектелмейтін шексіз ойы турасындағы
ұғынымдар
кезігеді.
Б.М.
Гаспаров
мотивтердің
қасиеті
ғалым
қаламгер
шығармашылығын қандай конмәтінде қарастырғанына қарамай "өздік сараптама кезінде
әр кезде қайтадан туындайды". Осылайша, ұғынылған мотив "сараптаманың негізгі
бірлігі" сипатында пайымдалып, сараптама "мәтін түзуде объективті дәйектеуші
функциясы бар құрлыым бөліктерінің бекемденуі ұғымынан түбегейлі бас тартқызады"
деп тұжырымдайды[675]. Әдебиетке деген тап осындай қадам А. К. Жолковскийге
"Адасқан түс көрулер"
кітабында, оқырмандарға бір қатар: "тамаша және парадоксалды
Бродский арқылы Пушкинді, Соколов арқылы Гогольді интерпретациялап" ұсынуға
мүмкіндік берді деп атап өтті М.Л. Гаспаров[676].
Бірақ та, қандай да болмасын мағыналық тон әдебиеттануда "мотив" сөзіне берілмесін,
әдеби туындының реалды (объективті) кезігетін қырын танытатын осы термин бәрі бір
өзіндік әдеттегі бөлінбес маңыздылығын және шынайы өзектілігін сақтап қалады.
Достарыңызбен бөлісу: