Практикум павлодар 2014 удк



бет17/20
Дата07.01.2022
өлшемі1,42 Mb.
#16918
түріПрактикум
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Алгоритм деп алдын ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешімін табу үшін орындаушыға (адамға, компьютерге және т.б.) берілген түсінікті нұсқаулардың тізбегін айтады.
5.1 Алгоритмнің қасиеттері
Алгоритмді кез келген басқа жазулардан мына мағыналық қасиеттері арқылы ажыратамыз. Олар алгоритмнің түсініктілігі, дискреттігі (жалғыздығы), анықтығы, нәтижелігі, жалпыға бірдейлігі. Берілген орындаушы үшін алгоритмнің түсініктілігі деп, орындаушының жарлықтарының жүйесіне, құрамына енетін іс-әрекеттерді орындау, тексеру туралы жазбалар мазмұнын айтады. Алгоритм ЭЕМ қабылдайтын және сол бойынша қажетті амалдарды орындай алатын нұсқаулар түрінде берілуі керек.
Дискреттілігі деп алгоритм жарлықтарының тізбектелген ретпен орындалуын айтады. Оның бір жарлығының орындалуының соңы мен келесі жарлықтың басына сілтеме дәл, нақты анықталады. Алгоритм, әрқайсысы ЭЕМ-ді белгілі бір қадам, әрекет жасататын нұсқаулардың тізбегінен тұрады. Әрбір жарлықты орындағанда алгоритмнің орындалуы аяқталды ма не келесі қандай жарлық орындалады, сол туралы дәл мәлімет болуы шарт, яғни алгоритмде нұсқаулардың орындалу реті анықталған болуы керек. Себебі ЭЕМ үшін әрбір нұсқауды орындағаннан кейін келесі қай жарлықты орындау (не істеу керектігі) анық көрсетілуі қажет.
Алгоритм – шектеулі қадамдарды орындап болған соң нәтижеге алып келеді. Нәтижеде, алгоритм орындалған соң есептің шешуінің аяқталуы, не қандай да бір себептерге байланысты есепті шешуді жалғастыру мүмкін еместігі туралы мәлімет болуы мүмкін. Алгоритмнің жалпылығы деп оны бірдей типтегі (түрдегі) есептерді шешу үшін қолдануға болатындығын айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет