ІІІ.Ойтолғаныс.Рефлексия (Ө)«Бірауызсөз»əдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.
Мақсаты:оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды; жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Бас бармақ» əдісі бойынша бағалайды.
Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
«Диалог жəне қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нəтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып əзірлеуді қамтиды.