Ұсынылатын әдебиеттер 1.Шунк, Д.Х. Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі : Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.-
2.Дүйсенбаев А.Қ. Педагогика .Оқу-әдістемелік кешен .- Алматы: "Отан" баспасы, 2018.- 293 б.
3.Бұзаубақова К.Ж., Тәжібаева С.Ж. «Жаңа әлемнің жаңа мұғалімін даярлауда инновациялық технологияны пайдалану» тренингі : Оқу - әдістемелік құрал.- Тараз, 2018.- 100 б.
27-28 лекция. С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясы. Жоспары: 28.1 С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясының классификациялық параметрлері.
28.2 С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясыны мақсатты бағдарлары.
28.3 С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясының тұжырымдамалық ережелері.
28.4 С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясының мазмұндық ерекшеліктері.
28.5 С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясының әдістемелік ерекшеліктері.
Мақсаты:білім алушыларды С.Н.Лысенкованың оза оқыту технологиясымен таныстыру.
Түйін сөздер: гуманистік, саралау, даралау, табыс, әріптестік, оқу әрекетінің жылдамдығы.
Лысенкова Софья Николаевна-Мәскеу қаласындағы №587 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, СССР халық мұғалімі. Шешілмейтін бір мезгілде қосымша сабақтарсыз ешқандай «теңгермешіліксіз», ата-аналардың көмегінсіз оқыту міндетін шешті.
Классификациялық параметрлері: Қолдану деңгейі бойынша:жалпы педагогикалық.
Философиялық негізі бойынша: гуманистік.
Дамудың негізгі факторы бойынша: социогендік (биогендік және психогендік факторлармен қоса).
Игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлық.
Тұлғалық құрылымдарға бағдары бойынша: операциялықэлементтері бар ақпараттық.
Мазмұндық сипаты бойынша: оқытушы тәрбиелік,технократтық, жалпы орта.
Басқару типі бойынша: аз топтар жүйесі.
Ұйымдастыру формалары бойынша: дәстүрлі сынып-сабақтық, саралау және даралау элементтері бар академиялық.
Балаға қатынасы бойынша ынтымақтастық, әріптестік,басым әдісі бойынша диалог элементтері бар, түсіндермелі-иллюстративті.
Модернизация бағыты бойынша: оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мен басқару.
Білім алушылар категориясы бойынша: бұқаралық, ешқандай бөлшектеусіз.