Бердібай Шалабай
122
жалғаулықсыз да құруға болады. Ондайда түсірілген жалғау-
лықтардың орнына сызықша қойылады. Мысалы: Елге мойным-
ды созам – көрінбейді (С.М.). Амантайдың даусын естіп Асқар
құшағын жазайын деп еді, – Ботакөз босатпады (С.М.). Аяғы жоқ
– жүреді; аузы жоқ – сөйлейді (жұмбақ).
Қарсылықты салаластарға тән мағыналық, құрылымдық
ерекшеліктер негізінен мынадай болып келеді:
1. Сыңарларында баяндалатын екі не бір тұлғаның (субъек ті-
нің) іс-әрекеттері, ой-ниеттері бір-біріне қайшы болады. Мы салы:
Абайдың қиналғанын Ділдә сезді, бірақ түк өкінген жоқ (М.Ә.).
2. Екінші сыңарында бірінші сыңарындағы іс-әрекеттің логи-
калық қорытындысы ретінде болуға тиісті іс-әрекет, жай-күй
бол май шығады немесе басқаша болады. Мысалы: Ана әлдебі-
реу келер деп күтті,
бірақ
ешкім келмеді (М.Г.). Осы ең ақырғы
сөзі тәрізді еді,
бірақ
айтары әлі таусылмаған екен (Ғ.М.). Олар-
дың сөздерінде бояу аз болады,
бірақ
тыңдаушыны еріксіз ерте
жөнеледі (Қ. Жармағамбетов).
3. Сыңарларының құрамында бір-біріне антоним сөздер жұм -
салады, немесе баяндауыштары болымды-болымсыз тұлға да
келеді. Мысалы: Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жат-
қандай сезінеді (Ғ.М.). Ол кейін шегінді,
бірақ
көзін Нұрым ның
жыбырлаған ернінен айырмады (Х. Есенжанов). Таяқ тиген жер
жаныма батып барады,
алайда
сыр берген жоқпын (Б.М.).
Салалас құрмаластардың сыңарларының арасында қарсылық
мән туғызу үшін кейде «ал» жалғаулығы да жұмсалады. Бірақ ол
таза қарама-қарсылықты, қайшылықты білдірмейді, ал салыстыр-
малы тұрғыдағы қарсылықты қатынасты білдіреді. Мысалы:
Тоқсан – кішкене денелі адам екен,
ал
Ізбасты – ірі денелі кісі
екен (С.М.). Біздің қонысымыз мына тұста болатын да,
ал
әлгі
аталас ағайындарымыз сәл берірек жайлайтын (Ж. Аймауытов).
Достарыңызбен бөлісу: