Бердібай Шалабай
124
Аса бір қысылған, басына ауыр сын түскен кезде әкесі, қа лай-
да, не түсіне кіреді, не көз алдына оқыстан елестеп, осылайша
көлбеңдей береді (Ш.М.). Қазір не жаз басындағы жастардың
арасында таң атқанша отырып өлең айтатын сайранды сауық
жоқ,
не
көңіл көтеретін ел-елдің басын қосқан той-топыры жоқ
(Х. Есенжанов).
Алғашқы сөйлемде предикатив сыңарларында біртектес іс-
әрекеттердің кезектесіп жүзеге асатыны, екіншісінде сондай бір-
тектес жай-күйлердің керісінше жүзеге аспайтыны (бол май тыны)
таңдамалы жолмен санамаланып беріледі.
Талғаулы салаластардың ішінде таза талғау мәнді сөйлемдер-
мен қатар талғау-шарт мәнді болып келетін түрлері де бар.
Мысалы: Өзі кетіп құтылды,
әйтпесе
өзіміз-ақ тастатқалы жүр
едік (Б.М.). Сіз менің жалақымды беріңіз,
әйтпесе
біз де қош-
тасамыз (А. Грин.).
Бұл сөйлемдердің бірінші сыңарларындағы әрекет жүзеге
аспаса, екінші сыңарларындағы әрекет жүзеге асар еді. Біріндегі
болмаса, екіншісіндегі жүзеге асуы талғамалы әрекетті білдірсе,
бірінші сыңардағы әрекетті екінші сыңарындағы әрекетке шарт
етіп қою бұлардың арасындағы шарттастық қатынасты да
білдіреді. Сондықтан мұндай сөйлемдерді таза талғаулы демей,
талғау-шарт мәнді салаластар деп атаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: