«Плассмастың жаңа өмірі» сынып оқушысы Ғылыми жетекшісі: 2021-2021 оқу жылы


Кіріспе Пластик шөлмегінің шығу тарихы



бет5/9
Дата10.04.2023
өлшемі0,98 Mb.
#81138
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Кіріспе
Пластик шөлмегінің шығу тарихы.
Қазіргі кезде пластикалық шөлмектердің пішіні мен көлеміне ешкім таңқалмайды.Мынадай шөлмектер,шыны шөлмектерге қарағанда,жеңіл,әр түрлі пішінді,майысқақ және қауіпсіз болып келеді.Алғаш Pepsi пластик шөлмегі АҚШ саудасында 1970 жылы шықты.Қазақстан аумағында пластик шөлмектер,алғаш саудаға алкогольсыз «Кока – Кола»,«ПепсиКола» сусындары келген кездері танымал бола бастады.Алғаш СССР аумағында Новороссийск қаласында пластик шөлмектердегі лимонад сусынын өндіретін заводты 1974 жылы «ПепсиКо» компаниясы ашты.Біздің кезімізде пластик шөлмектерді тек газды сусын және сыра өндіретіндер ғана емес және де,парфюмериялық фабрикалар да пайдаланады.
Пластик шөлмектерге қатысты экологиялық мәселелер.
Ертеректе босаған шыны шөлмектерді ақшаға тапсырыпжәне сол шөлмектерді қайта өңдеуге әкететінін әжем әлі күнге дейін айтады.Ал қазір? Қазір пластик те,шыны шөлмектер де көшемізді күл – қоқысқа айналдырып жатыр! Және ол ғана емес!Ғаламшардағы пластикалық шөлмектердің шоғырлары,мұхиттардың үстінде қалқып жүрген аралға айналып бара жатыр. Ғалымдар дабыл қағуда: Тынық мұхитта қоқыстың аса шоғырланған жерлері құралыпты.Мұның негізін құрайтын пластик пен мұнай қалдықтары.
АҚШ-та ғана пластик шөлмегінің өндірісіне жылда шамамен 18 миллиондаған мұнайдың баррельсі кетеді.Ғаламторды қарап,біз келесі мәліметтерге тап болдық: қағаз жер астында – 1 айда шіриді екен,банан қабықшасы – 6 айда,жүн – 1 жылда,ағаш – 13 жыл,консерв банкісі – 100 жыл,пластик шөлмек – 500-ден 1000 жылға дейін,ал шыны шөлмектің шіруіне 1 миллион жыл керек екен. Адамдар өзі лақтыратын пластик қоқыстардан,өздері шаршап кетті.Пластик қораптар шығып көптеген мәселені жойғанымен,дәл сондай мәселелер туғызды.Кезінде демалыс орындарында әкелеріміздің қалдырған қоқыстары қазір шаңға айналып кетті,ал біздің пластик шөлмектерімізді шөберелеріміз көретін болады,себебі олар «мәңгі».
Пластик шөлмектерінің екінші өмірі.
Көптеген адамдарға осы деректер тыныш ұйқы бермейді екен,сондықтан олар шөлмектің игерушілігінің ең төл әдіс – айлаларын шаруашылықта ойлап табады.Шөлмектерден құстарға ұя,тышқан қақпандарын,оймыштарды және көшет үшін горшоктар жасайды,қол жуғыштар жасайды.Индонезияда олардан балықшы қайықтарының мықтылығы үшін тұрақтандырғыштар жасайды екен.Қазақстанда пластик шөлмектерден қол жуғыштар жасайды.Монғолияда шөлмектерді рухтарға құрбандық ретінде өртейді.Эфиопияда қолданған шөлмектерді тура базарда сатады екен.Африканың елдерінде жарты литрлік босаған шөлмектерден,жапсырып сандалеттерді жасайды.Ішінде жазбахаттары бар шөлмектерді,теңізшілер кеме апаты болған жағдайды жеткізу үшін жолдама ретінде қолданған,қазір сондай шөлмектерді ғалымдар теңіз бағытын анықтау мақсатында қолданады екен. Шөлмектерді жинау коллекция құмарлықтың бір түрі болып келеді екен.Біз көптеген сайттарды тауып,ондағы адамдардың шөлмектен жасаған қолөнерлеріне тәнті болдық.
ІІ Зерттеу бөлімі
2. 1 Пластмасс өнімдер туралы түсініктер
41 жыл бұрын адамзат пластик шөлмекті ойлап тапты. Алғаш үлгілер 135 гр салмақты тартты (қазіргілерден 96% ауыр). Қазір пластик шөлмектер 69 грамм тартады. Қазіргі таңда мыңдаған шөлмектер өндіріліп, лақтырылып жатыр. Кішкентай қалалардың өзі айына 20 тоннаға жуық пластик шөлмектер лақтырады. Жылдан жылға пластик шөлмектерінің қоқысы 20% артып келеді. Қала көшелеріндегі күл қоқыстар бізді еріксіз ойға қалдырады: пластикалық шөлмектер адамға не әкеледі – пайда ма әлде зиян ба? 



Металдардың тарихы ескі дәуірлерден бастау алып, мың жылдардан бері адамзатқа таныс екенін білеміз. Ал синтектикалық заттардың шыққанына 60 жылдай уақыт өтсе де, өмірімізге белсене араласып, каучук, резина, силикон, химиялық талшықтардан басып озғаны айдан анық десе болады. Міне, айналамыздағы заттарға көз жүгіртетін болсақ, мысалы: қаламсап, фломастер, теледидар қорабы, магнитофон мен радиоқабылдағыштар, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, жиһаз және көптеген тұрмыстық бұйымдардың пластмассадан жасалатыны осының дәлелі болмақ.
Атмосфералық коррозияға, қышқылдар мен сілтілерге төзімділігі, әр түрлі пішінге келетіндігі, тығыздығы төмен болып, дәмі де, иісі де болмауы, жақсы боялып, жылу, электр изоляциялық қасиеттерге ие болуы – пластмассаның ең басты артықшылықтары болып табылады.
Пласмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады. Полиэтилен – қаптама, шелек, сөмке жасау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет