Презентация Тақырыбы:"Органикалық қосылыстардың құрылысын анықтайтын қазіргі заманғы физика-химиялық әдістер



бет2/5
Дата08.02.2023
өлшемі1,92 Mb.
#66126
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Химиялық әдістер

  • Органикалық қосылыстардың құрылысын анықтау үшін химиялық әдістердің қолданылуы, молекуланың көміртектік қаңқа құрылымын анықтауға, функциональдық топтарды, қанықпаған байланыстарды және т.б. табуға мүмкіндік беретін сапалық реакцияларды пайдалануға негізделген. Мысалы, қосылыста альдегидтік топтың бар екендігін «күміс-айна» реакциясымен табады, қос байланысты бромдық судың түссіздендіруі бойынша анықтайды. Кейде жеке екендігін айқындау үшін молекуланың көміртектік қаңқасын бұзады (ыдыратады) немесе түрлі туындыларын алып, белгілі заттармен салыстыру амалы арқылы анықтайды.

Физикалық (аспаптық) әдістер

  • Соңғы жылдары органикалық қосылыстардың құрылысын зерттеу үшін химиялық әдістермен қатар физикалық (аспаптық) әдістер де кеңінен пайдаланылады. Тек физикалық әдістердің көмегімен ғана молекуладағы атомдардың, арасындағы ара қашықтығы мен бұрышын, олардың кеңістіктегі өзара орналасуын, молекула ішіндегі (ішкі) және молекулааралық әрекеттесуді анықтауға болады. Органикалық қосылыстардың құрылысын зерттейтін маңызды физикалық әдістерге спектральдық жатады:
  • инфрақызыл спектроскопия (ИКС),
  • комбинациялы шашырату спектроскопия (КРС),
  • ультракулгінді (УФ) спектроскопия және көрінетін аймақтағы спектр,
  • ядролы магниттік резонанс (ЯМР) спектроскопия,
  • масс-спектрометрия
  • дифракциялық әдістер (рентгенграфия, электронграфия, нейтронграфия).

Физикалық (аспаптық) әдістер

  • Электромагниттік толқын шығаруды (шашыратуды) өзара байланысты болатын бірнеше өлшемдермен параметрлермен сипаттауға болады: Е энергиямен, λ толқын ұзындығымен, ν жиілікпен немесе J толқындық санмен:

Физикалық (аспаптық) әдістер

  • Электромагниттік толқын шығару толқын ұзындығына тәуелділікте бірнеше аймақтарға бөлінеді: рентгендікке, ультракүлгіндікке (УФ), көрінетінге, инфрақызылға (УФ), микротолқындыға және радиожиілікке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет