Практикалық конференциясының м а т е р и а л д а р ы



Pdf көрінісі
бет1/45
Дата07.02.2017
өлшемі2,79 Mb.
#3575
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ 
КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР КАФЕДРАСЫ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
УНИВЕРСИТЕТ АЛМАТЫ 
ОТДЕЛ ДНЕВНОГО ОБУЧЕНИЯ 
КАФЕДРА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ 
 
 
 
 
 
 
 
 «БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 
атты  студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-
практикалық  конференциясының 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
 
 
 
 
М А Т Е Р И А Л Ы 
республиканскойнаучно-практическойконференции студентов и 
молодых ученых 
«ФОРМИРОВАНИЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ 
КУЛЬТУРЫ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ» 
 
 
 
 
 
Алматы2015 


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ 
КҮНДІЗГІ ОҚУ БӨЛІМІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР КАФЕДРАСЫ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
УНИВЕРСИТЕТ АЛМАТЫ 
ОТДЕЛ ДНЕВНОГО ОБУЧЕНИЯ 
КАФЕДРА ПЕДАГОГИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 «БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ» 
атты  студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-
практикалық  конференциясының 
М А Т Е Р И А Л Д А Р Ы 
 
 
 
 
 
М А Т Е Р И А Л Ы 
республиканской научно-практической конференции студентов и 
молодых ученых 
«ФОРМИРОВАНИЕ НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКОЙ 
КУЛЬТУРЫ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ»  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы2015 


 
ӘОЖ 001 (063) 
КБЖ 72.3 
Б 73 
 
 
Бас редактор: 
Алматы университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты 
Құлжабаев Б.Ж. 
 
Редакция алқасы: 
Сейдуллаева Г.А.– Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ф.ғ.к. 
Қыяқбаева Ұ.Қ.– Ғылым және магистратура бөлімінің бас маманы, п.ғ.к. 
ШілдебайС.Қ.– Күндізгі оқу  бөлімінің деканы, т.ғ.к. 
Үсенова  А.М.  –  Педагогикалық  мамандықтар  кафедрасының  меңгерушісі, 
п.ғ.м. 
Қариев Ә.Д. – Педагогикалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы, 
п.ғ.м. 
 
 
Б 73 
«Болашақ 
мамандардың 
ғылыми-зерттеу 
мәдениетін 
қалыптастыру»атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  Республикалық 
ғылыми-практикалық    конференциясыныңматериалдары.  Бас.  ред. 
Б.Ж.Құлжабаев– Алматы: Алматы университеті, 2015. -  380 б. 
 
 
 
ISBN 978-9965-658-47-1 
 
«Болашақ  мамандардың  ғылыми-зерттеу  мәдениетін  қалыптастыру» 
атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың  Республикалық  ғылыми-
практикалық      конференциясы  ғылымның  бүгінгідаму  бағыттары  мен 
зерттеу тәсілдері және іздену мәдениетіне арналған. 
Жинақмазмұнынреспубликаның  ЖОО    студенттері  мен  жас 
ғалымдардың 
және 
колледж 
студенттері 
мен 
мектеп 
мұғалімдерініңбаяндамаларының  тезистері  құрайды.  Баяндамалардың 
мазмұны    ғылымның  психология,  педагогика,  филология,  тарих, 
жаратылыстану,  информатика,  экономика  және  заң    салалары    бойынша  
жан-жақты мәселелерді қамтиды. 
 
 
Мақалада  берілген  ой-тұжырымдардың  мазмұны  мен  грамматикалық,стильдік 
қателеріне редакциялық алқа жауап бермейді. 
 
 
ӘОЖ 001 (063) 
КБЖ 72.3 
Б 73 
ISBN 978-9965-658-47-1 


 
  © Алматы университеті, 2015 ж. 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ 
ҚОНАҚТАР! 
Бүгінгі  «Болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру» атты  
студенттер   мен 
жас 
ғалымдардың 
Республикалық 
ғылыми-практикалық  
конференциясына қош келдіңіздер! 
Қазірде  әлемдік  ғылым  кеңістігінде  Қазақстан  ғылымының  өзіндік  орны  бар. 
Ғалымдарымыздыңеренеңбектерідүниежүзілікғылымкеңістігінтолықтыруғаөзүлестерінқ
осуда. Бүгіндеғылым мен білім беру саласыПрезидентіміз бен Үкіметімізтарапынанжан-
жақтықамқорлыққаалынуда.  
Жасұрпаққаберілетінбілім 
мен 
тәрбиесаласы 
– 
Тәуелсіздігіміздібаяндыетудіңбастытетіктерініңбірі. 
Тәуелсіздік– 
тәңірдіңбіздіңұрпаққабергенүлкенбақыты, 
халқымыздыңмәңгілікқұндылығы. 
БізбүгінгедейінгідербеселдікжетістіктерімізгеТәуелсіздіктіңарқасындақолжеткіздік. 
Ғылым 
мен 
білім 
беру 
жүйесізаманағымынақарайұдайыжетілдіріліп, 
жаңартыпотырудықажетсінеді. 
Қазақстанныңқазіргікездегіэкономикасығылым 
мен 
инновациялықсаланыхалықаралық  стандарт  талаптарынасайқарастырудыталапетеді. 
Қазақстанныңболашағы – ғылымда. 
Президенттің      «Нұрлыжол  –  болашаққабастаржол»  Жолдауындабиылғы    2015  
жылғақойылатынталаптарзорекеніайтылды. 
Жолдаудағылымжәнебілімсаласынаерекшекөңілбөлінген. 
Елбасыныңбілімсаласынақыруарқаржыныңбөлінетінінжәнееліміздіңбеделді  10  ЖОО 
әлемдікстандартқасайетіпжасақталатынынмәліметуібіздіңдамыған 
ел 
болуғабағыталғанымыздыкөрсетеді.  Елбасы   дәстүрліЖолдауында  «Мәңгілік  ел» 
идеясыныңқазақстандықтарүшінмаңызынтолығыментүсіндіріпөтті.  
«Нұрлыжол»  даму  бағытыаясындажастардыңболашаққадегенсенімінайқындап, 
қажырлыеңбекетеотырып,  келешектікемелетужолындажастардыңүлесізорекендігін  баса 
айтты. 
Болашақтатәуелсізеліміздіңтұғырыбиік, 
қарыштапдамуыүшінсапалыбілімі, 
саналытәрбиесі бар отансүйгішжастарғана бар белестібағындырарыхақ.  
2015 
жылыҚазақстанхалықтарыассамблеясының 
20 
жылдығыбаршақазақстандықтарүшін  аса  маңыздыіс-шара.    Ұлтаралықдостық  пен 
келісімболмағанжерде 
ешқандай 
даму 
болмақемес. 
Және 
де 
2015 
жылыҚазақхандығының 
550 
жылдығы, 
 
Жеңістің 
70 
жылдығыатапөтіліп,  
тарихымыздытүгендеугетүбегейлі бет бұрамыз. 
Құрметтіконференцияғақатысушылар! 
Бүгінгі 
конференция 
аясындакөкейкестіғылымимәселелеркөтеріліп, 
жаңаидеялар 
мен 
ұтымдыұсыныстарайтыладыдепсенеміз. 
 
Болашақжастардыңқолында, 
сондықтанСіздерғылымның  сан-саласындакөтергенмәселелердіғылымитұрғыданталдап, 
тұжырымжасайдыдепойлаймыз. 
Құрметтіқонақтар! 
«Болашақ 
мамандардың 
ғылыми-зерттеу 
мәдениетін 
қалыптастыру»  атты  студенттер  мен  жас  ғалымдардың    Республикалық  ғылыми-
практикалықконференциясын 
ашықдепжариялауғарұқсатетіңіздер! 
Қонференцияжұмысынасәттіліктілейміз! 
 
Құлжабаев Б.Ж. 
Алматы университетінің ректоры, т.ғ.к. 
 
 
 


 
 
 
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ БАЯНДАМАЛАРЫ 
ДОКЛАДЫ ПЛЕНАРНОГО ЗАСЕДАНИЯ 
 
 
 
БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНА - ҚАЗІРГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ӘСЕРІ 
 
ӘБІЛМАНОВА Ә. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 
мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі: ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, 
педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымының кандитаты 
 
Қазір  адамдар  қызмет  орнында  да,  үйде  де  компьютермен  жұмыс  істей  береді. 
Оның  өмірімізге,  кеңінен  енгені  соншалықты,  бала  біткен  ойыншықпен  емес, 
компьютермен  ойнап,  өзінің  өміртанымын  ғаламтордағы  желі  ішінде  қалыптастырады. 
Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы 
балаларының  тыныс-тіршілігіне  бақылау  жасай  алмай,  олар  шектен  тыс  бейне 
монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. 
«21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп 
отыр.  Қазіргі  таңда  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  өзі  жазу  –  сызуды  білмесе  де, 
компьютердің  не  екенін  жақсы  біледі.  Демек,  бала  заманына  қарай  өседі.  Технология 
тілін  жатық  біле  бермейтін  әке  –  шешелері  «қазіргі  балалар  іштен  біле  туады»  деп  те 
айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, 
бүгінгі  күні  оны  әрбір  үйден  көруімізге  болады.  Сондықтан  болар  компьютерлік 
ойындар 
балалардың 
құмартып 
ойнайтын 
ойындарының 
біріне 
айналды.
 
 
Енді  мамандар  зерттеулеріне  сүйене  отырып,  бұл  озық  технологияларды  ұзақ 
пайдаланудың бала психологиясына кері әсерлерін саралап көрсек. Біріншіден, шамадан 
тыс  ақпараттар  тасқыны  баланы  енжарлыққа  душар  ететін  көрінеді.  Интернетті  өзінің 
бірінші  серігі,  ал  компьютерді  «досы»  етіп  таңдаған  жан  айналасындағы  адамдармен 
еркін  араласу  қабілетін  лезде  әлсіретіп  алады  екен.  Бұл  туралы  мамандар:  «Өзгенің 
адами  мұң-мұқтажын  түсінбейтін,  айналасындағылардың  жан  қиналысын  сезіне 
бермейтін,  яғни  жүрегі  селт  етпейтін  халге  жетеді»,  –  дейді.  Адамдармен,  тіпті  өзінің 
жақын-жуықтарымен,  әке-шеше,  бауырларымен  араласудан  қашқақтайтын  ондай  бала, 
абайламаса,  шынайы  мынау  өмірді  виртуалды,  жансыз  «өмірге»  айырбастап 
жіберетіндей  дәрежеге  жетеді  екен.  «Компьютерге  байлану»  ауруы  негізінен  кімдерде 
пайда  болады?»  деген  сауалға  мамандардың  жауабы:  «негізінен,  шынайы  өмірде  өз-
өздеріне  сенімсіз,  сондай-ақ  тұрмыста  кездесетін  қиын  түйіндерді  шеше  алмайтын 
адамдар және әке-шеше қарауынан тыс қалған жас балалар аталған ауруға бейім». Олар: 
«компьютерден  тыс  жерде  тірлік  ету  уақытты  босқа  жоғалтқанмен  бірдей»,  –  деп 
есептейді екен. 
Қазіргі  жаңа  технологиялардың  ішіндегі  ең  көп  қолданылатының  бірі  ол  - 
компьютер.  Бүгінгі  өмірді  компьютерсіз  елестету  мүмкін  емес.  Компьютер  адамзаттың 
өркениет  жолымен  дамуына  ықпал  ететін  басты  құралдардың  бірі  екені  даусыз.  Қай 
салада  болмасын  компьютер  кеңінен  қолданылып,  адамдар  тіпті  онсыз  өмір  сүруін 
елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып 


 
ойнайтын  ойындарының  біріне  айналып,  оған  деген  тәуелділігі  күннен-күнге  артып 
отыр.  Дүниежүзілік  Денсаулық  Сақтау  Ұйымы  құмар  ойындарын  психиканың 
бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді. 
Психологтардың  зерттеуіне  қарағанда,  компьютерлік  ойын  үстінде  адамның 
ойлау қабілеті, эмоциясы төмендеп, тек көру қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін 
анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз байланғандардың көпшілігі күнделікті  өмірде көптеген 
қателіктерге  бой  алдырады  екен.  Себебі,  компьютердегі  бейнелер  шынайы  өмірге 
мүлдем  ұқсамайды.  Сондықтан,  балаларды  компьютермен  емес,  адамдармен  қарым-
қатынас жасауға үйрету керек. 
Компьютерден  басқа,  қазіргі  жастар  ұялы  телефонға  да  тәуелді  болды. 
Қазақстандағы  2,5  миллионнан  аса  оқушының  қазіргі  кезде  ұялы  телефон 
ұстамайтындары  кемде-кем  шығар. Баланың  «соткасы»  күні  кешке  дейін  қалтасында 
жүретіндіктен,  ата-аналар  ұл-қызының  қалайша  әлеуметтік  желінің  шырмауына  түсіп 
қалғанын  байқамай  қалып  жатыр.  Ақпараттық  технологиялар  қаншалықты  қарыштап 
дамыған сайын, олардың кері әсері соншалықты үдеп барады. Ұялы телефон хат алысып, 
хабарласатын  байланыс  құралы  ретінде  өмірімізге  етене  жақын.  Соңғы  уақыттарда 
қарапайым  байланыс  құралынан  функционалдық  әлеуеті  жоғары  көп  қолданбалы 
құрылғыға айналуы оған деген сұранысты да арттыра түсті. Әсіресе, смартфон мен 3G-
4G технологияларының кәдеге жарауы бізді өзіне одан сайын тәуелді етті. Ұялы телефон 
байланыс құралы ғана  емес, әлеуметтік желіге тікелей шығатын құралға айналды. Оны 
сөйлесуге  емес,  әлеуметтік  желіге  кіру  үшін  қолдана  бастады.  Осы  әлеуметтік  желілер 
ішіндегі ең атақты да, көп қолданатын бірі ол  «maіl.ru» желісі болып табылады.Бүгінде 
«maіl.ru»  қызметіне  жүгінбейтін  адам  аз.  Әсіресе  жастар  арасында  «агентшілердің» 
қатары  күн  санап  көбейіп  келеді.  «Maіl.ru»  компаниясының  деректеріне  жүгінсек,  «м-
агент» қызметін айына 9 миллион адам пайдаланады, ал оған бір уақытта 2 миллионнан 
аса адам қосылады  екен. Компьютерді  былай қойып, енді  қалта телефонына еніп алған 
бұл  байланыс  желісінің  тиімділігі  айтпаса  да  түсінікті.  Әлеуметтік  желілер  бала 
психикасын  уландыратыны  сөзсіз.  Тәулігіне  24  сағат  болса,  бала  оның  12-13  сағатын 
 осы  қалтателефонмен  өткізеді.  Мектеп  оқушыларының  көбі,  оны  сабақ  үстінде 
пайдаланады.  Әуен  тыңдайды,  клип  көреді,  кейде  сондағы  әуенге  еліктеп  ұйқылы-ояу 
маужырап  сабақта  отырады.  Ал  сергек  отырғандарының  өзі  бір-біріне  агент  арқылы 
«хат» жазып, сабаққа тіпті көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да 
қайталана  береді.  Көптеген  балалар,  жастар  түнде  ұйықтар  алдында  ұялы  телефонмен 
ойын ойнауға, әлеуметтік желілерде жазба оқуға құмар. Бұл бір жағы, телефонға шектен 
тыс  тәуелділіктен  туындаса,  екінші  жағы,  ұйқысыздыққа  ұшыраған  тұрғындарының 
телефонды  ермек  ете  тұру  пиғылынан  туған  теріс  әдет.  Сондай-ақ  мұндай 
тұтынушылардың  басым  бөлігі  көзі  жұмыла  бастаған  бетте  телефонды  жастықтың 
жанына  қоя  салып,  ұйқыға  кетеді.  Телефон  радиациясынан  өзге  ағзаларға  қарағанда 
адамның  басы  анағұрлым  көп  зақым  алады  екен.  Мұндай  бұрыс  дағды  адамдарды  бас 
ауру, бас айналу, көз қарауыту, зеңу, ұйқысыздық дерттеріне шалдықтырып, уақыт озған 
сайын ауру белгілері созылмалы, қайталанатын сипат алады. Ал, бұл әрине психикаға өз 
әсерін тигізеді. Ұялы телефонға тәуелділік бұл қазіргі заманның ең өзекті мәселелері деп 
айтуға  болады,  себебі  балалар  шың  өмірде  емес  виртуалды  әлемде,  әлеуметтік  әлемде 
өмір сүреді.  
Қорыта  келгенде,  жаңа  технологиялардың  жақсы  жақтары  ғана  емес,  сонымен 
қатар    зиянды  жағы  бар  екеніне  көз  жеткіздік.  Компьютерсіз,  ұялы  телефонсыз, 
интернетсіз  біздің  өмірімізді  қазіргі  таңда  елестету  мүмкін  емес.  Бірақ,  осы 
технологияларды  керек  кезде  және  дұрыс  пайдалана  білу  керек.  Өз  еліміздің 
ұрпақтарымызды  осы  тәуелділіктен  құтқару  керекпіз,  виртуалды  әлемнен  шығарып 
қоғамда  өмір  сүруге  шақыру  керекпіз.  Тіпті,  мемлекет  басшысы  қазақстандық 
оқушыларды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырады. «Твиттерде» немесе басқа 


 
да әлеуметтік желілерде отырып,  уақыттарыңды босқа ысырап етпеңдер. Ең дұрысы өз 
араларыңда  көп  әңгіме-дүкен  құрыңдар.  Өйткені,  нағыз  дос  ғаламторда  емес,  жаныңда 
жүргенін ұмытпа. Бүгінгі қоғамда адамдарды кітап оқитындар мен компьютерде отырып, 
уақыт өткізетіндер деп екі  топқа бөлуге болады. Компьютерде отыратындар өмір  бойы 
кітап оқитындарға қызмет етіп өтеді», - деді Н.Ә Назарбаев.  
Осы  виртуалды  әлемнің  тәуелділігінен  баланы  құтқару  үшін  ата-аналарға 
келесідей ұсыныстарды ұсынамыз: 

 
Күнде баламен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз; 

 
Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз; 

 
Бала компьютер тұрған бөлмеде жатпауы керек және оның түнде компьютер 
алдында отырмауын қадағалау; 

 
Баланы компьютер, ұялы телефонды т.б пайдаланудан шектеу

 
Тиімді демалысын қамтамасыз ету; 

 
Қызығушылығын басқа іс-әрекетке ауыстыру; 

 
Баланың спортпен айналысуын қадағалау; 

 
Балаға көп көңіл бөліңіз; 

 
Өнерге,  мәдениетке,  ғылымға  құштарлығын  тәрбиелеу,  уақытын  тиімді 
пайдалануды ұйымдастыру; 

 
Баланы бақылау, тексеру, бағалау; 

 
Тәртіптікке,  ұқыптылыққа,  жауапкершілікке,  ойшылдыққа,  сергектікке, 
естілікке, т. б. баулу. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Антон Платов. Дети, Сеть и родители. Мир компьютеров.  - № 3. – 2004. 
2.
 
Гордеева  А.  В.  Увлеченность  компьютерными  играми:  психологический 
аспект. – К. – 2004. 
3.
 
Разумова Т. Компьютерный яд. // Наука и жизнь. – № 6. – 2002. 
4.
 
Хоперская О. Осторожно, компьютер! // Природа и человек. Свет. - № 8. – 
2000. 
5.
 
Шлимович Б. Компьютеры и дети. // Наука и жизнь. - № 11. – 1998. 
6.
 
Сымбат  Абешова.  Жеткіншектің  компьютер  тұтынушысы  ретіндегі 
мотивациясы мен қарым-қатынасы. // Қызықты психология. Алматы.-№ 2.-2011. 
7.
 
Әркімбай Н. «Компьютер баланың қасы ма, досы ма?» // «Ана тілі».-№ 8-
2011. 
 
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЛЕУДЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 
 
ҚҰННАЗАРОВА Ұ.А. 
Алматы Университеті «Биология» мамандығының 3 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:  ҚАРИЕВ Ә.Д. 
Алматы университеті педагогикалық кафедрасының аға оқытушы, п.ғ. магистрі  
 
“… Бізге керегі шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет 
өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, нағыз әдебиет пен өнерін жасайтын тарланбоз 
жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті” 
Н.Ә.Назарбаев 
 
Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы 
жан-жақты жағдайлар жасау қажет. Дарындылықтың табиғаты шексіз. Дарын дегеніміз – 
адамның белгілі бір салада көрсеткен жоғары қабілеттілігі десек, оның мынадай түрлері 
бар, оны төмендегі кестеден көруге болады. 


 
Дарынды,  қабілетті  балаларды  іздеу,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  қоғам  үшін 
бүгінгі  күні  өте  қажет,  себебі  дарынды  адам,  қабілетті  адам  басқаларға  қарағанда  көп 
пайда  әкеледі.  Әрбір  талантты  адам  еңбекке  бейім,  ол  шығармашылық  тапқырлықпен 
жігерлі  еңбек  етеді.  Сонымен  дарынды,  қабілетті,  талантты  бала  деп  баланың,  ата-
ананың, мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады. Мектептің мақсаты  – жан-
жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға 
қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру. 
Дарындылықты  дамытудағы  басты  мақсат –  еліміздің  зияткерлік  қорын  құру 
үшін  адамзаттың  ең  талантты  тобын  пайдалану,  жеке  тұлғаның  дарыны  мен  қабілетін 
жоғары  деңгейге  көтеру. Міндеттері:оқушылардың  ақыл-ой  қабілетін  жетілдіру; 
шәкірттердің  шығармашылық  жеке  дарындылығын  дамыту;  оқушыларды  тәрбиелеуге 
олардың  жан-жақты  дамуын,  еңбекке  шығармашылық  қатынасын,  өмірлік,  азаматтық 
белсенді  позициясын  қалыптастыруға  және  жоғары  адамгершілік  сапалары  мен  рухани 
құндылықтарының  дамуына  ықпал  ету;  дарынды  балаларды  оқыту  мен  дамыту; 
дарынды,  қабілетті  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  үшін  ұйымдастырылған 
педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту. 
Дарынды  балаларды  анықтау  –  баланың  дамуын  талдаумен  байланысты  ұзақ 
процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы: сынақтан 
өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау 
қажет. 
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте 
жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы 
тиіс. 
Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына 
әсер  ететін  жайға  көп  көңіл  бөлуіміз  керек.  Себебі,  тілі  жетік  оқушы  кез  келген  жерде 
жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Ал тілі дамымаған оқушы біліп тұрғанының өзін өз 
дәрежесінде  жеткізе  алмай  қиналады.  Оқушының  мұндай  қиналысқа  душар  болуының 
бір  ұшы  бастауыш  сыныпта  балалардың  жылдам  оқу  дағдысын  қалыптастыру  үшін 
минутпен  оқыту  дағдысы  кеңінен  қолданылады.  Осы  бастауыш  сыныптың  кезеңінде 
баланы жылдам оқуға қалыптастырумен қатар түсініп оқуын қадағалап отыру маңызды. 
Себебі  оқушы  мәтінді  түсініп  оқымай,  әйтеуір  тез  оқысам  деп  құрғақ  оқуы  үлкен 
қателікке соқтырады. Кейін жоғары сыныпқа өткен сайын оқушыда түсініп оқу дағдысы 
бірте-бірте азаяды. Осыдан келіп кей оқушы кез келген мәтіннің не әңгіменің мазмұнын 
айтуда жаттандылыққа ұрынады. Осы орайда «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын 
дамытуға  ертерек  көңіл  бөлінсе,  соғұрлым  оны  толық  ашуға  мүмкіндік  туады»  дейді 
американдық ғалымдар. 
Сондықтан жалпы бала бойындағы дарындылықты анықтауда асығыстық жасауға 
болмайды. Ол үшін әуелі жас жеткіншектің бойындағы ерекшелік қасиетін анықтау үшін 
әуелі белгілі педагогикалық-психологиялық әдістер қолданамыз. Оқушыны зерттеу мен 
қабілетіне қарай даралауда құпиялық сақталады. Себебі: бала көңіліне қаяу түссе, оның 
бойындағы бар қабілет-қарымы өспейді, керісінше өшуі мүмкін. 
Мұғалімнің  дәстүрлі  оқу  үрдісінде  негізінен  шығармашылыққа  уақыт  жете 
бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім болғандықтан, есте 
сақтау  және  қайталау  әдісі  оны  біріншіден,  тез  жалықтырады,  екіншіден,  оның 
санасында  «білімді  толық  игеру»,  яғни  «сабақта  өтілетін  дидактикалық  материалды 
толық  білу»  елесі  пайда  болады,  үшіншіден,  ол  мұғалімге  тәуелділікке  төзе  алмайды. 
Нәтижесінде  дарын  сөнеді.  Дарындылық  сөнбеуі  үшін  бала  тұрақты  түрде  бақылауда 
болуы  тиіс,  тұрақты  түрде  шығармашыл  деңгейде  іс-әрекет  жасау  қажет,  мұғалімге 
тәуелді  екенін  сезінбеу  керек.  Әр  оқушы  өздерінің  мұғалімнің  зерттеу  обьектісінде 
тұрғанын сыныптастары бірін-бірі білмеу керек, бақылау табиғи түрде жүргізілу керек. 


 
Мысалы: сыныпта тапсырманы орындаудағы белсенділігі; ұтқыр жауаптары, жаңа 
сабақты  жылдам  меңгеруі;  үй  тапсырмасын  орындаудағы  тиянақтылығы;  қайталау 
сұрақтарына  мүдірмеуі  т.с.с  бақылаулар  жүйелі  жүргізіліп  отырылуы  керек.  Бұл  — 
дарындылықты анықтаудың бастауыш сыныптағы алғы шарттарының бірі. Осылай әрбір 
оқушының жеке ерекшеліктерін анықтап болған соң оларды дамыту жұмысы басталады. 
Орта  буынға  келгенде  дарынды  балаларға  арналған  түрлі  әдістерді  қолдануға 
болады.  Соның  бірі  —байқау  әдісі. Ол  баланың  жеке  бас  ерекшелігіне,  әрекеттеріне 
тікелей бақылау жүргізу арқылы анықталады. 
Өмірдегі  шынайы  ғажап,  адамзатқа  маңыздылар  дарындылар  қолында,  ал  сол 
дарындылардың тағдыры біздің, яғни, ұстаздар қауымының қолында. 
Дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеуде күтілетін нәтиже – тіл байлығы мол, кез 
келген  ақпаратты  сараптай  алатын  және  осы  ақпарат  бойынша  өз  ойын  білдіріп, 
қорытынды  жасай  алатын,  қандай  да  болмасын  қиын  істердің  шешімін  таба  білетін, 
жұмыс  үрдісі  нәтижесіне  қарай  бағалай  білетін,  өз  ойларын,  бастамаларын  тәжірибеде 
қолдана  білетін,  ойы  жүйрік,  таңқаларлық  жаңашыл  ойлар  айтып,  жаңалықтар  ашатын 
сезімталдығы жоғары, эстетикалық, рухани құндылықтар иесін таба білу. 
Дарынды  балаларға  қызмет  етуден  жалықпайық,  ұстаздар!  Әріптестерімен 
тәжірибе  алмастыру  арқылы  осы  бағыт  бойынша  кәсіби  деңгейіміз  жоғарылай  берсін 
демекпін. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана 2007 
2.  Жексенбаева  Ү.Б.  Балалардың  дарындылығын  диагностикалау  әдістемелік 
құрал. «РАД иАЛ» баспасы «Алматы» 2005. 
3. Дарынды балалармен жұмыс//Қазақстан мектебі. -2008 №6, 34-36 бет 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет