Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет31/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
bas bilim beru maz umkd 2023

Бақылау сұрақтары
1. В.Ф.Шаталовтың оқыту әдістемесінің психологиялық-педагогикалық принциптерін атаңыз.
2. В.Ф.Шаталов технологиясы бойынша жаңа материалды игеру кезеңдеріне сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.


25-26 лекция. Тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары.
Жоспары:
25.1 Негізгі тұжырымдамалық идеялар.
25.2 Баланы қолдау технологиясы
25.3 Ынтымақтастық педагогикасы
25.4 Ш.А.Амонашвилидің ізгілік-тұлғалық технологиясы.
Мақсаты: магистранттарды тұлғаға бағдарланған оқыту технологияларымен таныстыру.


Түйін сөздер: ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, жобалап оқыту технологиясы

Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі методологиялық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тәсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін- өзі қалыптасуын және бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын,оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді және қолдайды.


Тұлғаға бағытталған оқыту-бұл оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі;
Оқушы тұлғасын тану және қадірлеу;
Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту;
Балалармен ынтымақтастық;
Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру;
Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту;
Оқыту үрдісінде балалардың тұлғалық тәжірибесін есепке алу;
Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады?
• Әр оқушының жеке танымдық қабілеттерін дамыту;
• Баланың жеке (субъектік) тәжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру,пайдалану, «мәдениеттендіру»;
• Баланың алдын- ала жоспарланған жоспарланған ерекшеліктерінқалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына,, өмірде өз орнын табуына жәнеқабілеттерінің іске асуына көмек көрсету Гипотезалар
v Оқушы оқыту үрдісінде ғана субъект болып қалыптаспайды,
v ол ең басынан бастап субъектік тәжірибенің иесі болып табылады;
v Оқу оқытудың тікелей өндірмесі емес, бұл өзіндік, даралық, тұлғалық маңызды, яғни, өте
әрекетті даму көзі;
v «Даму векторы» оқушыдан оның дамуына ықпал ететін жеке педагогикалықәрекет етудің
жүйесін анықтау;
v Оқушы қоғамдық іс-тәжірибені өндірумен емес, өзінің жеке іс-тәжірибесін өндірумен және оның негізінде дамуымен құнды.
Негізгі түсініктер
Жеке даралық;

  • Тұлға;

  • Күн талабына сай келетін мәселелерді өзі шеше алатын тұлға;

  • Өзіндік ойын білдіре алатын;

  • Субъективтілік;

  • Мен- тұжырымдама;

  • Таңдау;

  • Педагогикалық қолдау

Принциптері
• Көкейтесті мәселелерді өзіндік шешу;
• Жеке даралық;
• Субъективтілік;
• Таңдау;
• Шығармашылық пен сәттілік;
• Сенімділік пен қолдау;
Тұлғаға бағытталған оқытудың мазмұнының компоненттері:

  • Аксиологиялық (құндылық);

  • Когнитивтік (білімділік);

  • Тұлғалық;

  • Қызметтік-шығармашылық (операциялық-технологиялық)

Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқу үрдісі оқушы мен мұғалімнің оқу сұхбатына негізделген, ол бағдарламалыққызметті бірлесіп құруға бағытталған. Бұл жерде оқушының ынтасы, оқуматериалының мазмұнын, формасын, түрін жеке таңдауы, алған білімін оқытуғақатысты емес жағдайда , қажет болған соң өздігінен пайдалануға талабыталабы есепке алынады.
ББД ( Білім, білік, дағды)
Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлығына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми- педагогикалық логиканың барлық ережелері бойынша бір жүйеге біріктірілгентүсініктердің барлығын оқушылар игере алады деп айта алмаймыз, оқушы, көбінесе,өзінің жеке тәжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана меңгереді. Сондықтан оқуүрдісін ұйымдастырғандағы бастапқы нүкте субъектік тәжірибенікөкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, дамудың жақын аймақтарын анықтау.
ОҚТ (Оқу қызметінің тәсілі)
-ОҚТ метабілім ретінде, танымның әдіс, тәсілдері ретінде қарастырылады;
-Бұл технологияда барлық білім беру жүйесінің орталығы баланың даралыққасиеттері болып табылғандықтан оның әдістемелік негізінде оқу үрдісін даралаужәне саралау принциптері жатыр. Кез келген пәндік әдістеменің негізгі идеясы -әроқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Оданкейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге асырылатын құрылым анықталады;
-Ең басынан әр бала үшін оқшауланған орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсетеалу мүмкіндігі болатын ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндіктіпедагог кәсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдайтудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;
-Педагогтың сабақта қолданатын икемді, жалықтырмайтын, түсінікті даралау менсаралаудың формалары оқушының таңдаған танымдық қызығушылығын , олардыңкөрінуінің тұрақтылығын, оқушының оны оқу қызметінің тәсілдері арқылы жүзегеасырудағы өзіндік жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Диагностика
Оқу жұмысының әр түрін орындаған әр оқушыны үнемі бақылай отырып, педагогоқушының қалыптасқан , сыныптан сыныпқа көшкен сайын өзгеріп отыратын даратанымдық «бағдары» жөнінде деректер банкін жинақтайды.
Оқушыны кәсіптік бақылау оның танымдық (психикалық) дамуының жеке картасытүрінде рәсімделуі керек және бұл оқытудың саралау формасын анықтауда(таңдағанда) (бағдарлы сыныптар,оқытудың жеке бағдарламалары және т. б.) негізгіқұжат болып табылады.
-Оқушыны күнделікті ,жүйелі оқу үрдісінде педагогикалық (клиникалық) бақылау оның жеке танымдық «бағдарын» анықтауға негіз болады.
Мұғалімнің ұстанымы
Оқытудың субъективтік тәжірибесін ынталандыру;
Әр оқушының даралығын дамыту;
Әр адамның жеке басының ерекшеліктерін, өзіндік құндылықтарын тану;
Оқушы ұстанымы
Оқу-тәрбие үрдісінің элементтерін еркін таңдау;
Өзін-өзі тану, өз орнын табу, өз қабілеттерін жүзеге асыру;
Философиялық аспектісі
• Гуманистік философия;
• Неопрагматизм;
• Экзистенциализм;
• Еркін тәрбиелеу;
• Ынтымақтастық педагогикасы;
Ынтымақтастық педагогикасы

  • Мұғалімнің авторитарлық ұстанымының демократиялық ұстанымға ауысуы,

  • Оқыту үрдісінде оқушылардың қабілеттерін дамыту;

  • Танымдық белсенділікті және өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін ынталандыратын оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру;

  • Оқушылардың өзіндік ұжымдық еңбегі;

Ынтымақтастық педагогикасы
Мұғалімнің авторитарлық ұстанымының демократиялық ұстанымғаауысуы,
Оқыту үрдісінде оқушылардың қабілеттерін дамыту;
Танымдық белсенділікті және өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін ынталандыратын оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру;
Оқушылардың өзіндік ұжымдық еңбегі;
«Дамыту көмегі» принципі
Ø Оқушыға өз қызметін түсінуге мүмкіндік беру;
Ø Оның өзіндік белсенділігін және ішкі күштерін ояту;
Ø Оқушы өзі таңдау жасайды, шешім қабылдайды және олар үшін жауап береді.
Технологиялық аспект

  • Модульдік оқыту;

  • Практикалық;

  • Сұхбат;

  • Шығармашылық зертхана, іскерлік зертхана;

  • Іскерлік ойын( имитациялық, зерттеушілік, іздеушілік);

  • Тренинг;

  • Кейс әдісі;

Бақылау формалары:

  • Курс портфелі;

  • Эссе;

  • Шығармашылық жоба;

  • Әр түрлі шығармашылық тапсырмалар;

  • Әр түрлі тестілік материалдар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет