Поәк bbbmotzhgtn 5301 «Бастауыш білім беру мазмұны және оқыту технологиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері»



бет35/53
Дата07.03.2023
өлшемі0,98 Mb.
#72420
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Түсіндірмелі басқару көмегімен:

  • Орташа және әлсіз оқушы күшті оқушыға ереді;

  • Пайымдау логикасы дамиды;

  • Оқушы сыныпты басқаратын мұғалімнің жағдайына қойылады.

С.Н.Лысенкова жүйесінің үшінші базисі-бұл тірек схемалар, немесе жай тіректер-қорытындылар.
Тірек схемалармен жұмыстың маңызды шарттары:Олар сыныпта үнемі жұмысқа қосылып отыруы керек, плакат ретінде ілініп тұрмауы керек.Сонда ғана олар мұғалімге жақсы оқытуға, ал оқушылардың жеңіл оқуына көмектеседі.
С.Н.Лысенкованың барлық базистері әдістемелік тәсілдерді тартады:

  • Бірінші сыныпта-үй тапсырмасынсыз

  • Жаңа тақырып бойынша үй тапсырмасы әр оқушы оны өз бетінше орындай алатын кезде беріледі.

  • Ережелерді механикалық жаттап алу болмайды.

  • Сараланған сұрау:әр оқушыдан «оныңуақытында» сұрайды,яғни ол жауап бере алатын кезде.

  • Балада ұйымдасқандықты тәрбиелеу.

  • Ата-аналармен өзара байланыс.

  • Оқу жылдарымен өзара байланыс-сабақтастық.

  • Барлық «киттер» мен тәсілдер өзара байланыста қолданылады.



Бақылау сұрақтары:
1.Қолдану деңгейі бойынша оза оқыту технологиясы қандай технологияға жатады?
2.Философиялық негізі боцынша оза оқыту технологиясы қандай технологияға жатады?
3.Дамудың негізгі факторы бойынша оза оқыту технологиясы қандай технологияға жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.



29-30 лекция. Мақсат қою және мақсатқа жету технологиясы


Жоспары:
1.Смарт-мақсаттар
2.Нақты мақсаттар мен өлшенетін мақсаттар
3.Қолжетімді мақсаттар мен нәтижеге бағытталған мақсаттар.
4.Нақты мерзіммен байланысты байланысты мақсаттар.
5.Мақсатқа жетуді талдау алгоритмі.

Мақсаты: білім алушыларды мақсат қою және мақсатқа жету технологиясымен таныстыру.


Түйін сөздер:смарт мақсат, нақты мақсат, өлшенетін мақсат, қолжетімді мақсат, нәтижеге бағытталған мақсат, мақсатқа жету алгоритмі, пайдалы дағды.
Ағылшын тілінен аударғанда «смарт» «ақылды» деген мағынаны береді. Бұл сөз 1954 жылы Питер Дукер енгізген аббревиатура болып табылады. Смарт өзіне мақсаттар қоюдың 5 критерийін біріктіреді:
- Spevcific - нақты;
- Measurable –өлшенетін;
-Ahievable- қол жетімді;
-Realistic-шынайы;
-Тіmed-уақыт бойынша анықталған. Кез келген мақсатты сипатталған бес критерий бойынша тексеру қажет:
1. Нақты. Мақсат айқын, нақты болуы тиіс.
2. Өлшенетін.Мақсатқа қол жеткізу нәтижесі өлшенетін болуы қажет.
3. Қол жетімді. Сіз осы мақсатқа қол жеткізуге қабілетті болуыңыз керек. Оған қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы қорларды меңгеруіңіз немесе осы қорларды игеруге қабілетті болуыңыз қажет.
4. Шынайы. Мақсатқа жету бойынша өз қорларыңызды шынайы бағалай білу қажет.
5. Уақыт бойынша анықталған. Мақсатқа қол жеткізу мерзімі нақты қойылуы тиіс. Мерзімсіз нақты мақсат болмайды.
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет