Презентация Тақырыбы:"Органикалық қосылыстардың құрылысын анықтайтын қазіргі заманғы физика-химиялық әдістер



бет3/5
Дата08.02.2023
өлшемі1,92 Mb.
#66126
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Электрондык спектроскопия

  • Электрондық спектроскопия ультракүлгіндегі (ультракүлгіндегі спектроскопиядағы) және көрінетіндегі (көрінетін аймақтығы спектроскопиядағы) электромагниттік шығару аралығындағы (диапазондағы) жұту спектрлерін зерттейді. Ультракүлгінді және көрінетін аймақтағы жұту спектрлері молекулаларындағы электрондық ауысуларымен байланысты, сондықтан оларды электрондық спектр деп атайды. Электрондық спектр электрон жұтқан тұста электрондық ауысудың төрт түрі болуы мүмкін: σ→σ*, π→π*, n→σ*, n→π* ауысулар.
  • σ→σ* - алкандар, циклді алкандарда байқалады.
  • n→σ* - органикалық қосылыстың құрамына гетеро-басқа атомдар болса байқалады.
  • π→π* - қанықпаған байланысы бар молекулада байқалады.

Инфрақызыл спектроскопия

  • Инфрақызыл спектроскопия (ИКС) электромагниттік спектрдің инфрақызыл аралығындағы - диапазонындағы сәуле шашыратудың (шығаруды) органикалық заттардың жұту қасиетіне негізделген. Органикалық молекулалар инфрақызыл шашыратумен (шығарумен) (4000-400 см-1) әрекеттескенде олардың тербелмелі қозғалыс қоздырылады және жоғарылау тербелмелі деңгейге ауысады.

Инфрақызыл спектроскопия

  • Молекуладағы тербелудің негізгі екі түрін ажыратады:
  • Валенттік- атомдарды байланыстыратын осін бойлай жүретін (байланыстарды созу - қысқарту) тербелуі, v-белгілейді.
  • Деформациялық- валенттік бұрыштың ауытқуымен (байланыс осімен, ауытқу) байланыста жүретін өзгеріс, δ белгілейді.
  • Валенттік тербелулер:
  • симметриялық (Vs) - тербелістердегі барлық байланыстар бір мезетте созылады және қысқарады.
  • ассиметриялық (Vas) - байланыстардың созылуы мен қысқаруы кезектесіп жүреді.

Ядролық магниттік резонанс спектроскопия

  • Ядролық магниттік резонанс спектроскопиясы (ЯМР) кейбір атомдар ядросының қасиетіне негізделген. Сыртқы магниттік өрісте орналасқан ядро, радиожиілік диапазонындағы (арасындағы) шығаруды жұтады.
  • Осы орайда атап өтетін аса маңызды сол, ол радиожиіліктік шығару энергиясын жұту, тек магниттік момент болатын ядро үшін ғана тән. Оған протондары мен нейтрондарының қосындысы тақ болатын ядролар жатады, яғни спиндік кванттық саны бар, нөлге тең еместер -1Н, 13С, 19Ғ, 31Р және т.б. Мұндай ядролар сыртқы магниттік өрісте өзін магнит сияқты ұстап магнит ретінде болады.
  • Қазіргі кезде органикалық химияда протондық магниттік резонанс (ПМР) деп аталатын, протондардағы (1Н) ЯМР спектроскопия кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет