Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақ тілі пәні (оқыту қазақ тілінде) Бағыты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата05.06.2023
өлшемі153,7 Kb.
#98811
  1   2   3   4


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде) 
Бағыты: 
жаңартылған 
білім 
мазмұны 
бойынша 
жаратылыстану-математикалық
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
1-
бөлім 
 
1-
тапсырма 
Мәтін үзіндісін оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
Өркениет ұғымын алғаш ХVІІІ ғасырда француз философтары «тағылық» сөзіне 
қарама-қайшы ұғым деген болатын. Әлбетте, өркениеттің тағылықпен үш қайнаса 
сорпасы қосылмайды. Тағылық кезең ХІХ ғасырдың қоғамтануында қалыптасып, 
эстетикалық үлгіні жоюға тырысты. Қатыгездікпен, мәдениетсіздікпен өмір сүрген 
елдердің өркениеті дамымайды. Аристотель, Сократ өмір сүрген антиктік мәдениет 
тағылықтың әсерінен құлдырап, формализм тәсілі азайған болатын. Өркениеті мықты 
дамыған елдер жалқаулық, еліктеушілік және надандықтың салдарынан тағылыққа бой 
ұрады. Энгельс, Моргандардың кезеңі түсініксіз тілде сөйлейтін, қатыгез қоғамға 
айналды, дегенмен көзі ашық жазушы, музыканттардың ықпалымен мәдениетін қалпына 
келтірді.
Өркениет – адамзаттың таңбалы тарихы, ән мен сәннің үйлесім табуы. Өз дәуірінде 
Шпенглер: «Өркениет – бір нәрсенің аяқталуы, ол белгілі бір қалыптасудан соң ғана 
келеді», – дейді. Бұл тұрғыда ғалымның сөзіне қарсылық білдіруге болады. Хантингтон 
жазғандай, «өркениет бірнеше ұлтты қамтиды» және ерекше рухани орта осы қасиетке 
түбегейлі ие бола алады. Мәселен, Италияның оңтүстігіндегі дворяндардың мәдениеті 
тап сол Италияның солтүстігіндегі ауыл-аймақтардың мәдениетімен тұтас та, өзгеше де 
бола алады. Демек, ол тұрғындардың ойына, қалауына байланысты. Адамдардың өз-
өздерін теңестірудің де біршама деңгейі бар: сол Италиядағы Рим тұрғыны өзін белгілі 
бір дәрежеде римдікпін, католикпін, италиялықпын, христианмын, еуропалықпын немесе 
батыс тұрғынымын деп сезіне алады. Алысқа бармай-ақ, өз елімізді мысалға алсақ, 
қазақстандық азамат та өзін қалауынша азиялықпын, қазақстандықпын, мұсылманмын, 
тәуелсіз тұлғамын, жеке тұлғамын деп түсіне алады. Яғни өркениеттің қалыптасуы 
адамзат баласының ой-өрісіне, өзіндік пайым-түсінігіне тікелей байланысты.
Тарихтың жалпы барысында өркениеттер тірі жанды еліктеуге, жеке басын 
идентификациялық теңестірудің ең жоғарғы деңгейімен қамтамасыз етуге итермелейді. 
Еліктеудің өзі – өркениет, ал бұл мәдениеттер қақтығысын туғызады. Хантингтонның 
еңбегінен ұққанымыздай, өркениет – мәдениеттің жоғары сатысы. Мұны біз аталған 
ұғым бір емес, бірнеше ұлтты бір арнаға тоғыстыратын ерекше рухани орта дер едік. 
Мәдениеті әлсіз мемлекет өркениетін жоғалтады, өзгеге «жем» болады. Бір топ жастан 
сіз «өз тіліңіздегі әндерді тыңдайсыз ба?» немесе «отандық киноларды қарайсыз ба?» деп 
сұрасаңыз, топтың жартысы ғана бас изер еді. Себебі заман жаңарған сайын жастар 
санасы да шетелдік өнімге құштар болады. Ал бұл – ойланатын жағдай.
Тағылық кезеңге сылдыр ақпарат, өзгеге еліктеу және мәнсіз сөз арқылы жету 
жеңіл. Ал тағылықтан сақтайтын бірден-бір «дәрумен» – ертеден қалыптасқан өркениет.
(320 
сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет