Пішін ќасиеттері


Сабақ тақырыбы: TStringGrid – жолдар кестесі. (Дополнительно тақтасында )



бет28/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#11847
түріПрограмма
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Сабақ тақырыбы: TStringGrid – жолдар кестесі. (Дополнительно тақтасында )

TStringGrid компоненті ұяшықтарында тексттік ақпарат орналасатын кестелер жасауға арналған. Кесте 2 бөліктен тұрады: бекітілген және жұмыс. Бекітілген бөлігі қатарлар мен бағандардың атын жазуға, көлемін өзгертуге арналған. FixedCols и FixedRows қасиеттері арқылы бекітілген бөліктегі бағандар немесе қатарлар санын анықтауға болады. Кестеге ақпаратты енгізу үшін Options – goEditing қасиетінің мәнін true қылып қою керек. Кестедегі әр ұяшықтың нөмірі бар, ол 2 сан арқылы анықталады. Мысалы StringGrid1.Cells [1,2] := 'текст'; 2-ші баған мен 3 қатар қиылысуында орналасқан ұяшықта «текст» сөзі шығады. Өйткені қатарлар мен бағандар нөлден бастап нөмірленеді. Кестедегі бағандар санын Colcount, қатарлар санын RowCount қасиеті анықтайды.

Компоненттің негізгі қасиеттері


property Col: Longint;

Ағымдағы ұяшықтың баған нөмірін қайтарады.

property Row: Longing;

Ағымдағы ұяшықтың қатар нөмірін қайтарады.

property FixedColor: TColor;

Бекітілгін бөліктің түсін анықтайды

property GridHeight: Integers;

Кесте биіктігі

property GridLineWidth: Integers;

Кесте сызықтарының қалыңдығы

property GridWidth: Integers;

Кесте ені

property Options: TGridOptions;

Кесте параметрлерін анықтайды

type TScrollStyle = (ssNone,

ssHorizontal, ssVertical,

ssBoth) ;


Айналдыру жолақтарын анықтайды: ssNone -жоқ; ssHorizontal – кестеде көлденең айналдыру жолағы пайда болады.

goRangeSelect

Бірнеше ұяшықты ерекшелеуге мүмкіндік береді. Егер goEdit = true болса онда істемейді.

TstringGrid компоненті екі өлшемді жиымдарды өңдеуге өте ыңғайлы.

Мысал 1.

X[5,4] жиымы берілген. 5-тен кіші элементтердің бәрін 1-мен алмастыратын бағдарлама құр.


Бізге 5-қатар және 4-бағаннан тұратын кесте керек. Пішінге TStringGrid компонентін орналастырып қасиеттерін төмендегідей қылып қой:

Қасиеттері

Мәні

name

S1

FixedCols

0

FixedRows

0

Colcount

4

RowCount

5

Options – goEditing

true

Батырманы шерту оқиғасына жазылатын программа коды:

procedure TU12_1.Button1Click(Sender: TObject);

var x: array[0..4,0..3] of integer; {жиымды хабарлау}

i,j : integer;

begin


for i:=0 to 4 do

for j:=0 to 3 do

x[i,j]:= strtoint(s1.Cells[j,i]); {кестеге енгізілген сандарды жиымға түсіру.}

{назар аударыңыз, жиымда бірінші қатар, екінші баған жазылса, кестеде бірінші баған, екінші қатар жазылады. }

for i:=0 to 4 do

for j:=0 to 3 do

if x[i,j]<5 then x[i,j]:=1; { 5-тен кіші сандарды 1-мен алмастыру. }
for i:=0 to 4 do

for j:=0 to 3 do

s1.Cells[j,i]:=inttostr(x[i,j]); {жиымдағы сандарды кестеге түсіру.}



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет