Программалар ортақ тақырып: «Өзім туралы»



бет39/53
Дата17.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#68846
түріПрограмма
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
«Смайликтер» əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта



Сабақтың соңы (7 мин.)


Сабақты бекіту.
Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
(Т) «А, В, С» əдісі А – сұрақ қояды. В – жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса, толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады: А – сұрақ қоюшы;
В – жауап беруші;
С – бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, əңгіме соңында қорытынды жасайды.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Смайликтер» əдісі бойынша бағалайды.







  1. сабақ. Практикалық жұмыс




Бөлімі

V бөлім. Роботтехника: датчиктер (ортақ тақырып: «Дəстүр жəне фольклор»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Практикалық жұмыс

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.5.1.2 роботқа арналған программаны əзірлеу кезінде дыбысты пайдалану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы:
Робот программасын əзірлеу кезінде жанасу датчигі мен дыбысты қолданады.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс- əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу. І. Қызығушылықты ояту
«Алма, шие, өрік, банан» ойыны
Оқушылар орындықтарды шеңбер түрінде орналастырып, жайғасады. Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен «алма, шие, өрік, банан» деп санап шығады. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма, өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі
аталған оқушылар орындарын алмастыруы қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

Топтастыру

Оқушылар сабақтың бастапқы кезінде мұғалімнің «Алма, шие, өрік, банан» ойынына арнап жеміс-жидектер атауын бөліп бергені бойынша төрт топқа бірігеді.
1-топ: Алма 2-топ: Шие 3-топ: Өрік 4-топ: Банан

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылар ұжымдық үлгіде жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс берілмесе, мұғалім дұрыс жауапқа қарай бағыттап, дұрыс жауапты табуға көмектеседі.

–Дайындайтын робот жобасының алгоритмін ауызша сипаттаудың маңыздылығы қандай?
–Жанасу датчигін қолдану робот қозғалысына қалай əсер етеді?
–Роботтың дыбыс блогын пайдаланып, қандай жобалар жасаған болар
едің?

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды
«Күлегештер» əдісі бойынша бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша жеткізеді.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтып, ешқандай сынға ұшырмауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін
мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет