Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет39/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45

Әдебиеттер 
1.
 
Международная  научно-практическая  конференции  «Современный  Казахстан и 
«Путь в Европу», 21 мая 2009. Выступление Н.А.Назарбаева. — Астана: Аккорда, 2009.  
2.
 
Мухидинова  Е.А.  Политика  Европейского  Союза  в  Центральной  Азии  в  сфере 
безопасности // Аналитика. ЦентральнаяАзия. — 2009.  
3.
 
The  European  Commission’s  Delegation  to  Kazakhstan,  Kyrgyzstan  and  Tajikistan 
//delkaz.ec.europa.eu.  
4.
 
Нурдавлетова С.М. Основные направления сотрудничества РК и ЕС // Вестник 
КазНУ. Сер. МО и МП. — Алматы: Қазақуниверситеті, 2006. — 62 с.  
5.
 
Международная  научно-практическая  конференции  «Современный  Казахстан и 
«Путь  в  Европу»,  21  мая  2009  г.  Выступление  Госсекретаря  РК  К.Б.Саудабаева.  — 
Астана, 2009.  
6.
 
Султанов Б.К. Казахстан и ОБСЕ, КИСИ. — Алматы. — 2008. — С. 199.  

300 
 
7.
 
ДаниярТемирбаев.  Глава  ОБСЕ  Марк  Перрен  де  Бришамбо:  Год 
председательства  Казахстана  в  ОБСЕ  дает  уникальные  возможности  странам  Европы и 
Азии стать ближе. — Вена. — КазТАГ. — 2010. — 3 февр. 
 
ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ–ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ 
ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ 
 
ЖЕҢСІКБАЙ Д. 
Алматы Университеті, «Қаржы» мамандығының 2 (4) курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ОСПАНКУЛОВ Е.Е. 
э.ғ.м., аға оқытушы, Алматы қ., Алматы университеті 
 
Қазіргі  таңда  экономиканың  тұрақты  дамуы  –  мемлекеттің  тұрақты  жағдайда 
болуы  деп  табылады.  Экономика  барлығымыз  білетіндей  ауданның,  елдің,  елдер 
тобының немесе бүкіл дүниежүзінің шаруашылығы. Ашып айтсақ, халық шаруашылығы 
(машина  жасау,  металлургия  және  т.б.)  және  түрлі  секторларда  (өнеркәсіп,  көлік,  ауыл 
шарушылығы)  жүретін  үрдістер,  өндіріс  және  оның  элементтері  (еңбек,  басқару  және 
т.б.).  Міне  бұлардың  барлығы  күнделікті  қайталанатын,  әрдайым  жаңарып  отыратын, 
мезгіл  сайын  жұмыс  істейтін  үрдістер.  Осы  үрдістердің  елдің  ішінде  де  атқырылуы 
ұлттық  экономика  түсінігін  береді.  Әрдайым  экономикамыз  қалыпты  болуы  үшін 
нарықта сұраныс пен ұсыныс тең болуы керек. Біздің қанша өніміміз шығарылса, оның 
сонша  тұтынушысы  болғаны  қалыпты  жағдайды  білдіреді.  Адам  Смитт  «өндіруші  мен 
тұтынушының  арасында  еркін  байланыс  болса  ешқандай  хаос  болмайды»-деген  екен. 
Яғни өнім артық  қалып қойса, өнім жетпей қалған тұтынушылармен теңестірілуі  керек 
[1]. 
Мемлекеттің экономикасы адамның өмірі тәріздес. Әр кезде әртүрлі, өзіне қарауы, 
дұрыс  тамақтануы,  ұтымды  шешім  қабылдауы  жақсы  жағдайға  алып  келеді.  Ал  егер 
өзіне қарамаса, дұрыс  тамақтанбаса,  алдына  мақсат қоймай, күндерін бос әурешілікпен 
өткізсе,  оның  соңы  жақсылыққа  алып  келуі  екі  талай.  Міне  осы  сияқты  экономиканың 
қалыпты жағдайда болуын бақылап тұрмаса (мемлекеттің тікелей міндеті) елдің жағдайы 
ушығып кетуі мүмкін. 
Адамға  не  теріс  әсер  етуі  мүмкін?  Оның  дұрыс  мақсат  қоймауы,  жақсы  үлгілі 
ортаның болмауы, тәртіптің аздығы, білімнің таяздығы және т.б. себептер бар. Дәл солай 
елдің  экономикасына  мемлекеттегі  басқару  жүйесінің  әлсіздігі,  мемлекеттің  өз 
қызметтерін  (ұйымдастыру,  басқару,  бақылау,  жоспарлау)  толық  орындай  алмауы, 
халықтың белсенділігінің төмен болуы және т.б. себептер әсер етеді. Соның ішінде елдің, 
әлемнің экономикасының тежеушісі  – қаржылық  дағдарыс болып табылады. Ол қайдан 
шығады?  Ол  белгілі  бір  мемлекетте,  экономикалық  аймақта  ақша  қаражатының 
жетіспеушілігінен  немесе  жасанды  қаржы  көпіршігінен  пайда  болады.  Мысалы,  бұрын 
сонды  әлемнің  астанасы  болған  Ежелгі  Римге  дер  кезінде  Египеттен  нан  жеткізілмесе, 
елде аштық болған. Міне осыдан дағдарыс пайда болып, елдің берекесі кеткен. Дағдарыс 
–  елдегі  мәселелердің  қоғамдық  сипат  алып  кері  кету  процесінің  болуы.  Яғни 
дағдарыстың  нақты  шығу  себебі  бар.  Бұл  мемлекеттердің,  субаймақтардың, 
транскомпаниялардың  бір-бірімен  тығыз  қарым-қатынаста  болуы.  Олардың  теріс 
әсерлері  бір-біріне  әсер  етпей  қоймайды.  Бір  елдегі  дағдарыс  басқа  елдердің 
экономикасына да кедергі жасайды [2]. 
Қазіргі  таңда  бұл  тақырып  өте  өзекті  болып  табылады.  Қаржылық  дағдарыстың 
алдын  алу  үшін  қандай  шаралар  жасалуда.  Әлемдегі  алпауыт  мемлекеттердің  өзі 
дағдарысты  еңсеріп  өте  алмауда.  2008-2012  жылдары  әлемді  дүрліктірген  дағдарыс 
ешкімді  бейжай  қалдырмады.  2007  жылы  АҚШ-тың  мейірімділігі  сондай  70-тен  асқан 
зейнеткерлерге 40-50 жылға үйді ипотекаға берді. Оны қайтару қиынға түсті. Ең бірінші 

301 
 
оны  берген  банктер  үйді  тартып  алып  отырды,  кейін  оны  сатуға  қойды.  Сөйтіп 
жылжымайтын мүліктің бағасы төмендеп кетті. АҚШ-тың жылжымайтын мүлігіне деген 
бағалы  қағаздар  жай  қарапайым  қағазға  айналғандай  құнын  жоғалтты.  Ол  әлемдегі 
жылжымайтын мүліктің бағалы қағазының құнсыздануына алып келді. Сөйтіп осы күнге 
дейін  жалғасын  тапқан  дағдарыспен  күресу,  оның  алдын  алу  ұлттық  экономикамызды 
дамытудың басты кепілі екені анық. 
Елбасымыз 2013 жылдың 23 мамырында  «VI  Астана экономикалық форумы мен 
Дағдарысқа  қарсы  дүниежүзілік  конференцияның»  салтанатты  ашылуы  барысында 
айтқаны:  «Бұл,  ең  алдымен,  қаржы  көпіршіктерін  қолдан  үлкейту,  жеңіл  ақшаға  деген 
ашкөздік  және  ұлттық  қаржы  институттарында  тиісті  жауапкершіліктің  болмауы, 
жаһандық қаржы құрылымдарының әлсіздігі. Жаһандық дағдарыстың осы және басқа да 
іргелі  себептері  әлі  де  жойылған  емес»,-  деді  Н.  Назарбаев.  Яғни  бүгінгі  күндері  бұл 
тақырыптың өзектілігі осы болып табылады [2]. 
Қаржылық  дағдарыс  -  төтенше  жағдайлардың  (экономикалық,  саяси,  әскери 
жағдайлардың)  әсерінен  болатын  мемлекеттік  қаржының  барынша  азаюы.  Әдетте 
экономикалық  дағдарыспен  байланысты  болып  келеді;  мемлекеттік  бюджеттің 
созылмалы 
тапшылығымен, 
инфляциямен, 
салық 
және 
несие 
жүйелерінің 
үйлесімсіздігімен,  сыртқы  қарыздар  бойынша  төлем  төлеуге  қабілетсіздігімен 
сипатталады. 
«Дағдарыс, дағдарыс» деп айтамыз, ал жалпы, қаржылық дағдарыс деген не, оның 
негізгі белгілері қандай? Соған жауап іздейтін болсақ, әлемдік өлшем бойынша, егер 20% 
халықтың табыс мөлшері күнкөріс минимумынан аз, ал орташа зейнетақы азық-түлікке 
әлемдік  баға  болған  жағдайда  150  АҚШ  долларынан  кем  болса,  бұл  дегенің  ауқымды 
экономикалық  дағдарыс  белгісі  болып  табылады.  Дамыған  елдерде  ЖҰӨ  кері  өсу 
қарқыны, акция курсы төмен, төлем балансының тапшылығы сынды белгілер байқалса, 
экономикалық дағдарысқа тап болды деген сөз. Тарихқа үңілетін болсақ, бірнеше мысал 
да  келтіре  аламыз.  1929  жылы  өзара  байланысты,  бірнеше  басты  экономикаларды 
қамтыған классикалық-капиталистік қалыптағы «қайта өндіру» дағдарысын айта аламыз. 
Одан  кейін  бүкіл  әлем  елдерін  қамтыған  жаһандық  дағдарыс  есебінде  1997-1998 
жылдардағы  азиялық  дағдарыс  мысал  бола  алады.  Ресей  Федерациясының  ФСФР  бас 
кеңесшісі,  «Экономиканың  жоғарғы  мектеп»  мемлекеттік  университетінің  қаржы 
нарығын  сараптау  зертханасының  төрағасы  Юрий  Даниловтың  айтуынша:  «Өткен 
ғасырдың  соңғы  он  жылдығында  дамыған  экономикалар  қарқындап  өсе  келе,  олардың 
әлемдік  экономикадағы  үлесі  өсті,  бірақ  көбі  дағдарысқа  тап  болып  отырды. 
Нәтижесінде,  1998  жылы  экономикалық  дамуының  қарқынын  сақтап  қалған  бірнеше 
мемлекет  ғана  қалды.  Бұдан  көретініміз,  дағдарыстар  жаһандануда  және  азияттық 
дағдарыстан  кейін  болатын  дағдарыс  масштабы  одан  бірнеше  есе  мықты  болмақ. 
Жақындағы дағдарыс және одан кейін болатын толқындардың барлығы — жай ғана одан 
асқан  түбегейлі  өзгерістердің белгілері,  яғни әлемдік  экономиканың жоғарғы  қарқынды 
өсім  кезеңінің  аяқталғандығының  белгілері  болып  табылады».  Бұдан  аңғаратынымыз, 
қазіргі  жаһандану  заманында  тек  өркениеттер  үндестігі  ғана  емес,  субаймақтық 
дағдарыстар  үндестігі  де  байқалатындығы.  Ал  олардың  әлемдік  шаруашылыққа  немесе 
жеке  мемлекеттік  масштабта  қарасақ  та,  елдің  тұрақтылығы  мен  экономикалық  әрекет 
қабілеттілігіне кері әсер беруі айдан анық дүние болып тұр [3]. 
Осы  күнге  дейінгі  болған  дағдарыстар  белгілі  қаржы  нарығында  пайда  болған 
үйлесімсіздіктен пайда болды. Нақты тегінен айырылған, бернеше рет жасалған туынды 
қаржы  трансакциялардың  нәтижесінде  жинақталған  ақшалай  қаражат  виртуалды  түрде 
ғана  болса  да  қыруар  ақша  ресурсы  әлемдік  экономикаға  елеулі  нұқсан  келтіреді. 
Кепілхатты,  бағалы  қағаздарды  тәуекелден  қайта  сақтандырудың  және  олардан  пайда 
алудың орасан зор көп қабатты, әрі көп сатылы жүйесі қалыптасты. Нәтижесінде әр түрлі 
бағалы  қағаздардарды  ұстанушылар  –  «тәуекелдердің  қожайындары»  орта  арадағы 

302 
 
буындардың  көп  санының  болуына  байланысты  бастапқы  кепілхатпен  байланысты 
жоғалтты.  Халықаралық  есеп  айырысу  банкінің  деректері  бойынша  2008  жылдың 
маусымында  туынды  қаржы  құралдарының  (деривативтердің)  жалпы  шартты  құны  684 
трлн. долларды құрады. Жасанды ақшамен шексіз айла-шарғы жасау барысында әр түрлі 
қызықтыратын шаралар ойлап табуға болады және оларды белгілі қаржыгерлердің өздері 
де  пайдаланады.  Қаржы  пирамидасын  құрып,  инвесторларға  50  млрд  доллар  залал 
шектірген  Насдак  қор  биржасының  бұрынғы  төрағасы  Роберт  Мэддофтың  тұтқынға 
алынуы осыны растайды [4]. 
Адамзат  өркениеті  даму  тарихында  дағдарысты  кезеңнен  өтіп  отырған.  Ерте 
дәуірде  азық-түліктің  жетіспеушілігінен,  «өнеркәсіп  төңкерісі»  кезінде  халықтың 
төлемақы қабілетінің нашарлауынан сұраныс төмендеп кетіп отырған. Тауар өндірісі мен 
сұраныстың арасындағы тепе-теңдіктің сақталмауы дағдарысқа әкеліп соқтырады. 
Соңғы  екі  ғасырда  Америка  және  Еуропа  елдерін  қамтыған  экономикалық 
дағдарыстар  саны  20-ға  жеткен.  Тарихи  мәліметтер  бойынша  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен 
ХХ  ғасырдың  басында  жиілеген  қаржылық  дағдарыстар  араға  10-12  жыл  салып 
қайталанып отырған. 
Дағдарыстардың  дүниежүзілік  тарихына  көз  жүгіртсек.  Алғашқы 
халықаралық  қаржы  дағдарысы,  Нью-Йорктегі  қор  биржасының  дағдарысы,  ұлы 
депрессия, алғашқы энергетикалық дағдарыс, азиялық, ресей дағдарысы, 2008 жылғы 
дағдарыс, 2011 жылғы қарыздық еуродағдарыс, 2013 жылғы дағдарыс. 
1825 – Алғашқы халықаралық қаржы дағдарысы. 1820-шы жылдардың басында 
еуропалық инвесторлар (негізінде Ұлыбританиядан шыққан) Латын Америкадағы алтын 
және  күміс  кеніштерді  өңдеуге  қаржы  құйған.  Аймақта  шығарылған  асыл  металдар 
Англияға  –  ерекшелеп  айтқанда  Лондондағы  қор  биржасына  апарылатын.  Алтын  мен 
күміспен жаппай саудагерлік Англия Банкінің қорларын әлсіретті, Ұлыбританияның банк 
жүйесіндегі  үрейге  әкелген  қор  дағдарысы  оқыстан  басталды.  Дағдарыс  Латын 
Америкаға шапшыды, өйткені алтын іздеушілер негізгі өтім нарығын жоғалтты. 
1907  –  Нью-Йорктегі  қор  биржасының  дағдарысы.  Англия  банкі  алтын 
қорларды  толықтыру  үшін  есептік  мөлшерлемені  3,5%-дан  6%-ға  көтерді.  Бұл 
капиталдың  АҚШ-тан  жылыстауына  әкеліп  соқты  –  инвесторлар  Корольдықтың 
мемлекеттік  қағаздарына  ынталана  қаржы  құятын.  Нью-Йорк  қор  биржасындағы 
акциялар құлдырады. 
1914  –  Халықаралық  қаржы  дағдарысы.  Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың 
басталуымен  қоздырылды.  Себебі  –  әскери  әрекеттерді  қаржыландыру  үшін  АҚШ, 
Ұлыбритания,  Франция  және  Германия  үкіметтерінің  шетелдік  эмитенттердің 
қағаздарын жаппай жеңілдік ұсыныммен сатуы. 
1929-1933  –  Ұлы  депрессия.1929  жылғы  29  қазанда  американдық  биржаларда 
барлық  қор  индекстері  түсіп  қалды.  Дағдарыс  алдында  дамып  келе  жатқан  елдерде 
өндіріс қысқарылды: 1927-1928 жж. АҚШ-тағы қор нарығының шуы капиталдың Еуропа 
мен  Латын  Америкадан  жылыстауына  әкеліп  соқты,  Австралия,  Аргентина,  Бразилия, 
Уругвайда  бірнеше  валюталық  дағдарыстың  болуын  ушықтырды.  Сол  кездегі  ресми 
мәліметтерге сүйенсек, АҚШ-та жұмыссыздық 14 миллион адамды құраған, барлығы 32 
елді қамтыған бұл  дағдарыстан 30 миллиондай адам зардап шеккен. Өнеркәсіп өндірісі 
24 пайыздан 46 пайызға қысқарған. 
1933 – Доллар дағдарысыАҚШ Президенті АҚШ-тағы алтын стандарттың әсерін 
тоқтатуды  шешті.  Сол  уақытқа  қарай  ЕҚН-да  алтын  қорлары  елдегі  ақша  көлемін 
өтемеді.  Рузвельттің  жоспарлары  жүзеге  асып  кететінінен  қауіптеніп,  шетелдік 
инвесторлар  доллар  сатып  алып,  оларды  алтынға  ауыстырып,  елден  асыл  металдарды 
шығара  бастады.  Нәтижесінде  Рузвельт  ойлағанын  іске  асырды:  доллардың  алтынға 
байланысын жойды. 
1973 – энергетикалық дағдарыс. Мұнай шығару көлемдерін төмендеткен елдер - 

303 
 
ОПЕК  мүшелерінің  ұсынысынан  басталды.  Демек,  қара  алтынды  өндірушілер  әлемдік 
нарықта  мұнай  құнын  көтеруге  тырысты.  1973  жылғы  16  қазанда  мұнай  баррелінің 
бағасы 67%-ға - $3-тен $5-ке дейін көтерілді. 1974 жылы мұнай құны $12-ге жетті. 
1997  –  Азиялық  дағдарыс.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  бері  азиялық  қор 
нарығының ең ауқымды төмендеуі. Дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен шетелдік 
инвесторлардың кету салдары. Себебі – аймақтың ұлттық валюталарының құнсыздануы 
және  ОША  елдерінің  төлем  балансы  тапшылығының  жоғары  деңгейі.  Экономистердің 
есептеуі бойынша азиялық дағдарыс дүниежүзілік ІЖӨ-ні $2 трлн-ға төмендетті. 
1998  –  Ресей  дағдарысы  және  ТМД  елдерінің  дағдарысы.  Дефолт  себептері: 
Ресейдің  орасан  зор  мемлекеттік  қарызы,  шикізатқа  төмен  әлемдік  бағалар  (Ресей  – 
әлемдік нарықты мұнай мен газбен ірі жабдықтаушы) және РФ үкіметі мерзімінде төлей 
алмаған  мемлекеттік  қысқа  мерзімді  облигациялар  пирамидасы.  Рубльдің  долларға 
шаққан  бағамы  1998  жылғы  тамызда  –  1999  жылғы  қаңтарда  3  есеге  –  бір  долларға  6 
рубльден 21 рубльге төмендеді. 
2008 – дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарысАҚШ-тағы сенімсіз қарыз 
алушылар  үшін  ипотека  дағдарысы  сияқты  басталды.  Бірақ  біртіндеп  ипотекалық 
дағдарыс қаржылық дағдарысқа айнала басталды. Ірі банктердің күйреуге ұшыраулары, 
ұлттық  үкіметтер  тарабынан  банктерді  құтқару  басталды.  Қор  нарықтарындағы  баға 
белгілеулері  2008  жыл  бойы  және  2009  жылдың  басында  күрт  төмендеді.  Компаниялар 
үшін  құнды  қағаздарды  орналастыру  кезінде  капиталдарды  алу  мүмкіндіктері  елеулі 
түрде  азайды.  Дағдарыс  әлемдік  сипатты  иеленді  де,  бірте-бірте  өндіріс  көлемдерінің 
тегіс  төмендеуімен,  шикізатқа  сұраныс  пен  бағалардың  азаюымен,  жұмыссыздықтың 
өсуімен байқала бастады. 
2010-2012  –  Еурозонаның  қарыздық  дағдарысы.  2010  жылы  алдымен 
Еуроодақтың шалғайдағы елдерін (Грекия, Ирландия), кейіннен тіпті барлық еурозонаны 
билеген  қарыздық  дағдарыс.  2009  жылғы  күзде  Грекиядағы  мемлекеттік  облигациялар 
нарығының  дағдарысын  дағдарыс  көзі  деп  атайды.  Еурозонаның  кейбір  елдері  үшін 
(Грекия, Португалия, Испания, Италия, Бельгия және т.б.) мемлекеттік қарызды қайтару 
немесе қаржыландыру да күрделі немесе мүмкін емес болды [5]. 
Осындай  ретте  дағдарыстар  жалғасын  тапқан  болатын.  Экономика  әрдайым 
қозғалыс үстінде болады. Біресе төмендейді, кейде шарықтайды. Бірақ  оның да өзіндік 
себептері  бар.  Ерекшелігі  –  мемлекеттердің,  ірі  транскомпаниялардың  арасындағы 
байланыстардың тығыздығы сонша, қаржылық дағдарыстың басқа елдерді айналып өтуі 
қиын.  Әлемдік  дағдарыс  салдарынан  2007-2008  жж.  Қазақстан  экономикасының  қаржы 
және  құрылыс  салаларында  құлдырау  байқалды.  Шикізат  тауарларына  сұраныс  кеміді, 
халықты еңбекпен қамту және баға түсіп кетті. Жалпы, елдің экономикалық өсу қарқыны 
төмендеді.  2007  жылы  ішкі  жалпы  өнім  8,5  пайызға  өссе,  2008  жылы  3,1  пайызға 
төмендеген,  2009-2010  жж.  көрсеткіштер  де  мәз  емес.  Дағдарыстың  алғашқы  жылдары 
инфляция  орта  есеппен  17  пайызды  құраған.  Осы  кездері  бір  бөлке  нанның  бағасы  70 
теңгеге өсіп кетті. 
Халық  банкі  мәліметтерінде  несиелендіру  жүйесіне  халықтың  42  пайызы  (3455 
мың адам) тартылған, соның ішінде фирмалар 10 пайызды құраған. Қаржылық дағдарыс 
халықтың  несиені  қайта  рәсімдеу  кезінде  байқалды,  басқаша  айтқанда,  банктен  алған 
алғашқы несиесін жабу үшін алынған екінші несиені өтеу қиынға соқты. Осылайша ел-
жұртымыз  қарызға  батты.  20-22  пайыз  үстемемен  несие  алған  адамдар,  жұмыстың 
қысқарып,  жалақының  азаюы  салдарынан  қайтару  мүмкіндігінен  айырылды.  Тіпті,  осы 
кезде  небір  сорақы  әрекеттерге  бел  буғандар  да  табылып  жатты.  Қазақтың  белбауын 
босатпау үшін осындай сынақ керек те шығар. 
Экономиканы дағдарысты жағдайдан алып шығу, қаржылық секторды сауықтыру 
мақсатында  Қазақстан  Үкіметі,  Ұлттық  банк  және  Қаржы  қадағалау  агенттігінің  2009-
2011  жж.  арналған  бірлескен  жоспарына  сәйкес,  Ұлттық  қордан  20  млрд.  доллар 

304 
 
көлемінде қаржы бөлініп, инвестиция ретінде экономика саласына құйылды. 
Дағдарыс өзін экономикалық өзара байланысы терең, әрі күшті ғаламдық құбылыс 
екенін  көрсетті.  Халықаралық  еңбек  бөлінісі  жаңаша  бөліне  бастады,  осының 
нәтижесінде өңірлердің шиеленісті бәсекесінің барысында әр түрлі салаларға мамандана 
бастады.  Әлемнің  барлық  елдері  өзара  тығыз  байланыста  болды.  Мысалы,  американ-
қытай  сауда-экономикалық  ықпалдастығы  арасындағы  сауда  ықпалдыстығын  бұзу 
мүмкін емес және елдер күннен-күнге бір-біріне тәуелді бола бастады. АҚШ-қа арналған 
қытайландырылған  өндіріс  және  Қытай  үшін  американдырылған  сұраныс  қалыптасты 
десе болады [4]. 
Елбасы  2009  жылғы  «Дағдарыс  арқылы  жаңарумен  дамуға»  атты  Жолдауында: 
«Тәуелсіздік  шежіресін  парақтасақ,  күйреген  кеңестер  империясының  орнына  жаңа 
мемлекет  құру  бізге  оңайға  түскен  жоқ.  Тұралап  қалған  экономиканы  қайта  қалпына 
келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел 
болып  ол  қиындықтарды  да  еңсеріп  өттік»,  дей  келе,  «дағдарыстар  өтеді,  кетеді.  Ал 
мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады», 
деп  қадап  айтқан  болатын  [6].  Адамның  өміріндегідегі  қиыншылықтар  сынды 
экономикада  дағдарыстар  болады.  Ең  бастысы  мемлекеттер,  компаниялар  дер  кезінде 
мәселені анықтап, оны болдырмауға немесе аз шығынмен шығуға әрекет етуі керек. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қаржы-экономикалық сөздік,экономика баспасы, 652 бет. 
2. Уикипедия энциклопедиясы. 
3.  Дағдарыстан  кейінгі  әлем.  Жаһандық  үрдіс-2025:  әлемнің  өзгеруі.  АҚШ-ның 
Ұлттық барлау кеңесінің баяндамасы. 
4.  О.Б.  Баймұратов.  Ұлттық  экономика.  Ғаламдық  қаржы  дағдарысы  және  ҚР 
Үкіметінің оны еңсеру жөн іс-шаралары, 128 бет. 
5.  Оразалы  Сәбден.  Экономика.  Әлемдік  экономикалық  дағдарыс-технологиялық 
укладты алмастырушы процесс, 118 бет. 
6.  Дағдарыстан-жаңаруға,  мәлімет  БҒМ  ҒК  Мемлекет  тарихы  институтынан 
берілді. 
 
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫ-КӘСІПКЕРЛІКТІҢ  ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ 
МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
                                                 ЖҮНІС Н.А.  
3 курс студенті «экономика», мамандығы, Алматы Университеті, Алматы қаласы 
                                             Ғылыми жетекшісі: УМЕРОВА Ж.А. 
м.в.а., Алматы Университеті, Алматы қаласы. 
 
    "Қазақстан  өз  азаматтары  үшін  өмір  сүрудің  жоғары  стандарттарын  жасай 
отырып,  әлемнің  тиімді  дамып  келе  жатқан  елдерінің  қатарына  қосылуы  тиіс"  деген 
концепцияны  ұсына  отырып,  еліміздің  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына 
арнаған  жолдауында  кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттің  жеделдетілген  экономикалық 
және әлеуметтік прогресс негіздерінің бірі ретінде қарастырады. 
Кәсіпкерлік  қызметтің  мәні  туралы  Қазақстан  Республикасы  Азаматтық 
Кодексінің 
10-бабында 
былай 
деп 
айтылған:                                                                                                
"Кәсіпкерлік—меншік түріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға 
(жұмысқа,  қызметке)  сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  пайда  немесе  табыс  табуға 
бағытталған,  жеке  меншікке  (жеке  кәсіпкерлік)  не  мемлекеттік  кәсіпорындарды 
шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызмет". 
Менің    жұмыс  тақырыбымның  өзектілігі—кәсіпкерлік,  оның  қазіргі  кездегі 
жағдайы, 
әлем 
тәжірибесіндегі 
кәсіпкерліктің 
мәні 
мен 
оның 
мемлекет 

305 
 
экономикасындағы  ролі  және  Қазақстандағы  кәсіпкерліктің  даму  тенденциялары 
қарастырылады.  Осы  жұмысты  орындау  барысында  алға  қойған  мақсаттарым  мен 
міндеттерім мынадай: 
• 
Кәсіпкерлікті экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде қарастыра 
отырып, оның мәнін, нарықтық экономикадағы маңызын айқындау; 
• 
Әлемдік  тәжірибедегі  кәсіпкерлік  қызметті  зерттей  келе,  Қазақстан 
Республикасындағы кәсіпкерліктің даму перспективаларын анықтау; 
• 
Кәсіпкерлікті дамыту жолындағы жүргізіліп жатқан мемлекет саясатының 
негізгі бағыттарын қарастыру.    
     Кәсіпкерлік—пайда  алу  мен  жеке  табыс  табуған  бағытталған,  азаматтардың 
белсенді, шығармашылық дербес іс-әрекеті.Кәсіпкерлік рыноктық экономикада құлшын 
кең  жайған  құбылыс.  Кәсіпкерліктің  негізгі  және  маңызды  белгілері  мыналар:                         
1.Шарушылық 
субъектілерінің 
жеке 
даралығы 
және 
тәуелсіздігі.                                                                                                
Әрбір  кәсіпкер  өндірістік,  коммерциялық,  қаржылық  және  тағы  басқа  да  мәселелерді 
жеке 
дара 
тәуелсіз 
шешеді.                                                                                                 
2.Экономикалық 
қызығушылық.                                                                                                   
Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы—экономикалық-
әлеуметтік  тиімділік.  Өз  пайдасын  көздей  отырып,  кәсіпкер,  сонымен  қатар  қоғамдық 
мүдделерге де қызмет етеді.                                                                                3.Новаторлық, 
творчествалық 
алғышарт.                                                                                          
Кәсіпкерлік  қызметтің  тиімділігі  өнімнің  жаңартылуы,  ешкім  ойламаған  мүлдем  жаңа 
шешімдер  қабылдау  қабілеті,  икемділігі,  биіктілігі,  туындаған  жағдайда  дұрыс  және 
дәлме-дәл 
бағалауы, 
батыл 
шешім 
қабылдап 
оны 
жүзеге 
асыруы.                                                         
4.Шаруашылықтағы 
нар 
тәуекелділігі.                                                                                               
Кәсіпкерлік  қызметті  жүргізу  әрқашан  да  нар  тәуекелмен  жүзеге  асатын,  күрделі  де 
жауапты 
шара.                                                                                                                                    
5.Қызмет  бабының  қысқа  мерзімділігі,  икемділігі  және  тиімді  тактикалық  әдістерін 
қолдану.                          
         Кәсіпкерлікті 
қалыптастыру 
белгілі 
бір 
жағдайларды 
қажет 
етеді:Экономикалық, 
әлеуметтік, 
құқықтық.                                                                                                                                               
• 
Экономикалық  жағдайлар:  тауарлар  ұсынысы  мен  оларға  деген  сұраныс, 
тұтынушылар  сатып  ала  алатын  тауар  түрлері,  ақша  құралдарының  көлемі,  жұмыс 
күшінің,  жұмыс  орындарының,  жұмысшы  жалақысының  деңгейінің  артықшылығы 
немесе 
жетіспеушілігі.                                                                                                                                 
• 
Әлеуметтік  жағдайлар:  тұтынушылардың  талғамына  сай  келетін  және 
қажеттілігін қанағаттандыратын тауарларды сатып алуға ұмтылуы. Әр түрлі кезеңдерде 
олардың 
қажеттілігі 
өзгеруі 
мүмкін.                                                                                                                
• 
Құқықтық  жағдайлар:  кәсіпкерлік  қызметті  реттейтін,  кәсіпкерліктің  дамуына 
тиімді  жағдай  жасайтын  заңдардың  қалыптасуы,  яғни  кәсіпорынды  тіркеу  мен  ашудың 
тездетілген  әрі  жеңілдетілген  процедурасы,  мемлекеттік  бюрократизм  әсерінен 
кәсіпкерді қорғау, өндірістік кәсіпкерлік қызметке бағытталған салықтық заң шығаруды 
жетілдіру,  Қазақстан  мен  шетелдік  мемлекеттер  кәсіпкерлерінің  бірлескен  қызметтерін 
дамыту. Кәсіпкерлік қызметке берілетін құқықтық кепілдеме мәселесі бойынша, сондай-
ақ  меншікті  иелену  құқығы  мен  келісімшарт  міндеттемелерін  сақтау  сияқты  заң 
шығарушылық талаптарды дайындау маңызды қызмет атқарады.    
Әлемдік тәжірибедегі кәсіпкерлік қызметтің даму тенденциялары 
Кәсіпкерлік мемлекет экономикасының басты элементі болып есептелінеді, себебі 
ол  өндіріс  аясында  экономикалық  қызмет  ретінде  басқарушы  қызметпен  ерекшелінеді. 
Мемлекеттің  өзі  саяси биліктің  субъектісі  және  мемлекеттік  меншік  иесі  болғандықтан 
тікелей  шаруашылық  кәсіпкерлік  қызметтерге  араласпайды,  ол  тек  әзірше 
(мүмкіндігінше  толығымен  жетілдірілген)  жұмыс  атқарып,  қызмет  көрсетіп  жатқан 

306 
 
мемлекеттік  кәсіпорындар,  шаруашылық  ұйымдары  арқылы  кәсіпкерлік  қызметке 
араласады. 
Америка Құрама Штаттарының кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері. 
АҚШ  –  та  капитал  кәсіпкерлік  ассоциацияларда,  соның  ішінде  кең  тараған  түрлерінің 
бірі салалық кәсіпкерлік ассоциацияларда  жинақталады. Ассоциациялар компанияларға 
(жекелеген  бизнесмендерге,  корпорацияларға,  фирмаларға)  қаржы  есептерін  жасауға, 
бюджетті жоспарлауға көмектеседі, олар баға белгілеу процесін қарастырады, нарықтық 
конъюктураны  зерттеп,  коммерциялық  жарнама  тиімділігінін  ұлғайту  үшін  жаңа  әдіс  – 
тәсілдер іздейді.                                                                                             АҚШ – та “іскер 
бірлік”  деп  аталып  кеткен  кәсіпорындарды  меншік  формасына  және  ұйымдық  – 
құқықтық  дәрежесіне  байланысты  оларды  үш  категорияға  бөліп  қарастыруға  болады: 
корпорациялар,  серіктестіктер  және  жеке  компаниялар.  Соңғысы,  яғни  жеке 
компаниялар  кәсіпкерліктің  классикалық  формасы  болып  табылатын  жеке  меншік 
кәсіпкерлік  фирмасының  ары  қарай  дамуына  бастама  болып,  жағдай  жасайды.  Мұндай 
компания 
белгілі 
бір 
заңды 
тұлғаның 
жеке 
меншігінде 
болады.                                                 
Ірі  және  кіші  кәсіпорындардың  жеңілдетілген  серіктестік  формасы  –  франчайзинг 
Құрама  Штаттарында  кең  ауқымда  дамыды.  Франчайзингтің  негізгі  мақсаты  –  кіші 
бизнесті  дамыту  барысында  қаржы,  материалдық,  ақпараттық  және  адам  ресурстарын 
толығымен 
қолдану 
болып 
табылады.                                                                                                              
Өткен  ғасырдың  80-жылдары  АҚШ  –  та  жеке  және  ұжымдық  инновациялық  бизнестің 
қарқынды  дамуымен  сипатталады.  Кіші  инновациялық  өндіріс  кішігірім  инновациялық 
кәсіпорын, 
яғни 
зерттеушілер, 
ғалымдар, 
инженерлер 
еңбегінің 
негізінде 
ұйымдастырылды.  Көптеген  кішігірім  инновациялық  кәсіпорындар  дәстүрлі  ғылыми  – 
зерттеу 
және 
конструкторлық 
өндірістік 
корпорациялар 
комплексінің, 
университеттердің,  пайда  түсірмейтін  зерттеу  мекемелерінің  жұмысына  толықтырулар 
енгізіп,  оларды  табысқа  жетеледі.  Осындай  мекемелерге  қарағанда  шикізаттық 
қамтамасыз  ету  нашарлығына  қарамастан,  ғылыми  –  техникалық  прогресс  сферасында 
кішігірім фирмалар ғылыми – техникалық қызметкерлердің талабы мен шығармашылық 
потенциалын максималды пайдалан отырып, көздеген мақсатына жетеді. 
АҚШ тәжірибесі көрсеткеніндей, толық шикізаттық қамтамасыз етілмеу 
жағдайында кішігірім инновациялық бизнес өз ісін ары қарай жалғастыру үшін оны 
қолдайтын өзіндік жүйе ұйымдастыру керек. Оның негізгі бағыттары мынадай:                                          
Қаржылық қолдау;                                                                                                                                       
• Материалды – техникалық қолдау;                                                                                                                
• Ақпараттық қолдау;                                                                                                                         
• Кеңес беру.                                                                                                                                           
Берілген  жүйені  іске  асыру  үшін  бүгінгі  күнде  федералдық  үкіметтің,  жергілікті 
билік  органдарының,  қоғамның, 
университеттердің,  жеке  бизнестің  жігері 
бағытталған.Кіші  фирмалардың  қаржы  құралдарын  алуда  және  қолдануда  жеңілдік 
жасауға  бағытталған  қаржы  ағынын  реттеу  кіші  бизнеске  қатысты  мемлекеттің 
инновациялық саясатының негізі болып отыр. Мұнда бюджеттен мақсатты субсидиялау 
және кіші фирмалардың инновациялық қызметін қаржыландыруға жеке капиталды тарту 
сияқты 
екі 
бағыт 
ерекшеленеді.                                                                                                                                   
•  Мақсатты  бюджеттік  қаржыландыру  қайтарылмайтын  субсидиялау  түрінде 
жеңілдетілген қарыз беру және жаңа өнім мен технологияларды жетілдіру үшін келісім 
шарт 
жасау 
арқылы 
жүргізіледі.                                                                                                                  
• Кіші инновациялық бизнеске қатысты мемлекеттің инновациялық саясатының маңызды 
бағыттарының  бірі  федералдық  үкімет  деңгейінде  қаржыландыруға  жеке  капиталды 
тарту арқылы жүргізіледі. 
Жапонияның      кәсіпкерлік      қызметті      ұйымдастыру      ерекшеліктері.                  
Жапонияда  кіші  және  орташа  кәсіпорындар  өндірістің  өңдеуші  салаларының  негізін 

307 
 
құрайды.  Мұнда  еңбекақысын  төлеудің  ұдайы  жүйесі  кең  таралған.  Кіші  және  орташа 
кәсіпорындарды  көбіне  әлеуметтік  несиелік  кооперативтер  қаржыландырады. 
Кәсіпорынды  басқарудың  жапондық  жүйесінің  кәсіпкерлікті  дамыту  және  жоғары 
табыстылығы мен қызметкерлерін қамқорлыққа алу сияқты бағыттары оның тиімділігін 
арттыратыны  сөзсіз.Барлық  маңызды  көрсеткіштер  бойынша  Жапонияда  барлық 
коллектив  түріндегі  ұжымдық  кәсіпкерлік  басым  болып  келеді.  Жапондық 
басқарушылар  мен  басқа  да  қызметкерлердің  өзінің  фирмасымен  идентификация 
дәрежесі  жоғары.  Фирмалардың  басым  көпшілігі  жұмысшыларды  барлық  өмірлік 
мерзімге  жалдайды,  жұмысшыларды  ортақ  ынта  арқылы  біріктіріп,  оларды  басқаруға 
және  шешім  қабылдауға  тартады.  Дегенмен,  маңызды  кәсіпкерлік  шешімдерді  әдетте 
осы  мәселені  қарастыру  барысында  төменгі  сатыдағы  топтардың  міндетті  қатысуымен 
жоғары басшылар қабылдайды. 
Ресей Федерациясының кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру ерекшеліктері.  Қазіргі 
таңда  Ресейде  жүргізіліп  жатқан  реформалардың  түпкі  мақсаты  әлеуметтік  проблема  – 
халықтың  өмірін  жақсарту  проблемасын  шешуге  бағытталған.  Ол  үшін  экономиканы 
“тұтынушыға  қызмет  ету”  режиміне  ауыстыру  керек.  Әлемдік  тәжірибе  көрсетіп 
отырғанындай,  бұл  мақсатқа  экономикалық  қатынастардың  кәсіпкерлік  типі  сәйкес 
келеді. Оның негізгі белгілері: батыл бастама, толық еркіндік пен жауапкершілік, нарық 
конъюктурасын  бақылау  мен  қажеттілікті  іздеу,  бәсекелік  күрес  тактикасы  мен 
инвестициялау 
мәселелерін 
талдау.                                                                                               
90  –  жылдардың  басында  Ресейде  шағын  кәсіпорындар  мемлекеттік  кәсіпорындардан 
бөліну  нәтижесінде  қалыптаса  бастады.  Бастапқы  кезде  шағын  кәсіпорындар 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік  түрінде  құрылды.  Қазіргі  уақытта  мұнда  Ресейдің 
Азаматтық  кодексіне  сәйкес  кәсіпкерлік  қызметтің  мынадай  құқықтық  –  ұйымдық 
нысандары құрылуда: шаруашылық серіктестік пен қоғамдар, өндірістік кооперативтер, 
мемлекеттік 
және 
муниципалды 
кәсіпорындар.                                                              
Шағын бизнесті дамыту мен шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету 
мақсатында Ресей Федерациясы Үкіметінің Министрлер Кеңесі бірқатар арнайы заңдар 
мен  нормативті  актілерді  қабылдады.  “Ресей  Федерациясындағы  шағын  кәсіпкерлікті 
дамытудағы  алғашқы  іс  –  шаралар  туралы”  жарғысына  сәйкес  шағын  кәсіпкерлікті 
мемлекеттік  қолдау  саясаты  экономикалық  реформаның  маңызды  бағыттарының  бірі 
ретінде қарастырылады. 
Қазақстанда  кәсіпкерлік  қызметтің  дамуы  және  оны  қолдаудағы  мемлекеттік 
саясат.       
Кәсіпкерлік  қызметтің  қандайы  болмасын  мемлекеттің  экономикасы  аясынан 
өзіне  тиісті  орнын,  дәреже  деңгейін  тапқаны  бүгінде  баршаға  мәлім.  Ал  бүгінгі  таңда 
Қазақстандағы  кәсіпкерліктің  туындап,  дамуы  жүргізіліп  жатқан  экономикалық 
реформалардың  өзегі  ретінде  көрініс  табуда.  Өйткені,  нарық  экономикасына  көшудің 
бірден-бір  жолы  мемлекет  құрылымындағы  әртүрлі  аяда  қызмет  атқаратын  өндіріс, 
кәсіпорындармен  тайталаса  және  бәсекелесе  алатын,  айтарлықтай  дәрежесі  бар 
кәсіпкерлік  құрылымдарын  құру,  дамыту  болып  табылды.  Демек,  бұл  кәсіпкерлік 
құрылымдардың  материалдық  базасы  жекеменшік  инвестициялар  болып  табылумен 
қатар,  олардың  басқару  бастауында  (бастамасында)  білікті  және  қайратты  кәсіпкер 
тұруы қажет.   Осыған орай, мемлекетіміздің бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп жатқан 
жекешелендіру  саясаты  қандайда  болмасын  аядағы  мемлекеттік  меншікке  негізделген 
монополизмді  жойып  мемлекеттік  емес  коммерциялық  құрылымдардың  дамып, 
өркендеуіне бағытталған деп аламыз. Негізінде кәсіпкерлік деп, өзара пайдалы нәтижеге 
жету  және  табыс  табу  мақсатында  қатысушылардың  өз  қарамағындағы  мүліктер  мен 
қаражаттары,  сондай-ақ  дамытуға  берілетін  несиелер  есебінен,  ағымдағы  заңдардың 
көлеміне  (шегінде)  жүзеге  асырылатын(мүдделі)  шаруашылық  және  басқа  да 
коммерциялық  қызметті  айтамыз.  Кәсіпкерлік  халыққа  қажетті  тауарлар,  өнеркәсіп 

308 
 
өнімдерін және басқа қызметтер жөніндегі қоғамдағы, мемлекетіміздегі сұраныстар мен 
үсыныстар  есепке  ала  отырып  жүзеге  асырылатын  қызмет  болғандықтан  ол  тек 
кәсіпкерге 
ғана 
емес 
халыққа 
да 
тиімді 
болып 
табылады.                                                                 
Осы  жайлардың  айғағы  ретінде  қазіргі  кезеңде  Қазақстан  Республикасы  Елбасының 
тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдем, қамқорлықтарды айтуға болады. Бірақ бұл жерде 
айта кететін жай кәсіпкерлік қызмет жөніндегі бірнеше заңдар мен басқа да заңға сәйкес 
актілердің  қабылдануына  және  өркениетті  жекешелендіру  саясатының  бірқалыпты 
жүргізілуіне  қарамастан  кәсіпкерліктің,  әсіресе  өндіріс,  өнеркәсіп  аясындағы 
кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай отырғаны белгілі.Себебі бюрократиялық аппараттың 
әлі де азаймауы, мемлекет, қоғам мүддесін көздейтін жекешелендіру саясатын жергілікті 
және  басқа  деңгейде  айтарлықтай  жүзеге  асырмауы,  сондай-ақ  салық  салмақтарының 
кемімеуі.                                                                                                  Қазақстанда 
кәсіпкерлік  қызметтің  субъектілері  заң  жүзінде  белгіленген.  Олар:  Қазақстан 
Республикасының  азаматтары  мен  заңды  тұлғалары,  сондай-ақ  шетелдік  жеке  және 
заңды  тұлға  резиденттер  болып  табылады.  Кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  жеке 
тұлға-азамат  заңды  құрып    немесе  құрмай  айналыса  беруіне  болады.  Ал  ұжымдық 
кәсіпорындар,  кооперативтер  немесе  әкімшілік-аумақтың  кәсіпкерлік  қызметтері  өз 
меншіктерінің  негізінде  заңды  тұлға  құру  арқылы  кәсіпкерлікпен  айналысады.  Енді 
аздап  осы  кәсіпкерліктің  мәні  мен  маңызына  тоқталайық.  Бұл  жөнінде  бұрыннан 
қалыптасқан дәстүрлі көзқарастардан бөлек келешегі бар концепцияда адамның мынадай 
іс-қимыл-әрекеті  өзінің  сипатына  байланысты  мынадай  екі  негізгі  типке:  бастапқы 
базистік еркін-ерікті қызметке және қондырма еріксіз қызметке бөлінеді делінген. 
Енді  кәсіпкерлерге  берілген  кейбір  құқықтар  жөнінде  тоқтала  кетейік:                                    
1. ҚР Заңдарына қайшы келмейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қандай да болмасын 
түрлерін 
құру;                                                                                                                                                
2.  Өздерінің  мүлігімен  және  заңды  негізде  алынған  мүліктермен  өзге  щаруашылық 
субъектілерінің 
қызметтеріне 
қатысу;                                                                                                         
3. Екі жақтың келісімі бойына заңды тұлғалар мен азаматтардың мүліктерін пайдалану;                  
4. ҚР Заңдарына қайшы келмейтіндей контракт немесе өзге де шарттар негізінде қандай 
да  болмасын  мөлшерде  жұмыскерлерді  жалдау  немесе  жұмыстан  босату;                                                
5.  Банк  мекемелерінде  өз  ақша  қаражаттарын  сақтау  үшін  шоттар  ашу,  есеп  айырысу, 
несиелеу  және  кассалық  операцияларының  барлық  түрлерін  жүзеге  асыру;                                              
6.  Жұмыскерлерінің  еңбектеріне  ақы  төлеу  нысандарын,  жүйесін,  және  мөлшерін 
сондай-ақ 
олардың 
басқа 
да 
табыстарын 
белгілеу;                                                                                   
7.  Шаруашылық  қызметтерінің  бағдарламасын  қалыптастыру,  шығарылған  өнімді  / 
жұмысты, қызметті / тұтынушылар мен алып жеткізушілерді /сатушыларды/ таңдау және 
шарт  негізінде  мемлекеттік  мұқтаждықтарды  қанағаттандыру  үшін  жұмыстарды  және 
жеткізу 
қызметтерін 
орындау;                                                                                                             
8.  Заңды  тікелей  көрсетілген  жағдайлардан  басқа  кездерде  өз  тауарларының  /жұмыс, 
қызметтерінің  /  тарифтерін,  бағасын  расйенкаларын  өз  бетімен  белгілеу;                                               
9.  Өздерінің  меншік  нысандарына  негізделінген  мемлекеттік  кәсіпорындарының 
мүліктерін толығымен немесе жартылай  сатып алу, өзге де мүліктерді  алу  және оларға 
байланысты 
мүліктік 
құқықтарды 
иелену;                                                                                             
10.  Салықтар  мен  басқа  да  міндетті  төлемдерді  төлеуден  қалған  кәсіпкерлік  қызметтің 
табыстарын, 
пйдаларын 
еркін 
пайдалану;                                                                                               
11. 
Мөлшерлері 
бойынша 
шектелмеген 
табыс 
алу 
(табу);                                                                    
12.  Сыртқы  экономикалық  қатынастардың  қатысушысы  болу  және  валюталық 
операцияларды 
жүзеге 
асыру;                                                                                                                
13.  Әлеуметтік  сақтандыру  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  жүйелерін  өз  беттерыімен 
операцияларды жүзеге асыру; 

309 
 
       Негізінде  кәсіпкерлік  қызмет,  оның  ішінде  шағын  және  орта  кәсіпкерлік 
бәсекелесу  рыногының  өте  маңызды  әрі  таптырмас  факторы  болып  саналады.  Бұл 
кәсіпкерліктің,  әсіресе  шағын  кәсіпкерліктің  басты  сипаты  қандай  да  болмасын 
бағыттағы рынок сұраныстарына өте икемді түрде ат салысуға қабілеттілігінің болуы. 
       Бұл  жерде  бірден  айта  кететін  жәйт,  кәсіпкерліктің  негізгі  қағидасы: 
‘мұқтаждықты  сұраныс  арқылы  табу  және  оны  өнім  шығару  немесе  қызмет  көрсету 
арқылы  қанағаттандыру’  тек  шағын  кәсіпкерліктің  арқасында  айтарлықтай  дәрежеде 
жүргізіледі.  Оның  себкбі,  біріншіден,  рыноктардың  қажетті  бөліктерінде  әрекеттенеді; 
екіншіден,  олар  әрқашан  тұтынушыларға  жақын  тұрады;  үшіншіден  сүраныстарды 
қанағаттандыруға  өте  бейімделген;  төртіншіден,  олардың  тұрғылықты  халықты 
жұмыспен  қамтамасыз  ету;  бесіншіден,  бұл  кәсіпкерлік  түрі  тікелей  кәсіпкердің 
басқаруымен қызметін жүргізе береді (басқа басқарушы кадрларды қажет қылмайды). 
     Бірақ  экономика  аумағында,  халық  шаруашылығында  осындай  бір  сарынмен 
жүре  беруге  тағы  болмайды.  Демек  бұл  жағдай  шағын,  орта  және  ірі  кәсіпорындарды 
ұтымды  ұштастыруды  қажет  қылады.  Осыған  орай  алға  қойылатын  мақсат  –  қазіргі 
кезеңде  кәсіпорынның  орташа  көлемін  төмеедету  және  жаңа  типтегі  шаруашылық 
кешеңін  құру  арқылы  өте  икемді,  ұсақ(сериялы)  өнімдерді  шығаруға  бейімделген 
өндірісті  өз  шығынмен  көп  өнім  шығаруға  бірте-бірте  ауыстыру.  Осы  жоғарыда 
көрсетілген  ерекшеліктерді  біріктіру  мүмкінддігі  тек  ішкі  фирмалық  кәсіпкерлік 
құрылымдарды,  яғни  шағын,  айтарлықтай  ерекшеленген  толық  немесе  жартылай 
құрылған  функциялары  бар  бөлімшелер  құру  жолымен  және  өндірісті  үзбей  жаңартып 
отыру арқасында туындайды. 
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың құқықтық базасы ҚР азаматтық кодексі сондай-
ақ тағы басқа ҚР Заңдары, Заңға сәйкес нормативтік актілері болып табылады. 
Кәсіпкерлікті  дамыту  проблемаларын  шешу  жолдары  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің  ‘Қазақстан-2030’  атты  көпжылдық  бағдарламасында  көрініс  тапқан 
болатын.  Мысалы,  Н.Ә.Назарбаев:  "Үкіметтің  әлі  де  орын  алып  отырған  сауда  мен 
өндіріске әкімгершілік араласуын жоюға, жылжымайтын мүлікті, қалған ұсақ және орта 
кәсіпорыдар мен агроөнеркәсіп кешенін қоса алғанда, жекешелендіру процесін аяқтауға 
тиіспіз.  Ең  алдымен  фермерлер  мен  нағыз  жеке  шаруашылықтар  үшін  кредиттері 
арзандатамыз,шағын  және  орта  бизнесті  дамытамыз,қажет  көрсету  саласын,  әсіресе 
туризмді белсенді дамытамыз" деп сратегиялық бағыттарды атап көрсеткен болатын.            
Кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қорғау  және  қолдау  дегеніміз  –  аталған  қызметті 
орындаудағы  құқықтық,  экономикалық  және  ұйымдастырушылық  жағдайды 
қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады  
Кәсіпкерлікті  қорғау  мен  қолдау  жөнінде  мемлекет  тарапынан  мынадай  жолдар  мен 
тәсілдер 
ұсынылған:                                                                                                                                      
• 
жеке 
кәсіпкерлерге 
кредитті 
жеңілдік 
шартымен 
беру;                                                                         
• жеке  кәсіпкерліктің  аялары  мен  өте қажетті бағыттарын айқындай және осы негізде 
салық 
салу 
жеңілдігін 
белгілеу;                                                                                                                  
•  жеке  кәсіпкерлікке  сыртқы  экономикалық  аясында  жеңілдік  жағдайын  жасау;                                         
•  жеке    кәсіпкерлік    қызметтің    субъектілерін      мемлекеттік    ақпарат    жүйесімен 
қамтамасыз 
етуді 
құру 
және 
дамыту;                                                                                                         
• жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі шараларды қаржыландыру. 
Қазақстан  Республикасының  нарықтық  қатынастарға  негізделген,  дамыған 
экономикасы  бар  демократиялық  мемлекет  құруға  бағытталған  саяси  курсы  нарықтық 
қатынастарды тереңдете түрлендіруге және кәсіпкерліктің дамуына кепіл болып отыр. 
Жеке  меншіктің  экономикада  орын  алуына  байланысты  мемлекет  аумағында 
кәсіпкерлік  екі  нысанда,  яғни  жеке  және  мемлекеттік  нысанда  дамыды.  Мемлекеттік 
кәсіпкерлікті  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  кәсіпорындарын  кәсіпкерлік  қағидалар 
негізінде қызмет атқарады. 

310 
 
Шағын  кәсіпкерлік  және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту,  қолдау  және  қорғау  бүгінгі 
таңда мемлекет алдында өзекті мәселенің бірі болып отыр. Бұл бағыттағы кәсіпкерлікті 
дамыту  қызметі  тек  мемлекеттік  кәсіпорындарды  жекешелендіру  негізінде  ғана  емес, 
сонымен  бірге  жаңадан  құрылған  кәсіпкерлік  құрылымдар  есебінен  жүзеге  асырылуға 
тиісті. 
Қазақстан  Республикасының  “Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы” 
заңына  сәйкес  кәсіпкерлік  қызметті  қолдау  мынадай  негізгі  бағыттар  арқылы  жүзеге 
асырылады:                                                                                                                                                       
•  шағын    кәсіпкерлік    субъектілері  үшін  кадрларды  даярлауды,  қайта  даярлауды  және 
олардың 
бірліктерін 
арттыруды 
ұйымдастыру;                                                                                    
•  шағын    кәсіпкерлік    субъектілерінің    мемлекеттік,  қаржылық,  статистикалық, 
материалды – техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми техникалық  
талдамалар    мен    технологияларды    пайдалануына    жеңілдікті  жағдайлар  жасау;                                                                                                                                                                   
•  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  тіркеудің,  олардың  қызметін  лицензиялаудың, 
олардың 
өнімін 
сертификаттаудың 
жеңілдетілген 
тәртібін 
белгілеу;                                                    
• шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен  дамыту үшін инвестициялар оның ішінде 
шет ел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау;                                           • 
шағын  кәсіпкерлік субъектілері үшін салық с алудың, кеден бажын төлеудің жеңілдікті  
режимін  қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимін белгілеу;                      • 
қаржы    көздерін    анықтай    отырып,  шағын    кәсіпкерлік  с  убъектілеріне  несие  берудің 
арнаулы 
бағдарламаларын 
қабылдау;                                                                                                           
•  шағын    кәсіпкерлік  субъектілерін    шетелдік  ә  ріптестерімен    сауда,  ғылыми 
техникалық,  өндірістік    және  өзге  де  байланыстарын  дамытуды  қоса  алғанда,олардың 
сыртқы 
экономикалық 
қызметін 
қолдау;                                                                                                   
•  өнімдер  өндіруге,  жұмыс  атқарып,  қызмет  көрсетуге  мемлекеттік  сатып  алуды 
орналастырған кезде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылықтар беру. 
Кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның экономикасын ілгері жылжытудың маңызды 
және  тиімді  жолы.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  Республикасында  жеке  және  заңды 
тұлғалардың  табыс,  пайда  табуға  бағытталған  дербес,  бастамалық,  өз  атынан 
жүргізілетін  іскерлік  әрекеті  түрінде  сипатталатын  кәсіпкерлік  тез  қарқынды  дамуда. 
Елімізде  жүргізіліп  жатқан  экономикалық  реформалар  кәсіпкерлікті  дамытудағы  жаңа 
перспективаларды  ашты.  Кәсіпкерлік  қызметтің  маңыздылығы,  оның  нарықтық 
экономикаға  иілгіштік  қасиет  беретіндігіне,  халықтың  өндірістік  және  қаржы 
ресурстарын тартуына септігін тигізетіндігіне, жұмысбастылықты және т.с.с. әлеуметтік 
мәселелерді шешуіне байланысты күннен-күнге нығаюда.Қазақстан Республикасындағы 
кәсіпкерлікті  экономикалық  нәтижелері  мен  өсу  қарқыны  көбінесе  оған  сәйкес  келетін 
шарттарға, яғни құқықтық базаға институционалды кәсіпкерлік ортаның қалыптасуына, 
кәсіпкерлік  қызметті  мемлекеттік  қолдау  деңгейіне  байланысты.  Республикада 
кәсіпкерлікті дамытудың барлық шарттары жасалып жатыр.  Республикада кәсіпкерлікті, 
атап  айтқанда  шағын  және  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау  бойынша  кең  ауқымды 
шаралар  жүргізілуде.  Бұған  бастама  ретінде  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.  Назарбаевтың  халқына  жолдауындағы  мына  тұжырым  болса  керек:  "шағын  және 
орта  кәсіпкерлікті  дамытудың  түбірінен  жаңа  идеологиясын  түзе  отырып,  кәсіпкерлік 
ортаның  бастамашылығын  іске  асыру  үшін  қолайлы  жағдай  туғызуымыз  керек  ". 
"Шағын  кәсіпкерлікті  дамытуға  мемлекеттік  қолдауды  күшейту  және  оны  жандандыру 
жөніндегі  шаралар  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қаулысына  сәйкес 
шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдауды  мемлекеттің  экономикалық  саясатының 
басымды бағыты ретінде қарастыру керек.                        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет