Бердібай Шалабай
40
Ал, сұрау есімдікті сөйлемде интонация хабарлы сөйлемде-
гіге ұқсас болады
(Мынау үй
неге
көшпей отыр екен?).
Сұраулы сөйлем интонациясының түрлі ырғақта айқындалуы
сөйлеу типіне, сөйлемнің эмоциялы болу-болмауына, сөйлем
құрылысына, сұрақ тұлғалы сөздердің ерекшелігі мен жұмсалу
орнына байланысты.
Жасалу жолдары:
Айрықша интонациядан бөтен сұраулы сөйлемдер айырым
бір синтаксистік, лексикалық-грамматикалық амалдар арқылы
құралып жұмсалады.
І. Сұраулы сөйлемнің
синтаксистік жасалу амалына
көте-
ріңкі сұраулық ырғақ және арнаулы бір модальдік сөздер (болар,
шығар, қайтеді, неғылады, білем, деймін) мен демеуліктер (ғой,
да, ау, ә) жатады. Мұндай сөйлемдер, негізінде, ой мазмұны-
ның ақиқаттығы туралы қарсы жақ көзқарасын анықтау үшін
қолданылады.
1) сұрау мәнді демеулік
– Барасың ба?
– Мәдениет сарайы ше?
2) демеуліктер
– Өзіңіз жұмыстасыз ғой?
– Өзі бейімделген-ау? (басым сұраулық интонация болуы
керек)
– Мынау жақсы екен, а?
– Босатқан болат та?
Достарыңызбен бөлісу: