Процестер жєне аппараттар курсыныњ пєні



бет3/15
Дата22.12.2023
өлшемі5,29 Mb.
#142616
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ТҰНДЫРУ. Тұну жылдамдығы

  • ТҰНДЫРУ. Тұну жылдамдығы
  • Шектелмеген көлемде ауырлық күші әсерінен бөлшектер еркін тұнады. Еркін тұну заңдылығы орындалады, олар дисперсті фазаның концентрациясы кіші болса және оның бөлшектері қозғалыс кезінде бір-бірінен алшақ болса. Өндірісте тұндыру процестері шектелген көлемде дисперсті фазаның концентрациясы жоғары болғанда жиі жүргізіледі, яғни тұнушы бөлшектер бір-бірінің қозғалысына әсер етеді.
  • Көптеген тәжірбиелерден біртексіз жүйелерді тұндырғанда дисперсиялаушы бөлшектердің концентрациясы, бағыты жоғарыдан төмен қарай бағытталған аппараттарда біртіндеп жоғарлайтыны көрсетілген. (36 сурет).

Тұнба қабатының үстінде (1-аймақ) қоюланған суспензияның аймағы (2-аймақ) түзіледі. Мұнда бөлшектердің өзара үйкелесуі және соқтығысуы арқылы бөлшектердің ығыстырылу тұнбалануы өтеді. Бұл жағдайда кіші бөлшектер ірі бөлшектердің қозғалысын арттыра отырып, өздерімен ілестіреді. Нәтижесінде өлшемдері әртүрлі бөлшектерді тұну жылдамдықтарының бір-біріне жақындауы байқалады, яғни коллективті тұну өтеді. Біртіндеп тығыздалу бөлшектер жылдамдығының аппарат түбіне жақындағанда төмендеуіне негізделген.

  • Тұнба қабатының үстінде (1-аймақ) қоюланған суспензияның аймағы (2-аймақ) түзіледі. Мұнда бөлшектердің өзара үйкелесуі және соқтығысуы арқылы бөлшектердің ығыстырылу тұнбалануы өтеді. Бұл жағдайда кіші бөлшектер ірі бөлшектердің қозғалысын арттыра отырып, өздерімен ілестіреді. Нәтижесінде өлшемдері әртүрлі бөлшектерді тұну жылдамдықтарының бір-біріне жақындауы байқалады, яғни коллективті тұну өтеді. Біртіндеп тығыздалу бөлшектер жылдамдығының аппарат түбіне жақындағанда төмендеуіне негізделген.
  • Жылдамдықтың баяулауы тұнушы бөлшектер ығыстыратын сұйықтың тежелеу әсерімен түсіндіріледі.
  • 36 суретте ығыстырылып тұну (2-аймақ) және еркін тұну (3-аймақ) зоналарының арасындағы шек айқын көрінеді. 3-аймақ үстінде мөлдірленген сұйық қабаты орналасқан (4-аймақ).

Тұндырғыштар құрылғысы. Тұндыруды әдетте бөлудің біріншілік үрдісі ретінде қолданылады.Себебі бұл ары қарай суспензияларды фильтрлеуді немесе центрифугалауды жылдамдатады.

  • Тұндырғыштар құрылғысы. Тұндыруды әдетте бөлудің біріншілік үрдісі ретінде қолданылады.Себебі бұл ары қарай суспензияларды фильтрлеуді немесе центрифугалауды жылдамдатады.
  • Тұндыру тұндырғыштар немесе қоюландырғыштар деп аталатын аппараттарда жүргізіледі. Аппараттар периодты, үздіксіз және жартылай үздіксіз әрекет ететін болып бөлінеді.Үздіксіз әрекет ететін тұндырғыштар бір сатылы, екі сатылы және көп сатылы болып бөлінеді.Периодты әрекет ететін тұндырғыштар араластырғышсыз төмен бассейндер.мұндай тұндырғыш суспензиямен толтырылады.Сосын қатты бөлшектер аппарат түбіне тұнуы үшін,нақты бір уақытқа дейін қалдырылады.Бұдан кейін мөлдірленген сұйықты декантациялайды,яғни сұйықты тұнба деңгейінен жоғары орналасқан түтік немесе кран арқылы ағызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет