Проблемы языкознания


ПОВЕСТЬ (ХИКАЯТ) ЖАНР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата03.03.2017
өлшемі3,18 Mb.
#5514
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38

ПОВЕСТЬ (ХИКАЯТ) ЖАНР МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ 
ЖАНРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР 
(М. Мағауиннің «Қыпшақ аруы» хикаяты негізінде) 
 
Мақала қазақ әдебиетінде  кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала-қазақ 
прозасының  қоржынын  толтырып  отырған  орта  кӛлемді  повесть  (хикаят)  мәселесі 
хақында.  Повесть  роман  мен  ұсақ  әңгімелер  арасында  болсадағы  әдеби  жанрдың  барлық 
түрлері  сияқты  жазушы  шеберлігіне  тәуелді  екенін  айтады. М.  Мағауин  туындыларының 
ішінде  «Қыпшақ  аруы»  повесін  композициялық  құрылымы  жағынан  талданып,  мысалдар 
келтіріледі.  Повесть  (хикаят)  жанры  оқырман  қауымның  санасына  жеңіл  жетіп,  жылы 
тиетін әдеби жанр екендігін баяндайды. Мақала әдебиетшілерге арналады.  
 
Тірек сӛздер: қазақ әдебиет,повесть,жанр, композициялық құрылымы.  
 

245 
 
Ҽдебиет зерттеушілері ҽдебиет тегінен тарататын негізгі түрлерінің бірі-проза саласы. 
Қазақ  ауыз  ҽдебиетінің  қайнар  кҿздерінің  қатарындағы  ертегі,  аңыз  ҽңгімелерінен  бастау 
алған проза бүгінде кемелденген кҿпсалалы ҽдебиет жанры. 
Прозаны  Ахмет  Байтұрсынов  ҽуез  деп  атай  келе,  оны  ұлы  ҽңгіме,  ұзақ  ҽңгіме,  ұсақ 
ҽңгіме деп жіктейді. Бұл бүгінгі ҽдебиет термині тілімен айтар болсақ: роман,повесть,ҽңгіме. 
Қазіргі таңда кемелденіп, кемеріне келген ҽлемдік ҽдебиет сахнасында ҿзіндік орны бар 
қазақ  ҽдебиетінің  қай  жанрының  болсын  бастау  бұлағы,  қайнар  кҿздерінің  бірегейі-қазақ 
ауыз  ҽдебиеті,  яғни  фольклор  екендігі  даусыз.  Бұл  үрдіс  қазақ  ҽдебиетіне  ХХ  ғасырдың 
басында  дендеп  ене  бастаған  ҽдебиетіміздің  проза  саласына  да  жат  емес.  «Проза  –қазақ 
ҽдебиетінде  кешеңдеу  туған,  бірақ  орасан  шапшаң  дамыған  сала»-  [1,  306]  деген  пікірдің 
түйініне  келіссек  те,  оның  бастауы  ауыз  ҽдебиетінде  жатқаны  ақиқат.  «Қазақ  ҽдебиетінде 
прозалық  шығармалардың  алғашқы  түрлері  ертегі-аңыздарда,  Абайдың  қара  сҿздерінде, 
Ыбырайдың ҽңгімелерінде кҿрінді» - [2, 555] деген тұжырым біздің жоғарыдағы ойымызды 
айғақтай  түседі.  Сҿз  қылып  отырған  проза  жанрының  басты  критериінің  қатарына  оның 
жазба  ҽдебиетпен  тығыз  байланыстылығы.  Ал  жазба  ҽдебиеттің  жанданып,  жұртшылыққа 
кеңінен таралуы баспа ҿнеріне тікелей тҽуелді екені белгілі. 
Қоғамдағы осындай ілгерішіл (прогрессивті) процестер қазақ жерінде ҿткен ғасырдың 
басында айқын кҿрініс бере бастады. Осы аталмыш кезеңде ҽдебиетіміздің сүрлеуі салынып, 
ҿзіндік  сара  жолы  айқындала  түсті.  Міржақып  Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамалы»  (1910), 
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз кҿрелігі» (1912), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» 
(1914),  Бейімбет  Майлиннің  «Шұғаның  белгісі»  (1914)  тҽрізді  туындылар  дербес  жанр 
ретінде қалыптаса бастаған қазақ прозасының алғашқы қарлығаштары еді. Ал бұл  дҽстүрді 
абыроймен  жалғастыра  білген  Жүсіпбек  Аймауытов,  Сҽкен  Сейфуллин,  Сҽбит  Мұқанов 
сынды ҽдебиет шеберлері проза  пҽрменін жан-жақты танытып, айдынын асыра түсті. 
Аталмыш  сҿз  зергерлерінің  қаламынан  шыққан  прозалық  шығармалардың  эпостық 
түрлері де саналуан болды. 
Қазақ  прозасының  қоржынын  шағын  кҿлемді  шымыр  ҽңгімеден  бастап,  орта  кҿлемді 
эпикалық  повесть  (хикаят),  кең  кҿлемді,  ауқымы  зор  роман  түрінде  жазылған  шығармалар 
молынан толықтырды. 
Осы ҽдеби жанр түрлерінің ішінде қазақ ҽдебиетінің проза саласын қарқынды дамытуға 
үлес  қосқан,  эпикалық  жанрдың  бір  түрі  повестің  орны  ерекше.  Ұлттық  ҽдебиеттану 
ғылымының  негізін  салушы  Ахмет    Байтұрсынов  ҽңгіме  түрлеріне  тоқтала  келіп:  «Ұлы 
ҽңгіменің ҿресі қысқа, ҿрісі тарлау түрі ұзақ ҽңгіме деп аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ 
ҽңгіме деп аталады. 
Ұлы  ҽңгіме,  ұзақ  ҽңгіме,  ұсақ  ҽңгіме  болып  бҿлінулері  үлкен  –кішілігінен  ғана. 
Мазмұндау  жүйесі  бҽрінде  де  бір,  айтылу  аудандарында  айырма  бар:  ұлы  ҽңгіме  сҿзін 
алыстан  айдаған  аттарша  жайыла  бастайды,  ұзақ  ҽңгіме  мүше  алып  оралып  келе    қоятын 
аттарша бастайды».[3, 450]  
А. Байтұрсынов жақыннан жайылған атқа  теңеген проза түрі повесть екендігі талассыз. 
Кҿркем ҽдебиеттің барлық салалары қарқынды дамып, жан-жақты жетілген бүгінгі тұста да 
повесть  жайында  нақты  тұжырым,  берік  байлам  жоқ.  Қазақ  ҽдебиеті  энциклопедиясында 
повесть хақында: «Повестке оқиға тізбегін баяндау, хроникалық ҽңнімелеу тҽсілі тҽн. Сҿйтіп, 
повесть  –  эпикалық  баяндау  түрі  мен  жанрлық  ерекшеліктері  арқылы  дараланатын  шағын 
прозалық  шығарма»  [2,  550],-  деген  баға  берілсе,  академик  З.  Қабдолов  повестің  жанрлық 
сипатын талдай келе:  «Сондықтан, ҽңгімеге қарағанда, повестің кҿлемі де үлкен, сюжеті де 
күрделі, ондағы ҿмірлік тартыстардың оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі 
мен шешімі де ҽлдеқайда табиғи, заңды. Оқиғаларға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, 
бірнешеу, кейде бірнешеу, кейде тіпті ондап саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім-
бейнелері  бедерлі,  арақатынастары  арналы,  ҽжептҽуір  ҿріле,  ҿрістетіле,  қалыптасу  даму 
үстінде кҿрсетіледі» [1, 327]. 
Повеске  ҽр  алуан  анықтама  беріліп,  ҽдебиет  зерттеушілері  сан  түрлі  тұжырым 
жасасадағы, ҽрі бұл жанр ұлы ҽңгіме (роман) мен ұсақ ҽңгіме аралығында болсадағы ҽдеби 

246 
 
жанрдың барлық түрлері тҽрізді повесте ең ҽуелі жазушы шеберлігіне, оның шығармашылық 
жауапкершілігіне  тҽуелді.  Ҿйткені  жалпы  даму  заңдылығына  сҽйкес,  ҽдебиетте,  оның  тегі 
мен түрі де ұдайы пайда болу, ҿсу, жетілу жолында болады. 
Оның  (ҽдебиеттің-А.Т.)  аясындағы  жанрлар  да  осы  процестен  қалыс  қалмайды.  Яғни 
бұдан шығар қорытынды повес те ҽрдайым ҿз ерекшелігін сақтай отырып, толығу, жаңару, 
жанр  ретінде  ҿсіп-жетілу  процесі  үстінде  болады.  Эпостың  осы  түрі  қазақ  ҽдебиетінде  аса 
шапшаң  ҿрлеген  кезеңі  ХХ  ғасырдың  60  жылдары.  Осы  тұста  қазақ  қаламгерлерінің 
қатарына қосылған М. Мағауин, Қ. Ысқақов, С. Мұратбеков, Т. Ҽлімқұлов, Д. Исабеков, О. 
Бҿкеев т.б. ҽдебиетімізге ҿзіндік сара жолмен, қолтаңбаларын ала келген еді. Аттары аталған 
жас жазушылар эпостың күрделі түрі роман жанрына қалам тартпас бұрын, ҿздерін прозаның 
ҽңгіме,  очерк,  повесть  жанрларында  байқап  кҿрді.  Олардың  кҿпшілігінің  бұл  қадамдары 
сҽтті  болды.  Дулат  Исабековтың  «Пері  мен  періште»,  Тҽкен  Ҽлімқұловтың  «Қаратау», 
Оралхан Бҿкейдің «Ҿліара», Қалиқан Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» повестері қалың оқырман 
қауымын елең еткізіп, қазақ ҽдебиетіне жалынды, жас жазушылар легінің келгендігін айқын 
танытты.  Осы  ҽдебиет  табалдырығын  60-жылдары  аттаған  жазушылар  шоғырының  ішінде 
шоқтығы биік тұрған Мұхтар Мағауин болатын. 
Оның  «Кешқұрым»,  «Иесіз»,  «Қияндағы  қыстау»,  «Ҽйел  махаббаты»,  «Жаңылысу», 
«Тазының  ҿлімі»,  «Қара  қыз»  сынды  ҽдебиетке  жаңа  қадам  басқан  шағында  жазған  ҽңгіме 
повестері  қазақ  ҽдебиетінің  проза  саласына  ҿткен  ғасырдың  60-жылдары-ақ  жалынды 
жазушының келгенін танытты.  «Мен қазақ едім жҽне тумысымнан ұлтшыл қазақ едім»-деп 
қаламгердің  ҿзі  айтқандай  оның  шығармаларының  басты  тақырыбы  қазақ,  алаш,  ұлт.  Шын 
ұлтшылдық  түп  тегіңді  ғана  емес,  адам  атаулыны  сыйлау  десек,  осы  идеяны  ту  қылған 
Мағауин  прозасы  ұлы  Абайдың  «Ҽкесінің  баласы  адамның  дұшпаны,  адамның  баласы 
бауырың» [4, 23] – деген данышпан сҿзімен астасып жатқанын кҿреміз. 
Рас, Мұхтар Мағауиннің қазақ ҽдебиетіндегі кҿтерген жүгі аса ауыр еді. Себебі, ол тек 
кҿркем шығарма иесі ғана емес, ҽдебиетіміздің тарихын тереңнен талдап, зерттеген ҽдебиет 
зерттеушісі  болатын.  Жас  Мұхтар  ғалым  ретінде  қазақ  ҽдебиеті  тарихын  алты  ғасыр  ҽрі 
жылжытып,  тұтас  бір  дҽуірді  қамтитын  хандық  дҽуір  ҽдебиеті  деген  терминнің  қазақ 
ҽдебиеттану  ғылымында  ҿз  орнын  алуына  зор  еңбек  сіңірді.  Мұхтар  Мағауиннің  халық 
қазынасына  айналған  кҿркем  ҽдеби  шығармалары  бүгінгі  таңда  да  одан  ҽрі  байып  ҿрлеу 
үстінде.  Тҽуелсіздік  алған  кезеңде  жазылған  М.Мағауиннің  «Сары  қазақ»  (1991),  «Мен» 
(2002)  сынды  кҿлемді  еңбектерімен  қатар  «ұлтсыздану  ұраны»  (2004)  толғауы,  «Қыпшақ 
аруы»  (2004)  повесі  замана  шындығының  айнасы  іспеттес.  Осы  орайда  атап  ҿтпегіміз 
жазушының «Қыпшақ аруы» повесі. 
«Қыпшақ  аруы»  повесі  бір  қарағанда  сюжетсіз  шығарма  сияқты  қабылдану  мүмкін. 
Алайда композициялық құрылымы ерекше. Мұнда автор тек баяндаушы суреткер ғана емес, 
повестің  басты  кейіпкерлерінің  бірі.  Осы  тұста  біз  «Кҿркем  ҽдебиеттегі  басты  тұлға-
суреткер.  Сондықтан  қандай  да  бір  ҽдеби  шығарма,  құбылыс  жайлы  ҽңгіме  еткенде,  оның 
авторына  соқпай  ҿту  қиын.  Ҽдебиет  туралы  пікір  білдіру  –  белгілі  бір  дҽрежеде  жазушы 
жайлы  ҽңгімелесу»  [5,  205]  –деген  түйіндеменің  орынды  екеніне  куҽ  боламыз.  Ҿзінің 
ҽдебиетпен  тығыз  бітісе  байланысқан  ҿмір  жолына  шолу  жасап  оқырманды  хабардар  ету 
мақсатында жазушы қаламын қиял қанатына міндіріп, түрлі қоғамдық дҽуір шындығын кҿз 
алдыңа ҽкеледі. Бір-екі ғасыр емес аттай сегіз жүз жыл шағын повеске (хикаятқа) сыйып тұр. 
Осының  ҿзі-ақ  жазушының  ауқымды  тақырыпты,  шағын  повесть  кҿлемінде  аса  дҽлдікпен 
кҿтеріп, кҿркемдік тұрғыда құнын жоғалтпай жеткізе білген суреткерлік шеберлігінің куҽсі. 
Алғашқы  кіріспе  тарауынан  біз  еліміз  егемендік  алып,  ой-сана,  сҿз  бостандығы  берік 
орныққан  тұстағы  шығармашылық  шыңына  шыққан  ел  ағасы,  ұлт  қамқоры  Мұхтар 
Мағауинді кҿреміз. 
Повестің басты персонаждарының бірі Қыпшақ аруын «...қиығы түзу аялы, үлкен кҿзді 
ҽсем  иілген  саржа  қасты,  үйірілген  оймақ  ауызды,  жұмыр  балғын  иекті»  [6,  4]  деген 
жолдарымен  суреттейді.  Киген  киім  үлгісі  де  ерекше  «құлағында  үш  салпаншақ  ай  сырға. 
Мойнында  –  жоғарғысы  жапырақ  тізбелі,  тҿменгісі  бітеу,  ширатпалы  қос  алқа.  Басында 

247 
 
тоқалтҿбелі  шошақ бҿрік, бҿрік үстінде алды маңдайға  еңкейген, арты шашқапқа ұласатын 
екі  ҿңірі  доғалана  біткен  бұрама  шекелікпен  кҿмкерілген,  ҿзгеше  шаршы.  Иықтағы 
камзолдың қос мықымы шолақ, арты ойыла тҿгіліп қылтаға түскен...» [6, 5] жазушының кҿне 
тарих  шежіресін,  кҿне  қыпшақ  дҽстүрін,  тұрмысын  терең  білетіні  айқын  танылып  тұр. 
Осыны оқығанда кҿз алдыңызға түркі жұрты: 
Тҽңірі Ұмай қасиетті жер-су, 
Бізді  қорғайды  ойлану  керек,-[6,  31]  –деп,  жырлаған  құт-береке  киесі,  ұрпақ  қорғаны 
Ұмай  ана  кҿз  алыңызға  келеді.  Жанды  баураған  тамаша  ару  бейнесін  суреттеумен  
тҽмамдалған алғашқы тараулардан соң оқиға желісі ҿткен ғасырдың 70-жылдарына ойысады. 
Кеңес  үкіметінің  кемелденген  социализмге  кіріп,  коммунизм  қол  созым  жерде  болмаса  да, 
«кҿз ұшында» тұрған кез. «Жарқын болашаққа» деген сенім барша жұрттың ойын тұмандап, 
дуалап  тастағандай.  Тек  кҿзі  ашық,  кҿкірегі  ояу,  санасы  зерделі  бірлі-жарым  зиялы  қауым 
болмаса.  Бірақ  олардың  ҽр  адымы  аңдулы,  ой-санасы  шектеулі  еді.  «Гүлденген» 
социализмнің сойылын соғып, жырын жырлаған жанды ғана жарылқайды. Бар жақсылықты 
басына үйіп тҿгеді. Осы тұста біз танысатын басты кейіпкер Саржан Кҿбеков атты мүсінші, 
тасы ҿрге домалаған, абыройы асқақтап тұрған азамат. 
Сыртқа қысас, ҽдеби майданнан шеттету кҿріп жүрген авторға қарама-қарсы кейіпкер. 
Саржан  Ленинградта  сҽулет  –  ҿнер  академиясында  оқыған,  мүсін-ескерткіштері  сол 
кезеңдегі астана Алматының қақ ортасында, тың орталығы Ақмоланың дҽл тҿсінде қасқайып 
тұрған,  Үлкен  кісінің  (мемлекет  басшысы)  ҿзімен  еркін  сҿйлесетін,  кҿп  құрметіне  ерте 
бҿлінген мүсінші. Бұдан ҿткен бақыт бар ма? Тек, одан ҽрі ҿсу, ҿрлеу ғана қалды. Десек те, 
болып-толған Саржан мен автор диалогтерінен кеңес үкіметінің шынайы бет-бедерін айқын 
аңғарамыз. Мына детальге назар салайық: «Ҽлгі, кҿсемдерге арналған жабық дүкеннен алып 
тұрам, қол тиіп бара қалғанда». 
«Халықтық»  мемлекетте  «халық  қамын»  жейтін  қасқалардың  ҽрекеті  жалғыз  ауыз 
сҿзбен  ҽдемі  ҽшкереленген.  Жегені  қазы-қарта,  астында  үкіметтік  жеңіл  кҿлік    Саржанның 
тағдырын  кілт  ҿзгерткен  тас  мүсін  кейпіндегі  Қыпшақ  аруы  бізді  де  бас  кейіпкермен  бірге 
қиял  дүниесіне  енгізеді.  Мұхтар  Мағауин  Сваржанның  кҿркем  бейнесін  жасауда  оның    іс-
ҽрекетін,  мінезін  дҽуір  шындығымен  тұтастыра  типтік  деңгейде  суреттей  білген.  Орайы 
келгенде  айта  кетер  жҽйт,  бүгінде  ормандай  қаптап  орыс  ағайындылар  отырған  Херсон, 
Днепропетровск,  Запорожье,  Донецк,  Дондағы  Ростов  ҿлкелерінің  қыпшақтардың  құтты 
қонысы болғанын хикаят желісінен аңғарамыз. Сонымен қатар автор қыпшақ ҿмірін баяндау 
барысында түркілік дін – Тҽңір діні жайында да айтуды ұмытпайды. 
«- Қалай бісміллҽ дейміз бе 
 
   Оныншы  ғасырда  Батыс  қыпшақтар  ҽлі  ислам  дінін қабылдамаған,-  дедім.  –  Тҽңірі 
дінінде  
 
   Онда Тҽңірі қолдасын делік. [6, 21] 
Түркілік  дін  хикаятта  «Уа,  тҽңірім!»,  «Уа,  айнымас  тҽңірім»,  -  деп  бірнеше  рет 
келтіріледі. 
Автор:  
-
 
Биікте кҿк тҽңірі, 
Тҿменде қара жыр жаралғанда [6, 40] –  
деп  жырлаған  түркілік  нанымның  қыпшақтар  арасында  кеңінен  сақталғанын  баса 
кҿрсетеді.  Хикаятта  белгілі  бір  жансыз  затты  пір  тұту  яғни  фетишизм  ҽсері  де  ҽдемі 
бейнеленген.  Тас  таңбаларға  табыну,  аруақпен  тілдесу  тҽрізді  элементтер  хикаятта  жиі 
кездеседі. Мына жолдарға назар салайық: «Екінші сен ниет еткен жол. Кескінімді бүтіндеп, 
қайтадан қалыптайсың. Содан соң қираған, мүгедек мүсінді біржола тҽрк етіп, ҿзімнің шын 
бейнеме  –  сен  жасаған  жаңа  ескерткішке  кҿшем».  Тастарды  қастерлеу  кҿне  қытай 
мифологияларында (түрлі тастарды қасиет санау), ежелгі грек ҽдебиетінде (Геркальды – тас 
мүсінде  бейнелеу)  кездеседі.  Біз  бұл  жерде  ҽдебиет  тарихымыздың  бастау  бұлағы  қадым 
замандардан  келе  жатқанын,  оның  ҽлем  ҽдебиетімен  тамырлас  екенін  аңғарамыз.  Повесте 
жазушы  кҿріп  отырғанымыздай  мҽдени,  ҽдеби,  ҿнер  түрлерінің  фольклор  аясында 

248 
 
шектелмей,  бірлікте  болғандығын  қиял-ғажайып  ертегі,  аңыз  элементтерін  еске  түсіретін 
детальдар  арқылы  тартымды  кҿрсеткен.  Повесте  (хикаятта)  Мағауин  мүсінші  сҿзінің 
синонимі ретінде бҽдізші сҿзін ұтымды қолданған. Бет, бедер сҿздерінен туындаған бұл сҿз 
құлаққа жағымды естіліп, жүрекке жылы тиеді. Автор Айсұлу – бегім мен Саржанды ҿткен 
ҿмірге  сапар  шектіру  арқылы  кемеріне  келген,  ырыс  дҽулеті  асып-тасыған,  қойнауы  құтқа, 
ҿрісі  малға  толы  қыпшақ  тұрмысынан  мол  хабар  береді.  Осылай  кҿнемен  қауыштырған 
хикаят соңында Саржан мен жазушы Мұхтардың бір кейіпкер екенін аңғарамыз. Мың жылға 
жуық  тарихты  жайып  салған  хикаят,  «Аласапыран»  (1982),  «Қобыз  сарыны»,  «Алдаспан» 
сынды  ҿлмес  туындыларды  дүниеге  ҽкелген  классик  жазушының  ҿмірнамасы  іспеттес.  Ал 
800  жыл  қазақ  сахарасында  самғап  жүрген  Қыпшақ  аруы  –  Ұмай  ана  бейнесі  мҽңгі  жасар 
қазақ ұлтының символы. Мұхтар Мағауиннің аталмыш повесі ҽр дҽуірдің ғана емес эпостық 
түрлі  жанрдың  басын  біріктірген  синтезді  туынды.  «Қыпшақ  аруы»  повесі  осы  жанрға  тҽн 
эпикалық  баяндау  тҽсілімен  жазылса  да,  күрделі  оқиға  қат-қабат  тартысқа  құрылмаса  да 
философиялық  тереңдігімен,  оқырманға  ой  тастар  таным,  тағылым  қуатының  күштілігімен 
аса  құнды.  Бұл  құндылықты  повестің  ұлтым,  қазағым  тарих  тҿрінен  орын  алар  ҿнегелі 
ҿткенің бар, жауың күйініп, жақының сүйсінер бүгінің бар, міне осы асыл рухани мұраларды 
шашау шығармай кейінгі ұрпақ қолына аманатпен табыстау ұлтжанды ҽр азаматтың қасиетті 
парызы деген идеясын да айқын танытып тұр. 
Қазіргі  қазақ  ҽдебиетіндегі  жанрлық  жаңалықтарға  келетін  болсақ,  жазушы  Ҽлібек 
Асқаровтың «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» атты деректі кҿркем прозасын атауға 
болады. Саяхат-ҽдебиеттің ең кҿне жанры. Дүниежүзілік классикалық ҽдебиеттің бастауында 
жол  сапар  идеясы  жатқаны  бұрыннан  белгілі.Оның  асыл  үлгісі  ертегілер,  лиро-эпостық 
жырлар,  батырлар  жырлары  болып  табылады.  Шетел  ҽдебиетіндегі  Гомер,  Вергилий, 
Овидий, Апулей тҽрізді грек-рим ақын-жазушыларының қаһармандары шетінен кезбе келеді. 
Орта  ғасырларда  жерді  қастерлі  немесе  «күнҽлі»  деп  бҿлу  діни  сипат  алғаны  аян.  Алысқа 
бармай-ақ.  Ҿзіміздің  Асан  қайғы  бабамыздың  жерұйық  іздеуін    еске  алсақ,  ондада  құтты 
мекен, қарғыс шалған жер деген кереғар ұғымдар бар. 
Жерұйықты іздеп табу адамзаттың асыл арманы. 
Ұлтымызға  тҽн  киелі  мекеннің  бҿлек  жаратылысын,  оңашалығын,  ерекше  сұлулығын 
айлы-күнді  Алтайды,  Мұзтауды,Кҿк  кҿлді,Қара  кҿлді  сүйіп  суреттеген  Ҽлібек  Асқаровтың 
жол сапар кітабын оқу барысында аңғардық.   
Ұлттық  ҽдебиетіміздің  негізінде  саяхат  жанрының  үздік  үлгісі-  Шоқан  Уҽлихановтың 
географиялық очерктері. 
Ҽлібек Асқаровтың осынау сырлы кітабы бойынша айтсақ Мұзтау-ҽулие тау. «Тазалық, 
тектілік,  рухтың  мҽңгілік  отаны.  Ол-тірі  тау,  қастерлі,  мінезді  тау.  Мұзтаудың  қазақтың 
ежелгі  бір  бастау  мекені,  қорғаны  екенін  сеземіз,  бҽріміз  түркі  жұртының  атажұрты  Алтай 
деп  білеміз.  Кітаптың  жанры  күрделі,  онда  деректі  проза  мен  кҿркем  прозаның  аражігін 
ажырату қиын. Табиғатты бейнелеуде нақты ҽрі кҿркем суреттеулер мол. Ғылыми сипаттағы 
географиялық  мҽліметтер,  флора  мен  фаунаға  қатысты  дүниелер  мол.  Алтайдағы  таңның 
атуына шейін шынайы деталь арқылы синонимдік қатармен, грациямен беріледі. Тарих пен 
қоғам,  ел  мен  жер,  тіпті  мистикалық  сарын  бұл  кітаптың  еншісінде    дейді  жазушы  Айгүл 
Кемелбаева. 
Бір жанрлық формадағы шығармаларды ҽр қилы мазмұнға, түрге бҿліп, олардың нақты 
атауын қалыптастыра беру дҽстүрлі ҽдебиет теориясында ежелден бар. 
Қазіргі  қазақ  ҽдебиетіндегі  жанрлықтар  дегенде  қазақ  мҽдени  дҽстүріне  енді  сіңісе 
бастаған, дүниежүзілік ҽдебиетте бұрыннан қалыптасқан дүние болғанмен, біздің ұлттық сҿз 
ҿнері  үшін  жаңа,  маңызды  ҽрі  таңсық,  жас  үлгі,  соңғы  соқпақ  деп  тануға  тұрарлық 
шығармаларды қарастырдық. 
 
Пайдаланған ҽдебиеттер 
1
 
Қабдолов З. Сҿз ҿнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 350 б. 
2
 
Қазақ ҽдебиеті энциклопедиясы. – А.: «Білім» баспа үйі, 1999. – 745 б 

249 
 
3
 
Байтұрсынов А. «Ақ жол». – Алматы: «Жалын», 1991. – 460 б. 
4
 
Келімбетов Н. Ежелгі дҽуір ҽдебиеті. – 200 б.  
5
 
Дандай Ысқақұлы «Сын ҿнері». – А.: «ҚАЗақпарат», 2000. – 303 б. 
6
 
Абай шығармаларының 2 томдық жинағы, 2-ші том. – 195 б. 
 
В  данной  статье  рассматривается  объемный  вопрос  повести,  которая  пополнила 
быстро развивающуюся копилку казахской прозы. В повести говорится о наличии всех видов 
литературного  жанра,  зависящего  от  мастерства  писателя.  Автор  открыл  вопрос  о 
структуре  композиции  повести  М.  Магауина  «Кыпшак  аруы».  Жанр  повести  достиг 
сознания читателей и представлен как легкий жанр литературы.   
In this article discussesed how to surround the question of which expanded rapidly evolving 
piggybank of Kazakh prose.
 The story refers to the presence of all kinds of literary genre, and that 
they are all dependent on the skill of the writer. Discussed the structure of the novel compositions of 
M.  Magauina  «Kypshak  aruy»,  as  well  as  examples.  The  genre  of  novels  to  attained  to 
consciousness of readers and told the  readers that this is an easy genre of literature. 
 
 
 
ОҼЖ-809.434.2                                                                                                                        
Р.М. Ускенбаева
1
, Н.И. Бҿлекбаева

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қ.И. Сҽтбаев атындағы ҚазҰТУ

Алматы, Қазақстан 
 
МИФТІК ШЫҒАРМА ТІЛІ МЕН ҚАЗІРГІ ӘДЕБИ ТІЛДЕГІ  
ӚЗАРА САБАҚТАСТЫҚ 
 
Мақалада  қазіргі  шығармалардағы  мифтік  құрылымның  мүмкіндігі  зор  екені  және 
дәстүр  мен  жаңашылдық  арасындағы  тығыз  байланыс  сӛз  болады.  Қазіргі  кӛркем 
шығармалардағы  мифтік  ұғымдардың  берілуінің    кӛркемдік-эстетикалық  құндылығы  мен 
қуаттылығы  айтылады.  Сонымен  бірге  мифтік  танымды  білдіретін  тілдік  бірліктерді 
қазіргі қазақ әдебиетінде ұтымды пайдаланып жүрген ақын, жазушылардың шығармалары 
талданады. Олардың суреттеу шеберлігі сӛз болады.  
 
Кілт  сӛздер:  миф,  мифология,  фольклор,  тілдік  бірліктер,  ертегі,  фразеологизм, 
мифтік ұғым, мифтік сана, тілдік қолданыс. 
 
Академик Ҽ. Қайдар тілдің шығу тҿркіні жайлы айттан пікірінде тілдің қоғамдағы үш 
түрлі қызметі жайлы айта келіп, былай дейді – «тілдің кумулятивтік қызметі дегеніміз тілдің 
ғасырлар  бойы  дүниеге  келіп,  қалыптасқан  барлық  сҿз  байлығын  ҿз  бойына  жиып,  сақтап, 
оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отырған игілікті қасиеті». Ғалымның 
осы  пікірін  негізге  алатын  болсақ  тілдің  ұлтты  танытуда  ең  негізгі  фактор  екенін  айқын 
аңғаруымызға болады. 
Жалпы  қазақ  ҽдебиеттануында  мифтик  шығарма  тілі  мен  ҽдеби  тілдегі  ҿзара 
сабақтастық  жан-жақты  зерттеуді  қажет  етеді.  Десек  те,  ҽдебиет  пен  мифологияның  ҿзара 
байланысын,  мифологиялық  дүниетанымның  кҿркемдік  ойлау  жүйесіндегі  орнын  ҿз 
еңбектерінде  зерттеу  обьектісі  ретінде  алған  біршама  ғылыми  еңбектер  бар.  Атап  айтар 
болсақ, А. Жақсылықовтың «Қазақ ҽдебиетіндегі діни мазмұнды шығармалардағы ҽуен, идея 
жҽне  образдар  (типология,  эстетика,  генезис)»,  Г.  Пірҽлиеваның  «Кҿркем  прозадағы 
психологизмнің  кейбір  мҽселелері  (түс  кҿру,  бейвербалды  ишараттар,  заттық  ҽлем)»  атты 

250 
 
докторлық, А. Мҽуленовтің «Қазіргі қазақ прозасындағы аңыздар мен мифтердің кҿркемдік 
қызметі», Л. Мұсалының «Символ жҽне оның кҿркемдік қызметі», Г. Шаинованың «Роллан 
Сейсенбаев  прозасындағы  мифологизм»  кандидаттық  диссертацияларын  атауға  болады. 
Аталған  авторлар  негізінен  прозалық  туындылардағы  мифологизм  мҽселесіне  ҽр  қырынан 
келіп, салмақты ойлар тұжырымдаған. Сондай-ақ ұлттық мифологияны арнайы зерделеген С. 
Қондыбайдың тҿрт кітаптан тұратын еңбегін айтуымызға болады.  
ХХ  ғасырдағы  авангардтық  румын  прозасының  кҿрнекті  ҿкілі,  мҽдениеттанушы  жҽне 
дінтанушы  Мирча  Элиаде  «Мифтің  аспектілері»,  «Мифтер,  түс  кҿру,  мистериялар»  атты 
еңбектерінде  мифтің  мҽніне  тереңірек  үңіліп,  жаңаша  пайымдар  жасауға  тырысады.  Ол 
мифті  зерттеуде  ХІХ  ғасырдағы  кҿзқарастың  басқаша  сипатқа  ауысқанын,  яғни  «ертегі», 
«қиял», «ойдан шығарылған» мағынасында емес, алғашқы қауымдық қоғамдарға тҽн «кҽміл 
болған  оқиға»,  «киелі,  елеулі  жҽне  еліктеуге  тұрарлық  үлгі  болар  оқиға»  мағынасында 
қарастырылғанына ерекше тоқталады. Лирикалық  поэзияның мифтерді  қайталайтындығына 
жҽне  жалғастыратындығына  назар  аудара  отырып,  поэзия  атаулының  жаңа,  жеке,  тың 
мағыналы ҿз сҿзін, яғни құпия сҿзді табуға тырысатынын баса айтады. Поэтикалық туынды 
уақыттан,  тілде  шоғырланған  тарихтан  бас  тартуды  ойластырады,  сҿйтіп  ҽрбір  ұлы  ақын 
дүниені  «қайта  жасап  шығарады»,  –  дейді  [1,  200-201].  М.  Элиаденің  бұл  тұжырымына 
сүйене  отырып,  қазіргі  поэзиядағы  мифопоэтика  туралы  тың  бағыттағы  талдаулар  жасауға 
болады. Ал батыстың тағы бір ойшылы Дороти Норман болса ҿз еңбегінде мифтік жасамапаз 
қаһармандар  ҽрекетінің  (Гор  мен  Сет,  Адам  ата  мен  Хауа  ана  жҽне  Ібіліс,  т.б.)  символдық 
астарына  мҽн  бере  отырып,  адамзат  ғұмырындағы  қарама-қарсы  күштердің  күресінің 
сипатына  терең  үңіледі.  Мифтік  символдардың  сонау  кҿне  замандардағы  қаһармандар 
тұлғасына  енуін  байыптайды.  Ойларын  қорыта  келе,  қазіргі  заманғы  поэзияның  мифтік 
символдарға  қатысы  туралы  пікірін  Ҽулие  Джон  Перстің  сҿзі  түрінде  былайша  келтіреді: 
«Ол  (поэзия)  уақыттан  шарапат  тілемейді.  Ҿз  мақсатына  адал  ҽрі  кез  келген  идеологиядан 
азат, ол ҿмірдің ҿзіне тең һҽм ақталысқа зҽру емес екенін біледі. ...Жалғыз ұлы шумақпен ол 
ҿткен  мен  келешекті,  адамдар  мен  ғажайыптар  дүниесін,  планеталық  кеңістік  пен  баршаға 
ортақ кеңістікті қамтиды. Рухтың поэтикалық зҽрулігінен дін атаулы ҿрістеп шыққан, содан 
да  поэзия  шапағаты  адам  жанының  шырағданында  құдайы  от-жалынды  сҿндірмей  ұстап 
тұрады.  Мифологиялық  жүйелер  күйреген  кезде,  құдайы  негіз  поэзияда  сірҽ,  оның  аралық 
күйінде жасырынады» 
Адам  табиғаттағы  кез  келген  тіршілік  иесіне  немесе  ҿсімдікке,  ағашқа,  т.б. 
нысандарға  айнала  алады  деген  түсініктің  түп  негізі  адам-табиғат  бірлігіне  байланысты 
екені белгілі. Осындай мифтік сана жемісі поэтикалық ойлау жүйесінен де маңызды орын 
алып,  белгілі  мақсатта  кҿркемдік  қызмет  атқарып  келе  жатқанына  мысалдар  кҿп. 
Жоғарыда  ҿзіміз  айтып  ҿткендей,  кей  ҿлеңдерде  мифтік  құбылушылық  оқиғасы  сол 
қалпымен алынып жырланса, кей туындыларда бұл ұғымның елесі ғана кҿрініп, басқадай 
кҿркемдік мақсаттар, бейнелі ойлар тұспалданады.  
Қазақтың  белгілі  ақыны  Есенғали  Раушанов  «...Қауырсын  боп  мен  неге 
жаралмағам?»  деп  ұлт  санасында  киелі  құс  аққудың  қанатын  айту  арқылы  мифтік 
құбылушылықты  жақсы  қолдана  білген.  Халық  ұғымындағы  киелі  құс  –  аққудың 
қанатына  жырды  телу  –  ақындық  қиялдың  жемісі  ғана  емес,  табиғатқа  деген  шексіз 
ынтызарлық  пен  сүйіспеншіліктің  де  кҿрінісі.  Мифті  зерттеуші  С.Қондыбай  «қазақтың 
тектік  танымында  аққудың  орны  айрықша»  екенін  атап  кҿрсете  отырып,  «Мифологияда 
аққу – үш кеңістікте, яғни, суда, жерде, аспанда қозғала алады, сондықтан да үш кеңістікті 
жалғастыру  қабілетіне  ие  аққуды  мифтік  медиаторлар  қатарына  жатқызады»  [2,  238],  – 
дейді.  Құстар  ҽлемі  Есенғали  шығармашылығынан  ерекше  орын  алатынына  құстар 
тақырыбындағы  лирикалық  ҽуенге  толы  танымдық  мақалалары  дҽлел.  Сондай-ақ  құсқа 
айналу желісі – оның поэзиясындағы тұрақты сарын деуге болады.  
Қарауыл ғып қалдырып кемесіне: 
– Бала, – деді, – ала жүр мені есіңе...  
Кҿкем солай бір күні ақ құс болып,  

251 
 
Ұшып кетті ҿзінің Келесіне күтпеген жерден... 
Мифтік сана сілемінде ҿлімді бір табиғи түрден екінші түрге ҿту деп қараған сенім бар. 
«О  дүние»,  «бұ  дүние»,  «тірілер  ҽлемі»,  «ҿлілер  ҽлемі»  арасындағы  шекара  туралы  таным-
түсініктер құбылушылықпен де байланысты. Ҿлім, яғни ҿлілер патшалығына – о дүниеге ҿту 
мифологияда құбылушылық түрінде қарастырылады.  
Орыс  жҽне  шетел  ҽдебиеттануында  поэзиядағы  мифтің  кҿрінінісі  кҿп  қарастырылды. 
Олардың  қатарында  Е.  Фарыноның  «Цветаеваның  мифологизмі  мен  теологизмі»,  «Б. 
Пастернак  поэтикасы»,  Г.П.  Козубовскаяның    «А.  Фет  поэзиясы  жҽне  мифология»,  «Орыс 
ҽдебиеті:  миф  жҽне  мифопоэтика»,  Е.И.  Корнилованың  «Батыс  Еуропа  романтизмінің 
мифопоэтикалық  танымы  жҽне  мифопоэтикасы»,  А.  Хансе-Левенің  «Мифопоэтикалық 
символизм»,  т.б.  еңбектері  бар.  Аталған  еңбектерде  поэзиядағы  мифологиялық  танымның 
кҿрінісі, мифтің кҿркемдік қызметі кеңінен қарастырылып, тұжырымдар жасалады. 
Түрлі  суреткердің  бір  мифологиялық  есімі  ҽр  түрлі  мағынада  қолдануы  да 
қызығушылық туғызады. 
Мифтегі,  хикаядағы,  ертегілердегі  есімдерге  келетін  болсақ:  Д.  Досжановтың 
«Пайғамбар»  повесіндегі  пайғамбар,  А.  Мекебаевтың  «Жезтырнақ»  повесіндегі  жезтырнақ, 
М. Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасындағы жезтырнақ, Д. Исабековтың «Ертегі елінде немесе 
қоштасу  вальсі»  повесіндегі  «дию»,  «пері»,  «албасты»,  «сайтан»,  «шорту-марту»  есімдері 
кезінде  фольклорда  ҿз  орындарын  тапса,  енді  қазіргі  қазақ  прозасымен    үндестік  тауып, 
қайта жаңғырып отыр.  
Қазақ прозасында реминисценция үлгісіне «жезтырнақ» бейнесін алуға болады. Бұл М. 
Жұмабаевтың «Ертегі» поэмасынан жҽне А. Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесінен кҿрінеді.  
«Жезтырнақ» – ҽйел кейпіндегі жын (дух). Ол орманда ҿмір сүреді. Жезтырнақ туралы 
аңыздар кҿп», – деп жазады Ш. Уҽлиханов.  
Ертек, ертек, ертек, ертек – ерте екен 
Ерте күнде ешкі жүні бҿрте екен... 
Хан Абылай немересі Кенехан  
Аспанға ҿрлеп, заулап жанған ҿрт екен – деп басталатын поэмада 
Сыздық батырға қараңғыда, айдалада жезтырнақты кездестіреді.  
Құм астында демі біткен бетпақ шҿл, 
Сұлу келіншек – жезтырнақ қой қанышер. 
Тырнағымды кҿрсе біліп қалад деп, 
Жеңнен қолын шығармаған мҽні сол. 
Ал,  А.  Мекебаевтың  «Жезтырнақ»  повесіндегі  жезтырнағы  былай  суреттеледі:  «Ең 
азабы  –  кҿз  алдына  елестейтін  қаныпезер  қорқаудың  ҿз  анасына  ұқсайтыны.  Сосын  еріксіз 
ҽжесінің  жеңіне  күдіктене  қарайды.  Тұла  бойы  түршігеді.  Ту  сыртындағы  қоң  етіне  алмас 
тырнақты  он  саусақ  сүңги  еніп  тұрғандай,  жұлын  тұтасындағы  он  нүкте,  сыздап  сырқырап 
қоя береді».  
М.  Жұмабаевтың  «Ертегі»  поэмасындағы  жезтырнағы  ол  фольклорда  ертеден  бар 
жезтырнақ. Ал А.Мекебаевтың «Жезтырнағы» түрленіп, ҿзгеріп, жаңарып келген жезтырнақ. 
Екеуі  де  авторлық  танымға  қызмет  атқарып  тұр.  М.Жұмабаев  Сыздық  батырдың 
қырағылығын,  ержүректілігін,  батырлығын  ашу  үшін  жезтырнақты  қолданып  тұрса,  ал 
А.Мекебаевтың  «жезтырнағы»  бір  үйдің  шаңырағын  ортасына  түсіріп,  ҿш  алу  құралына 
айналады. Қазақы танымдағы зҽрені алатын жезтырнақ образы қолдан жасалып, Тұрманқожа 
жезтырнақ  кейпіне  еніп,  мола  басында  құран  оқып  отырған  Жұмағұлды  жезтырнақ  болып 
қорқытып, ақыры ҿлтіріп тынады. «Ҽзірейіл қол шошаңдататындай, тайраңдап билейтіндей, 
қарқылдап  күлетіндей,  артынан  айқайлап  қол  безейтіндей.  Ол  сана  айқындығын  үрейдің 
соқыр  тұманымен  тұмшалады  да  манаурай  ауырсынып,  ұйқыға  ұқсас  түйсіксіз  болмыстың 
құрдымына шын батты» [3, 230]. Бұл жерде автор оқиға сюжетіне «үрейді» кіргізе отырып, 
психологиялық  сезімдік  нақыштарға  қатты  мҽн  берген.  Пері,  албасты,  жезтырнақтан 
қорқатын  қазаққа  «жезтырнақ»  атын  пайдаланып  Тұрманқожа  ҿзінің  арам  ойын  іске 
асырады.  Авторлық  ой  гротескілі  формамен  берілген.  «Аспанда  сұп-сұр,  жер  де  сұп-сұр. 

252 
 
Тымырсық кҿктің тҿсіне тұтаса түнеріп түбіт жүні түтіле сіркіреген бура бұлттар жерге енді-
енді  жүрелеп  жата  кетердей  тҿнеді.  Бұтақтары  жауынға  шалынған  жас  жыңғылдар  қан 
қызыл.  Қара  барақтар,  итсигектер  маужырай  тұнып  күлтеленіп  тұр.  Бойына  ылғал  тартқан 
бұйрат құмға ат тұяғы тисе астынан бұрқырап құрғақ ақ топырақ кҿрінеді» [3, 262]. Неліктен 
автор  сұр  түсті  қалап  тұр?  Ақын  Абай  «сұр  бұлт  түсі  суық  қаптайды  аспан»,  Д.Г.  Байрон 
«кҿңілім менің сұп-сұр» деп табиғат пен адам кҿңілі арасындағы байланысты психологиялық 
параллелизм ҽдісімен бейнелегендей «сұр түс» бұл жерде ақкҿңілі кірленіп, күдік пен күмҽн 
басып,  сұп-сұр  болып,  жезтырнақтан  кек  алуға  бел  байлаған  кейіпкер  характерін  береді. 
Градация формасымен берілген бұл пейзаж кҿрінісімен осы бір отбасына, Ҽуез басына тҿніп 
келе  жатқан  қауіп-қатер,  трагедияның  да  ұлғайып  келе  жатқанын  психологиялық 
прапллелизм  тҽсілімен  орынды  берген.  Автордың  айтпағы  «жезтырнақ»  деген  суық  сҿздің 
ҿзі бір отбасына қаншама қайғы, мұң, зар ҽкелгендігі. 
Мифтік  таным  негізінде  туындаған  оқиғалар  мен  сол  негіздегі  бейнелер  адамзаттың 
эстетикалық мұраттарына қызмет етіп келе жатқанына арғы-бергі дҽуірлердегі фольклорлық 
мұралар,  ауыз  ҽдебиетінің  үлгілері,  қазіргі  кҿркем  ҽдебиет  туындылары  мысал  бола  алады. 
Ҽлем ҽдебиетіндегі классикалық дҽуірден басталып, бүгінгі постмодернистік ҽдебиетке дейін 
жалғасқан,  жаңашыл  ҽдебиетте  жаңаша  жаңғырған  мифтік  дүниетаным  сан  алуан 
бейнелілікті,  кҿркемдік  қалыптарды  түзіп,  ҿзінің  мүмкіндігін  танытуда.  Ұлттық 
ҽдебиетіміздегі  жаңа  сипатты  поэзиялық  туындылардың  дерлігі  осы  мифопоэтикалық 
пішіндермен  түрленуде.  Адамзат  санасының  терең  де  мҽнді  «қабаты»  болып  саналатын 
мифтік  таным  ҿз  бойына  тылсым  сырды,  киелілік  пен  қасиет,  ең  ҽуелі  адам  болмысы 
турасындағы мағыналы ойларды жинақтаса, сол мифтік таным адам атты күрделі болмыстың 
«ішкі ҽлемін» бейнелеуде де маңызды кҿркемдік тҽсілге айналды. 
Поэтикалық  дамудағы  жаңа  белестер  кҿркемдік  кҿкжиектің  кеңеюіне  ҽкелері  анық. 
Ҽлемдік  ҽдеби  үдерістен  шет  қалмаған  ұлттық  поэзияда  постмодернизмнің  алғашқы 
белгілері  Мағжан  Жұмабаев  ҿлеңдерінен  кҿрініс  беріп,  ХХ  ғасырдан  ХХІ  ғасырға  дейінгі 
аралықта  жаңа  поэзияның  туындауына  негіз  болды.  Бұған  қазақ  ақындарының 
концептуализм,  метареализм,  транслиризм  сарынындағы  ҿлеңдері  дҽлел  бола  алады. 
Постмодернистік бағыттың бұл салалары  да мифологиялық ойлау жүйесін саналы түрде ҿз 
бойына  сіңірді.  Тіршілік  заңдылығы,  ҿмір  мен  ҿлім,  ізгілік  пен  зұлымдық,  жақсылық  пен 
жамандық, ақ пен қара арасындағы бітіспес қарама-қайшылық постмодернизм поэзиясында 
мүлде  жаңа  қалпымен  мүсінделді.  Фҽнидің  қас  қағым  сҽттілігі  мен  бақидың  мҽңгіліктігін 
кҿркемдік танымында  жаңаша түрлендірген ақындар бұл заңдылықты табиғат құбылысымен 
астастыра бейнеледі.  
Мифтік  таным  қабатында  этнотарихи  мазмұн  да  басым.  Мифтік  ҽңгімелердің 
астарында  тарихи  кезеңнің  шынайы  оқиғалары,  қоғамның  ҽлеуметтік-саяси  қалпы  жатыр. 
Белгілі  бір  халықтың  басына  кешірген  тарихи  оқиғалары    миф  түрінде  ҽңгімеленіп,  сол 
ҽңгіме  мазмұнына  жаңа  мағына  үстеді.  Қазақ  мифтерінің  бір  саласын  түзетін  туған  жер, 
атамекен ұғымының мифтік қалыптары осы тақырыптағы поэзияның негізгі ҿзегіне айналды. 
Қазіргі  ҽдеби  даму,  оның  кҿркемдік  жүйесіндегі  мифопоэтикалық  құрылым  сананың 
ҽлемді  танудағы  рационалды-теориялық  һҽм  ғылыми-танымдық  кҿзқарасынан  мүлде  бҿлек 
поэтикалық  танымның  аясындағы  дүниеге  деген  гуманистік  қарым-қатынасты,  сол  негізде 
туындайтын  адамзаттық  ізгі  тілектерді  мұрат  тұтады.  Сананың  тарихи  формаларының  бірі 
болып табылатын ғылым мифтік ойлаудың рухани дүниетанымдағы ҿмір сүру пішінін ҿзінің 
аспектілері  арқылы  тануға  ұмтылады.  Ғылымның  пайымдауында  мифопоэтика  адамзаттың 
дүниені  танып-білудегі,  дүниенің  рухани  бітімін  түйсінудегі  бір  жолы,  бір  бағыты.  Ұлттық 
поэзиядағы  мифопоэтикалық  құрылымның  мүмкіндігі зор  екеніне  дҽстүр  мен  жаңашылдық 
арасындағы  тығыз  байланыс,  қазіргі  поэзияның  тың  сипатты  озық  үлгілерінің  кҿркемдік-
эстетикалық құндылығы мен қуаттылығы нақты дҽлел бола алады. 
Қазақ ҽдебиетіндегі мифтің мҽн мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани 
мҽдениетінің  алғашқы  сатысы,  ҽдет-ғұрпындағы,  мҽдениетіндегі  толып  жатқан 
құндылықтарын  танып-  білуімізге  болады.  Олардың  білімнің,  ғылымның  ,  мҽдениеттің, 

253 
 
ҿркениеттің  дамып  жетілген  уақыттағы  жазба  ҽдебиетімізге  қосқан  үлесінің  молдығын  сол 
шығармаларды  оқып,  шығарма  бойындағы  мифтер  тамырына  терең  бойлап  қана  кҿз 
жеткізуімізге болады. 
Қазақ  ҽдебиетінде  ауыз  ҽдебиеті  үлгілерін  кҿркем  шығармаларда  қолдану  жаңа  ҽдеби 
ҽдістерді ҿмірге ҽкелді. Бұл тек шығарманың кҿркемдік-эстетикалық ҽсерін ғана емес, оның 
танымдық  құдыретін,  символдық  мҽнін,  сол  кездегі  ҿмірлік  құндылықтарды  жан-жақты 
тануға  мүмкіндік  береді.  Сол  себепті  ҽдебиттегі  кҿркемдік  таным  жетістіктерінің  бір  үшін 
осы миф, аңыздардан қарастыру ҿзекті мҽселе болып табылады. 
Ҽдетте, мифте жаратылыс  уақыты киелі  сипатқа ие болып, үлгі  ретінде құрметтеледі. 
Мифте ҽрбір объект, ҽрбір іс-қимыл басқа объектілермен, іс-қимылдармен ұштасып жатады. 
Мифтік  бейнелер  субстанциялық  сипатта,  нақты,  шынайы  нҽрселер  ретінде  қабылданады. 
Мифке метафоралық тҽн емес, ҿйткені миф бҽрін шындық ретінде бейнелейді. Тек кейіннен 
мифтің  тілдік  құрылымында  метафоралық  ерекшелік  қабылданды.  Миф  архаикалық  сана 
үстемдік еткен дҽуірде пайда болғанымен, кейінгі мҽдениеттерде де сақталып қалды. Мифтік 
уақыт  туралы  сҿз  еткенде  оның  жазусыз  мҽдениетпен  бітісе  қалыптасқанын  ескеру  қажет. 
Ұжымдық  тҽжірибе  мен  ҽдет-ғұрыпты  арқау  еткен  қоғамның  қуатты  болжау  мҽдениеті 
болуы  шарт.  Бұл  табиғатты,  ҽсіресе  аспан  шырақтарын  бақылауды  міндетті  түрде 
ынталандыра отырып, соған сҽйкес теориялық  танымның ҿркендеуіне ҽкелді. Кейін  мифтік 
дүниетанымды  дін  мен  философия  ығыстырды.  Бірақ  ол  уақыт  ағынында  жоғалып  кетпей, 
кҿмескі  сана  мен  архетиптік  жадынан  орын  алды.  Қазақтың  арғы  ата-тектерінің  дүниені 
мифтік тұрғыдан түсінуі ҽлемдік үлгілермен сабақтас.  
Яғни,  ескіден  келе  жатқан  кҿпшіліктің  кҿңіліне  қорқыныш  ұялататын  халықтың  ауыз 
ҽдебиетінің кейіпкерлерінің есімі мен мифтік сана уақыт озса да қазіргі қазақ ҽдебиетінде сол 
қалпында  зұлымдық  пен  бақытсыздықтың  негізгі  айғағындай  ҿз  қалыптарынан  шықпай,  ҿз 
негіздерін  үзбей  келе  жатқандығы    мен  мифтік  ұғымдар  мен  сананың  ҿзара  сабақтас 
екендігін бажайлауға болады. 
 
Пайдаланылған ҽдебиеттер 
1
 
Мирче Элиаде // Мифология: Құрылымы мен рҽміздері. – Алматы: Жазушы, 2005. − 
568 б. 
2
 
Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. 4 кітап. – К. 1. – Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 
504 б. 
3
 
Жұмабаев М. Кҿп томдық шығармалар жинағы.1-том. 230, 262, беттер. 
 
В статье идет речь о тесной взаимосвязи между новшеством и традициями, также 
об  огромных   возможностях  мифологических  структур  в  современных  произведениях.  
Рассказывается о художественно-эстетической ценности и  силе мифологических понятий, 
используемых   в  современных  художественных  произведениях.  Также  анализируются 
произведения  поэтов  и  писателей,  рационально  использовавшие  в  современной  казахской 
литературе  языковые  единицы  для  выражения  мифологического  познания.  Автор 
представил их мастерство описания. 
 
To  the  article  speech  goes  about  close  intercommunication  between  an  innovation  and 
traditions,  also  about  enormous    possibilities  of  mythological  structures  in  modern  works.    Told 
about an artistically-aesthetic value and  force of the mythological concepts used in modern artistic 
works.  And  work  of  poets  and  writers  is  similarly  analysed  rationally  using  in  modern  Kazakh 
literature language units expressing mythological cognition. Talked their the mastery description. 
 
 
 
 
 

254 
 
УДК 811.512.122 
Г.С. Хамзина, Ж.Т. Қадыров, Ж.С. Таласпаева 
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
 
Петропавл, Қазақстан 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет