Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет29/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Бақылау сұрақтары
1.Дидактикалық бірлік ұғымына анықтама беріңіз.
2. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.


23-24 лекция. В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясы
Жоспары:
23.1 В.Ф.Шаталов технологиясының әдістемелік жүйесі.
23.2 В.Ф.Шаталовтың оқыту әдістемесінің психологиялық-педагогикалық принциптері.
23.3 В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша жаңа материалды игеру кезеңдері.
Мақсаты: білім алушыларды В.Ф.Шаталовтың оқыту технологиясының ерекшеліктерімен таныстыру.
Түйін сөздер: ірілендіру, блок, жеделдете оқыту, тірек сызбалар, конспектілер.

Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі-тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды женілдететіні белгілі болды.


Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес эпизодты қолданылады.
Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу процесінде берілетін ерекше ролінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиыньығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын құнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту процесінің тұрақты және қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүімкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезмдік кұндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В.Ф.Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйе бойынша білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай классификацияланады (қызыл түспен–ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі және сол сияқты).
Көрнекі құралдарды қолданудың әр түрлілігі, тірек сигналдары мазмұныңың абстрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В.Ф.Шаталовтың оқыту әдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.
I. Теориялық білімді алдың-ала ірілендірілген мөлшерде беру, алға жылдам жылжу принципі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесінде сабақта оқушылар жаңа материалдың микромөлшерін ғана оқып, одан соң оны пысықтау және есеп шығару жүргізіледі.
Шаталов жүйесі бойынша курстың басында блоктарға топталған теориялық материал өтіледі. Блоктар дегеніміз – құбылыстар, процестер және заңдылықтар бір-бірімен логикалық біте қайнасқан жаңа білімнің үлкен көлемді бөлшектері.
Мұндай байланыстыру – мұғалімге бағдарламалық материалды блок құру үшін қайтадан құрастыруға және тірек сигналдары жүйесін кодтауға мүмкіндік туғызады.
Теорияның өзекті мәселелерінен басқа ұсақ сұрақтар қарастырылмайды, олар кейінірек не жеке қарастыралады, не кейінгі сабақтарда материалды «жетілдіру» кезеңінде өтіледі.
Бұл жаңа материалды жылдам өтуді, басты мәселеге көңілді көбірек аударуды, себеп-салдар байланысын түсінуді, яғни жаңа материалдың құрылымын тұтастай қабылдауды қамтамасыз етеді.
Блокты немесе бірнеше блоктарды оқытудан соң өзара тексеру сабағы жүргізіледі, мұнда жұмыс қорытындыланады, оқушылар сұрақтарға жауап береді және олардың әрқайсысына үлгірім экраныңда қорытынды баға қойылады. «2» қойылмайды.
Бос клетка қалдырылады және оқушыға өтілген теориялық материалды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Одан әрі оқушылар жалпылай есеп шығаруға кіріседі. Жол жөнекей анықталмаған кейібір ұсақ сұрақтар талқыланады.
Тақырып бойынша «түзету-жөндеу жұмыстары» жүргізіледі. Теорияны оқытудан үнемделген уақыт оқулықтағы есептермен қатар конкурстық есептер шығаруға арналады.
II. Жаңа сабақты түсіндіруде екі рет қайталау және бірнеше рет түрлендіре қайталау негізінде білімді меңгерту принципі.
В. Ф. Шаталов тұжырымы: «Оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылығы тек терең және тиянақты білім негізінде ғана ашылады. Білім, тек білім ғана бірінші орында, ал шығармашылық екінші».
Жаңа сабақты түсіндіру ең кемі екі рет жүргізіледі. Біріншісі дәстүрлі әңгіме, лекция, көрнекі кұралдар пайдаланылған эвриетикалық әңгімелесу түрінде өтеді.
Оның мақсаты – барлығын талдау – түсіну (ұғымдарды, кұру логикасын жане т. б.), яғни қабылдауды және ойлауды қамттамасыз ету. Екінші түсіндіру қысқалау және жылдамырақ тірек плакат (сигнал) бойынша жүргізледі. Плакатсыз да кодоскоп немесе диапроектор арқылы проекциялап жүргізуге болады.
Сабаққа дейін тақтаның артқы бетінде әр түспен кескінделген тірек сигналдары жазылып, қайталап түсіндіру кезеңінде ғана ашып көрсетіледі.
Екінші рет қайталап түсіндіруде шектен тыс ұсақталу, ауытқу болмайды. Қайталау мұғалімнің айқын мазмұндауы бұл жүйеде пысықтау кезеңінің орныңа жүреді және дәстүрлі оқытудағы жаңа сабақты меңгеріп үлгірмеген оқушының шала түсіндіруінен гөрі әлдеқайда пайдалы болады.
Жаңа теориялық білім бірінші және екінші қайталауда қаншама ұғымды түсіндірілгенмен, барлық оқушылар оны толық игерді және мазмұндаудың негізгі тұстарын есте қалдыру мүмкіндігі толық іске асырылды деуге болмайды. Онсыз бұл білімді еркін пайдалану, практикада кең қолдану мүмкін емес.
Жалпы Шаталов әдісі бойынша теориялық жаңа материалды игеру негізгі алты кезеңнен тұрады:
1-ші кезең – мұғалімнің оқу материалын толық түсіндіруі;
2-ші кезең – оны тірек плакаттар бойынша қысқаша мазмұндау, мұнда материалды «блоктық қабылдау» жүреді;
3-ші кезең - оқушылар тірек сигналдары бар беттерді (тірек плакаттардың кішірейтілген көшірмелері) мұғалімнен алып танысады, өз альбомдарына желімдейді;
4-ші кезең – оқулықпен және үй жағдайында тірек сигналдары бар бетпен жұмыс;
5-ші кезең – келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша еске түсіру;
6-шы кезең - жолдастарының ауызша жауабын тыңдау (тақта алдыңда немесе орныңан).
Шаталовтың әдістемесі бойынша жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушылар ешнәрсе жазбайды, тек тыңдайды (психологттардың зерттеу қорытындылары бойынша қос кабаттасқан психологиялық іс-әрекет тиімсіз). Осы әдістемемемен орта және жоғары сыныптарда жаңа тақырыпты мазмұндаудан соң бұл материал бойынша жаттығулар шығарылмайды, ал бұрынғы өткен материалдан – қанша болса да рұқсат.
Өткен тараулар материалынан – қалағандарынша, ал жаңа тақырып бойынша ешнәрсе, Жаңа сабақты екі рет мазмұндау принципін енгізгеннің өзінде іс жүзінде әр оқушының жаңа тақырып бойынша жаттығуларды толық қабылдауы мүмкін емес.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда, оқулық мәтінін мұғалімнің мағыналық өңдеу тәсілдерін қалыптастыруды, тірек сигналдарды оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру кұралдары мен мнемотехника тәсілдері ретінде қолдануды оқушылардың ой еңбегі мәдениетінің жалпы әдістерін дамыту деп қарастыруға болады.
Шаталовтың бақылауы бойынша, оқушылар бұл тәсілдерді жаңа мәтіндермен жұмыс жасағанда кең қолданатыны байқалады.
Шаталовтың оқушылардан сабақ сұрау әдісі де жаңа формалы белеенді іс-әрекетті талап етеді. Игерілген материалды магнитофонға ауызша акырын баяндау және ақырын жауап беру (бір сабақта 50 оқушыға дейін) сөйлеу мәдениетін және оның жүйелілігін белеенді еске түсіру тәжірибесін арттырады.
Ауызша жауап бергенде оқушылар тірек сигналдары бар, беттерді (магнитофон арқылы акырын сұрауда) немесе тірек плакаттарды (тақтада жауап берсе) пайдаланады.
Мұнда бірнеше ойлау операцияларын орындайды: баяндау жоспарын есте сақтау, өзінің баяндауы тірек сигналдар арасындағы байланысын орнататын материалдарды өндеу. Бұл жаңа терминдермен жұмысты жеңілдетеді, өз қабілетіне сенімділігін арттырады. Жазылғандарды оқушылардың өзара тыңдауы және бағалауы – бұның бәрі белеенді жауап беруге күнделікті дайындық қажеттігін туғызады, ал тірек сигналдарды қолдану дайындық уақытын қысқартады.
Оқулық материалындағы білімнің іріленген бөлшектерін игеру, өзара байланысын және жүйесін анықтап бөлу, жазбаша және ауызша еске түсіру оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу белеенділігін арттырады.
Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұның түрлендіре, қайталау жолымен есте сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл: үйде тірек сигналды оқулықтың сәйкес бөліміне байланыстырып оқу, келесі сабақта тірек сигналдарды жазбаша қайталап еске түсіру, оқулық материалын және басқа да білім көзін пайдаланып тірек сигналдарға жан беру, магнитофон арқылы (ақырын) сұрау, мұғалімге жауап беру, өзара тексеру беттері бойынша жауап және т. б. қайталау түрлері және көптеген есеп шығару.
Осы әдістеме бойынша оқылған материалды қайталаудың ерекше манызды формасы - өзара тексеру беттерімен жүргізілетін сабақтар. Шаталов мұндай сабақтарды 4-сыныпта 3 бетпен, 5- сыныпта 2 бет, 6- сыныпта 3 беттен белгілі бір оқулық тараулары бойынша жүргізеді. Ол беттер бойынша білімді тексеруді оқушылар өзара немесе кеңесшілер (жоғары сынып оқушылары) жүргізеді.
Сұрау ойын түрінде жүргізіледі: егер оқушы сұрақтардың (30 – 40 сұрақ) біреуіне жауап бермесе, басқа сұрақтарға жақсы жауап бергенімен, «3»-тен артық баға қойылмайды.
Ал мұндай жағдай егер екі рет кездессе, онда ол оқушының партасынан жалаушасы алынып, әрі қарай сұрау тоқталады. Мұның бәрі терең, тиянақты білім қалыптастырудың негізін қалайды. Мұнсыз оқушылардың ойлауын дамыту мүмкін емес.
III. Жоғары қиындық деңгейінде оқыту принципі. Бұл принцип жаттығулар типтерінде де, олардың қиындық дәрежесінде де бірсарындылықты жоюды талап етеді.
Мұнда есеп күрделілігінің артуы тапсырманы жүйелі жеңілдету тәсілімен қатар жүргізілуі қажет, яғни мұның мәні мынада: күнделікті қиын есептерден соң жеңілдеу есептер (бастапқыларына қарағанда күрделірек болса да) шығару.
Осыған қосымша белгілі бір жаттанды жолмен шешуді қажет етпейтін (стандартты емес) есептерді (көп енбектенуді де қажет етпейтін) сабақта да, үйде де шығару. Ал осы есептерді оқушылардың шығара алмайтыны алдың ала белгілі болса да, беруге болады (барлығын шығару қажет). Қиындықты жеңуге тырысу белсенді іс-әрекетті туғызады.
Оқушыларға күніне қанша есеп шығарам десе де, ерік беріледі. «Үйге тапсырма» сөзі «мынадай есептер шығаруды ұсынамыз» сөзімен алмастырылады. Бақылау жұмысы тақырып бойынша емес, оқылған тұтас курс бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет